Педагогиканы ң жалп ы негіздер І



жүктеу 374,5 Kb.
бет5/6
Дата21.11.2018
өлшемі374,5 Kb.
#23141
1   2   3   4   5   6

Өзін-өзі тексеру тесті.

1. Неотомизм тұжырымдамасындағы тәрбиенің мәні неде?

а) адамның практикалық іс-әрекетін, тәжірибесін, практикалық ойлауын дамыту, тұлғаның өзін-өзі бекітуі

б) интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру

в) адамды өмір сүру тәжірибесімен қаруландыру, сезімдерін тәрбиелеу

г) Дін негізіндегі құлықтың тәрбие, діншіл адамдарды қарастыру

д) «Басқарылатын адамды» қалыптастыру

2. Экзистенциализм концепциясындағы тәрбиенің мәні неде?

а) адамның практикалық іс-әрекетін, тәжірибесін, практикалық ойлауын дамыту, тұлғаның өзін-өзі бекітуі

б) интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру

в) адамды өмір сүру тәжірибесімен қаруландыру, сезімдерін тәрбиелеу

г) Дін негізіндегі құлықтың тәрбие, діншіл адамдарды қалыптастыру

д) «Басқарылатын адамды» қарастыру

3. Прагматизм тұжырымдамасындағы тәрбиенің мәні неде

а) адамның практикалық іс-әрекетін, тәжірибесін, практикалық ойлауын дамыту, тұлғаның өзін-өзі бекітуі

б) интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру

в) адамды өмір сүру тәжірибесімен қаруландыру, сезімдерін тәрбиелеу

г) Дін негізіндегі құлықтың тәрбие, діншіл адамдарды қалыптастыру

д) «Басқарылатын адамды» қарастыру

4. Тұлғаның жан-жақты дамытылуының мәні неде?

а) тұлғаны практикалық жұмысқа дайындау, оның жеке дамытылуын қамтамасыз етуде

б) Тұлғаның қасиеттерін ақыл-ой, құлықтық, дене, еңбек және эстетикалық тәрбиелерінің талаптарына сәйкес қалыптастыруда

в) тұлғаның рухани тұрақтануын дамыту мақсатында оның құлықтық, ақыл-ой, дене, еңбек және эстетикалық табиғи қасиеттерін анықтау жағдайларымен қамтамасыз етуде

г) ғылыми-техникалық дамудың қажеттіліктеріне сәйкес оның білімділігінің жоғары деңгейінде

д) тұлғаның ақыл-ойын дамытуда

5. Тәрбиенің негізгі бөліктері қай топта орналасқан

а) ақыл-ой тәрбиесі, интеллектуалды даму, политехникалық білім, рухани толысу, жалпы эрудиция

б) адамгершілік тәрбиесі, рухани жетілу, білімділік, жақсы денсаулық

в) ақыл-ой тәрбиесі, дененің жетілуі, адамгершілік тәжірибесінің молдығы, эстетикалық тәрбие, еңбек ету дайындығы

г) дене тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, интеллектуалды байлық, адамгершілік тазалығы, білімділік

д) ақыл-ой, дене, еңбек, адамгершілік, экологиялық, экономикалық, эстетикалық, құқықтық тәрбие

6. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері

а) дүниетанымды қалыптастыру , біліммен қаруландыру, адамның қоғамдық пайдалы еңбекке дайындау, танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыру

б) мұғалімнің оқушыларға дайын білімді беруі, жеке өмірін ұйымдастыруға дайындау, адамдармен қарым-қатынас орнату іскерлігін қ-ру, өзін-өзі жетілдірумен айналысады

в) балалардың танымдық күштерін және ақыл-ой қабілеттерін дамыту, белгілі білім, білік, дағдыны меңгеруде көмек көрсету, ғылыми көзқарасты қ-ру, ғылыми дүниетанымды қ-ру, өз бетімен жұмыстанудың тәсілдерімен қалыптастыру

г) танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыру

д) өзін-өзі жетілдіру


  1. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері

а) осы қоғамда белгіленген мінез-құлықтың ережелерін меңгеру

б) мінез-құлықтың нормалары мен ережелерін меңгеру

в) адамгершілік мінез-құлқының сезімдерін, сенімдерін, іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру

г) адамның қоғамдағы мінез-құлқының негізгі ережелерін зерттеу

д) адамгершілік мінез-құлқтың іскерлігі мен дағдысын, сезімдері мен сенімдерін мінез-құлық нормалары мен ережелерін қалыптастыру


  1. Еңбек тәрбиесінің міндетіне әсер етуші факторларды таңдаңыз

а) еңбекке деген сүйіспеншілігін ояту

б) қазіргі өндірістің негіздерімен таныстыру

в) мамандықты саналы түрде таңдауға итермелеу

г) мықты денсаулық

д) танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыру


  1. Дене тәрбиесінің міндеттері

а) мықты денсаулық

б) қарқынды дене еңбегіне дайындық

в) жеке бас гигиенасының іскерлігі мен дағдысын меңгерту

г) жеке төзімділік

д) спортта үлкен жетістіктерге қол жеткізу

10 Ғылыми білімді меңгерту, ғылыми көзқарасты қалыптастыру, ақыл-ойдың күшін, қабілетін дамыту, танымдық әрекетті дамыту және танымдық белсенділігін, білімін әрдайым жетілдіруге қажеттілігін қалыптастыру - ... тәрбиесінің міндеттері



    1. дене тәрбиесі

б) еңбек тәрбиесі

в) эстетикалық тәрбие

г) ақыл-ой тәрбиесі

д) адамгершілік тәрбиесі

11. Денсаулығын нығайту, дұрыс дене дамуын қамтамасыз ету, дене еңбегін дамыту, жаңа қозғалыс дағдыларына үйрету, гигиеналық дағдысын қалыптастыру - ... міндеттері


  1. дене тәрбиесі

б) еңбек тәрбиесі

в) эстетикалық тәрбие

г) ақыл-ой тәрбиесі

д) адамгершілік тәрбиесі


Жетінші тақырып

Тұлғаның дамуы, тәрбиеленуі, қалыптасуы мен әлеуметтенуінің өзара қатынасы
Мақсаты: жеке тұлға, оның даму факторлары туралы білім жүйесін қалыптастыру.

Тірек ұғымдар: тұлға, жеке тұлға, индивид, даралық, даму, тәрбие, қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының факторлары, қозғаушы күштер, әлеуметтену.

Жоспар.

1. Жеке тұлға туралы түсінік.

2. Тұлғаның тәрбиеленуі мен қалыптасуы.

3. Тұлға дамуындағы оқытудың орны.

4. Тұлғаны әлеуметтендіру және қалыптастыру факторлары.
1. Тұлға - 1) дербес әрекет жасайтын субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. тұлғаның мәні нақты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі өзімен-өзі болу қабілетінде ашылады;

2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным-орнын еркін және жауапкершілікпен анқытайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым-қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам әлеуметтену процесінде тұлғаға айналады.



Индивид (лат. individuum – бөлінбейтін) – 1) жекелей табиғи тіршілік иесі. Homo sapiens түрінің өкілі филогенездік және онтогенездік дамудың, туа біткен және жүре біткеннің біртұтастығының өнімі, тән сипатты даралық белгілердің иесі ретіндегі адам; 2) адамзат қауымдастығының жеке бір өкілі; табиғи шектелу шеңберінен асып шыққан, құралдарды, белгілерді пайдаланатын және осылар арқылы өзінің мінез-құлқы мен психикалық процестерді меңгеретін әлеуметтік тіршілік иесі. Индивидтің сипаттамалары:

    • психофихиологиялық ұйымдасуының тұтастығы;

    • қоршаған ортамен өзара әрекетестіктегі орнықты тұрақтылығы;

    • белсенділігі.

Тұтастық белгісі индивидтің өмірлік қатынастарын жүзеге асыратын сан алуан функциялар мен механизмдер арасындағы байланыстардың жүйелі сипатын көрсетеді. Тұрақтылық индивидтің шындық болмысқа деген негізгі қатынастарының сақталуын анықтайды. сонымен қатар, икемділік, вариативтілік жайттарының болуын көздейді. Белсенділігі оынң өзін өзгертуге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Жеке тұлғалық (индивидуальность) – 1) жеке адамның қайталанбас, өзіндік ерекшелігі, тек соған тән ерекшеліктердің жиынтығы; 2) басқа адамдардан өзінің әлеуметтік мәнді ерекшеліктері тарапынан сипатталатын адам; индивидтің психикасы мен тұлғасының өзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы. Жеке тұлғалық темперамент, мінез белгілерінде, мүдделер сипатында, перцептивтік процестер мен зият санасында, қажеттіліктері мен қабілеттерінде көрінеді.

Тәрбиенің негізгі мақсаты – қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ертедегі грек ғалымдарыжеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген.

Адам - өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан да табиғат заңдары оның дамуына әсер етеді. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан емес, сонымен қатар, тарихи даму нәтижесінде де пайда болады. Адамның жалпы дамуында, осылайша, негізгі екі бағыт байқалады: биологиялық және әлеуметтік. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.

2. Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдары қолданылады. Даму табиғатқа, қоғамға, жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму – төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс. Даму кезінде барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, Бұл қозғалыс, өзгеріс жеке тұлға дамуының қозғалыс күші болып келетін қарама-қайшылықтар күресі арқылы жүзеге асады.

Жеке тұлғаның дамуы – оның қасиеттері мен сапасындағы сандық және сапалық өзгерістер үрдісі (адамның анатомиялық-физиологиялық жетілуі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуы, танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюі).



Қалыптасу – бір нәрсеге пішін мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру; жеке тұлғаның дамуының нәтижесі және оның пайда болып, тұтастыққа, бірқалыпты қасиеттер мен сапаларға ие болуы. Бұл арада тұқымқуалаушылықтың мәні өте зор. Тұқымқуалаушылық – баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Ол екі түрге бөлінеді: жалпы адамзаттық (тік жүру, сана, ақыл, сезім мүшелерінің даму бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер).

Жеке тұлғаның қалыптасуына қоршаған орта да әсер етеді, яғни адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар. Оның екі түрі бар: макро және микро. Макроорта – адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпарат құралдары). Микроорта – адамның ең жақын қарым-қатынас ортасы.

Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Тәрбие - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық үрдісін ұйымдастыру.

Тұқымқуалаушылық пен қоршаған ортамен қатар тәрбие тұлға қалыптасуының үшінші факторы болып саналады. Тәрбиеде тұқымқуалаушылық, бейімділік пен қоршаған ортаның өзгерістері жөнге келтіріледі. Барлық балалар тәрбие-білім беру мекемелерінен өтеді, ол мекемелер педагогикалық үрдісті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты қызмет әрекетін жемісті ұйымдастырады. Тек тәрбие ғана жеке тұлға дамуының әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асырады, оның бейімділігі мен қабілеттілігін күшейтеді.

3. Оқыту мен дамудың байланысын анықтау практикалық мәнді мәселе болып табылады. оны шешуден білім берудің мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін таңдау жүзеге асырылады.

Оқыту – білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту үрдісі, өмір мен еңбекке бейімді етіп дайындаудың негізгі құралы. Оқыту процесінде білім мен тәрбие мақсаттары жүзеге асырылады. Нәтижесінде адамзат тәжірибесі меңгерілетін оқушының ішкі және сыртқы белсенділігін басқару процесі. Оқытуға сәйкес даму екіжақты түсіндіріледі: 1) мидың, оның анатомиялық-биологиялық құрылымының биологиялық-органикалық пісіп-жетілуі; 2) психикалық (ақыл-ойдың) дамуы.

Психологиялық-педагогикалық ғылымда оқыту мен дамудың өзара қатынасы үш тұрғыдан түсіндіріледі:

1. Оқыту мен даму жеке-жеке, бір-біріне бағынышты емес үрдістер (В.Штерн, Ж.Пиаже).

2. Оқыту мен даму – біртұтас үрдіс (Джеймс, Торндайк).

3. Оқыту мен даму бірге, оқыту дамудан кейін және оқыту дамудан бұрын жүретін үрдіс (Коффка және т.б.).

Осылайша, оқыту мен даму бір-бірімен өте тығыз байланыста: олар – біртұтас үрдіс. Оқытудан тыс даму жүрмейді.

Оқыту үрдісінде дамудың сипаты алынатын білім және оның ұйымдастырылуымен анықталады.

4. Адамның қоғаммен байланысы «әлеуметтену» ұғымымен белгіленеді. Әлеуметтену – бұл тұлғаның әлеуметтік жүйеге бейімделуі. Ол «бейімделу» ұғымымен байланысты. Бейімделу (адаптация; лат. adaptatio – бейімделу) – биологиялық термин, тірі ағзаның қоршаған ортаға бейімделуі. Осылайша, әлеуметтік және психологиялық бейімделу терминдері пайда болады. Оның нәтижесі – тұлғаның түрлі әлеуметтікжағдаяттар, микро және макротоптарға бейімділігі. Бейімделу ұғымы көмегімен әлеуметтену былай түсіндіріледі: адамның әлеуметтік ортаға ену және оның мәдени, психологиялық және әлеуметтік факторларға бейімделу процесі.

Қоғам әлеуметтік құрылымдарын сақтап қалу мақсатында әлеуметтік стереотиптер мен стандарттарды (топтық, таптық, этникалық, кәсіби және т.б.), рольдік мінез-құлық үлгілерін қалыптастырады. Қоғамнан бөлектенбес үшін тұлға әлеуметтік ортаға, әлеуметтік байланыстар жүйесіне ену арқылы осы әлеуметтік тәжірибені меңгереді. Әлеуметтену мұнда әлеуметтік тәжірибені, құндылықтарды, нормаларды, ұстанымдарды меңгеру арқылы адамның қоғамға бейімделу және интеграциялану үрдісі.

Бірақ тұлға өзінің дербестігіне, автономиясына, жеке көзқарасының қалыптасуына, қайталанбас даралығына ие. Осыған сәйкес, әлеуметтену – бұл әлеуметтік байланыстар мен тәжірибені меңгерумен қатар жаңа, жеке дара тәжірибе туындайтын тұлғаның өзін-өзі дамыту және өзін-өзі іске асыру үрдісі.

Әлеуметтенудің мәні адаптация, интеграция, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі іске асыру үрдістерінде көрінеді.

Әлеуметтену – үздіксіз үрдіс. Ол өмір бойы жалғасады. Ол бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Ғылымда әлеуметтену кезеңдерін ажыратуда еңбектену іс-әрекетіне сүйенеді.

1. еңбекке дейінгі кезең, дүниеге келгеннен еңбектену қызметіне дейінгі уақытты қамтиды. Бұның өзі екі кезеңнен тұрады: ерте әлеуметтену – дүниеге келгеннен мектепке барғанға дейін; жастық шақтағы әлеуметтену – мектепте, техникумда, жоғары оқу орнында және т.б. білім алуы.

2. еңбектену кезеңі, адамның жетілуін қамтиды. Оның уақыты нақты белгіленбеген, себебі бұнда адамның бүкіл еңбектену жолы енеді.

3. еңбектенуден кейінгі кезең, егде шақта еңбек әрекеті тоқтаған кезде жүреді.

Әлеуметтену процесі барысында тұлға түрлі рольдерді орындайды. Оларды әлеуметтік рольдер деп атайды. Рольдердің көмегімен тұлға өзін көрсетуге, ашылуға мүмкіндігі бар.

Әлеуметтену факторлары - әлеуметтену үрдісі өтуіне қажет жағдайларды туғызатын шарттар. А.В.Мудрик әлеуметтенудің негігі факторларын үш топқа біріктіреді:

макрофакторлар (ғарыш, планета, әлем, ел, қоғам, мемлекет), олар планетаның барлық тұрғындарының немесе белгілі бір елде өмір сүретін адамдардың үлкен тобының әлеуметтенуіне әсер етеді;

мезофакторлар (мезо – орташа, аралық) – ұлттық сипаты (этнос - әлеуметтену факторы), олар өмір сүретін жердің орны мен типі (аймақ, қала, ауыл); бұқаралық ақпарат құралдары және коммуникацияның аудиториясына байланысты анықталатын адамдардың үлкен тобының әлеуметтену жағдайлары;

микрофакторлар – нақты адамдарға тікелей әсер етушілер – жанұя, жостары, микроортасы, әлеуметтік тәрбие жүргізілетін ұйымдар – оқу, кәсіби, қоғамдық және т.б.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.

1. Тұлға дамуының мәні неде?

2. «Жеке тұлға» және оның құрылымдық ұғымдарының мағынасын ашыңыз.

3. Жеке тұлғаның қалыптасуымен байланысты негізгі ұғымдарды сипаттаңыз.

4. Тұлға дамуының қозғаушы күштері қандай?

5. Тұлға дамуы мен қалыптасуының негізгі теориялық-әдіснамалық амал-тәсілдерінің сипаттамаларын беріңіз.

6. Тұлға қалыптасуына әсер ететін негізгі факторларды атаңыз.

7. Тәрбие мен дамудың өзара байланысты екенін дәлелдеңіз.

8. Өз бақылауларыңызға сүйене отырып (отбасындағы, мектептегі, қоршаған ортадағы), әртүрлі факторлардың оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етуінің нақты мысалдарын келтіріңіз.

9. Әлеуметтену процестерін атаңыз, олардың мәні неде?

10. Әлеуметтену кезеңдері қандай және олар тұлғаның әлеуметтік даму кезеңдерімен қандай байланыста?

11. Тұлғаның әлеуметтенуі, дамуы және тәрбиесі өзара қандай байланыста?

12. Тұлға дамуындағы оқытудың орны қандай?

13. Әлеуметтену факторларына сипаттама беріңіз.



Әдебиет

1. Котова И.Б., Шиянов Е.Н. Социализация и воспитание. – Ростов-на Дону. 1997.

2. Мудрик А.В. Социализация и смутное время. – М., 1991.

3. Сухомлинский В.А. Рождение гражданина. – М., 1971.

4. Шиянов Е.Н., Котова И.Б. Развитие личности в обучении. – М., 1999.
Сегізінші тақырып

Бала - тәрбиенің субъектісі. Тұлға дамуының

кезеңдерге бөлінуі
Мақсаты: адам табиғатының биологиялық және қоғамдық деңгейлерде дамуы жайында түсінік қалыптастыру.

Тірек ұғымдар: тәрбие, тәрбие субъектісі, даму.

Жоспар.

1. Адам тұлғасы қалыптасуының мәні.

2. Баланың тұлға ретінде дамуы.
Субъект (лат. subjectum – бастауыш) – болмысты тану мен өзгертудің көзі ретіндегі индивид немесе топ; белсенділікті жеткізуші.

Тұтас жеке адамда қоғамдық тұлға ретінде жеке адамның биологиялық белгілері мен ерекшеліктері ұштасады. Бұл белгілер бір-бірінен ажырағысыз және жеке адамға пәрменді түрде ықпал етеді. Алайда жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мақсаттары анықтауыш қасиеттер болып табылады. Бұлардың жеке адам дене бөлшектерін, мінез-құлық өзгешеліктерін тежеумен жою үшін, сондай-ақ оңды қасиеттерін жетілдіру үшін қажыр-қайрат табады.

Жеке адам болу үшін психикалық дамудың белгілі дәрежесіне жету және басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар біртұтас тұлға болуы тиіс.

Өмір бойы, сондай-ақ даму мен тәрбие нәтижесінде жеке адамның орнығып жетілуін қалыптасу дейді.



Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, қарама-қайшы үрдіс. Ол өзіне ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсат, ұйымдасқан тәрбиені қамтиді. Жеке адамның қалыптасуы туу сәтінен басталады, жеткіншек және жасөсіпірм шақта айрықша интенсивті жүреді де, ересек болған кезде өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.

Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу үрдісін жатқызады. Бұл үрдістер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді. Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуніңі процесі, жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер үрдісі.

Жеке адамның, әсіресе балалық және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады.

Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның , ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез – қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.



Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз - оның өзіне тән мінез-құлықындағы, іс-әрекетіндегі көқарасындағы ерекшелігімен дараланады.

Қоғамдық тұлғаларға ортақ бірыңғай этикалық талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс.

Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп, қабылдауы да әртүрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына баланысты оның өмірге көзқарасы , белгілі құбылыстарға баға беруінде өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс.

Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болуы мүмкін. Ал олардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемдік, қабілеті бірдей емес.

Тұлға - жеке адмның мақсатының орындалуы ғана емес, оның ерік-жігерінің іске асуы, яғни , өзі жөніндегі ойын, еркін іске асырудың дайындығы және оны іске асырғандығының нәтижесі, көрінісі.

Тұлғаның құрылымдық компоненттері үш бөліктен тұрады. Біріншіден, оның ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру: екіншіден, адамзаттық өркениетті тұлғаның бойына біртіндеп сіңіру; үшіншіден, жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы өз-өзін тәрибелуге белсене қатыстыру. Тұлғаны тәрбиелеп жетілдіруде осы 3 компонент тығыз бірлікте қызмет етеді.

Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әртүрлі пікірлер мен теориялар әдебиетте орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон мен Аристотель адамның дамуын, алдын-алудың белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылық немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді.

Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі - префомистер. Префомизм - ХҮІІІ ғасырда биология саласында үстемдік еткен. Адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым преформистер ересек адамдардың барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағында сәбидің ағасында болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы деп қарастырады.

Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диелектикалық үрдісі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен тұсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттрі даму үрдісінде қалыптасады, өйткені оның өсіп-жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Баланың дамуы мен оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта, орта тәрбие және т. б. жатады.

Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастық елестетуі. Баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет-келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін-өзі ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұқсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүешелерін, жүйке жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Тұқым қуалаушылық жайлы ғылымды генетика деп атайды. Тұқым қуалаушылықты таратушы клеткалар ядросының дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНК) мен белоктан тұратын хромосомдары болады. Хромосомдардың өте уақ бөлшектері гендер ұрпаққа ата-аналардың жыныс клеткалары арқылы беріледі.

Орта - адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды.

Табиғи орта - бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтарында ерекшеліктер байқалады.

Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлықының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттер дамып қалыптасады.

Педагогика адам дамытуда әлеуметтік ортаның ықпалын мойындамайды, оған зор мән береді. Бірақ ортаны шешуші және алдын-ала анықтаушы фактор деп қарастырмайды.



Тәрбиенің бала дамуында ролі. Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі - тәрбие. Тәрбие балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне дайық іске асырылады. Тәрбие арқылы адамдарың іс-әрекеттерін ұйымдастырады.

Д.Локк (1632 -1704) тәрбие адамның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін жасайтын негізгі құрал, адам тәрбие арқылы жақсы болады деп сыңар жақ пікір айтты. Локк бойынша, бала өмірге келгенде оның жаны сүттей ақ, судан таза, сондықтан тәрбиеші баладан өзіне керек адамды таңдап, жасап алады дейді. Бұл жерде Локк тәрбиенің ролін аса дәріптеп, тұқым қуалау мен әлеуметтік ортаның баланың адам болудағы ролін онша бағаламады.

В.Г.Белинский (1811 -1848) революционер-демократ баланың жаны таза тақтай емес, тақта да сапалы, жазу да әдемі болу керек деді. Белинский тәрбиенің ролін жоғары бағалап, адам дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның да әсерін ескерген жөн деді.

Локк т. б. көзқарастары бойынша, тәрбие арқылы адамдарды түрлі дәрменсіздіктен, кемістіктен құтқаруға болады. Демек олар тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын жақсартуға және санасын өзгертіп, жөндеуге болады. деген жорамал ойға келді.

Тәрбие осылай бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да тәрбие баланы қалыптастырудағы негізгі күш.


жүктеу 374,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау