Мұханбетжанова Ә., Мұқанбетова Ш.
Педагогиканың жалпы негіздері. Дәріс құралы. - Орал, 2005.
– 70 бет.
Педагогиканың жалпы негіздері болашақ мамандардың педагогикалық теория мен практика саласында жан-жақты терең білімін, болашақ педагог-психологтардың педагогикалық ойлауы мен көзқарасын қалыптастырады, қазіргі педагогика ғылымының түсіндірмелік аппараты, әдіснамасы, зерттеу әдістері саласындағы жетістіктерімен таныстырады, педагогиканың басқа бөлімдерін зерделеу және ұғынудың негізін
қалайды.
Дәріс курсы «Педагогика және психология» мамандығының типтік оқу бағдарламасына сәйкес жазылған.
Дәріс курсы оқытушылар, аспиранттар, магистранттар мен студенттерге арналған.
ISBN 9965-748-02-0
©
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2005ж.
Кіріспе
Қазіргі педагогика ғылымы ұзақ жылдар бойы адам тәрбиелеу үрдісіне қызмет етіп келген көптеген көзқарастарды, ұғымдарды жаңаша ойластыру кезеңін басынан өткеруде. Білім берудің гуманистік қағидалары тұлғаны қалыптастыру мәселесін ескі құралдармен шешуге мүмкіндік бермейді.
Бүгінгі жаңа мектепте оқу-тәрбие үрдісін жүзеге асыру, оның педагогикалық құндылығы алдымен оқушының қызығушылығына, оның бүгіні мен болашағына деген қамқорлыққа бағдарланған.
Болашақ педагог-психологтарды жалпы педагогикалық даярлау оларға педагогикалық оқу пәндері жүйесі бойынша білім беру және педагогикалық сараман арқылы жүзеге асырылады. Оның нәтижесі педагог тұлғасы дамуының белгілі бір деңгейімен және жалпы педагогикалық білім, іскерлік және дағдының қалыптасуымен сипатталады.
"Педагогиканың жалпы негіздері" курсы педагогикалык пәндер жүйесінде басты модуль болып табылады.
"Педагогиканың жалпы негіздері" курсының мақсаты болашақ педагог-психологтардың теориялық жэне әдістемелік біліммен қаруландыру. Негізгі мақсаты мен міндеттері:
- педагогикалық теория мен практика саласында студенттердің
жан-жақты терең білімін қалыптастыру;
- болашақ педагог-психологтардың педагогикалық ойлауы мен
көзқарасын қалыптастыру;
- қазіргі педагогика ғылымының түсіндірмелік аппараты, әдіснамасы, зерттеу әдістері саласындағы жетістіктермен таныстыру;
- педагогиканың басқа бөлімдерін зерттеу және ұғынудың негізін
қалау.
"Педагогиканың жалпы негіздері" курсы Жалпы психологиямен тығыз байланысты. Жалпы педагогика адам дамуының заңдылықтарын, дамудың негізгі факторларын, тұлғаның калыптасуын зерттейтін негізгі ғылыми пән.
Зерттеу объектісі - "Педагогиканың жалпы негіздері" курсының жалпы педагогикалық жүйедегі басты модуль ретіндегі мазмұны. Курстың мазмұны ҚР жоғары білім берудің 031440 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сәйкес компоненті болып табылады.
Курстың мазмұны лекция сабақтарында беріледі.
ӨЖ-ның формалары: педагогикалық әдебиетті аннотациялау, конспектілеу, реферат, рецензия, педагогикалық сөздік жазу.
Бірінші тақырып
Педагогиканың ғылым ретіндегі жалпы түсінігі
Мақсаты: педагогикаға ғылым ретінде түсінік беру, оның құрылымы мен адам жайындағы ғылымдар арасында орнын белгілеу, педагоги- каның обьектісі мен пәнін ұғындыру; талдау, салыстыру іскерлігін қалыптастыру.
Тірек ұғымдар: педагогика, білім беру, теория, тұжырымдама, халық педагогикасы, объект, пән, педагогикалық үрдіс.
Жоспар :
Педагогика жайында жалпы түсінік.
Педагогика ғылымының объектісі және пәні.
Педагогика - тәрбие жайындағы ғылым.
1. Педагогика өз атауын гректің «пайдагогос» (пайда-бала, гогос-жетектеймін) сөзінен алған. Ол баланы жетектеуші деген мағынаны берген еді. Ежелгі Грецияда бұл сөз өзінің тікелей мағынасында қолданылған болатын. Ең алғаш педагогтар деп қожайындардың баласын мектепке апарып-әкелетін құлдарды атаған. Кейін педагогтар деп балаларды үйрету, тәрбиелеу және оқытумен айналысатын адамдарды атады.
Әрбір адам тәжірибе негізінде белгілі бір педагогикалық білімдерді жинақтайды, түрлі педагогикалық құбылыстар арасында байланыстарды орнықтырады. Осылайша, алғашқы қауым адамдары балаларды тәрбие белгілі бір білімге ие болған. Ол ұрпақтан-ұрпаққа салт-дәстүр, ойын, ережелер түрінде жеткізіліп отырған. Бұл білім мақал-мәтелдерде, аңыз-әңгімелерде, ертегілерде сақталған, ол халық педегогикасының мазмұнын құрайды. Мысалы, қазақ мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәнділігі ерекше: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», «Шешесін көріп - қызын ал, аяғын көріп - асын іш», «Ұлтыңды сақтаймын десең - қызыңды тәрбиеле, руыңды сақтаймын десең - ұлыңды тәрбиеле» және т.б. Сонымен қатар, қазақ халқында ата-әже, әке-шеше тәрбиесімен бірге арнайы, дарынды адамдарда (белгілі ақын, жыршы, әнші, күйші, молда, емші, шебер адамдар) да тәрбиелену кең таралған.
Халық педагогикасының ролі қоғам, жанұя өмірінде де ерекше. Ол адамдармен қарым-қатынас орнатуға, әрекеттенуге, өзін-өзі жетілдіруге, ата-ананың парызын орындауға мүмкіндік береді.
Адамның еңбек іс-әрекетінің кеңеюіне байланысты тәрбие обьективті әлеуметтік қажеттілік ретінде пайда болып, ол халық педагогикасында көріне бастайды.
Педагогикалық ғылым оқыту мен тәрбиелеудің фактілерін жинақтайды, құбылыстар арасында себеп-салдарлы байланыстарды орнатады. Ол тек сипаттап қана қоймай, оқыту мен тәрбиелеу барысында адам дамуындағы өзгерістерді түсіндіреді, олардың неліктен пайда болатынына және қандай өзгерістер екендігіне сипаттама береді. Тұлғаны дамытуда педегогикалық процесті болжау және басқару үшін ғылыми білім қажет.
Педагогика ғылымын философиямен тығыз байланыстырады. Ол ежелгі Кытай, Үңдістан, Египет, Греция елдеріңде пайда болып, дамыған.
Тәрбиелеу жүйесін ежелгі грецияның философы Демокритпен (460-370ж. б.э.д.) байланыстырады. Ол барлық еңбектерінде тәрбиеге мән берген. 'Табиғат пен тәрбие егіз, тәрбие адамды құрастырады, адам табиғатты құрастырады"-деп санады.
Теориялық педагогиканы дамытқан ежелгі грек ойшылы Сократ (427-3476.з.д), Аристотель (384-322 б.з.д). Олар өздерінің құнды еңбектері және ойларымен тәрбиеге терең мән берген.
Орта ғасырда педагогиканы дамытушылардың қатарында шіркеу адамдары өз заманының философтар болған: Теруллиан (160-222), Августин (354-430) Аквинат (1225-1274) педагогика теориясына өз үлестерін қосқан. Педагогика ұзақ уақыт бойы философиямен бірге қарастырылды. Тек ХҮ 2 ғ. ол философиядан ғылым ретіңде бөлінді. Педагогиканың философиядан дара ғылым ретіңде бөлініп шығуын чех ғалымы Ян Амос Коменскиймен байланыстырады (1592-1670). Оның алғашқы еңбегі "Ұлы дидактика" 1654ж. Амстердамда шықты. Бұл алғашқы ғылыми педагогикалық кітап больш саналады. Оның жазған ойлары мәнділігін осы күнге дейін жойған жоқ. Мысалы: оқыту формасы, әдістері, сынып-сабақ жүйесі педагогика теориясының негізі болып табылады.
Орыс педагогикасының негізін қалаушы К.Д.Ушинский болып табылады. Оның негізгі еңбектері: "Балалар әлемі", "Ана тілі', XXғасырда А.С.Макаренко бар: "Педагогикалық поэма". Ол тәрбиеші жұмысы өте қиын, жауапты қызмет деп айтқан.
Педагогика ғылымының дамуына қазақтың белгілі философтары, ағартушы педагогтары, психологтары айтарлықтай үлес қосты. Қазақстанда ағартушылық идеяны көтергендердің бірі - Ш.Уәлиханов. Оның өзіндік педагогикалық көзқарастары болды. Ағартушы-ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу-білімнің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады. Ол: "тек ақиқат білім ғана адамға күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, түрмыс құруға үйретеді," - деді. Оның еңбектерінде білім жалпы халыққа бірдей ортақ болсын деген озық идея басым. Шоқанның ағартушы-ғалым демократ ретінде көздеген ой-пікірі, негізгі мақсаты - халқына қайткенде де білім беру, оқыту, оны дүние тануға жетелеу сондай-ақ бұл мәселелерді реформа арқылы іске асыру еді.
Аса көрнекті ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин (1841 - 1889). Ол бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, тәлімгер -ұстаз дайындауға арнаған. Оның негізгі еңбеіктері "Қазақ хрестоматиясы", "Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы". Ы.Алтынсарин қазақ жастарына кәсіптік мамандық алуына зор үлесін қосты.
Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың (1845-1904) шығармалары, қара сөздері педагогикалық ой-пікірге толы. Абайдың көзқарасындағы басты нысана "Атаның баласы болма, адамның баласы бол... Жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін».
«Караңғы қазақ елінің көгіне шығып күн болуды» көксеген ағартушы -педагог Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) артына педагогикалық ой -пікірдің өлмес мұрасын қалдырды. Ол өмірді өзгеріуне, адам мінезін қалыптастыруға күш салып, "Ары тазаның жаны таза" деп түйіндеген.
Ы.Алтынсариннің, Абайдың көптеген ізбасарлары А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Әлжанов, С.Қожахметов, К.Бержанов болашаққа бай қазынаның бетін ашып, лайықты мағлұматтар бергені сөзсіз.
Ш.Әлжанов педагогикалық психологияның мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Ол педагогика мен психология мәселелерін сабақтастыра зерттеп, құнды ғылыми ұсыныс жасаған болатын.
Бұлардың барлығы педагогика ғылымына өз ой-пікірлерін қорыта келіп, қазақ даласына оқу-ағарту, тәлім-тәрбие беру мақсатында көптеген ізденіс-жұмыстарын жүргізген болатын.
Болашақта педагогика ғылымы әрмен қарай дамып, мол қазынаға ие болатыны сөзсіз.
2. Ғылым – білім негіздері, негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы. Ғылым табиғат, қоғам, ой жүйесі туралы жаңа білімдерді жасауға бағытталады.
Ғылыми зерттеу – жаңа біліммен қаруландыру процесі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың обьективті заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекеттің түрі. Ғылыми зерттеудің үш деңгейі сараланады: эмпирикалық - ғылымда жаңа фактілер белгіленеді, теориялық – бұрын ашылған фактілерді түсіндіруге және олардың дамуын болжауға мүмкіндік беретін негізгі, жалпы заңдылықтар ұсынылып қалыптастырылады; әдістемелік-тәжірибелік зерттеулер негізінде құбылыстарды зерттеудің жалпы қағидалары мен әдістері, теория құрылымы қалыптасады.
Педагогиканы зерттеуде ғалымдар үш тұжырымдама тұрғысынан қарайды.
Бірінші тұжырымдама өкілдерінің айтуынша, педегогика- адам жайындағы білімнің пән аралық саласы. Бірақ бұнда педагогика дербес теориялық ғылым ретінде танылмайды.
Келесі ғылымдар педагогиканың қолданбалы ғылым ретіндегі ролін анықтайды. Онда педегогиканың басты функциясы білім беру мен тәрбиелеу салаларында пайда болатын міндеттерді шешуде басқа ғылымдардан (психология, жаратылыстану, әлеуметтану және т.б.) алынған білімді сол жағдайларға бейімдеп қолдану болып табылады.
Бұл тұжырымдаманы жақтаушыларда педагогиканың өз пәнінің болуын, яғни жеке теориялық білімнің болуын жоққа шығарады. Педагогикадан басқа ғылымдар педагогикалық шындықты тұтастай және арнайы зерттеумен айналыспайды.
Үшінші тұжырымдама бойынша педагогика - жеке зерттеу обьектісі мен пәніне ие дербес ғылым.
Ғылымның обьектісі – бұл ғылым зерттейтін ақиқат шындықтың саласы.
Педегогика ғылымының обьектісі – білім беру (тәрбие). Сондықтан педагогиканың обьектісі ретінде адам индивидтің дамуын қамтамасыз ететін құбылыстарды білім беру деп атайды. Ол педагогика зерттейтін обьективті өмірдің бөлігі.
Білім беруді тек педагогика ғана емес, сонымен қатар философия, әлеуметтану, психология, экономика және т.б. зерттейді. Мысалы, экономист жұмысшылардың шынайы мүмкіншілік деңгейін зерттей отырып, оларды дайындауға қажетті шығынды есептейді. Әлеуметтанушы білім беру жүйесінің адамды әлеуметтік ортаға бейімделуге, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына көмектесуге дайындайтынын білгісі келсе, философ білім берудің жалпы өмірдегі мақсаты ,орны жайындағы мәселелерді қарастырады. Психолог білім берудің психологиялық жақтарын зерттейді. Саясаттанушы мемлекеттік білім саясатының тиімділігін анықтауға бағытталады.
Бұл ғылымдардың білім беруде, зерттеуде тигізер көмегі өте зор болғанымен, олардың біреуі де адам дамуымен өсуі, осы қарым-қатынасқа түсу процестерімен байланысты білім берудің мәндік аспектілерін қарастырмайды. Осы аспектілерді зерттеу білім берудің белгілі саласы-пәні ретінде танылады.
Педагогиканың пәні – арнайы әлеуметтік институттарда (жанұяда, білім беру, мәдени, тәрбиелеу орталықтары) ұйымдастырылатын педагогикалық үрдіс. Осы мағынада, педагогика-адам дамуының факторы және құралы болып табылатын педагогикалық үрдістің мәнін, заңдылықтарын, дамуын зерттейтін ғылым.
Осы негізде педагогика педагогикалық процесті ұйымдастырудың теориясы мен технологиясын жасайды.
3. Педагогика ғылымына қазіргі кезеңге, жаңа техника, жаңа құрылыс, жаңа заман талабына сай өзгертуге болады және өзгерту керек деген пікір айтылып жүр. Бұл педагогиканы жаңа бағытта - адамды жан-жақты және жарасымды тәрбиелеу мақсатында - жаңа жолдар енгізу.
Педагогика ғылымы әуел бастан бала тәрбиесі деген ұғымды білдірсе, қазір ол бүкіл адамзат тәрбиесін өз міндетіне алып отыр. Тиімді тәсілдер, әдістер, танымдық жұмыстар қолданудың түпкі нәтижесі: адамға тәрбиенің мәнін, сәнін, мазмұнын түсіндіру және үйрету.
Қазіргі ізгілендіру және демократияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттерінің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру. Міне, осы тұрғыдан қоғамға жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істейтін жеке адам қажет. Ондай адамды орта және жоғары оқу орындары дайындайды. тұжырымдамаларының маңызы өте зор. Олардың бірі - Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасы, екіншісі - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңес бекіткен "Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы".
Сонымен, халыққа білім беру жүйесіне еңбекті ғылыми ұйымдастыруды кеңінен енгізудің барынша мүмкіншілігі және қажеттілігі арта бермек.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
«Педагогика» ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама беріңіз.
Ғылыми педагогикалық білімнің тұрмыстық білімнен қандай айырмашылығы бар?
Педагогиканы ғылым және өнер деп таниды. Сіз қалай түсінер едіңіз?
Педагогиканың ғылым ретінде дамуына не түрткі болды?
Ғылымның обьектісі және пәні дегеніміз не?
Педагогиканың тәжірибесі мен пәнін негіздеңдер.
Берілген әдебиет тізімі бойынша «педагогика» ғылымын түсіндірудің кестесін құрыңыз. Есеп беру формасы: кесте.
«Адамзат тарихында педагогикалық ойлардың дамуы» атты хронологиялық кесте құрыңыз.
Педагогиканың дамуына әсер ететін әртүрлі факторлардың өзара байланысын көрсететін үлгі (схема) құрастырыңыз. (Адамның қоғамдағы өмірге дайындығының обьективтік қажеттілігі, қоғамдық өмірде тәрбиенің ролі артуы , текті сақтаудың биологиялық заңдылығы, мен техникалық дамуы, ұстаздардың іс-әрекеті). Есеп беру формасы: Үлгі.
Берілген әдебиет тізімі бойынша 7-10 библиографияалық карточка жазыңыз. Оларға аннотация құрыңыз. Есеп беру формасы: картотека.
Берілген тақырыптардың біреуі бойынша әдеби және ғылыми әдебиеттерден үзінді дайындаңыз.
Қазіргі өмірдегі педагогика
Гуманды педагогика идеяларын дамытудағы дәстүрлер мен сабақтастық.
Өз тақырыбыңыз.
Педагогикалық хрестоматиясының фрагментін құраңыз (авторы, оқулық атауы, баспасы, беті және т.б.). Есеп беру формасы: хрестоматия фрагменті.
Magister dixit («Мұғалім айтты») - орта ғасырлардағы пікірталас пен жарыссөздерде шешім ретінде қолданылған. Сол кезде мұғалім сөзі соңғы сөз болып саналған. Бұл дұрыс па немесе дұрыс емес пе? Егер дұрыс емес болса, қазіргі педагогикада соңғы сөз ретінде не танылады?
Әдебиеттер.
1. Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания.-М..;1977. 2. Ананьев Б.Г. О человеке как обьекте и субьекте воспитания.// Ананьев Б.Г.
Избр.психол труды: В 2т.-СПб., 1999.-т.2.
3. Гессен С.И. Основы педагогики: Введение в прикладную философию.-М.,1995
4. Гинецинский В.И. Основы теоретической педагогики. – СПб., 1992.
5. Журавлев В.И. Педагогика в системе наук о человеке. – М., 1990.
6. Лихачев Б.П. Педагогика: Учеб.пособие.- М., 1992.
7. Краевский В.В. Соотношение педагогической науки и педагогической практики.-М., 1977.
8. Мұқанова Б.Ы. және т.б. Педагогика. Дәріс курсы. А., 2003.
9. Пед-ка. / под.ред П.И. Пидкасистего. –М., 1998.
10.Подласый И.П. Педагогика. – М., 2000.
11.Реан А., Бордовская Н., Розум С. Психология и педагогика. – М., 2003.
12.Молдағалиев Б.А. Педагогика. Сөздік., Орал., 2002.
14.Сластенин В.А. и др. Педагогика. –М., 1997.
15.Щедровский Г.П. и др. Пед агогика и логика.-М., 2000.
Өзін-өзі тексеру тесті.
1.Педагогиканың ғылым ретінде дамуына не себеп болды?
а) адамды өмірге, еңбекке дайындаудың обьективті қажеттілігі
б) ата-аналардың тәрбиеге қамқорлығы
в) текті сақтаудың биологиялық заңдылығы
г) ғылым мен техниканың дамуы
д) ұстаздардың іс-әрекеті.
2.Төменде педагогикаға берілген анықтамалардың иерархиясын белгілеңіз, яғни ең жалпыдан жекеге қарай орналастырыңыз. Ол үшін әрбір анықтаманың тұсына реттік санын қойыңыз
а) Педагогика- тәрбиелеушінің дүниетанымын қалыптастыру мақсатындағы тәрбиешінің тәрбиеленушіге ықпал ету өнері
б) Педагогика - тәрбие жайындағы ғылым
в) Педагогика - қоғамдық мәдениеттің бір бөлігі
г) Педагогика - бала тәрбиесі және оқытылуы жайындағы ғылым
д) Педагогика - адамдарға білім беру және оқыту мәселелері жайындағы ғылым.
3. ,,,, - бұл ғылым зерттейтін ақиқат шындықтың саласы.
а) пән
б) ғылым
в) болмыс
г) обьект
д) субьект
4. ,,,, - бұл тікелей зерттеуді қажет ететін обьектінің аспектісі, бөлігі.
а) үрдіс
б) обьект
в) субьект
г) пән
д) ғылым
5. Педагогика ғылымының обьектісі -
а) бала
б) адам
в) педагогикалық үрдіс
г) білім беру (тәрбие)
д) оқыту
6. Педагогика ғылымының пәні -
а) бала
б) адам
в) педагогикалық үрдіс
г) білім беру (тәрбие)
д) оқыту
7. Педагогика – бұл
а) бала тәрбиесінің заңдылығын зерттейді және оны тәрбиелеудің жолдарын айқындайды.
б) адамдардың тәрбиесі, оқытылуы және білім беруі жайындағы ғылым
в) тәрбиешінің тәрбиеленушіге оның көзқарасын қалыптастыру мақсатында ықпал ету өнері
г) жас ұрпақты оқыту және білім беру мәселелерімен айналысады
д) адам тәрбиесі жайындағы ғылым
8. Педагогика ғылымының міндеттері
а) адам табиғатын зерттеу
б) адамдарды оқыту және білім беру мәселелерін зерттеу
в) тәрбиені адамның рухани дамуының факторы ретінде зерттеу
г) жас ұрпақты тәрбиелеу, оқыту, тәрбие заңдылықтарын тану, педагогтарды оқу-тәрбие процесінің теориясымен қаруландыру;
д) тәрбие мен оқытудың заңдылықтарын зерттеу, білім берудің дамуын болжау
9. Ғылыми педагогиканың негізін қалаушы
а) Ж.Ж.Руссо
б) Ы.Алтынсарин
в) Я.А.Коменский
г) К.Д.Ушинский
д) А.С.Макаренко
Екінші тақырып
Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде
Мақсаты: педагогиканың ұғымдық аппараты туралы ұғым беру; педагогикалық пәндердің мазмұнын ашып көрсету; педагогиканың басқа ғылымдалмен байланысын көрсету.
Тірек ұғымдар: педагогиканың категориялары, категориялық аппарат, ұғым, тәрбие, білім беру, оқыту, жүйе.
Жоспар.
1. Педагогиканың ұғымдық аппараты.
2. Педагогика ғылымы мен практиканың байланысы.
3. Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны.
4.Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде.
1. Педагогика пәнін және оның зерттейтін салаларын толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық:
Педагогиканың болмыс ұғымдарына тәрбие, білім беру, оқыту жатады. Ұғымдар - объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын көреміз. Педагогикада "мақсат", "құрал", "тәсіл", "даму" және қалыптасу" сияқты ұғымдар да кездеседі. Бірақ олар барлық ғалымдарға ортақ ұғымдар. Біз оларға тоқталмай оқу, тәрбие тақырыптарына сәйкес қарастырамыз.
Педагогика ұғымдарының бірі - тәрбие. Тәрбие - қоғамның негізгі жеке адамды мақсатты жүйелі қалыптастыру принципі больш табылады. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіңдірушілерде бар. Бұл жағдайда бала пассивті обьект түріңде қарастырылады. Ол субъекті бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс - әрекет жасау рөлін атқармайды.
Тәрбие баланың өздігінен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай деп анықтама берушілер де кездеседі Бұл жерде балаға толық ерік беру мәселесіне ерекше көңіл аударылып, ал тәрбиенің рөлі бүркемеленіп, елеусіз қалып отыр.
Педагогика ғылымы тәрбиені қоғамдық құбылыс, қоғамдық категория, тәрбиесіз өмір сүре алмайтындығын философия тұрғысынан қарастырып түсіндіреді. Егер қоғам тәрбиеден қол үзсе, оңда адамзаттың мол тәжірибесі мәңгілік елеусіз қалып, тәрбие ілгері баспас еді. "Тәрбие" термині әрдайым тар мағынада, "тәрбиеші тәрбиелейді, кең мағынада "өмір тәрбиелейді" деп қолданып келеді. Оның тәрбие жайындағы жалпы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тар мағынада, тәрбие деп мұғалімнің және тәрбиешінің ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Әрине тәрбие жұмыстарымен бір ғана мұғалім және ата-аналар шұғылданып қоймайды. Тәрбие - көптің ісі. Сондықтан тәрбие мәселелерімен кәсіподақ ұйымдары қоғамдық мекемелер, еңбек ұжымдары және бүкіл жұртшылық болып айналысады. Олай болса, тәрбиені кең мағынада табиғат және әлеуметтік органның, мектеп пен ата - аналардың, бүкіл бұқараның тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалы деп түсіну керек.
Қоғам дамуының белгілі сатыларында тәрбиенің құрамды бөліктері -білім беру мен оқыту орындары бөлшектеніп, жеке мағына бере бастайды.
Білім беру ұғымын ең алғаш рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоцци. Білім беру - табиғат және қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінен жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту үрдісі. Білім беру мәселесі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Мысалы, орта ғасырларда санай және оқи білетін адамды білімі бар деп есептеген. Казіргі атом, космос және халық шаруашылығын автоматтандыру дәуірінде білім беру ғылыми - техникалық үдеудің құдіретті факторы болып отыр. Білім беру өте күрделі ұғым, педагогикалық ғылым тұрғысынан түсіңдірудің әр турлі мәні бар. Егер әңгіме білім берудің сатылары жөніңде айтылса, оңда бастауыш, тоғыз жылдық, орта және жоғары білім беру ұғымдары пайдаланылады. Ал білім беру мамандыққа байланысты сөз етілсе, оңда педагогикалық, ауылшаруашылық т.б. осы сияқты ғылымдар қолданылады. Ал, білім беру мамаңдыққа байланысты сөз егілсе, онда педагогикалық медициналық, ауыл шаруашылық т.б. осы сияқты ұғымдар қолданылады. Бұл ұғымдардың бір жағынан, бір - бірімен ұштасып жататын табиғи байланысы болады. Халыққа білім беру негізі - жалпы орта білім. Жастардың орта және жоғары дәрежесі мамандыққа ие болу немесе өңдірісте нәтижелі еңбек етуі орта білім алуға байланысты.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттері - соңдықтан да ол екі жақты біртекті үрдіс: біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден, оқушы таным міңдеттерін жете түсініп, дағдыны игереді және оларды өмірге қолданады.
Педагогика тәрбие, білім беру ұғымдары бірыңғай және тұтас үрдіс болып қарастырылады. Оқыту барысында білім беру мақсаты іске асырылады. Олай болса, оқытудың білім беру және тәрбилік мәні бар. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Мысалы, әдебиет сабағында шығарма кейіпкерлерінің патриоттық ерлігін мазмұңдау арқылы білім бере отырып, мұғалім оқушыларды қарсы өшпенділікке тәрбиелейді. Химия сабақтарыңда оқушылар химиялық заңдар, факторлар, теориялар жөніңде ғылымның негізі мен қаруланады. Халық шаруашылығының, маңызды салаларында химияны қолданумен танысады. Осыған орай, мұғалім оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастарын қалыптастырады, халқына берілгендік рухына тәрбиелеуге көмектеседі.
Педагогиканың негізгі ұғымдары деп тәрбие, білім беру, оқыту. Олар бір - біріне тәуелді, табиғи байланысып жұмыс жүргізеді. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, практикаға дайындаудың басты құралдары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |