Нахимов негізгі мектебінің
2014-2015 оқу жылындағы
тәрбие жұмысының талдауы
Қазіргі мектеп алдындағы тұратын ең басты мәселе мектептерде балалар арасында достық қарым-қатынас құру. Ол жеке тұлғаның рухани-адамгершілік білімін дамыту үрдісі сияқты рухани дәстүрлікке бағдарлау, жалпы адамгершілік мәдениетіне, қоғам тарихына деген қызығушылығын арттыру бізбен қаралады. Мектептің міндеті қазіргі оқушыға өзін-өзі тани білуге, өмірінде адамдық қадір-қасиетті, өзінің ұлттық абыройын табуға, ізгілік және мейірімділігі негізінде өз маңыздылығын білетін жеке тұлға бола білуге көмектесу.
Мектеп осы мәселелерді табысты шешуге баланың жеке тұлғасын тәрбиелеу үрдісін дәстүріне, салтына, рухани мұрасына үндей отыра қатыса алады.
Жақсы мектеп балаларға белсенді қоғам азаматы болуына көмектессе, сонда олар өмірде жетістікке жетуі тиісті. Мектеп ұжымы үшін ертеңгі күннің қандай болатынын талапсыз анықтау, өз жұмысының қорытындысын анықтамай мектеп тіршілік әрекетін елестету мүмкін емес.
Мектептің тәрбиелік тақырыбы – мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруын ұймдастыру арқылы әр баланың мәдениетті жеке тұлғасын тәрбиелеу.
Мақсаты: әр оқушысының белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру.
Мектептің тәрбие жұмысы мынадай бағыттар арқылы құрылады:
-қазақстандық патриотизмді және азаматтықты қалыптастыру;
-рухани-адамгершілік мәдениетті қалыптастыру;
-танымдық белсенділікті және шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру;
-құқықтық мәдениетті қалыптастыру. Құқық бұзушылықты алдын алу
-еңбек қызметі. Жаңа экономикалық ойлау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру;
-салауатты өмір салты және денсаулық сақтау технологиялар;
-отбасылық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Мектеп педагогтарының алдындағы осы жоғары мақсаттарды жүзеге асыру үшін тәрбие жұмыстарының мынадай міндеттері тұрды:
- Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамытуына себеп болу. ҚР-ның азаматтарының өзіндік санасын және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
- Оқушылардың терең және барлық жақтан ғылыми негізінде білімділігін, жалпы тұлғасының қалыптасуына себеп болу.
- Оқушылардың тәрбиелеу деңгейін зерттеу бойынша жұмысын белсендіру.
- Сынып жетекшілерімен әдістемелік жұмыс жүйесін жетілдіру.
- Оқушылармен жекеше жұмыс негізінде қолайлы білім беру жағдайын құру, олардың өзін бақылауын, жеке тұлғаны дамыту құралын қалыптастыру.
-Адамгершілігін, жеке денсаулығын дамытуына себеп болу, өзін анықтауына және шығармашылығына себеп болу.
Азаматтық- патриоттық тәрбие
Патриоттық тәрбие мектептің тәрбие жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Мақсаты –оқушыларымыздың азаматтық және патриоттық сана сезімін қалыптастыру, отан сүйгіштікке баулу.
Біздің мектептің барлық мемлекеттік іс-шаралары ҚР-ның Мемлекеттік Туының көтеруімен және Мемлекеттік Гимннің орындалуымен басталады. Салтанатты іс-шараларда ҚР-ның Мемлекеттік Туының енгізу және шығару рәсімі өткізіледі. Салтанатты жиында «Мектеп түзел!Тік Тұр! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін!» бұйрығынан кейін ту ұстаушылар тобымен ҚР-ның Мемлекеттік Туы енгізіледі. ҚР-ның Мемлекеттік Туы енгізілгеннен кейін ҚР Мемлекеттік Гимні орындалады. Іс-шара аяқтағаннан кейін «Мектеп түзел!Тік Тұр! ҚР Мемлекеттік Туы шығарылсын» бұйрығынан кейін ҚР Мемлекеттік Туы шығарылады.
Мектепте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы және Мемлекеттік Гимнің мәтінімен бейнеленген стенд бар.
Мектепте әр дүйсенбі сайын ҚР Мемлекеттік Гимнің орындалуы дәстүрге айналды.
Қазақ тілі, орыс тілі және әдебиет,тарих, музыка, география, сабақтарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге үйретеді.
Оқу жылы Білім күніне арналған дәстүрлі салтанатты жиынынан басталды. Нахимов негізгі мектебінің 1қыркүйекте Білім күні мерекесі қарсаңында салтанатты жиын өткізілді. Жиынға Жарқайың ауданының «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мыңбаев Жанат Тасболатұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Скобцов Сергей Александрович, Нахимов ауылының әкімі Мукашев Ербол Сәкенұлы, ардагерлер комитетінің төрайымы Рахметова Камел апай қатынасты.
Олар ұстаздар мен оқушыларға өздерінің игі тілектерін айтты. Сонымен қатар мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы тұрған жас бүлдіршіндерді құттықтап, оларға құтты қадам тіледі. Одан кейін бүлдіршіндердің өнері тамашаланды.
Салтанатты жиын аяқталғаннан кейін, әр сыныпта «Қазақстан жолы 2050:бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттарының басты мақсаты: оқушыларға туған елінің тарихи-мәдени мұрасын және қазіргі жетістіктерін меңгеруге, өз елінің өркендеуіне үлесін қосуға көмектесу болып табылады.
Тәрбие сағаттарында оқушылар өздерінің Отанға, өз еліне деген сүйіспеншіліктерін,отансүйгіштік,елжандық сезімдерін білдірді. Бастауыш сыныптарда бүлдіршіндер Отан туралы, достық туралы өлеңдер, мақал-мәтелдер айтып, әндер шырқады. Ал ортаңғы буында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Олар туған жер, туған өлкенің табиғаты,бейбітшілік тақырыптарына өздері шығарған өлеңдерін оқыды. Жоғары сынып оқушылары арасында «Көшбасшының жолы», «Мәңгілік ел ата-бабаларымыдың арманы» тақырыптарына сынып сағаттары өткізіліп, өзара пікір алысу кештері өткізілді.Нахимов негізгі мектебінде 10-қыркүйектен 22-қыркүйекке дейін тілдер күні мерекесі өткізілді. Осыған орай көптеген іс – шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:10-қыркүйекте «Тіл мерекесіне» арналған онкүндіктің ашылуы. Барлық оқушылармен әңгіме, пікір алмасу, тіл жайында пікірлері тыңдалып, талқыланды. Оқышылар тіл жайында шығарған шағын өлең шумақтарын оқыды.10-13-қыркүйекте бастауыш сынып мұғалімдері (Б.С.Кенжегулова, А.М.Жусупова, А.Т.Ажібаева,А.Қ. Есенгелді ) «Қазақ, орыс, шетел тілдерінің білгірлері» атты байқау өткізді.11-қыркүйекте «Бабамның тілі ұрпағына аманат» атты аудандық мемлкеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру мақсатындағы әдеби кеште мектебіміздің мақтанышы 8-сынып оқушысы Әмірқаш Ғұмырбек ІІ-орынды иеленіп келді.13-қыркүйекте 8-9 сыныптар арасында «Тіл тұтастығы ел тұтастығы» тақырыбында шығармалар байқауы болды. Ең жақсы шығарма 9-сынып оқушысы Жалмагамбетова Айсананың жазған шығармасы деп танылды. 15-қыркүйекте барлақ сынып жетекшілер «Тіл халықтар достығының кепілі» атты тақырыпта сынып сағаттарын өткізді.16-қыркүйекте «Ұлттарды біріктірген ұлы ел» тақырыбында суреттер байқауы өтті. Бұған ерекше көзге түскен, белсенділік танытқан ортаңғы буын оқушылары еді. Ең жақсы деп танылған суреттер Қарсақ Мәден 5-сынып,Мукашев Батыргелді 5-сынып, Султанов Арман 6-сынып, Конурова Саяжан 6-сынып оқышыларының суреттері.Осы оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.16-қыркүйекте кітапханашы Сатанова.Р.О. «Тіл әр халықтың байлығы» тақырыбында кітаптар көрмесін өткізді.
17- қыркүйекте мемлекеттік тілде Халық әндері, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар мен салт-дәстүрлері білгірлерінің сайысына 5 -9 сынып оқушылары қатысты. Оның ішінде ерекше көзге түскендер:Сапарбек Сабина 7-сынып оқушысы, Сайлаубек Диана 8-сынып оқушысы, Қарсақ Мәден 5-сынып оқушысы. Аталған ақушылар да мақтау қағазымен марапатталды.18-қыркүйекте «Тілден артық қазына жоқ» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Онда оқушылардың оқу мәнеріне ерекше көңіл бөлініп, өлеңдерін өте жақсы оқыған Сапарбек Сабина 7-сынып оқушысы мен Әмірқаш Ғұмырбек 8-сынып оқушысы кішігірім сыйлықтарға ие болды.20-қыркүйекте «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында онкүндіктің жабылуына арналған фестиваль өтті. Бұл фестиваль 6-9 сыныптар арасында өткізілді. Фестивальда І-орынға 8-сынып,9-сынып ІІ-орынға 6-класс,8-класс ІІ-орынға 7-сынып,9-сынып осы сыныптар мақтау қағаздармен марапатталды. «Қазыналы қарттарым» атты мерекелік іс-шараның өтілу барысы: Қарттары бар жұрттың қазынасы бар. Қарттар бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа өмір жолдары өнеге, еңбек жолдары үлгі боларлық данагөй тұлға, саялы бәйтерек.29-қыркүйекте Қарттар күніне орай «Үлкендерге құрмет» атты тәрбие сағаты 1-9 сыныптар арасында өтті. Тәрбие сағаты бойынша оқушыларға жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата-дәстүріміз. Осы орайда әрбір жасқа айтарымыз, өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағынды сақтау. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған орны, қадір-қасиеті ерекше биік екені айтылды.29-қыркүйекте мектепшілік «Алтын жас» суреттер көрмесін ұйымдастырды.30-қыркүйекте «Үлкендерге құрмет» тақырыбында 7-9 сыныптар арасында дөңгелек үстел өтті.1-қазанда «Менің қымбатты қарттарым» мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Мерекелік кеште Нахимов ауылының әкімі Мукашев Ербол Сәкенұлы ардагерлерге арнайы әзірленген сыйлықтарын табыс ете отырып, өз құттықтауын білдірді. Баладай қуанған зейнеткерлер ауыл әкімімен жастық кездерін еске алып, қызу әңгіме барысында мұдңдарын шағып, шер тарқасты. Ал, «Тимуровское движение» командасы ардагерлерге үй шаруасы бойынша үй ауласын жинақтауға көмегін ұйымдастырды. Сол себепті олардың «Бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса» деген бар тілегін, үміт-арманын ақтау парызым деп білуіміз керек.
26 қараша күні «Менің елім-Тәуелсіз Қазақстан» атты суреттер байқауын өткізіп, жеңімпаздарды мақтау қағаздарымен марапатталды.Нахимов негізгі мектебінің кітапханасында 1-желтоқсан Тұңғыш Елбасы күніне байланысты «Елбасы –ел ағасы» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Көрмеде Елін сүйген, елі сүйген Елбасының ықпалымен жеткен жетістіктеріміз бен Қазақстанның дамуына да басты серпін берген, өткен емес, одан да бұрынғы алапат дағдарыстың уағында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі қолға алып, өз қолымен жазып шыққан бағдарламалары мен еңбектері қойылды.Сонымен қатар аталмыш мерекеге орай 29-қараша күні 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы-ел ағасы» атты дөңгелек үстел өтті. Тәуелсіздік жылдарында жеткізген жетістіктерімізді және Ұлт көшбасшысының рөлін талқылау мақсатында өткен дөңгелек үстелге оқушылар қатысты. Іс-шара барысында Елбасының өмір тарихына байланысты слайд көрсетілді. Ел ағалары Елбасының өмір тарихы мен тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы оқушыларға мазмұнды ой айтты. Сонымен қатар орыс тілі пәнінің мұғалімі Давлаева.М.К ИКТ арқылы оқушылармен тамаша интелектуалды ойын ұйымдастырды. Онда президентіміздің балалық шағынан бастап қазірге дейінгі жетістіктері бейнеролик арқылы көрсетілді. 6 желтоқсан күні мектеп кітапханашысы «Тәуелсіздік жолы – нұрлы жол» атты көрме ұйымдастырды.7 желтоқсан күні «Тәуелсіздік негізін қалаған елбасы» тақырыбында мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды. Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша сайысқа қатысушылардың барлығына мектеп директорының мақтау қағаздары тапсырылды.1-9 сыныптар арасында «Тұғырың берік болсын, туған елім!» тақырыбында тәрбие сағаттары болып өтті.Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік тұғырым» атты мерекелік іс шара өтті.8-13 сәуір аралығында тәрбие жұмысының азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие бағыты бойынша «Ғарыш күніне» арналған тәрбие сағаттары, мерекелік іс-шаралар өткізілді
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңындасалтанатты жиында мемлекеттік Гимн орындалды.
30 сәуір 1мамыр –Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ақпараттық бұрыш шығарылды.Барлық сыныптарда мерекеге байланысты тәрбие сағаттары өтті.Осы күні мектепішілік «Ұлттар достығы, халықтар бірлігінде» атты фестиваль болып өтті. Фестивальдің ережесі бойынша әр сынып берілген ұлтты таныстырып, өнерін, тағамдарын ұсыну керек болатын. Тапсырманы барлық сынып өте жақсы орындап шықты. Нәтижесінде І орынға 9-8 сыныбы, ІІ орынға 7-6 сыныбы , ІІІ орынға 9,-5 сынып ие болып мектеп директорының алғыс хаттарымен марапатталды.1мамыр күніне орай мектеп ұжымы аудандық фестивальға қатысып өзбек ұлтының биін билеп, Көркем сөз өнері бойынша Сапарбек Сабина екінші орынды иеленді.
Тимуршылар тобы соғыс ардегрелері және тылда жұмыс жасаған ардагерлерімізді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, мерекелік сыйлықтар табыстады.
Мектебімізде Ұлы Отан соғысына орай «Мамырдың ұлы күні!» атты мерекелік кеш өтті. Мерекеге ауылымыздың соғыс ардагерлері, тылда жұмыс жасаған ардегерлеріміз келді. Осы күні өмірден өткендерге тағзым етіліп, бір минут үнсіздік орнады. Көзі тірі қарт ардагерлерді ауыл әкімінің орынбасары Г. Конурова құттықтап, ақшалай сый-сияпаттарын берді. Мерекеде 1-9 сынып оқушылары ардагерлерге арнап би билеп, ән айтты. Ұлы жеңістің 70-жылдығына орай 5-9 сыныптар арасында кітапханалық сабақ өткізілді. 5-9 сыныптармен тарих пәнінің мұғалімі Ғ.Ж. Рысбеков «Отты жылдар елесі!» атты ашық сабақ ұйымдастырды. Ашық сабақ барысында Ұлы Отан соғысы жайлы қысқа меторжды бейне баян көрсетіп оқушыларымызды отан сүйгіштікке, патриоттық тәрбиеге баулыды. Мектебімізде жеңіске орай арнайы «Бұл күндердің даңқы өшпейді» атты қабырға газеті жасалды. Суреттер көрмесі қойылды. Мектеп кітапханашысы Р. Сатанова кітаптар көрмесін ұйымдастырды.
Сонымен бірге мектебімізде Ұлы Жеңістің 70-жылдығына орай арнайы жәрменке ұйымдастырылды. Жәрменкеде қуырылған балық, тәтті бәліштер, самса, орама, бауырсақ, чак-чак, пирогтар, құрт, қымыз, жент, пигоди т.б тәтті тағамдар сатылды. Жәрменкеге 1-9 сынып оқушылары мектеп мұғалімдері, мектептің жұмыскерлері және бала-бақша жұмыскерлері толық атсалысты. Мерекелік кеш айрықша есте қаларлықтай дәрежеде өтті.
Сынып жетекшілерінің тізімі
2014-2015 оқу жылы бойы 11 сынып жетекші жұмыс жасады.
Сатанова Рая Долдиновна – мектепалды даярлық сыныбы
Ажибаева Акжунус Туленовна – 1 сынып
Кенжегулова Бахыт Советовна – 3 сынып
Жумабекова Айгуль Мусылманбековна - 4 орыс сыныбы
Есенгелді Ажар Қолғанатқызы – 5 сыныбы
Нарзиева Феруза Анарбоевна – 6 орыс сыныбы
Талапова Үміт Талапқызы – 7 сынып
Нарбаева Анар Есеновна - 8 сынып
Жусупова Райхан Кусаиновна - 8 орыс сыныбы
Рысбеков Галым Жумагелдиевич – 9 сынып
Давлаева Мадина Кудайбергеновна – 9 орыс сыныбы
Оқу жылы бойы сынып жетекшілер жүйелі түрде, дәстүрлі және қазіргі замандағы технологияларды пайдаланып, тәрбие жұмыстарын жүргізді. Тәрбие жұмысының әр түрлі формалары және әдістері қолданды.
Сынып жетекшілер ата-аналармен бірлесіп, алдарына қойған тәрбиелік міндеттерін орындады. Біздің мұғалімдер адамгершілік міндеттерін шешу үшін жұмыс жасады.
Оқу жылы бойы барлық сыныптар сынып жетекшілерінің басшылығында, барлық мектепшілік іс-шараларына белсенді қатысты:
- «Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» мерекесі (жауапты: Б.С. Кенжегулова және Ү.Т. Талапова)
-денсаулық фестивалі - 2014
- Қарттар күніне арналған концерттік бағдарлама;
- «Сізге барлығы үшін алғыс айтамыз» Мұғалімдер күніне арналған концерттік бағдарлама (жауапты: М.К. Давлаева және Г.Ж. Рысбеков)
- «Күзгі марафон» ертеңгілігі, сайысы;(А.Т. Ажибаева және А.Қ. Есенгелді)
- «Жаңа жылдық шыршадағы оқиғалар» ертеңгілігі;
- «8 – наурыз Халықаралық әйелдер күні» ертеңгілігі;
- «Көктем патшалығының Ханшайымы» конкурстық бағдарлама
- «Бір шаңырақ астында» қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт;
- «Мамырдың ұлы күні» мерекелік концерт.
Барлық сынып жетекшілер жүйелі түрде сынып сағаттарын өткізді. Жыл бойы бірыңғай сынып сағаттар өткізілді: « 2050 стратегиясы: бір халық -бір ел-бір тағдыр», «Мемлекеттік тілім-менің тілім», «Заң бәрімізге бірдей» және т.б.
Тәрбиелік іс-шаралар белсенді түрде жүргізілді.
Сынып жетекшілер өз қызметінде мынадай жұмыс формаларын қолданады:
1.Кеңес – тақырыптық және жеке;
2.Бірлескен мерекелер.
Жұмыс формасына және нәтижесіне қарай мынадай сынып жетекшілерді белгілеуге болады: Жусупова Р.К. (сынып ұжымының кұрылуы); М.К. Давлаева (ұжымның біріктіруі); Жумабекова А.М. (шығармащылық топтардың құрылуы), Б.С. Кенжегулова (оқушылардың шығармашылық әлеуетінің дамуы)
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру.Жасөспірімдер арасындағы құқы бұзушылықты алдын алу.
Тәрбие жұмысы құқық бұзушылықтың алдын алу сұрақтарын да шешуге міндетті. Мектепшілік және сыныптық іс-шараның қайсысы да балалардың салауатты өмір салтына қызығушылығын дағдыландыруға, қоғамдағы тәртіп ережелерін сақтауға бағытталуы тиіс.
Қазақстан Республикасының «Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты және балалар бақылаусыздығын және қылмыстықты алдын ала сақтандыру жайында» Заңын жүзеге асыру және оқушыларымыздың тәртібін күшейту мақсатында мектепте №27 бұйрығы бойынша құқық бұзушылықты алдын алу Кеңесі құрылды. Кеңес төрайымы – мектеп директоры Г.К.Каирбекова. Кеңестің мүшелері: Е.С. Мукашев - а/о әкімі; Ү.Т. Талапова және Г.Х. Конурова– тәрбие ісінің меңгерушісі; А.Е.Нарбаева – мектеп психологы және К.С. Милиев - учаскелік инспекторы.
Жыл бойы балалардың сабақтарға қатысуы мектеп әкімшілігінің және сынып жетекшілерінің бақылауында болды. МІБ-да және АІІБ-нің есебінде оқушылардың біреуі де тұрмайды.
Құқық бұзушылықты алдын алу кезіңде оқушылардың бос уақытының ұйымдастырылуы маңызды орын алады.
Оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыру үшін, қосымша білім жүйесінде мектеп базасында пән үйірмелері жұмыс жасады.
Оқу жылы бойы құқық бұзушылықты алдын алу үшін мақсатты жұмыс жүргізілді.
17 қазан күнгі алдын алу кеңесінің отырысында білім алушылардың сабаққа қатысымы туралы мәселелер қаралып, талқыланды.15 қараша күні алдын алу кеңесінің кезекті отырысында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ұранымен 2014 жылдың 19-28 қарашасында жұмыс жоспары құрылып, іс-шаралар өткізілді.Кеңесте акция аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар, жалпы мектепішілік тәртіп мәселесі қаралды. Яғни сабақтан қалатын, сабақтан кешігетін білім алушылардың есімдері анықталып, сол білім алушылармен жұмыс жүргізу туралы шешім қабылданды.Желтоқсан айында өткізілген алдын алу кеңесінің отырысында «Балалардың денсаулығы өз қолымызда» темекі шегу, ішімдік, токсикалық және есірткіге қарсы алдын алу жұмыстары- бойынша медбике Бабышпаева Толкын апайдың есебі тыңдалды.
«Мамандық таңдаудағы балалардың қызығушылығының қалыптастыруына отбасының рөлі» тақырыбында алдын алу кеңесінің отырысы болып өтті. Отырыста білім алушылардың жұмыспен қамтылуы туралы айтылып, осы орайда отбасылармен жұмыс жүргізу мәселесі қаралды.
15 мамыр күні өткізілген кеңестің отырысында «Білім алушылардың жазғы демалыс-сауықтыру лагерлерін ұйымдастыру», кеңестің жұмысын қорытындылау мәселелері қаралып, талқыланды. Келесі оқу жылына жұмыс жоспары құрылды.
Құқық бұзушылықты алдын алу кезіңде алдын алушылық сынып сағаттарының, әңгімелерінің жүйелі түрде өткізілуі маңызды рөл ойнайды. Осыған байланысты, «Көңілді құқықтық поезд» атты ойын бағдарламасы, «Оқушылардың мектептегі, үйдегі және көшедегі тәртіп ережелері» тақырыбында сынып сағатттары, достық және ұжымдық туралы әңгімелері, «Жасөспірім және Заң» дөңгелек үстелі, «Мейірімділік және қастық біздің іс-әрекетіміздің себептері» және т.б. іс-шаралары өткізілді.
Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің арасындағы бақылаусыздықты және құқық бұзушылықты алдын алу үшін Нахимов негізгі мектебінде жыл бойы мұғалімдер ата-аналармен бірлесіп 22.00с бастап 23.30с дейін түнгі рейдтер жүргізді.
Салауатты өмір салты: оқушылардың денсаулығын сақтау
Оқушылардың денсаулыгын сақтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жыл бойы мынадай іс-шаралар өткізілді:
-қыркүйек айында 2-9 сыныптар арасында «Денсаулық фестивалі - 2014» спорттық бағдарламасы өткізілді;Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен шараға ұстаздар,білім алушылар түгел қатысып, белсенділік танытты. Денсаулық фестивалінің ашылу салтанатында Мемлекеттік Гимні орындалып, ұлттық рух шарықтады. Мектеп директоры Кайрбекова Гульбану Кабдешовна денсаулық фестиваліне қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Денсаулық фестивалінде гимнастикалық жаттығулар жасалынып, түрлі спорттық шаралар өткізіліп,жеңімпаздар диплом, мақтау қағаздарымен және тәтті конфеттермен марапатталды. Оқушылар арасында «Көңілді старт» 1-4 сыныптармен, Жеңіл атлетикадан жарыс 5-9 сыныптар арасында, Велосипедшілер жарысы 7-9 сыныптар арасында өтті.Аталған шараға ұжым 100% қатысты.
- «Әкем, анам, мен – спорттық отбасымыз!» көңілді жарыстар және т.б. спорттық іс-шаралар өткізілді.
Нашақорлықты, маскүнемдікті және темекі тартуды алдын алу үшін мектебімізде оқу жылы басында алдын алу іс-шаралардың жоспары құрылды. Жоспардың мақсаты – оқушыларды жаман әдеттерден арылу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Мектебімізде Нашақорлық пост жұмыс жасайды. Оның негізгі мақсаты – оқушыларымыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру, нашақорлықтың, маскүнемдіктің, темекі тартудың алдын алуы және мектебіміздің тазалығын сақтау. Мектепшілік Нашақорлық посттың құрамына тәрбие ісінің меңгерушісі А.С. Кулетова, мектеп медбикесі Т.М.Бабышпаева және мүшелері Сейполла Камила., Аргынгазы Шынғысхан кіреді.
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында мектебімізде жыл бойы бір қатар іс-шаралар өткізілді:
- «Жаман әдетсіз тамаша өмір» тақырыптық сынып сағаттары;
- қазан айында, 7-9 сыныптар арасында «Жаман әдеттердің жасөспірімдердің денсаулығына зияндылығы» тақырыбында дәріс өткізілді;
-8-9 сыныптар арасында «Өмір тамаша! Оны босқа өткізбе!» тақырыбында әңгімелер жүргізілді;
-қараша айында, 5-9 сыныптар арасында «Есірткіге жол жоқ!» атты суреттер және шығармлар байқауы өткізілді;
- «Біз өмірді сүйеміз!» сыныптан тыс іс-шара өткізілді;
-2-4 сыныптар үшін «Денсаулық еліне саяхат» атты театрланған көрініс қойылды.
- 3 сыныпта «Денсаулықтың ізімен» атты саяхат сабағы өткізілді;
-7-9 сыныптар үшін «Дені саудың – жаны сау » тақырыбында дәріс өткізілді;
-барлық сыныптарда «Адам тазалығы», «Тазалық – денсаулықтың кепілі» тақырыптық сынып сағаттары өткізілді.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысы.
Мақсаты: мамандық таңдауға бағыт беру барысында оқушылардың алдын ала өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ету үшін негізгі мектепте жүелі түрде даярлық предпрофильді және кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу.
Оқу жылы бойы осы бағыт бойынша мектеп психологы нақты жұмыс жүргізді:
- мамандық таңдау барысында психологиялық және педагогикалық көмек көрсету үшін 9 сыныптың оқушыларына кеңес берілді
- түзету-дамушылық жұмыс («Менің болашағым өз қолымда» тренингі, игра «Мамандықты тауып ал!» ойыны және т.б.)
Оқушылардың қабілеттерін, мамандық таңдауға дайындығын анықтау мақсатында диагностикалық жұмыс жүргізілді.
Жұмыс барысында мынадай әдістемелер қолданылды:
1. «Профиль» әдістемесі ( А.Голомштоктың Қызығушылық картасы)- 9 орыс сыныбы
2. «Қызығушылық палитрасы» - 7 орыс сыныбы
3. Бағдар сауалнамасы – 8, 9 сыныптар
4.Кәсіптік сауалнама – 8,9 сыныптар
5.«Мамандықты таңдау себептері» тесті - 8,9 сыныптар
Оқу жылы бойы сынып жетекшілер тақырыптық сынып сағаттарын жүргізді: «Мамандықтар әлемі», «Мамандықтың бәрі қажет», «Мамандық таңдау – бұл байыпты іс», «Мамандықтар калейдоскобы» және т.б.
Отбасымен жұмыс
Осы бағыт бойынша мектеп белсенді жұмыс жасады: оқу жылы бойы сынып жетекшілер тақырыптық ата-аналар жиналысын өткізді. Ата-аналар комитетінің 5 отырысы өткізілді. Отырыстарының негізгі сұрақтары: балалардың ақысыз тамақтануы, жаңа жылдық мерекелердің ұйымдастырылыуы және өткізуі, мектептің жөндеу жұмыстарына дайындығы және т.б.
Мектеп психологы түрлі сауалнамалар және тесттер өткізді.Ата-аналармен жұмыс сол зерттеулердің нәтижелері бойынща құрылды.
Ата-аналар жиналысында баланың өзіндік жұмысының ерекшілігі, тамақтану тәртібің ұйымдастырылуы және үлгерушілік сұрақтары қаралды. Балалардың олимпиадаларға және түрлі байқауларға қатысуы ата-аналарды және балаларды біріктірді. Жыл бойы ата-аналар балалардың жұмысың бақылау үшін сабақтарға шақырылды.
Ата-аналармен бірлесіп түрлі іс-шаралар өткізілді: «Әкем, анам және мен – спорттық жанұямыз!», «Жаңа жылдық шыршадағы оқиғалар» және т.б.
Мұғалім және ата-ана оқушылардың негізгі тәрбиешілері. Сондықтан мұғалім жұмысының тиімділігі оның ата-аналармен тіл табыса білуіне, бірлесіп жұмыс жасауына байланысты.
Үйірмелер жұмысы
Балалардың қосымша білімі оларға балалық шақтарын құнды және толық өткізуге мүмкіндік береді. Өткені, егер бала толық өмір сүрсе, әлеуметтік маңызы бар міндеттерін орындаса, ол кәсіби қызмет жасай алады. Соңдықтан балада ер жеткенде, мамандық таңдау кезіңде қатесіз шешім қабылдауға мүмкіндік болады.
Балалардың қосымша білімі оларға балалық шақтарын құнды және толық өткізуге мүмкіндік береді. Өйткені , егер бала толық өмір сүрсе, әлеуметтік маңызы бар міндеттерін орындаса, ол кәсіби қызмет жасай алады. Сондықтан балада ер жеткенде, мамандық таңдау кезінде қатесіз шешім қабылдауға мүмкіндік болады.
Оқушылардығ әзірлік сапасын көтеру үшін, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және оқу пәндеріне қызығушылықты ояту сабақтан тыс жұмыс мүмкіндік туғызады. (қосымша сабақтар, пән үйірмелер).
оқу жылында, Нахимов негізгі мектебінде 9 үйірме жұмыс жасайды:
1.«Музыка әлемінде» 1 сынып. Үйірме жетекшісі - А.Е. Нарбаев. Үйірменің өткізу уақыты-дүйсенбі сағат 12.00- де. Үйірмеге қатысатын бала саны-3.
2.«Ғажайып әлем» 3 сынып. Үйірме жетекшісі-Б.С.Кенжегулова. Үйірменің өткізу уақыты-сенбі сағат 17.30- да. Үйірмеге қатысатын бала саны-4.
3.«Окружающий мир» 4 орыс сыныбы. Үйірме жетекшісі-
А.М. Жумабекова . Үйірменің өткізу уақыты-сәрсенбі сағат 17.30- да. Үйірмеге қатысатын бала саны-7.
4.«Ритмика и танец» 5 сынып. Үйірме жетекшісі-А.М. Жумабекова. Үйірменің өткізу уақыты-сейсенбі сағат 18.20- да. Үйірмеге қатысатын бала саны-4.
5.«Волейбол» 7 сынып. Үйірме жетекшісі-Н.К. Каирбеков. Үйірменің өткізу уақыты-бейсенбі сағат 19.00- де.Үйірмеге қатысатын бала саны-3.
6.«Волейбол» 8 сынып. Үйірме жетекшісі-Н.К. Каирбеков. Үйірменің өткізу уақыты-сейсенбі сағат 19.00- да. Үйірмеге қатысатын бала саны-5.
7.«Резьба по дереву» 9 сынып. Үйірме жетекшісі-К.С. Конуров. Үйірменің өткізу уақыты-сейсенбі сағат 17.30- да. Үйірмеге қатысатын бала саны-3.
Біздің мектепте оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалған.
Оқушылардың өзін-өзі басқаруы
Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – мектеп ұжымының басқаруы.
Оқушылардың өзін-өзі басқаруының жұмысы мынадай бағыттарға арналады:
-оқушылардың қажетті білім және мәдениетті деңгейіне жеткізуі;
-оқушылардың қоғамдағы өміріне бейімделуі;
-оқушылардың патриоттық сезімін, азматтықты және адам құқығын сыйлауды, айналадағы табиғатқа сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Оқушылардың өзін-өзі басқаруының негізгі мақсаты – тұлғаның жан-жақты дамуына жәнеоқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру үшін қажетті жағдай жасау
Оқу жылы бойы оқушылардың мектепшілік кеңесі көптеген іс-шаралардың ұйымдастырушысы болды.
Мерекелер және іс-шаралар мұғалімдермен және ата-аналармен бірлесіп ұйымдастырылыды. Оқушылардың өзін-өзі басқаруының арқасында оқушылардың өзіндік ойлау қабілеті дамиды.
2014-2015 оқу жылында оқушылардың өзін-өзі басқаруы үдемелі түрде жүргізілді.
Қорытынды
Тәрбие жұмысының талдауы бойынша 2014-2015 оқу жылындағы алға қойған міндеттерін түгел шешілді деп есептеуге болады, мақсатқа қол жеткізілді. Жұмыс барысында анықталған мәселелер бойынша, келесі оқу жылының тәрбие жұмысының мақсатын тұжырымдауға болады - дені сау, он көзқарасы бар жан-жақты дамыған, рухани патриоттық бастаулары бар, өздігінен дамуға қабілеті бар тұлғаны қалыптасу үшін жағдай жасау
Қойған мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттерді шешу керек:
1.Оқушылардың патриоттық сана сезімін және адамгершілік негіздерін арттыру үшін тәрбие жұмысын жетілдіру;
2.Оқушылардың қауіпсіз және салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыру бойынша тәрбиелік жұмысын жетілдіру;
3.Мектептің және ата-аналардын балаларды тәрбиелеу саласында өзара әрекеттесу жұмысын жандандыру;
4.Сыныптардың тәрбиелік жүйесі арқылы сынып жетекшілерінің әр тәрбиеленушінің тұлғасын зерттеу жұмысын жетілдіру;
5.Іс-шараларды жоспарлау және өткізу барысында оқушылардың өзін-өзі басқаруының жұмысын жандандыру.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Ү.Т.Талапова
Достарыңызбен бөлісу: |