Педагогикалық такт және педагогикалық этика



жүктеу 317 Kb.
Дата06.02.2020
өлшемі317 Kb.
#28312
түріСабақ

Педагогикалық такт және педагогикалық этика

  • Лектор: жалпы педагогика кафедрасының профессоры А.С.Қалдыбекова

6-тақырып. Педагогикалық такт және педагогикалық этика

  • Жоспар:
  • Такт және педагогикалық такт туралы түсінік.
  • Сабақта педагогикалық такт.
  • Тактика және педагогикалық тактика.
  • Педагогикалық тактты меңгеру шарттары.
  • Этикалық категориялар. Педагогикалық қызметте қарым-қатынас этикасы.
  • Әдебиет:
  • Азизхўжаева Н.Н. Педагогик технология ва педагогик маҳорат. ТДПУ-2003.
  • Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении. –М. «Просве-щение», 1987.
  • Карнеги Д. Как завоевать друзей. Ч.1. –М., 1994.
  • Қалдыбекова А.С. Жалпы педагогика теориясы және практикасы. 1-бөлім. Педагогика теориясы – Т.: Низомий номидаги ТДПУ, 2013.
  • Очилов М. Ўқитувчи одоби. –Т.: Ўқитувчи, 1997.
  • Рыданова И.И. Основы педагогики общения. – Минск, «Беларуская навка» 1998.
  • Скакун В.А. Основы педагогического мастерства.–М. ФОРУМ: ИНФРА-М, 2010.
  • Xoliqov A. Pedagogik mahorat. –T.: IQTISOD-MOLIYA, 2011, - 424 b.
  • Электрондық оқыту ресурстары
  • 1.www.tdpu.uz
  • 2. www.pedagog.uz
  • 3. www.edu.uz
  • 4. www.ziyo.edu.uz

Такт және педагогикалық такт туралы түсінік

  • Такт (лат. tactus – жанасу, сезім) – бұл әдептілік катего-риясы болып, адамдар асрасындағы өзара қарым-қатынас-ты тәртіпке салады.
  • Педагогикалық такт деп  мұғалімнің тәрбие беру процесінде балалардың көңіл күйін, жан дүниесін, мінез құбылыстары мен психологиялық-физиологиялық ерек-шеліктерін терең білудің негізінде нақтылы жағдайлардың талабына сәйкес қолданатын әдіс-тәсілдердің жинағын айтамыз

Педагогикалық тактінің негізгі көрсеткіштері

  • оқушыға құрмет;
  • оқушыны көріп, тыңдай білуі;
  • тіл табыса білуі;
  • педагогтың балаларға деген зейіні мен мейірімділігі; 
  • болған жағдайды тез және дұрыс бағалауы;
  • оқушының тәртібіне байланысты қорытынды шығаруға асықпауы;
  • қиын жағдайға тап болса, сабырлық сақтап, сезімдерін тежей білуі;
  • талап ету икемділігі, оқушыларға деген мейірімділігі;
  • оқушылардың жас ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оларды жетік білуі; 
  • өз ісіне баға бере алуы.

Педагогикалық такттың құрылымы

  • Солардың ішіндегі ең негізгілері: 
  • оқушыларға педагогикалық әсер етудегі мөлшерді сақтау мәселесі; 
  • ұстаздық ықпалдың нәтижелілігі, жеке адамның, атап айтқанда, оқытушының баланың рухани дүниесін егжей-тегжейлі түсіне білуі; 
  • жас буынның ұнамды қасиетін тани біліп, оны бүкіл адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыруға пайдалануға қабілеттілігі. 

Сабақта педагогикалық такт

  • Педагогикалық тактты дұрыс меңгермеген оқытушыларда кездесетін қателіктер мыналар:
  • Жақсы оқушыға қарағанда нашар оқушының жауап беруіне аз уақыт беруі, яғни оның ойлануына мүмкіндік бермейді. Егер жауап дұрыс болмаса, жетелейтін сұрақтар беріп, көмектеспейді.
  • Ымырашылдыққа салынып, тез береген жауапты оңай және оң бағалайды.
  • Нашар оқушының қате жауабы үшін жиі ұрсады, керісінше дұрыс жауабы үшін сирек мақтайды.
  • Нашар оқушының көтерген қолын байқамаған болып басқасын шақырады.
  • Сирек күледі, жақсы оқушыдан гөрі нашар оқушыға сирек қарайды, сирек шақырады. Кейде сабақта онымен мүлде жұмыс істемейді.

Сабақта педагогикалық такт

  • Сабақта педагогикалық әдептің негізгі белгілері төмендегідей:
  • табиғилығы, пікірлесудегі қарапайымдылық;
  • жалғансыз, шынайы іс-әрекеті;
  • оқушыға сенуі;
  • жалынбай өтініш жасау;
  • сездірмей-ақ кеңестер мен нұсқауларды беру;
  • оқушының өзіндік «менін» тежемей талап ету және сендіру;
  • күлкіге айналдырмай юморды қолдану;
  • қарым-қатынаста іскерлік көрсету, салқындылық танытпау;
  • қойған талаптан бас тартпай тәрбиелік ықпалды жүзеге асыруда нақтылық-пен реттілікті басшылыққа алу;
  • өзінің бақылауын байқатпай оқушыға көңіл бөлу, пікірлесудегі салмақтылық.

Педагогикалық такт

  • Педагогикалық такт сақталынған Педагогикалық такт сақталынбаған

Тактика және педагогикалық тактика

  • Тактика (грекше taktike – “тәртіпке келтіру”) – белгілі бір мақсатқа жету үшін қолданылатын әдіс, жол.
  • Педагогикалық тактика – педагогикалық мақсатқа жету үшін оқытушының қолданатын әдіс-тәсілдері. Педагогикалық тактика мұғалімде оқушыға әсер етудің жағдайға қарай орағытуға болатын әр түрлі құралдарының мол қоры болуын ескереді.
  • Педагогикалық тактика бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Оны барлық жағдайда барлық педагогтар қолдана алатын белгілі бір нұсқауға, тіпті ережелерге айналдыру қиын. Өйткені педагог оқушылармен түрлі жағдайларда түрліше ролдерде қатынаста болады. Оқушылар сабаққа дайын болмаған жағдайда қарым-қатынастың айқын, қатал, салқын, сыпайы сарынын пайдалану керек. Сабақтан тыс уақытта балаларман достық, сырластық қатынаста болған жөн.

Педагогикалық тактты меңгеру шарттары

  • Педагогикалық тактты меңгеру үшін төмендегі ережелерді есте сақтау керек:
  • 1. Конфликтті жағдайларды түсінуге әрекет ету, оның үшін сыртқы көрі-ністе байсалдылық және ұстамдылық.
  • 2. Өзінің іс-әрекетімен сұхбаттасына әсер ету.
  • 3. Бірден жағдайды бағалауға әрекет етпеу, өз көзқарасын ғана білдіру.
  • 4. Мақсатты біріктіру.
  • 5. Шешімге келуде өз позициясының дұрыстығына көз жеткізу.

Әрқандай жағдайда барлық педагогтар қолдана алатын нұсқаулар

  • Адамдық қадір-қасиетті құрметтеу. (Оқушының сөзбен де, көзбен де оның қадір-қасиетін қорламау, керісінше оларды сүйемелдеу, көтермелеу, дамыту);
  • Ықпал жасау шамасы. (Ол шамалап кінәлайды, шамалап мақтайды; кейісті тоқтата-ды, әзілді тежейді, әр сөзді қашан айтуды дөп басып біледі).
  • Шешімге келу. ( Ең жақсы шешім – байсалды шешім; ашу – нашар кеңесші).
  • Көңіл қалдырмау. (Көңіл қалдыру – мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық кедергі).
  • Оқушымен жеке әңгімелесу кезіндегі мінез-құлық. (Оқушымен жеке сөйлесу – мұғалім шеберлігінің көрсеткіші, ондай әңгімеге сабақтан кем дайындалмау керек)
  • Оралымды жолдар. (Әдепті мұғалім талап қойғыш, бірақ қазымыр болмайды).
  • Білімді бағалау. (Жақсы баға – объективті (оқушылар сөзімен айтқанда, әділ) баға.
  • Көңіл-күйі. (Егер көңіл күйіңіз нашар болса, оны табалдырықтан тыс қалдырыңыз. Оқушылар алдында мұғалім қалай болғанда да тек қана жайдары, қайратты және көңілі көтеріңкі болуы тиіс. Педагогтық кәсіп сыры осында.)
  • Әзіл. Тапқыр сөз. (Өзі әзілді сүйетін, тапқыр сөзді мұғаліммен оқушы-лар ықыласты араласады, тіпті оның қателіктерін де кешіреді).

Этикалық категориялар

  • Этика  (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын әдептілік туралы философия-лық тағылым. Этика қызметтің барлық түрінде кездеседі. Мысалы, медициналық этика, әскери этика, басқару этикасы, сауда этикасы, т.б.
  • Этикалық норма – адамдардың ұқсас мінез-қылықтары ортақ ереже-лер бойынша немесе тыйым салу арқылы реттеліп отыратын адамгер-шілік қағидалар формасы. Этикалық норма – ешкімнің жарлығымен немесе үкімет шешімімен болмайды, дәстүр, қоғамдық пікір негізінде стихиялы түрде қалыптасатын құбылыс.
  • Этикалык категориялар – бұлар достық, махаббат, жомарттық, ар-намыс, ұят, абырой, парыз, әділеттік, бақыт.

Педагогикалық қызметте қарым-қатынас этикасы

  • Педагогикалық этика - бұл мұғалімнің педагогикалық процесс барысында ұстанатын моралдық (адамгершілік) нормалары.
  • Педагогикалық этиканың категориялары:
      • кәсіби парыз;
      • педагогикалық әділеттілік;
      • кәсіби ар-ождан;
      • педагогикалық ар-намыс;
      • педагогикалық такт;
      • жауапкершілік;
      • абырой;
      • бедел

Этикет және педагогикалық этикет

  • Этикет (этикет француз тіліндегі «etiquette» – мінез-құлық мәнері деген мағынаны білдіретін сөзден шыққан термин) – нақты бір мезет-те нақты бір жағдайға байланысты нақты адамдардың өзін-өзі белгілі бір ортада ұстау әдебі. Ол қоғамда қабылданған құрмет білдіру, сыпайылық және төзімділік ұғымдарын да қамтиды.
  • Педагогикалық этикет өз ішіне педагог пен тәрбиенелуші, педагог пен ата-ана, педагог пен педагог арасындағы қарым-қатынаста тәр-биеленушіге, ата-анаға, кәсіптесіне құрметті көрсететін, қарым-қаты-настан жағымды әсер алуға әрекет етуін тәртіпке салушы мінез-құлық ережелерінің жиынтығы.
  • Педагогикалық этикет оқытушының кәсіптік имиджінде, сөйлеу мәнерінде, мінез-құлқында көрініс табады.

Сәлемдесу этикеті


жүктеу 317 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау