ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТҤРЛЕРІ, ЖІКТЕЛУІ
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты
міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар; ...оқытудың жаңа технологияларын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығуда» деп, білім жүйесін одан әрі дамыту міндеттері кӛзделеді. Бұл міндеттерді шешу
үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық
жаңалықтар мен қайта құру, ӛзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа
қарым-қатынасқа ӛту қажеттігі туындайды.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда
білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне
нақты ӛзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру
қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын кӛзбен бағалай отырып,
саралауды, жастардың шығармашылық әулетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша
тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің
инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды
мәселелердің бірі.
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру
кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі
ӛзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы ӛзгерді, білім берудің жаңа
мазмұны пайда болды. Атап айтқанда:
– білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттілерінің
дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру
бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
– ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон немесе
радиобайланыс қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
– баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат,
тұлға ретінде қалыптасуына кӛңіл бӛлінуде;
– мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі рӛліне мән
берілуде.
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының ӛмір сүру деңгейінің жоғарылығы,
дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму
деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы
елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне
келіп тіреледі.
Қазіргі қазақстандық білім беру кеңістігіндегі түбегейлі ӛзгерістер – тарихи
объективті процес. Білім беру саласын реформалаудағы мақсат – білім беру жүйесін қайта
қарап, оқушылардың шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы білім
алуларына жағдай жасау болып табылады. Бүгінгі таңда оқушының білім сапасын
бұрынғыдай білім, білігі және дағдысымен ӛлшеу жеткіліксіз. Қазіргі талап – білім сапасы
оқушының алған білімін жеке басын әрі қарай дамытуына, тұлға ретінде қоғамның
ӛркендеуіне пайдалана білуімен ӛлшенеді деп тұжырымдалады.
"ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасының" тұжырымдамасында: "Білімді, білік-дағдыларды механи калық түрде
беру емес, ақпараттық-зияткерлік ресурстарды ӛз бетінше тауып, талдап және пайдалана
білетін, идеялардың қуат кӛзі болатын, жедел ӛзгеріп отыратын әлем жағдайында
дамитын және ӛзін-ӛзі ашып кӛрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық
болып табылады", – делінген. Демек, бұл тұжырымдама білім берудің басты
философиясы болмақ.
Ал білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда
болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен ӛзгеріске ұшырап отыр. Мұғалімдер мен
оқушыларға әр түрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық
құралдары кӛмекке келді.
«Педагогикалық технология» термині педагогикалық әдістерге негізделген оқыту
технологиясы 1960 жылдарда шетел зерттеушілері тарапынан енгізілді. «Педагогикалық
технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің
жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер – оның бӛлігі
ғана» - деп кӛрсткен В.Беспалько.
Жеке тұлғаның ӛзін-ӛзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім
беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады. Бұл үшін мына тӛмендегі
мәселелерді ескерген жӛн:
– қатар отыратын екі сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім
деңгейлерін ескеру;
– әдістеме технологияның сабақтастығы;
– оқушының ӛз бетінше іс-әрекет жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім тарапынан
кӛмек беруді біртіндеп азайту;
– параллель сыныптардағы сынып топтарының ерекшеліктерін ескеру;
– мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болғанын, т.б.
Инновация (латын сөзі іn – в,
NOUS
– жаңа ) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді
білдіреді.
Педагогика теориясы мен практикасында инновация термині кеңінен қолданылуда.
Бірақ бұл терминнің белгілі бір педагогикалық категория ретінде әлі де қалыптасу
үстінде. Сондықтан да біз инновация ұғымын толық анықтау үшін, оның тарихи даму
деректеріне шолу жасаймыз.
Инноватика мазмұнына талдау жасау нәтижесінде Ш.Т.Таубаева тӛмендегі негізгі
аспектілерді кӛрсетеді:
1)
Инноватика
жаңа білімді ойлап табу, меңгеру, енгізу зандылықтарын зерттейтін
гуманитарлық ғылым;
2)
Инноватика
жаңа білімді жасап шығару, меңгеру, енгізу процестерін
зерттейтін ғылыми білім саласы;
3)
Инноватика
қоғамдық тәжірибеде және ғылым мен техниканың түрлі
салаларындағы инновациялық процестің теориясы мен практикасы.
Инновациялық технологияны Қазақстанда зерттеген ғалымдардың бірі
ол
Н.Нұрахметов болған. Ғалым мынадай топтама береді:
білім беру мазмүнында;
әдістемелерде, технологияларда форма мен оқу-тәрбие процесінің
құралдарында;
мектеп басқару жүйесіндегі жаңалықтар кӛлеміне.
Қазіргі жағдайда инновациялық процесстер, жылдам басқару мәселесі
педагогикалық инноватиканың құрылымында негізгі түйіні болып табылады.
Ғылыми білімнің саралануы, олардың үздіксіз дамуы білім беру мазмұнына кӛлемді
практикалық және теориялық материалды қосуды талап етеді. Алайда мектепте,
жоғары оқу орнында оқыту уақыты шектеулі болғандықтан, заман талабынан шығатын
маманды дайындауға жеткілікті білімді саралауды тандап алу мәселесі кӛтерілуде.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғы шарттар қажет:
– оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
– оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру.
Оның гылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі
талдау жасап, назарда ұстау;
– жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете
танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді
мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;
– оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.
Қазір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған
көпнүсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет
етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы,
ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан
әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық
ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.
Қазіргі кезде қоғамда болып жатқан үлкен ӛзгерістер ғылым мен техникалық соңғы
жаңалықтарының ӛмірдің барлық салаларына тез ӛңдеуді ӛзгерістер білім беру саласына да
ӛзінің үлкен әсерін тигізуде. Сондықтан да тәуелсіз қазақ елінің басты мақсаты – осы заман
ағымынан қалып қоймай, ӛркенитетті мемлекет құру және білім беру сапасына әлемдік
білім стандарты негізінде жақсарту.
Баспа беттерінде педагогикалық білім берудің стратегиясы мен тактикасын
ӛзгертудің қажеттігі, оның уақыт талабына сай келмейтіндігі туралы мәселелер жиі
айтылуда. Ендеше, білім берудің инновациялық технологияларын шапшаң ӛндірудің
қажеттігі ӛзектілігін танытып отыр. Білім беру саласындағы инновациялық бағыттың
қажеттілігін анықтайтын себептерде қазіргі таңда бүкіл халыққа белгілі болып отыр.
Олар:
білім беру жүйесінің жаңаруы, яғни жоғары оқу орындарының кредиттік оқу
жүйесіне кӛшуі және орта білім беру жүйесінің 12 жылдыққа ӛтетіндігі;
білім беру мазмұнының гуманитаризациялануы;
мұғалім мен оқушыға қойылатын талаптың жаңа тұрғыдан қарастырылуы, яғни
оқушы тек білім тұтынушы ғана емес, ортақ іс-шара субъектісі де.
Кӛптеген мектептер жаңа оқыту және тәрбиелеу үрдісін енгізе бастады. Алайда
мектептердің жылдам даму қажеттілігі талабы мен педагогтардың оны іске асыруда
білімнің жетіспегендігінің арасында қарама-қайшылық туындауда.
«Жаңа», «жаңалық», «жаңалық енгізу», «инновация», «инновациялық процесс»
деген ұғымдарды оқытушылардың түсінуінде шатастыру байқалады.
Білім берудегі инновация және «педагогикалық инновация» терминдерін
педагогикаға ғылыми тұрғыдан негіздеп енгізген Н.Р.Юсуфбекова. Ол ӛзінің еңбегінде
педагогикалық инновацияны ӛзінің зерттеу объектісі, пәні, тәсілі бар педагогика
ғылымының дербес саласы ретінде қарастырады.
Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы
жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі замангы білім берудің
даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогиклық технология
қолданылып жүргендігі мәлім. Бірақ мұғалімдер оны өз тәжірибелерінде жүйелі
қолдануға дағдыланбаған және оны әдістемеден ажырата алмайды. Оқытудың жаңа
технологияларын таңдаудың М.М.Поташник ұсынған критерийлері:
елдің, аймақтың, қаланың талап-тірегі
мектепке әлеуметтік сұраныс;
мектептің дамуы туралы мемлекеттік қүжаттар
мемлекеттік сұраныс;
қазіргі ғылымның адам туралы жетістіктері мен табыстары;
педагогикалық озат тәжірибе;
мұғалімдердің,
мектеп
басшыларының
іс-тәжірибесі,
интуициясы,
шығармашылығы;
мектептің жұмыс үрдісі мен нәтижелерінің талдамасы.
Бұдан педагогикалық технология таңдау барысында:
алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға
сай болуы;
жүйелілігі;
тиімділігі т.б. ескерілуі керек деген қорытынды шығады.
Педагогикалық технология оқу үрдісімен, мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен
тығыз байланысты. Оның кұрылымына мыналар кіреді:
а) тұжырымдық негізі;
ә) оқыту мазмұндық бөлімі:
оқытудың нақты және жалпы мақсаты;
оқу материалының мазмұны.
б) үрдістік бөлім
технологиялық процесс:
оқу үрдісін ұйымдастыру;
оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары;
мұғалім жұмысының әдістері мен формалары;
мұғалімнің материалды меңгеруді басқарудағы қажетті әрекеті;
оқу үрдісінің диагностикасы.
Тәжірибеде Х-ХІ сынып аралығында жүргізілетін педагогикалық технология мен
әдістемелерді (мұғалімнің қалауы бойынша) тӛмендегідей етіп жоспарлауды ұсынуға
болады:
- мәселелік оқыту;
- іздену, зерттеу әдістері;
- топпен оқыту тәсілі (В.Дьяченко);
- нәтижелі технологиялар;
- тірек және тірек конспектісінің кӛмегі арқылы оқыту (В.Шаталов);
- ӛзіндік жұмыс әдістері;
- бағдарлап оқыту (машинасыз және компьютерсіз);
- оқытудың коммуникативті әдісі (қарым-қатынастық);
- дискуссиялық әдіс;
- дидактикалық ойындар.
Осылардың ішінен ӛзіміздің тәжірибеде қолданып жүрген кейбір технологияларға
толығырақ тоқталайық.
Саралап оқыту технологиясы. Ӛткен ғасырдың 30-жылдарында Америкада, ал 60-
жылдары білім беру мен оқытуда саралау үрдісі кеңінен етек алғаны мәлім. Бұл үрдіс
бүгінгі таңда Қазақстан мектептеріне де, бүкіл әлем мектептеріне де келіп жетті.
Оқушылардың бейімділігін, қызығуын, үлгерімін анықтай отырып оқыту, яғни саралап
оқыту қазіргі мектептердің даму бағытына айналып отыр. Саралау – оқу мекемелерінің
түрлеріне, бір мектептің кәсіби бағдары мен ӛз ішіндегі ағымына және сыныптағы топқа
бӛлінеді. Білім беруде, саралап оқытуда қарама-қайшылық та кездеседі.
Жалпы саралап оқыту бастауыш мектепті бітіргеннен кейін басталады. Англияның
мектептерінде, Германияның нақты училище, гимназия және негізгі мектептерінде,
Францияның технологиялық, кәсіби және жалпы білім беретін лицейлерінде, Ресей мен
Қазақстанның жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназияларында және басқа
мемлекеттердің үздік мектептерінде саралап оқытылады. Бұл оқу мекемелерінің
ерекшелігі
олардың оқу бағдарламаларында. Бір мекеменің ӛз ішінде саралап оқыту,
әсіресе Америка мен Жапония мектептерінде екі түрлі: жалпы білім беретін және арнаулы
бағдарламамен жұмыс жүргізеді.
Деңгейлеп оқыту технологиясы. Дж. Конант бастаған педагогикалық топ 50-
жылдары «барлығын қамтитын мектеп» моделін ұсынды. Әр түрлі әлеуметтік жағдайдағы
балалар үшін олардың қабілеті мен қызығуын ескере отырып, әр топқа сәйкес бағдарлама
жасалды. Конанттың ұсынысы АҚШ мектептерінде саралауды енгізуді іске асырды.
Франция мен АҚШ-та барлық жалпы білім беретін мекемелерде сыныптағы
оқушыларды топқа бӛлу кеңінен тараған. Кейбір пәндерді оқытуда топтарды
«жылдамдар» , «орташалар» және «баяулар» деп атайды.
Германияда топқа бӛлу ЖОТ жүйесінде жүреді. Жоғары (ж), орташа (о), тӛмен (т).
Топтарға сәйкес әр түрлі бағдарламалар жасайды. Жапонияның мектептерінде де
оқушыларды топқа бӛліп оқыту тұрақты орын алған. Топтағы жұмыс сайыс түрінде
жүргізіледі. Сыныптағы топтар сайыс кезінде ағылшын сӛзін, ироглифтерді, тақпақтарды,
т.б. «кім біледі»? деген сұрақтарға жауап береді. Барлық оқушыға баға қойылады.
Жапония педагогтарының арасында топтық оқытуға кӛзқарастары әр түрлі.
Білімді даралап, саралап берудің басты бір бағыттарының бірі
дарынды, талантты
балалар мен жасӛспірімдерді оқыту. Кейінгі кезде мұндай ӛзекті мәселеге әлемдік
педагогикалық қызығушылық бары байқалады. Соның бір айғағы ретінде жоғары
қабілетті Еуропалық ассоцияция құрылды. Ассоцияцияның басты мақсаты
дарынды
балаларды зерттеу, қолдау және мадақтау. Мұндай саясат Қазақстанда жүріп жатыр.
(«Болашақ» бағдарламасы, «Дарын» орталығы.) Ғалымдардың есептеуі бойынша, әрбір
жас ерекшелігіне байланысты топта 3 пайыздан 8 пайызға дейін ӛте талантты оқушылар
болады. Бірақ, олардың барлығы мадақтала бермейді, АҚШ-та дарынды балалардың 40
пайызы анықталады, ал Францияда олардың 5 пайызы жоғары мектепке қабылданбайды.
Англияда дарынды балаларды зерттеу орталығы бар. Мұнда дарынды балалар
жұмыс істейтін мектептер, арнаулы бӛлімдер және жеделдетіп, тереңдетіп оқытатын
курстар жетерлік. Ағылшын педагогтарының дарынды балаларды оқыту әдістемесі
бойынша диагностикалық тестілеу тәжірибелері мол.
Францияда 80-жылдардың ортасынан бастап, кейбір бастауыш оқу мекемелерінде
талантты балаларға арналған сыныптар пайда бола бастады. 90-шы жылдардың басында
Страсбургте ойлау қабілеті ӛте жоғары балаларға арналған ерекше мектеп ашылды.
Ресей де ұлттың қолайлы тобын (элитасын) тәрбиелеу қажеттілігін түсінеді. 1989
жылы «Талантливые дети» атты кешенді бағдарлама жасалды, арнаулы «Ресейлік мәдени
қор» ұйымдастырылды, қаражат бӛлінді. 1996 жылы бұл қор 229 дарынды оқушыларға
стипендия бӛлді.
Қазіргі кезде оқыту процесін жоспарлаудың, қолданудың және бағалаудың жүйелі
әдісі, адамдардың, техникалық ресурстарды білімді игеру жолында ӛзара тиімді әрекет
етудің негізі ретінде жаңа педагогикалық технологиялар түрлері кӛбейе түсуде.
Сондықтан осындай жаңартылған педагогикалык технологиялар ішінен ӛз қажетін
таңдап алу
әр мұғалім үшін жауапты да іскерлікті қажет ететін іс. Оқыту бағдарламалары
сызықтық, тармақты, адаптивті, құрама, блоктық және модулъді болып бӛлінеді.
1. Сызықтық
оқу материалдары блокпен беріліп, бақылау жұмыстарымен
кезектестіріліп отырады.
2. Тармақтық
оқушылар дұрыс жауап бермеген жағдайда қосымша ақпарат
кӛздерінен білім алып, жаңа бақылау жұмыстарын орындайды.
3. Адаптивті
ӛзінің меңгеру дәрежесіне карай жаңа материалдың күрделілік
дәрежесін ӛзі таңдап, сӛздіктер мен анықтамаларды (техникалық құралдарды,
компьютер, т.б.) қолдана алады.
4. Модульдік оқудың технологиясы оқытушыға педагогикалық жүйенің негізін
түсінуге жағдай жасай отырып, оқытудың теориясы мен практикасын ӛзара
байланыстыруға, оны технологиялық деңгейге дейін кӛтеруге жағдай жасайды.
Модульдік оқудың технологиясы мынадай компоненттерден тұрады:
мотивтік-мақсаткерлік,
маңыздылық,
оперативтік-іс-әрекеттілік,
бағалы-қорытындылық.
Ұсынылып отырған модульдер
бұл оқу ақпараттылығын программалық жүйесін
сақтау болып табылады. Мұның логикалық кӛкейкестілігі оның структуралық-құрылымы
модульдің жалпы оқу процесін саналы меңгеруге тигізетін әсері
оқытудың
әдістемелігі болып есептеледі.
I.Модульдік оқу процесінің мотивтік-мақсаткерлігі. Модульдік оқу процесінде
мақсаткерлік негізгі педагогикалық категория ретінде болашақ нәтиженің іс-қимылдың,
белгілі қызметтің қорытындысы және реттеуші ретінде әсер етеді. З.В.Знак пен
В.И.Бактинскийдің пікірлерінше
мақсат керлік белгілі бір қызметтің немесе іс-
қимылдың мазмұнын қалыптастырады. Модульдегі мақсаткерлік жеке тұлғаның бағалы
бағдарламасын сипаттайды және оның белгілі бір нәтижеге жетуін айқындайды.
Р.Р.Бибрихтің дәлелдеуінше, жеке тұлғаның әрбір жаңа мақсаткерлігі
оның
мотивациялық бағытын ӛзгерте отырып, ӛз алдына одан да күрделі жаңа күрделі мақсат
қоюға мүмкіндік жасайды
мұны іс-қимылдың кӛкейкестілігі дейді.
Сӛйтіп, адамның саналы іс-қимылы белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған. Ал
мақсаткерлікті анықтау, оған жету, сол ретте программа жасау, қажетті құралды таңдау
адам қызметінің оңтайлы қырынан саналады. Осының барлығының жиынтығы
модульде
алгоритмдік мақсаткерлік болып есептеледі.
II. Алгоритмдік мақсатқа жетудің негізгі белгілері. 1. Мақсатткерлікті таңдау,
анықтау және оны іске
асыру үшін ұсыну.Бұл мақсатқа жетудің бірінші компоненті.
Сондай-ақ, мұндай іс-қимылдың ерекшелігіне сәйкес айлалы мақсаткерлікті
анықтау. 2. Мақсаткерлікке сәйкес ұсынылған
нәтижеге жетудің жолдарын анықтау,
бұл мақсатқа жетудің екінші компоненті. Алға қойған мақсатқа жетудің жолдарын
анықтау үшін мына факторларды зерттеу қажет. Ол:
мақсаткерліктегі ортаның немесе заттың критерийлік ӛлшемі және кӛрсеткіші;
оқу процесінің формасы және қарастырылған әр түрлі әдістемелері;
оқушылар мен педагогтың біріккен іс-қимылы және қызметі.
3. Күткен нәтижені
қорытындыны анықтау мақсатқа жетудің үшінші компоненті
оқушылардың мақсатқа жету жолында ұсынылған тәрбиелік сипатын кӛрсетеді. Сондай-
ақ, нәтижелік, тәрбиелік, үлгерімділік, оқу сапалылығы, іс-қимылдың оңтайлы дамуы,
ұжымның бірлігі, татулығы. Жеке тұлғаның
оқушының ұсынылған мақсатқа жетуге
сәйкес дамуы, тәрбиелі лігі, білім алуы, демек, мақсатқа жету модулі
мақсат қоя
білуге үйретеді.
Оқушылардың
және
студенттердің
негізгі
мақсаты
сапалы
білім алуы мен саналы тәртібін қамтамасыз етеді.
Мақсатқа «сәйкестілік технологиясы
модульдік жүйенің белгілі бір бӛлігі ретінде
тӛмендегіше сипатталады:
1. Мақсаткерліктің иерархиялығы.
2. Мақсаткерліктің оқу-тәрбие құралына бағыныштылығы.
3.Мақсаткерліктің ерекшелігі мен арнаулы қасиеттілігі және бірізділігі.
4.Мақсаткерліктің модификациялық мүмкіндігі.
Мақсаткерліктің иерархиялылығы
мақсатты нақты қоя білушілікке негізделген.
Бұл бірнеше категорияға бӛлінген және даму деңгейі ӛте жоғары. Бұл жүйені
"педагогикалык таксономия" деп те атайды. В.П.Беспалько, П.Я.Гальперин, И.Я.Лернер
таксономиясы бүгінгі модульдік жүйеде қолданылады.
Модулъдік оқу
бұл оқудың мазмұнын жақсартудың, оны ұйымдастырудың құралы
және әдісі. Сондай-ақ, ол теориялық және практикалық білімді қамтамасыз етудің
құрылымдық жүйесі.
Модулъ
оқу процесінің ӛзгеруіне байланысты ұдайы жетілдіріп және ӛзгертіп,
түрлендіріліп отырады. Демек, модуль
жеке тұлганы дамыту, қалыптастыру,
тәрбиелеудің үлгісі
оқу процесін түрлендірудің әдістемесі.
III. Модульдік оқудың маңыздылығы
Модульдік оқу
тұтас ұдайы дамып отыратын жүйе. Модульдік оқудың
ұстанымдары жалпы заңдылыққа сүйенеді. Бұл заңдылықтар педагогикалық,
философиялық, психологиялық, әлеуметтік ғылымдардың негіздерінде айқын далған.
Демек, ғалым П.А.Юцявичтің "Модульдік оқудың теориясы мен практикасы" атты
еңбегінде модульдік оқудың принциптері де және оның оқыту методологиясы
жалпы дидактикалық принциптерімен тұтасып жатады және сол негізде қолданады [43].
Қазіргі күнде мектептердегі оқу үрдісі заман талабына сай жаңа технологияларды
қолдануды талап етіп отыр. Осыған орай ғалымдар ӛздерінің түрлі технологияларын
ұсынып отыр. Осы технологиялардың қажеттілігі неде?
Қазіргі таңдағы жаңаша (инновациялық) оқытудағы басты мәселе – білім алу және
ӛздігінен білім алу негізінде адам қабілеттерін, икемдігін дамыту болып табылады. Осы
тұрғыдан алғанда ғылыми міндеттерді дәстүрлі емес әдістермен шешудің бір жолы
ретінде проблемалық оқыту жүйесінен пайдалануға болады.
Проблемалық оқыту (басқа да оқыту жүйелері сияқты) педагогикада жаңа емес, тек
ұмытылып қалған құбылыс (бұл құбылыс тарихта белгілі есімдер –Сократ, Руссо,
Дистервег, Ушинскийлердің тәжірибесінде қолданылған).
Проблемалық оқыту – оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, білімді
шығармашылық тұрғыдан меңгеруге негізделген дидактикалық жүйе. Проблемалық
оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:
оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
оқушылардың белсенді ізденісі нәтижесінде игерген білімдері мен дағдыларын
дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақтау;
түрлі проблемаларды кӛріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын
қалыптастыру;
кез-келген нақты қызмет саласында ӛз ерекшелігі болатын кәсіби проблемалық ойлау
жүйесін қалыптастыру және дамыту болып табылады.
Проблемалық жағдайды құруда тӛмендегі әдістемелік тәсілдерден пайдалануға болады:
мұғалім оқушыларды қарама-қайшылық жағдайына әкеліп, одан шығудың жолдарын
ӛздеріне қалдырады;
біркелкі сұраққа әртүрлі пікірлерді жинақтайды;
сыныпқа берілген жағдайды әртүрлі позициядан қарастыруды ұсынады;
нақты сұрақтар қояды;
проблемалық, теориялық және практикалық міндеттерді анықтайды;
проблемалық міндеттерді қояды.
Проблемалық жағдайдың құрылуы және оның оқу проблемасына ауысуы, проблемалық
міндеттердің құрастырылуы
проблемалық оқытудың бастапқы кезеңдері ғана әрі қарай
оқушылар оқытушының бағыттауымен келесі шығармашылықпен ойлау операцияларын
шешуге тиіс:
проблеманы шешетіндей варианттарды ұсынып, болжамдарын айту;
болжамдарды теориялык. және тәжірибелік тұрғыдан тексеру;
қорытынды жасау;
шешілген проблеманың дұрыстығын тексеру.
Сондай-ақ, проблемалық оқыту технологиясы бірнеше кезеңдерден тұрады. Оның
негізгі кезеңі ойлаудың кедергісін түсінуге алып келетін проблемалық жағдай.
Проблемалық жағдай барысында пайда болатын оқу проблемасы қиын да, бірақ оқушылар
шеше алатындай дәрежеде болуы шарт. Проблеманың қойылуы және түсіндірілуімен бірінші
кезең аяқталады. Екінші кезеңде оқушы сұрақтың жауабын толық алу үшін жетпейтін
ақпараттарды белсенді түрде іздестіруге кіріседі. Үшінші кезеңде қажетті білімдермен
қарулана отырып проблеманы шешіп, алынған нәтижелерді бастапқы болжаммен салыстыра
отырып тексереді.
Проблема қойып оқытудың нәтижелі болуының 4 негізгі шарты бар:
-
проблеманың мазмұнына қызығушылық тудыра алатындай жеткілікті
мотивациямен қамтамасыз ету;
әрбір этапта туындап отыратын проблемалардың шама жетерліктей болуы (белгілі мен
белгісіздің тепе-теңдік қарым- қатынасы);
шешілетін проблеманың оқушы үшін маңыздылығы;
педагогтың оқушымен диалогының ӛзара түсіністік пен сыйластыққа құрылуы.
Сонымен қатар, проблемалық оқытудың жағымды да, жағымсыз да жақтары бар екенін
атап ӛтуіміз керек. Бұл технологияның артықшылығына
оқушының ӛзіндік шығармашылық
іс-әрекеті негізінде білімді ӛз бетімен меңгеру мүмкіңдіктері, соның нәтижесінде оқу
еңбегіне деген жоғары қызығушылығының, жемісті ойлау қабілеттерінің дамуы жатады. Ал,
кемшілік жағына келер болсақ
кей кездерде процеске қатысушылардың танымдық іс-
әрекеттерінің әлсіз басқарылуын, жоспарланған мақсатқа қол жеткізуде уақыттың шамадан тыс
кӛп шығындалуын атап кӛрсетуге болады.
Проблемалық оқытудың осындай ерекшеліктерін ескере отырып, біз музыка
пәні сабақтарын проблемалық тұрғыдан ұйымдастыруды жӛн кӛрдік. Ӛйткені,
проблемалық оқыту әдісінің оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
мүмкіндігі жоғары саналады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда, Ж.Қараевтың, Ш.Таубаеваның, С.Лактионо ваның,
М.Жанпейісованың, т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары
жан-жақты қарастырылды.
Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін
арттыруға ӛз үлесін қосады.
Жаңа технологияны қолдану тӛмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:
І кезең – оқып үйрену; ІІ кезең – меңгеру; ІІІ кезең - ӛмірге ендіру; ІҤ кезең –
дамыту.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін тӛмендегідей педагогикалық шарттарды
орындау қажет:
оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру;
ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне талдау
жасау;
жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу;
пәндік білім стандартымен жете танысу;
білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді
мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;
оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.
Инновациялық технология бойынша оқыту жаңа мақсатты талап етеді. Жаңа
мақсат оқытудың әдістемелік жүйенің қалған бӛліктерінің (мазмұн, әдіс, оқыту түрі
мен құралдарының) ӛзгерулерін талап етеді.
Оны орындау үшін мынадай тӛрт ұсыныс қажет деп санаймыз:
1.Жаңаша өзгерген мақсат – оқушылардың ӛздігінен танып іздену іс-әрекетінің
әдістерін меңгерулерін талап етеді. Бұл әдістердің мұғалімдердің күнделікті жұмыста
пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар.
Бұл жағдайда алдыңғы орында оқушы тұрады және оның ӛз бетімен білім
алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.
2.Жаңаша оқытудың негізіне оқытудың дербес және топтық түрлерін
жатқызамыз. Оқытудың бұл түріндегі ең бастысы
оқушыға деген сенім, оның ӛз ісіне
жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, ӛз беделі мен қадір қасиет сезімін дамыту.
Оқытудың фронталды түрі, кӛбінесе бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана
пайдаланылады.
3.Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша оқытуды ізгілендіру қажет.
Ол – оқыту құралдарына деген кӛзқарасты да ӛзгерутді талап етеді. Бұл ӛзгерістер
бойынша оқу құралдары оқушының ӛздігінен танымдық іс-әрекетін жүзеге асыра
алатындай құралдар болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |