Педагогика


-сурет. Технологиялар түрлері (Н.Д. Хмель)



жүктеу 9,25 Mb.
бет27/29
Дата12.02.2018
өлшемі9,25 Mb.
#9429
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

1-сурет. Технологиялар түрлері (Н.Д. Хмель)

1) танымдық процестерді қатал басқару технологиясы (модульдік технология, В.Ф. Шаталов технологиясы, П.М.Эрдниев технологиясы, М.И. Махмутовтын проблемалық оқыту технологиясы, Л.В.Занков, В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконин бойынша оқыту технологиясы, ЭЕМ электрондык есептеу машиналары негізіндегі ақпараттық технология, Блумның «мақсаттарды жүйелеу», Д. Ховардтың «ертеңгі күн мектебі» және т.б.

360

2) «еркін тәрбие» идеясын басшылыққа алатын технологиялар (Ш.А.

Амоношвилидің ізгілікті-тұлғалық оқытуы, вальдорф педагогикасы,

«Л.Н. Толстой мектебі», «отбасылық мектеп» және т.б.;

3) «мектептің жойылуы туралы теориясына» (Батыста «мектепті

дескулизациялау идеясы ретінде» қалыптасқан, яғни мектептегі оқьггу

мазмұнын нормаланып формалды болуын, жыл және күн режимін

сақтауға, оқытушьшар мен директор билігін т.с.с. сын көзбен қарау

идеяларына негізделген технологиялар (шоғырландырып оқыту, парктік

технология, дистанциялдык оқыту, мәдениеттер диалогы мектебі,

артпедагогика технологиясы және т.б.);

4) тұлғаның, оның потенциалды танымдық мүмкіңдіктерін босату

мақсатында невропсихикалық ықпал жасау идеясына негізделген

технологиялар топтары (суггестия, иландыру, түсінде ұйықтап

жатқанда оқыту, биоритмалогия негізінде оқыту, гипноздық оқыту,

медитация, аутотренинг және т.б.);

Г.К. Селевко (11) педагогикалық технологиялардың өзгеше жіктеуін

ұсынады:


а) Педагогикалық қарым-қатынастарды ізгілендіру мен демократиялаңдыруға негізделген технологиялар (ынтымақтастық технологиясы, Ш.А. Амоношвилвдің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, Е.Н. Ильинаның әдебиетті адам қальштастыру пәні ретінде оқыту жүйесі және т.б.);

ә) оқушылардың іс-әрекетін белсендендіру мен күшейтуге негізделген технологиялар (ойын технологиясы, проблемалық окыту технологиясы, В.Ф. Шаталовтың тірек белгілері негізінде оқыту технологиясы, Е.И. Пассовтың коммуникативті қарым-қатынас негізінде окыту технологиясы және т.б.);

б) оқыту процесін тиімді ұйымдастыру мен басқару негізіндегі технологиялар (бағдарламалық оқыту, дифференциалды оқыту технологиясы (В.В. Фирсов, Н.П. Гузик), оқытуды жекелендіру технологиясы (А.С. Границская, Инге Унт, В.Д. Шадриков), тірек нұсқаларын пайдалана отырып, түсіндіре отырып басқарудағы переспиктивалык алдын-ала оза оқыту (С.Н. Лысенкова), оқытудың топтық және ұжымдық тәсілдері (И.Д. Ривин, В.К. Дъяченко), компьютерлік (ақпараттық) технологиялар және т.б.);

в) оқу материалын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру негізіндегі технологиялар (П.М. Эрдниевтің двдактикалық бірліктерді ірілендіру, В.С. Библер мен С.Ю. Кургановтың «Мәдениеттер диалогы»,Л.В.Тарасовтың «Экология және диалектика» жүйесі және т.б.);

361


г) баланың табиғи дамуына сүйенетін, халық педагогикасының әдістерін пайдаланатын табиғи үйлесімділік технологиялары; Л.Н. Толстой бойынша оқыту; А.Кушнир бойынша сауаттылыққа тәрбиелеу, М.Монтессоридін өздігінен дамыту технологиясы және т.б.;

д) альтернативтік; Р.Штейнердің вальдорф педагогикасы, С.Френенің еркін еңбек технологиясы және т.б.;

ж) кешенді технологиялар: А.М. Тубельскийдің өзін-өзі анықтау мектебі, И.Ф. Гончаровтың «Орыс мектебі», Е.А. Ямбургтың «Бәріне арналған үшін мектебі», М.Балабанның «Парк мектебі» және т.б.

Педагогикалық технологиялардың жоғарыда айтылған түсініктемелері мен алуан түрлі анықтамаларын талдай отырып, бұл барлық технологиялардың айырықша ерекшеліктері туралы төмендегідей қорытынды жасауға болады;

- оқытудың микромақсаттарының, мақсаттарының айқын, нақтылы анықталуы;

- нәтижелердің жетістігіне бағытталуы;

- тәрбиелеу мен оқыту субъектілерінің іс-әрекеттерінің әр-бір кезендері бойынша қадамдық құрылымының анықталуы;

- мониторинг, аралық және соңғы нәтижелерді бағалау;

- тәжірибенің қайталануы мен алмасуы;

Сонымен белгілі технологиялардық жіктеулеріне жасалған шолу бір қалыпта қатып қалған емес, ол қазіргі технологиялардың көп түрлігіне бағдар беруге негіз болып және оны кеңейту, сапаландыру, тармақгандыру толықтыру бағытталған. Дәстүрлі оқыту технологиясы



Дәстүрлі оқыту технологиясы алдымен XVII ғасырда қалыптасып, қазірге дейін әлем мектептерінің көпшілігіндегі оқытуды сынып-сабактық ұйымдастыру деп түсіндіріледі. Дәстүрлі оқыту технологиясының тұжырымдамалық негізін Я.А. Коменский қалыптастырған педагогиканың қағидалары құрайды (7): ғылымилық, табиғи үйлесімділік, бірізділік, жүйелілік, түсініктілік, беріктік, саналылық, көрнекілік, теория мен практиканың байланысы, білім алушының жас және жеке ерекшеліктерін ескеру. Сынып сабақтық жүйе тәрбиелеу мен оқыту процесін жетілдіру қажеттілігіне байланысты туындаған.

Дәстүрлі сынып-сабақтық технологияның айырмашылық белгілері болып: жас шамалары мен дайындық деңгейлері бірдей оқушылардың тұрақты құрамы; бірдей жылдық жоспар және бағдарлама бойынша сыныптық жұмысы; сабақ - оқудың негізгі бірлігі, әр сабақтың бір оку пәніне, тақырыбына, сынып оқушыларынын бір материалмен жұмыс

362


істеуіне арналуы; сабақтардың үнемі кезектесуі (оку кестесі); мұғалімнің басқарушылық рөлі және т.б табылады.

Оқыту - үлкендерден өсіп келе жатқан ұрпаққа білім, біліктілік пен дағдыны, әлеуметтік тәжірибені беру процесі. Бұл тұтас процестің құрамына мақсаты, мазмұны, әдістер мен құралдары кіреді. Оқытудың мақсаты — бір қатар шарттарға байланысты басқада құрамды бөліктерді қамтитын қозғалмалы категория. Дәстүрлі оқыту алдын-ала анықталған қастиеттерімен бар тұлғаны тәрбиелеу сипатында түсіндіріледі. Мақсаттың мазмұны бойынша дәстүрлі оқыту тұлғаның дамуына емес (жан-жақты дамыту мәлімдеме болған), көбінесе білім, білік пен дағдыларды меңгеруге бағытталған.

Қазіргі жалпы мектепте мақсаттың түрі біршама өзгертілген -идеологияландыру шығарылып тасталған, адамгершілік тәрбиесінің құрамыңда да өзгерістер пайда болған, бірақ мақсатты көрсету парадигмасы бұрынғыдай жоспарланған қасиеттер жиынтығы түрінде (оқыту стандарттары) қалған.

Дәстүрлі жалггы мектепте білім беру мазмұны кеңестік үкімет жылдарында қалыптасқан, ол мемлекетті индустрияландыру, техникалық дамыған капиталистік елдер деңгейін қуып жету, бүгінде технократизм болып табылатын ғылыми-техникалық дамудың жалпы рөлі міндеттерімен анықталған.

Білімді меңгеру әдістері дайын білімдерді хабарлауға, индуктивті логика бойынша жекеден жалпыға қарай үлгімен ғана оқытуға механикалық еске сақтауға, ауызша айтып беруге, айтқанды қайталап айтып беруге негізделеді. Дәстүрлі оқыту технологиясының әдістерін төмеңдегідей екі топқа топтастыруға болады:

1. Иллюстративті — түсіндіру әдістері (лекция, баяндау, әңгімелесу, тәжірибелер мен еңбек операциларын көрсету, экскурсия және т.б.): мұғалім оқу материалын көрнекті түрде көрсетеді және түсіндіреді.

2. Репродуктивті әдіс: мұғалім білімдерді тәжірибелерді есептер шешімін табуды іс-әрекет тәсілдері қайта қайталап беруге байланысты тапсырмалар кұрастырады; білім алушы оқу материалын белсенді түрде қайта қайталап береді (сұрақтарға жауап береді, есептері шығарады және т.б.), сонымен «білім көшірмелерін» қалыптастырады.



Дәстүрлі оқыту технологиясының жағымды ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға болады: жүйелілік сипаты; оқу материалыньщ реттеліп логикалық дұрыс берілуі; ұйымдастырудың айқындылығы; оқушьшарға мұғалім тұлғасының үнемі сезімдік әсер етуі; жалпылай оқытуда ресурстардың оптималды жұмсалуы.

363


Бұл технологияның жағымсыз жақтары болып: сабақты бір қалыпты құрастыру; біркелкілік; сабақ уақытының ұтымсыз өтуі; бір-бірімен қатынас жасаудың оқушыларды өздерін-өзі оқшаулау; оқушылардың енжарлығы, билеушілігінің, дербестігінің жоқтығы; оқушылардың сөздік іс-әрекетінің нашарлығы; жеке оқытудың болмауы, оқушыларға орташа өлшеммен қарау; кері байланыстың нашарлығы табылады. Бұндай сабақтарда материадды меңгерудің алғашшкы бағыттары ғана көрсетіледі, ал жоғары деңгейлерге жету үй тапсырмасына жүктеледі. Оқушылардың дербестігін және танымдьгқ белсенділігін дамыту үшін қажетті жағдайлардың жеткіліксіз құрастырылуы дәстүрлі сабақ кемшілктерінің салдары болып табылады.

Я.А.Коменскийдің сабақ туралы классикалық ілімінін ары қарай дамуын ресейлік педагогикада К.Д. Ушинский жүзеге асырды. Ол сынып сабақгық жүйенің барлық артықшылыктарын негіздеп сабақтың үйлесімді теориясын құрды, әсіресе, оны ұйымдастыру құрылымын, сабақтардың типологиясын жасап, негізделген.

Сынып сабақтық жүйені алмастыратын педагогикалық процесті ұйымдастырудың басқа түрін іздестіру оқу-тәрбие процесін басқару және білім алушыларды саңдық қамту мәселесінің ерекшелігіне байланысты екі бағытта жүргізідді. Англияда XIX ғ. аяғыңда бірмезгідде 600 және одан да көбірек білім алушыны қамтитын оқыту жүйесі орын алған.

Белль-ланкастерлік жүйені ойлап табу оны құрастырушылар дін қызметшісі А.Белль мен мұғалім Д. Ланкастердің есімдерімен аталып жұмысшылар арасында элементарлы білімнің кеңірек таралуы жеке мұғалімдерді дайындау, оқытуға аз шығын жұмсайды, сақтау қажеттіліктері арасындағы қарама-қайшылықтарды шешуге талпынудан туыңдаған.

Сынып-сабақтық жүйені жетілдірудің басқа бір бағыты сабақтағы кемшіліктерді атап айқындады, орташа оқушыға бағытталуьш, мазмұнының біркелкілігін және оқудың қозғалыс темпінің орташалығын, сұрау, жаңаны түсіңціру, үйге тапсырма беру құрылымының өзгермеуін жоятын оқу жұмысын ұйымдастырудың басқа формасын іздестірумен байланысты болған (дальтон жоспары, оқытуды ұйымдастырудың бригадалық-лабораториялық формасы, жобалар әдіс).

Алғашқы университеттердің құрылуымен лекциялық-семинарлық жүйе пайда болды. Соңғы жылдары лекциялық-семинарлық жүйенің элементтері сынып-сабақтық жүйемен оқыту формасьша сәйкес жалпы білім беретін мектептерде кеңінен қолданылады.

364


Сабақ оқытудын негізгі формасы ретінде қарастырылып оку-тәрбие процесін ұйымдастырудың басқа формаларыменде толықтырыла алады. Олардың кейбіреулері сабақпен қатар, яғни сынып-сабақтық жүйе шеңберінде дамыды (экскурсиялар, кеңес берулер, консультациялар) үй тапсырмасы, оқу конференциялары, қосымша сабақтар). Басқалары жоғары оқу орыңдарыңда қолданылатын (лекциялар, семинарлар, практикумдар, сынақтар, емтихандар) лекциялық-семинартық жүйеден алыньш пайдаланылады, олар окушылардың жас ерекшеліктерін ескеруге бейімделінген. Өткен педагогикалық тәжірибені ескеру мен қайта қарастырылып ойлану және қазіргі ізденістерді талдау осы заманғы педагогикалық технологияларды пайдалану мен дамытудың переспективалык жолы.

Казіргі уақытта қоғам өзінің мүшелерінің көбірек кездесетін бағыныштық іс-әрекетіне кднағаттана алмайды, ол мектеп пен жоғары оку орьшдарының әрбір бітірушісін тәрбиелеу мен оқытудың түрлі модельдерді мен тұжырымдамалары бар жағдайларда болашақ үшін жауапкершілік алуға, өзін іске тартуға, бәсекеге қабілеттілікке, жағымды талаптылықка, белсенді болуына, іскерлікке шақырады.

Сондықтан педагогикалық технологиялар баланы өзінің мүмкіңдіктерін максималды жүзеге асыруға, жаңа тәжірибені шьш көңілден қабылдауға талаптанатын бірегей тұлға ретіңде карастырады. Бұл тұрғыдан педагогика-лық технологиялардын дәстүрлі оқыту жүйесінен айырмашьшығы ерекше айқын көрінеді.

Педагогикалық технологиялардың қызметтері.

Көлтеген ғылыми-педагогикалық еңбектер мен зерттеулер өсіп келе жатқан адамның іс-әрекет тәсілдері мен тұлғаны қалыптастыруда мұғалім рөлінің анағұрлым жоғарлауына байланысты әрбір баланың потенциадды мумкіндіктерін ашып көрсетуге бағытталған, күнды идеялармен таныстыратын туындаған көлемді педагогикалық технологияларды зерттеудің қажеттілігін көрсетеді.

Педагогикалық технологиялар туралы толық түсінік алу ұшін С.С. Кашлев ұсынған, олардың мүмкіндік қызметтерін кейбір толықтырулармен қарастырамыз:

1) Педагогикалық технологияның ұйымдастырушылық іс-

әректтік қызметі ұсынады:

- педагогтын педагогикалық процестің әрбір бөлігінде нақты

немен айналысуын анықгайтын, ұйымдастырушылық іс-

әрекетін;

365


- баланың педагогикалық процестің әрбір бөлігінде не істеу керектігін

нақтылайтын педагогтың ұйымдастырумен болатын іс-әрекетін;

- педагог пен баланың бірлескен іс-әрекетінің өзара ұйымдастырылуын;

- баланың өзіндік белсенділігін дамытатын өзінің іс-әрекетін

ұйымдастыру;

2) Педагогикалық технологияның дәйектілік қызметін бейнелейді:

- педагогикалық процестің шынайы жағдайын диагностикалау;

- педагогикалық процеске қатысушылардың мүмкін нәтижелерін алдын

ала көру;

- педагогикалық әрекеттестікті үлгілеу;

- педагогикалық технологияны жүзеге асыру процесіңде бала мен

педагогтың даму деңгейін болжау;

3) Педагогикалық технологияның қатынастық қызметі ұсынады:

- мұғалім мен оқушының қатынастық мүмкіндіктерін дамытуды;

- педагогиқалық процеске қатысушылардың, мұғалім мен оқушының

арасында ақпарат алмастыруды;

- педагог пен тәрбиеленушінің өзара түсіністік жағдайын жасауды;

- балалар арасындағы интерактивті қатынас үшін жағдай жасауды;

- педагогтар мен ата-аналардың қатынастық іс-әрекетін;

4) Педагогикалық технологияның рефлексиялық қызметі

қамтамасыз етеді:

- педагог пен баланың өзінің тұлғалық өсуін жете түсінуін;

- педагогикалық әрекеттестік нәтижесін объективті бағалауын;

- әрекеттестік тәжірибесін саналы түсінуі мен меңгеруін;

- педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетін өзіндік талдауын,

өзіңдік бағалауын;

- даму себептері мен жағдайын белгілеуін;

5) Педагогикалық технологияның дамытушылық қызметі

қорытындыланады:

- бала мен педагогтың дамуына қажетті жағдай жасаумен;

- оқушы мен мұғалімнің өзін-өзі дамыту құралдарын қамтамасыз етумен;

- әрбір баланың потенциалды мүмкіндігінің дамуын;

- педагогтың кәсіби шеберлігінің дамуын.

Жалпы алғанда, педагогикалық технологиялардың негізгі қызметі педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетін өзгерту мен жаңадан жасаудың жүйелі құралы ретінде тұлғаның даму міндеттерін нәтижелі шешу, процесті басқарудың сапасын көтеру болып табылады.

366

Тұтас педагогикалық процесс теориясы педагогикалық

технологияны пайдаланулың әдіснамалық негізі.

Кез-келген педагогикалық технология әдіснамалық, философиялық теория негізінде дайындалады. Қазіргі кезеңдегі педагогикалық технологиялардың көпшілігі оқушылардың тұлғасын жоғары құндылық ретіңде жағымды қабылдауда, өзара әрекеттестікте теңдік қалыпта, сенімге кіруде көрінетін ізгілікті бағытты бейнелейді.

Н.Н. Хан педагогикалық тұрғыдан дұрыс құрастырылған технологияның маңызына ерекше көңіл аудара отырып, «педагогикалық технология педагогикалық процестің тұжырымдамасына сәйкес байланысты болуы керек; оның бір деңгейін (технологиялық) көрсетуі; технология оқу-тәрбие процесі, оның мәнді ерекшелігін жүзеге асыруға арналған, яғни оның құралдар жиынтығы болып табылуы, оқыту технологиясының құрылымы оқу процесінің тұп нұсқалы жобасы болуы; яғни қатысушылардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру мен жүзеге асыруға байланысты, педагогикалық технология құралдар жиынтығын мұғалімнің, оқушының да меңгеруін талап етуі; педагогикалық дұрыс құрастырылған технология оқу-тәрбие процесінің тиімділігін, педагог пен оқушының шығармашылығын арттыруға тиіс» - деп көрсетеді (13).

Педагогикалық процесс анықтамасынан оқушылардың тұлға болып қалыптасуының шарты болып табылатын педагогикалық процестің оқу мен оқудан тыс бірлігінің қажеттілігі туындайды. Барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде басқа адамдармен ынтымақтастық оқушылар үшін іс-әрекеттің алуан түрлерінің тәсілдерін тезірек меңгерудің, тұлға болып қалыптасудың шарты болып саналады.

Педагогикалық процесс жүйе астынан тұрады («педагогтар-оқушылар», «оқушылар-оқушылар», «пән мұғалімі — оқушылар» және т.б.). Бірақ, тұтастық барлық жүйе астының тығыз өзара әрекеттестігін талап етеді. Н.Д. Хмельдің пікірінше, педагогикалық процесс «егер субъектінің өзара әрекеттестігі ретінде арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеті болса, тұтас құбылыс ретінде көрінуі керек». Тұтас педагогикалық процесте педагогикалық технологияларды пайдалануда субъектілердің әрекеттестігімен арнайы ұйымдастырлған іс-әрекетке байланысты оның барлық жүйе асты жұмыс істейді.

Н.Д: Хмельдің педагогикалық технологияның мәнін ашып түсіңдіруінен педагогикалық зерттеулердің технологиясын көрсететін төмеңдегі критериилер негізделген:а) түпкі ойдың тұжырымдылығы;

367

ә) зерттеушілердің айқын әдіснамалық бағыты;



б) нақты педагогикалық құбылыстарға жүйелілік тұрғыдан қарауы;

в) технологияда педагогикалық процестің екі жақты сипатының бейнеленуі;

г) педагогикалық процесте субъектілер және олардың өзара әрекеттестік орнының анықталуы;

д) алынған нәтижелердің диагностикалығы;

е) кез-келген оку-тәрбие мекемелерінің жұмыс жағдайында технологияның өндірістігі;

Бұл критериелердің барлығына ғалымның тұтас педагогикалык процесті жүзеге асыру технологиясы сәйкес келеді.

Қазақстан ғалымы дайындаған педагогикалық процесс теориясы (бұл процестің мәні, құрылымы, заңдылықтары, қозғаушы күштері, қозғалтқыш және тәрбиелік механизмдері т.б.) тәрбиелеу мен оқыту технологиясының әдіснамалық негізі болып табылады.

Бұл технологияның шынайы іске асырылған 20-шы жылдар ғалымдарының (Н.Н. Крупская, А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий) педагогикалық ізденістерінен бастау алған, 80-90-шы жылдары жаңашыл педагогтар (Ш.А. Амонашвили, В.Ф. Шаталов, С.Н. Лысенкова және т.б,) тәжірибесінде жалғасын тапкан, мектептерде оқушылардың ұжымдық шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруда теориялық дәлелденген және практикада қабылданған (В.Н. Дъяченко, Ғ.М. Құсайынов, Н.Н. Хан және т.б.) ынтымақтастық педагогикасы болып табылады. Мұғалімдердің педагогикалық технологияны тиімді қолдануы оның кәсіби іс-әрекет объектісінің заңдары мен заңдылықтарын, қозғаушы күші мен механизмдердің терең және негізді түрде білуіне тікелей байланысты. Мұғалім педагогикалық процесті жүзеге асыру теориясымен технологиясын меңгере отырып, іс-әрекет пен қатынасты (өзара әрекеттестікті) алдын-ала дайындалған оқушылармен (отбасыңда) ғана емес, бүкіл сыныппен ұйымдастыра алады. Басқа қазіргі педагогикалық технологиялар мұғалімдер арқылы осы технологияға негізделіп (мысалы проблемалық оқыту, ойын арқылы оқыту және т.б.) «құрастырылуы» мүмкін.

Жалпы алғанда, педагогикалық технология түрлерін таңдау білім беру саясатына, білім беру реформасына, дидактикалық тұжырымдамаға немесе оқыту теориясы, мақсаты мен тәрбиелеу және оқыту міндеттеріне, педагогтың кәсіби және жеке-тұлғалық қасиеттеріне, әдіснамалық бағытына

368


байланысты жүзеге асырылады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары

1. «Теория» ұғымына анықтама беріңіз.

2. «Оқыту әдістері» ұғымына анықтама берініз.

3. «Оқыту әдістемесі» ұғымын сипаттаңыз.

4. Оқыту технологиясының мәнін ашып көрсетіңіз.

5. Педагогикалық технологияға анықтама беріңіз.

6. «Теория», «әдістер», «әдістеме», «технология», «педагогикалық технология» ұғымдарының арақаттынасы қандай?

7. Дәстүрлі оқыту технологиясының тұжырымдамалық негіздерін атаңыз.

8. Дәстүрлі оқыту технологиясының жағымды және жағымсыз жақтарын атап көрсетіңіз.

9. Өндірістік технология педагогикалық технологиядан немен ажыратылады?

10. «Мониторинг» ұғымының мәнін ашып көрсетіңіз.

Әдебиеттер

1. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. М. 1989.

2. Монахов В.М. Технологические основы проектирования, конструирования учебного процесса. Волгоград. 1995.

3. Пидкасистый П.И. Педагогика Учеб.пособие, М.: 1998.

4. Гузеев В.В. Методы и организационные формы обучения. Серия "Системные основания образовательных технологий", М., 2001.

5. Хайруллин Г.Т.Технология и техника взаимодействия. Хунджад. 1998.

6. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса: Учебное пособие. Алматы: АГУ им. Абая. 2002.

7. Коменский Я.А. Великая дидактика. // Избр. Пед.Соч. в 2 т. М. 1982 г.

8. Кушнир А.М. Не спрашивай, а делай. // Школьные технологии, 1996.

9. Левитес Д.Г. Практика обучения: современные образовательные технологии. М., Воронеж, 1998.

10. Безрукова В.С. Образовательные технологии: ориентиры для выбора,

369


11Директор школы, № 8.11. Селевко Г.К.Современные образовательные технологии: учебное пособие, М., 1998.

12. Кашлев С.С. Современные технологии педагогического процесса: пособие для педагогов, Минск, 2002.

13. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогическом процессе школы. Алматы, 1997.

14. Амонашвили Ш.А. Личностно-гуманная основа педагогического процесса. Минск.1990.

15. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. Уч. пособие. Под ред. Е.С. Полат. 2000.

16. Ксензова Г.Ю. Перспективные школьные технологии: Уч. метод. пособие.- М. 2001.

17. Педагогические технологии: учеб. пос. для студ. пед. специальностей. Под ред. Кукушина В.С.

Өздігінен орындайтын тапсырмалар

1. Ғылыми әдебиеттерден «технология», «педагогикалық технология», «тұтас педагогикалық процесс» ұғымдарын жазып алып, салыстырмалы талдау жасау.

2. Хмельдің «Теория и технология реализации целостного педагогического процесса» кітабы бойынша тұтас педагогикалық процесс тұжырымдамасына конспект жасаңыз.

3. Беспальконың «Слагаемые педагогической технологии» кітабы бойынша қысқаша конспект жасаңыз.

4. Педагогикалық технологияның түрлері туралы кесте, сызбанұсқа құрастыру.

5. Жоғары оқу орындарына арналған Н.В. Бордовская, А.А.Реанның «Педагогика» оқулығындағы «XX ғасырдың инновациялық білім беру жүйелері» материалдарымен танысу.

6. «Қазіргі кезеңдегі педагогикалық технологиялар» мәселесіне арналған жаңа басылымдар туралы мәліметтер дайындап, аннотациялық картотека жасаңыз.

Рефераттық тақырыптар

1. Педагогикалық технологиялар және ұстаз шеберлігі.

2. Ұжымдық - танымдық іс-әрекет технологиясы.

3. Педагогикалық технологияның тұтас тұлғаны қалыптастырудағы рөлі.

4. Тұлғалық-бағдарлық білім беру технологиясы.

5. Ынтымақтастық технологиясы: өзара қарым-қатынас стилі.

370

6. Интерактивті ойындар технологиясы.



7. Тұтас педагогикалық процесті іске асыру технологиясы.

8. Қазіргі кезеңдегі педагогикалық технологиялардың негізгі қызметтері.

9. Педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамасы.

10. Авторлық әдістемелер мен технологияны жобалау және енгізу бойынша инновациялық мектептер мен пән мұғалімдерінің шығармашылық іс-әрекеттері.

11. Дамыта оқыту технологиясы.

371
Үшінші модуль.

Мектептің тұтас педагогикалық процесін басқару

3.1 Мектеп ішілік басқару және оны әдістемелік жабдықтау

Мақсаты: білім беру жүйесі мен оқу орындарының қызметін және олардың даму жолдарын реттейтін маңызды нормативтік құжаттарды зерттеу.

Міндеттері:

а) Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптеріне сипаттама беру және Қазақстан Республикасы білім беру орындарының қызметтерін ашып көрсету.

ә) Білім беру стандарттары мен олардың негізгі қызметтерінің мәнін ашу.

в) Республикадағы орта білім беру жүйесінің маңызды жақтары мен даму барысын көрсету.



Жоспар:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»3аңы.

2. Білім беруді ұйымдастыру жүйесі.

З.Білім берудің мемлекеттік стандарттары.

4. Білім беру жүйесін дамытудың негізгі факторлары.

5. Орта білім беру жүйесінің даму теңденциялары.



Негізгі ұғымдар: нормативтік құжаттар, білім беру стандарттары, әр типті мектептер, білім берудегі дағдарыс.

Пәнаралық байланыстар: әлеуметтану, саясаттану, тарих, құқық.

Казақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Білім беру жүйесі өз қызметінің барысында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Аз ғана уақыт аралығыңда елде жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындары құрылып, жалпыға бірдей оқу ісі жүргізілді. XX ғасырдың 60-жылдарындағы ЮНЕСКО-ның білім саласындағы сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша КСРО дүние жүзінде екінші орынды иеленді. ЮНЕСКО бақылаушылары ақысыз орта және жоғары білім беруді жоғары бағалады. Олардың көзқарастары бойынша Кеңес Одағының тәжірибесін сақтап қалу тиімді, ол ұлттық негіздегі білім беру жүйесі, осы тәжірибеге сүйенуі керек. Бірақ, айта кететін бір жәйт, кеңестік білім беру саласыңда оның дамуына кедергі келтірген кемшіліктер де болды. Әсіресе, білім беру жүйесінің шектен тыс идеологияландырылуы, өмірден және әлемдік тәжірибеден алшақ болуы, тарихи-мәдени, этнопедагогикалық құндылықтарды ескермеу, оқу орыңдары мен білім мазмұнының қатаң әрі біркелкі болуы т.б.

372


Қазақстан демократиялық жолға түскен өтпелі кезеңде барлық әлеуметтік — экономикалық өмірдің түбірімен өзгеруі білім саласының да қайта құрылуына қажеттілік туғызды. Бұл орайда, жүргізіліп жатқан реформалар, бұрынғы қол жеткізген жетістіктерді сақтай отырып, білім беру жүйесін әрі қарай дамыту жолдарын белгілеу қажет болды. Алайда, егемендіктің алғашқы жылдарында бұрынғы жүйенің тамаша жетістігі болып саналатын міндетті орта білім беру ісі өзгерістерге ұшырап, батыстық үлгіге көшуге талпыныс жасалды. Ендігі жерде білім беру саласыңдағы әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибесіне сүйеніп, жаңа мемлекеттің даму барысын ескере отырып, жинақталған тәжірибеге арнайы талдау жасау қажеттігі туды. Осы орайда білім беру ісінің заңдық базасын жасау қолға алыңды. 1992 ж., 1999 жыл білім, жоғары білім туралы заңдар қабылданып, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың концепциясы, орта білімнің даму концепциясы мен білім берудін мемлекетік стаңдарттары бекітілді.

Қабылданған нормативтік құжаттар еліміздің негізгі заңының ережелеріне сүйенеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы (Ата заңы) (6) бойынша, (30 бап):

- азаматтарға мемлекеттік оқу орындарыңда ақысыз орта білім алуға кепілдік береді, орта білім міндетті:

- мемлекет жалпыға міндетті білім стандарттарын белгідейді, кез-келген оку орындарының қызметі осы стандарттарға сәйкес болуы керек.

1999 жылы 7 маусымда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты:

1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі;

2) әрбір азаматтың интелектуальдық дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қол жеткізуі;

3) білім берудің зайырлы сипаты;

4) жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;

5) білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқу мен тәрбиенің бірлігі;

373


6) білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен

тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі

болуы;

7) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты және білім беру



ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өклеттілігін кеңейту;

8) білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты;

9) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;

10) оқушыларды кәсіптік бағдарлау;

11) білім беру жүйесін ақпараттандыру;

Егер жалпы және бастауыш кәсіби білім беруді,сонымен қатар конкурстық негізде (мемлекеттік білім беру заңына сәйкес) ақысыз орта кәсіби білім берудің деңгейлерінің әрқайсысынан азамат алғаш рет білім алса, заң мемлекеттік кепілдіктерді орнатады. Білім бағдарламалары үздіксіз және сабақтастық қағидалар негізінде білім берудің төрт деңгейін: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 1-6 (7) жас аралығында мектепке дейінгі оқыту орыңдарында немесе отбасында жүзеге асады. Мектепке дейінгі мекемелерде, мектепте немесе отбасында 5-6 жасар балаларды міндетті түрде мектепке дайындау жүргізілуі тиіс. Орта білім - жалпы орта немесе кәсіптік білімді қамтиды.



Білім берудің ұйымдастыру жүйесі. Білім беру ұйымдарының өзара әрекеттестігі жиынтығы ретінде жоғарыда көрсетілген зан Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін айқындайды (меншігіне, типіне, түріне қарамастан), оқыту бағдарламалары мен әр деңгейдегі мемлекеттік білім беру стандарттары, баскару орындары мен оларға бағынышты ұйымдардың өзара байланысы негізіңде құрылады. Білім беру жүйесінің негізгі міндеті ретінде білім алу жеке тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуы ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен техника жетістіктері негізіңде қалыптастыруға қажетті жағдай жасау көзделді. Білім беру жүйесінің төмендегідей жаңа міндеттері айқындалды:

1) білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;

2) жеке адамның шығармашылық, рухани және мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының бірлік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту;

3) азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін 374

қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

4) республиканың қоғамдық - саяси, экономиялық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

5) әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне бауру, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс,шетел тілдерін меңгеру;

6)білім беру ұйымдарының еркіндігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру;

7)оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпарат-тандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу;

8)еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау және біліктілігін арттыру;

9)жұмыстан босатылған қызметкерлерді және жұмыспен

қамтылмаған халықты қайта оқыту және қайта даярлау;

10)алуан түрлі және көп қызметті білім беру ұйымдарының тиімді

дамуына жәрдемдесу.

Заң бойынша білім беру ұйымдары заңды құқы бар мекеме болып -табылады, окушылар мен тәрбиеленушілерді қамтамасыз ететін бір немесе бірнеше оқыту бағдарламаларын жүзеге асыра алады. Білім беру ұйымдарының дәрежесі (типіне, түріне орай) «Білім туралы» заңының талаптарына сәйкес олардың ережелерінде белгіленеді. , Білім беру ұйымдары мемлекеттік басқару орындарынан оқыту қызметін жүргізуге қажетті рұқсат алуы керек. Білім беру мекемелеріне оқыту және басқа да табыс түсетін қызметтермен айналасуға құқық берілген. Ақылы білім беру қызметтері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қаржыланған негізгі оқыту қызметінің орнын алмастыра алмайды. Білім беру мекемелері шетелдік ұйымдар мен қорлармен тікелей байланыс жасауға білім беру саласындағы мемлекеттік емес ұйымдарға кіруте құқығы бар. Білім беру мекемелері мемлекеттік, мемлекеттік емес (Қазақстан Республикасында тіркелген қоғамдық және діни бірлестіктер мен жеке білім беру ұйымдары), сондай-ақ халықаралық болуы мүмкін. Білім беру мекемелері төмеңдегідей бөлінеді:

- мектепке дейінгі, мектептен тыс, арнайы және ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар мекемелері;

375

- оқьпу бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орындары жалпы орта,



бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан

кейінгі кәсіптік және қосымша кәсіби білім беру. «Білім туралы заң» оқу

орындарының негізгі түрлерін белгілейді. Орта білім беретін оқу

орындарына жататындар;

- жалпы білім беретін мектеп, ол негізгі және қосымша жалпы білім

беретін үш сатылы (бастауыш, негізгі, жоғары) бағдарламаларды жүзеге

асырады; жалпы білім беретін мектеп, шағын-мектеп болуы

мүмкін, яғни

оқушылар санының аздығына орай, қосылған сыныптар жұмыс істейді;

- гимназия негізгі және қосымша оқыту бағдарламасын жүзеге асырады,

оқушылардың қабілеті мен икемділігіне байланысты арнайы, терең,

кәсіптік оқытуды көздейді;

- лицей кәсіптік бағытталған оқушыларды оқытуды жүргізетін, негізгі

және қосымша бағдарламаларды, жүзеге асырады. Бастауыш және орта

кәсіптік оқыту;

- жалпы орта, бастауыш кәсіптік оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын

әр түрлі бағыттағы кәсіби жұмысшыларды дайындауды қамтамасыз

ететін кәсіптік мектеп;

- кәсіптік лицей, жалпы орта, бастауыш кәсіптік оқыту бағдарламаларын

жүргізетін' және жоғары деңгейдегі маман жұмысшыларды дайыңдайды;

- колледж, орта кәсіби білімді мамаңдарды дайындайтын бағдарламаны

жүргізеді;

Жоғары білімді халық шаруашылығының әр түрлі салаларының мамаңдарын жоғары оқу орындары дайыңдайды; университет, академия, институт, сондай-ақ консерватория, жоғары училище, жоғары мектеп. Университеттер мен академияларда және ғылыми мекемелерде жоғары дәрежелі ғылыми және ғылыми педагогикалық мамандарды даярлайтын магистратура, аспирантура, докторантура қызмет ете алады. Ал, жоғары дәрежелі ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлайтын әскери орындарында ол — адъюнктура деп аталады. Жоғары оқу орнынан кейінгі терең медициналық білімді резидентура қамтамасыз етеді.

Оқу орындарыңда жүргізілген оқыту бағдарламары жалпы (негізгі және қосымша) және кәсіптік (негізгі және қосымша) болады.

Жалпы білім беретін бағдарламалар жеке адамның мәдениетінің қалыптасуын, оның қоғам мен өмірге бейімделуін, кәсіпті тандауын және тандаған мамандығын меңгеруін шешуге бағытталады.

Заң білім беру жүйесіңдегі орталық және жергілікті атқару орындарының қызметін реттейді. Көрсетілген басқару орындары білімді беруді дамыту

376

бағдарламаларын құрастырады және оны жүзеге асыру шараларын жүргізеді: мамандарды дайындау тапсырысын бекітеді; меншік түріне және бағыныштылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына лицензиялар береді; оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды, шығаруға арналған дайындық жұмыстарын ұйымдастырады; білім беру саласындағы заңның жүзеге асуын және білім берудін мемлекетті стандарттарының жүргізілуін бақылайды. Білім беру мекемелерінде бес жылда бір рет аттестация жүргізіледі; мемлекеттік білім беру мекемелерін материлдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді.



«Білім туралы» заң білім беру жүйесінің қызметін ұйымдастыруда әлемдік тәжірибеге сүйенеді. Оқыту процесіндегі субъектілердің (білім беру жүйесінін қызметкерлері, оқушылар мен тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары) әлеуметтік кепілдіктері мен олардың құқықтары, міңдеттері арнайы ескерілген. Мысалы, білім беру мекемелерінде педагогикалық қызметпен айналысуға, тек соған сәйкес білімі бар азаматтар ғана құқығы. Олар кәсіби қызметін жүргізуге жағдай жасауды талап етуге, білім берудің мемлекеттік стаңдарттарын сақтай отырып, педагогикалық қызметтерінің әдістері мен түрлерін еркін таңдауға, ғылыми зерттеулердің бағыты мен олардың нәтижесін педагогикалық тәрбиеде қолдауға, оқу орындарын басқаруға қатысуға, еңбектен тыс өз мамандығының дәрежесін көтеруге, кәсіби беделі мен арын қорғауға құқығы. Педагогикалық қызметкерлер оқушылар мен тәрбиеленушіл ердің арнайы стаңдарт деңгейінен төмен емес білім мен дағды, білік алуын қамтамасыз етуге, оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке шығармашылық бейімділіктерін дамытуға, олардың беделіне нұқсан келтірмеуге, педагогикалық этика нормаларын сақтауға міндетті. Педагогикалық қызметкерлерді олардың келісімінсіз басқа жұмыстарға тартуға, соңдай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілерді оқу-тәрбие жүйесінен тыс жұмыстарға міндеттеуге тыйым салынады.

Білім берудің мемлекеттік стандарттары.

Оқу орыңдарыңдағы ең маңызды нормативті құжаттардың бірі білім берудің мемлекеттік стандарттары болып табылады, солардың негізіңде жалпы және кәсіптік білім беру бағдарламалары жасалады. Бұл стандарттар білім беру мекемелерінің барлық түріне міңдетті болып саналатын және білім беру ісінің әрбір деңгейінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту жүктемелерінің көлемін, білім сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орыңдарының ережелерін, оқу бағдарлама-ларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды.

377

Мысалы, Қазақстан Республикасындағы бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарттарының мазмұнына әлем туралы (әлем туралы әдеби көркем, аңыз және басқа да ғылыми білімдер элементтері); қызмет түрлері туралы (ойын,оқу,ойнау арқылы қарым-қатынас т.б,) білімдерді оқушы меңгеруі тиіс.



Білім берудің мемлекеттік стандарттарының негізгі қызметтері-азаматтардың толық білім алуы мен оның сапасын жоғарлатуы, Республикадағы оқыту кеңістігі бірлігіің қызметтерін сақтау, білімнің ізгілікті қызметтері және оны басқару болып табылады. Білім берудің мемлекеттік стаңдарттары төмендегідей талаптарға жауап береді:

-мүдделі жақтардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін, жалпы мәдени ортаның жағдайын ескеру;

- ақырғы нәтиженің мөлшерленуінен хабардар болу;

- білім берудің салалары мен сатылары бойынша стандарттық

сабақтастығы мен келісімін сақтау;

- мектептің әрбір сатыларының ерекшелігін ескере отырып жеке тұлғаны

дамытудың міндеттеріне сәйкес білім мазмұнының функциональдық

толықтығын қамтамасыз ету;

- оңтайлы қалыптағы білім берудің мазмұндық бірлігі;

- мектептің, аймақтық, мемлекеттің құзырлығы мен мүддесінің мазмұнын

бейнелеу оның келісілген іс-әрекеті оқушы тұлғасының

басымдылығынан, бейімділігінен, қабілеттілігі мен қызғушылығынан

шығуы тиіс.

- оқушыларының оқу жүктемесін бірыңғайлауға мүмкіндік жасау;

- аспаптық сынақтардың мүмкіндіктері шамаланған (мөлшерленген)

технологиялық болу;

Білім беру стаңдарты оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының негізінде жатыр. Оқу жоспарлары белгілі бір оқу орыңдарында оқытылатын оку пәңдерінің құрамын оларды оқыту барысы мен ретін, әрбір пәнге берілген сағат санын (әрбір оқу пәніне бөлінетін апталық сағат саны) анықтайды. Базалық оқу жоспары барлық оқушы жастар үшін ұсынылатын міндетті мемлекеттік білім беру стандартының негізгі деңгейі болып табылады. Бұл орайда мектеп бағдарламасының балама компоненттері (вариативный) көрсетіледі, ол кейбір мектептерде оқу жоспарының өзгеше түрін құрастыруға мүмкіңдік береді. Қазақстан Республикасындағы білім берудің мемлекеттік стандартының (вариативті) баламалы оқу жоспарында мынадай сағаттар қарастырылған:

378


- таңдаған сабағы бойынша: бірінші сыныптар үшін аптасына 2 сағат және

екінші-төртінші сыныптар үшін аптасына 3 сағат;

- факультативтер: 5-9 сыныптар үшін аптасына 5 сағат;

- профилдік пәндер: 10-11 сыныптар үшін 8 апталық сағат,

- қолөнер курстары: 10-11 сыныптарға 4 апталық сағат,

- таңдауы бойынша курстар: 10-11 сыныптарда 5 апталық сағат. Білім мазмұны оқушы жастардың алуға тиісті білімі, дағдылары

оқу бағдарламасыңда көрсетілген оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқу бағдарламасында әрбір пәннің мақсаты мен міндеттері; пәннің сипаты мен құрылысы және пәнаралық байланысы; оның мазмұнының бірізділігі көрсетіледі. Оқу бағдарламаларының құрылымы негізінен екі түрге бөлінеді. Бағдарламада әр жылдарда оқу пәндерінің кейбір бөлімдерін (күрделі әрі жоғары деңгейде) қайталап оқу көзделеді. Бағдарламаның бұл түрі тек оқушы жастар окуларын сол оқу орындарыңда аяқталған жағдайда ғана нәтижелі болады. Оқуларын жалғастырған күрделі деңгейде қайта оқиды. Алайда бағдарламаның бұл түрінде уақыт жағынан ұтылады. Бағдарламаның екінші түрі сызықтық болып келеді яғни, тақырыптар бірін-бірі жалғастырып, оқу материалында қайталау болмайды.

Білім беру жүйесін жетілдірудін маңызды факторлары

Қазақстан Республикасындағы орта білімді дамыту тұжырымдама маңызды нормативтік құжат болып табылады. Оңда білім беру саласының жағдайына сыни тұрғыда баға берілген. Мысалы, бала-бақшаларда Республикадағы 5-6 жасар балалардың тек 17,5 % ғана тәрбиеленеді екен, балалардың тек 79,1% жоғары сыныптарда оқиды, жастар мен жасөспірімдерді оқумен, еңбекпен қамту мәселесі төмендеп кетті. Тұжырымдама білім берудің іргелі үш мақсатын (шығармашылық, дүниеге көзқарас, терең білім) алуға қояды және мектептегі оқу-тәрбие процесінің негізгі мақсатын айқындайды: Қазакстан мектептерінің іс-әрекетіндегі басты бағыт оқушылардың білім, білік дағдыларын біртіңцеп қалыптастыру және олардың талдау, синтездеу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту болып табылады. Осыған байланысты тұжырымдама білім берудің әрбір кезеңінің негізгі мақсаттарын анықтайды:

- мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие: мектепке дейінгі білім беру

бағдарламаларына орай білім алуда балалардың тең дәрежелі

мүмкіндікке ие болуын қамтамасыз ету;

- жалпы орта білім: азаматтардың міндетті жалпы орта білім алуына және

оның сапалы болуына конституциялық құқықпен қамтамасыз ету;

379


- бастауыш және орта кәсіптік білім: бастауыш орта кәсіптік білім беру

орындарын бітірушілердің еңбек рыногында бәсекеге жарамдылығын

қамтамасыз ету, сонымен бірге үлкендерді кәсіби даярлау мен қайта

даярлаудан өткізу:

- жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім: орта мектепті,

бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарын бітірушілерді кәсіби

дайындауға, жоғары оқу орындарын бітірушілерді қайта даярлауға

жағдай жасау.



Тұжырымдама еліміздегі білім беру жүйесінің одан әрі дамуын қарастырады. Бұл қадамдағы бағытты 2000 жылдың қыркүйегінде еліміздін Президенті бекіткен мемлекеттік «Білім» бағдарламасы көрсетеді. Бағдарлама жалпы орта білім саласында мынаңдай негізгі міндеттерді көрсетеді:

- мектеп жасындағы барлық балаларды оқумен қамту;

- мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім стандарттарын жүзеге асыру;

- оқыту әдістері мен мазмұның жақсарту арқылы мектептердегі білім

сапасын арттыру;

- педагогтар мен оқушы жастардың денсаулығын сақтау шараларымен

қамтамасыз ету.

Бағдарламада тәрбиелеу жүйесін жетілдірудің мақсаттары анықталған: тәрбиеленушілердің бойында қазақстандық патриотизм, идеясының негізінде адамгершілік және жалпы азаматтық құндылықтарды қалыптастыру. Бұл орайда төмендегідей міңдеттер айқындалды:

- оқу орындарында оқушы жастарды оларды этномәдени ерекшеліктерін

ескере отырып, тәрбиелеудің тиімді жүйесін құру және енгізу;

- балалар мен жастардың қоғамдық ұйымдарын жаппай дамытуды қолдау;

- қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдардың жүйесін сақтау және

одан әрі дамыту;

- тәрбие ісімен айналысатын басқару орындарының қызметкерлерін,

академиялық топтардың жетекшілерін, сынып жетекшілерін қайта

тәрбиелеу;

- балалардың, жасөспірімдер мен жастардың бақылаусыз жүруі және

қылмысын, құқық бұзуына қарсы шара қолдану істерін жүзеге асыру.

Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы оны жүзеге асырудың тиімді жолдарын анықтайды: білім мазмұнының демократиялық және ізгілікті бағытта жаңаруын; оқушы жастардың сапалы білім алуға ұмтылуын; оқу - әдістемелік құралдар мен оқулықтарды жетілдіру;

380


білім беру саласының қызметкерлері мен оқушы жастарды әлеуметтік қорғауды күшейту; мұғалімдердің жалақысын көтеру арқылы әлеуметтік ролі мен беделін жоғарлату.

Жоғарыда көрсетілген нормативтік құжаттарда тілдерді үйрену мәселесі маңызды орын алады. 1997 жылы қабылданған «Қазақстан Республика-сындағы тілдер туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңыңда елімізде мемлекеттік тіл қазақ тілі, ұлтаралық қатынас тіл -орыс тілі деп көрсетілген. ҚР Конституциясы тілдердің сақталуы мен олардың еркін дамуына кепілдік береді. Занда сондай-ақ этникалық топтардың ана тілінің кең қолданылуы ескерілген. Қазақстан Республика-сының Президенті Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, «әрбір ұлттық топ, өз тілін, мәдениетін, дәстүрлерін, қорғауға құқығы және ешкімдеі бұған кедергі келтірмеуі керек.» ...Басқа халықтардың өкілдері өз тілдерінде сөйлеуге әрқашанда құқысы бар, бірақта қазақ тілін Қазақстандағы барлық ұлттық топтар меңгеруі тиіс.

Тіл туралы Заңның негізгі ережелерін жүзеге асыру, оқу-тәрбие процесінде тілдерді қолдануды кеңейтеді. Қазақ тіліңде оқитын балалардың саны өсті, неміс, түрік, тәжік, өзбек, ұйғыр, украина тілдеріндегі мектептер қызмет жасайды. Көрсетілген тілдерден басқа республиканың кейбір мектептерінде әзербайжан, грек, дүнған, белорус, корей, күрд, поляк, татар, шешен тілдері оқытылады. Екі немесе одан да көп тілдерде оқытатын аралас мектептерде жұмыс істейді. Павлодар қаласыңда оқыту этникалық топтардың тоғыз тіліңде жүргізілетін халықтар достығы мектебі бар. Республиканың жоғары оқу орындарында оқыту қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, ағылшын, неміс тілдерінде жүргізіледі. Тілдер туралы занды дұрыс жүзеге асыру үшін: халыққа мектептер -мен оқыту тілін тандауға кең құқық берілуі; Республиканың барлық мектептері мен мектепке дейінгі оқыту орындарында мемлекеттік тілдің пән ретіңде терендетіліп жүргізілуі; орыс тілін жан-жақты оқытуға қажетті жағдай жасау; мектептерді қос тілді меңгерген мұғалімдермен қамтамасыз ету керек.

Орта білім беру жүйесінің даму тенденциялары. Қазақстандағы

білім жүйесінің ары қарай дамуы бүгінгі әлемдік алдыңғы қатарлы елдерін қамтыған әлеуметтік технологиялық жағдайға, халықтың экономикалық қызмет салалары бойынша қайта бөлінуін күшейтуде. Болжамдық зерттеулер көрсеткендей, таяу уақытта елдегі тұрғындардың тек 5% ауыл шаруашылығымен, ал 10% өнеркәсіпте жұмыс істейтін болады. Халықтың негізгі бөлігі білім мен ғылым, басқару, сауда, көлік және қызмет көрсету

381


салаларында еңбек ететін болады. Сондықтан мекгептердеп кәсіптік оқыту негізінен осы бағыттарда жүргізілуі тиіс. Әлемде болып жатқан ауқымды өзгерістердін бірі, қоғам мен адам өмірі қызметінің акпараттандыру процесімен байланысты болып отыр. Өндіріс құралдарының, ақпаратты өндеу мен тасымалдау әдістерінің өзгеруі, адамдардың өмірлік құндылықтарына, дүниеге қатынасына, оның мәніне деген көзқарасының қалыптасуына ықпал етуде. Ақпараттық қоғамда адамның ролі де өзгеріске ұшырайды: жеке адамның әлеуметтану үрдісінің орнына дербестену үрдісі келуде. Бұл орайда жеке адамның әлемдік өзгерістерге ашық қатынасы, әркімнін адамзат тағдырына деген жауапкершілік сезімі негізгі көрсеткіштер болып табылады.

Бұл айтылғандардың бәрі білім алуға және ең бастысы жаппай білім алуды талап етеді. Жаппай біліммен қамтамасыз ету, мектептегі білім беру ісін қайта құрумен, оның ішінде жалпы орта білім мерзімінің ұзартылуы арқылы қол жеткізуге болады.(көптеген елдерде жалпы білім беретін мектептердің оқу мерзімі 12-13 жылға ұзартылуда, бұл елдердегі жастардың 80-90 % орта білімді) Ф.Кумбс мектептегі білім беру ісінің дамуының негізгі көрсеткіштері: оқыту процесін жетілдіру (оқьпудың жаңа технологиясын енгізу арқылы педагогикалық процесті дамыту, білім мазмұнын жаңарту), білімді басқару мен педагогикалық мамандарды дайындау деп көрсетгі. Мектептен тыс білімді дамыту факторларының қатарына, оқыту ұйымдарының барлық түрлерінің арасыңдағы сабақтастық пен білімнің үздіксіз болуын қамтамасыз ету, білім саласында халықаралық байланыстар орнату, білім жүйесін қаржылаңдыруды түбірімен жақсарту мәселелері жатады.

Білім жүйесін жетілдірудің жаңа түрлері ақпараттық қоғамға сәйкес жүргізілуі керек. Дәстүрлі білім беру жеке адамды тек құрал ретінде пайдаланады. Бұл орайда, педагогикалық үрдіс оқушы жастардың өзіндік даму сапасына бағытталады., білім мазмұнының негізгі бөлігі жеке тәжірибедерден құралады. Мұндай тәжірибелерді игеру, пәндік білімдерге емес, жеке басының көзқарасы мен өмірлік құндылықтары негізіне сүйенеді. Оқушы жастардың әрқайсысының дамуы мен өзіндік дамуына бағытталған орта білімді дамытудың тиімді әдісі - оқьггуды дифференциациялау (тереңдету). Дифференциация оқушы жастардың белгілі бір оку пәндеріне деген бейімділіктерін ескеруге көмектеседі. Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріңде бұл бағытта айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде. Мектептің жағдайына қарай, оқушының бейімділігіне байланысты дифференциация сегізінші сыныптардан бастап енгізіліп, жаратылыстану-

382


математикалық, техникалық, экономикалық, құқықтық, педагогикалық, гуманитарлық және көркемөнер бағытындағы пәндер тереңдетіліп оқытылады. Кейбір гимназиялардың жоғары басқыштарында жеке оқуға рұқсат берілген, жеке оқытудың оқу жоспарлары оқушының қалаған пәні бойынша өзін қатыстыру арқылы жасалады.

Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу үрдісіне және жетілдіру жүйесіне бағытталған кейбір басқа іс шаралар қолданылып келеді.

Бірақ, қазіргі уақытта бұның барлығы білім берудің сапасын жақсартуды қамтамасыз етпейді, себебі, отандық білім беру жүйесі халықаралық білім беру стандартына сәйкестелмеген, әлемдік білім беру тәжірибелері жеткіліксіз ескерілген, бұлардың барлығы да осыған сәйкес білім беру жүйесін жаңартуды талап етеді. Кеңестік білім берудің элементтерінен толық бас тартуға болмайды, оның мақтанышпен айта алатын үлкен жетістіктері де болды. Басқа елдердің тәжірибелерін тікелей, ойланбастан пайдалану қажет деп отырғанымыз жоқ.

ЮНЕСКО-ның Бағдарламалық құжатында көрсетілгендей, «барлық аймақтарда шет елдік Тұжырымдамаларды және құндылықтарды пайдалану және жергілікті және ұлттық мәдениетті және философияны елемеу білім беру саласында жағымсыз жағдайларға соқтырады». Сонымен бірге білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибелерді негізге алу қажеттілігі күмән туғызбайды.

2003 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы дәл осыған бағытталған.

Тұжырымдама: мектепке дейіңгі тәрбие және оқыту, (бастауыш білім беру), орта білім беру, орта білімнен кейін кәсіби білім беру (орта білімнен кейінгі жоғары емес білім беру), жоғары білім беру, жоғары оқудан кейін білім беру деңгейлерін қамтып, үздіксіз білім беру идеясын іске асыруды қарастырады. Осы құжатқа сәйкес үш сатыдан тұратын: бастауыш білім беру (4-жылдық), негізгі білім беру (6-жылдық), орта білім беру (2-жылдық) 12 - жылдық орта білім беруге көшу қарастырылған. Сонымен бірге соңғы сатының: бейімдеп оқыту, техникалық және кәсіби білім беру атты екі түрі болуы мүмкін.

Орта білімнен кейінгі кәсіби білім беру орта бөліктің мамандандырылған кадрларды дайындауға арналған. Жоғары білім беруге инновациялық

383


технология, кіріктірілген интенсивті ғылыми -зерттеушлік әрекетін ендіруді қарастырылған. Жоғары білім беруге бакалавриат, жоғары оқу орнынынан кейінгі білім беру -магистратура және доктарантура кіреді.

Тұжырымдамада "білім берудің басты мақсаты - жай ғана білім, іскерлік және дағдының жиынтығы емес, негізгісі тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби құзырлылық, бүгінгі тез өзгермелі дүниеде ақпаратты өз бетінше тауып, талдап және тиімді пайдалана білу, ұтымды және тиімді жұмыс істеп, өмір сүру» деп ерекше атап өтілген.

Жоғарыда айтылған мәселелер Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің даму тенденцияларын (бағыттарының айқыңдауға:

- білім беру философиясын жаңартуға;

- оқытудың жаңа технологиясын енгізу мен білім беру ісін ақпараттандыруға;

- мемлекеттік білім беру стандарттарын жетілдіруге;

- білімнің ғылыммен тығыз кірктірілген (интеграциялык) байланыста

болуына;


- білімнің идеологияландырылмауына;

- оқу орындарын бітірушілерге жоғары талап қоюға;

- оқу орындарының түрлерін көбейтуге;

- білімді қаржыландыруға мемлекеттік және басқа да табыс көздерін

жұмылдыруға көмектеседі;

- білім беру жүйесінің құрылымын өзгерту және әлемдік білім беру

кеңістігіне біртіндеп ену.

Осылайша мектеп туралы жүргізіліп жатқан нормативтік құжаттар білім беру жүйесінің негізгі қызметтерін көрсетеді. Нормативтік құжаттарда бұл жүйенің негізгі мақсаттары мен міндеттері айқыңдалып, даму жолдары көрсетілген. Әлемдегі білім беру жүйесіндегі ауқымды өзгерістер, елдің әлеуметтік , -экономикалық даму қажеттіліктері, дүниежүзілік қауымдастықтың мүшесі ретінде Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін жетілдіру қажеттілігін көрсетеді.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары

1. Кеңестік білім жүйесінің қандай жетістіктері бар?

2. Қазақстандағы білім беру жүйесінің негізгі компоненттерін атап,

сипаттама беріндер.

384

3. Жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беретін және жоғары



кәсіптік білім беретін оқу орындарының негізгі түрлерін атаңдар.

4. Білім берудін мемлекеттік стандарты дегеніміз не және оған қандай

талаптар қойылады.

5. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер

туралы» заңын жүзеге асыру ерекшеліктерін көрсетіңдер.

6. Қазақстандағы білім жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарын атаңдар.



Әдебиеттер

1. Государственная программа «Образование». Алматы, 2000.

2. Государственные стандарты начального образования Республики

Казахстан. Алматы, 1998.

3. Государственные стандарты среднего образования Республики

Казахстан. Кн. 1,2. Алматы, 1998.

4. Закон Республики Казахстан «0б образовании». Алматы, 2000.

5. Закон Республики Казахстан «О языках в Республике Казахстан».

Алматы, 1997.

6. Конституция Республики Казахстан. Алматы, 1995.

7. Концепция развития среднего образования Республики Казахстан //

Учитель Казахстана, № 17-18,1997.

8. Концепция развития образования Республики Казахстан до 2015 года

//Казахстанская правда,26 декабря 2003 года.

9. Кумбс Ф. Кризис образования в современном мире. М., 1970.

10. Национальное согласие - основа стабильности и развития Казахстана.

Астана, 1999.

11 .Проблемы и тенденции развития школы в современном мире. М., 1988.

12. Реформа и развитие высшего образования. Программный документ

ЮНЕСКО. Париж, 1995.

13. Садыков Т.С. Теоретико-методологические основы модернизации

системы образования в Республике Казахстан. Алматы, 1998.

14. Храпченков В.Г. Тенденции и особенности развития всеобщего

среднего образования в Казахстане. Алматы, 1996.

385

Өзіндік жұмыс үшін тапсырма

Мұғалімдердің, оқытушылардың, оқыту орындарының қызметін реттейтін, маңызды нормативтік құжаттарды оқыңдар: - ҚР «Білім туралы» заңы. ҚР «Қазақстандағы тілдер туралы» заң. Мемлекеттік «Білім туралы» бағдарламасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасы. Бастауыш және орта білімнің мемлекеттік стаңдарты.



Реферат тақырынтары

1. ҚР білім берудегі мемлекеттік саясаты.



2. «ҚР тілдер туралы» заңы - Қазақстан халқының тілі мен мәдениетін дамытудың жолы.

3. Қазақстанда білім жүйесін дамыту.

4. Білім жүйесін дамытудың тенденциясы.

386


3.2 Мектептің оқу-тәрбие процесін басқару.Әдістемелік

қызметті ұйымдастыру.



Мақсаты: мектептің тұтас педагогикалық процессіндегі басқару жұмысының теориялық білімдерімен және әдістемелік негіздерімен танысу. Міндеттері:

а) "мектепті басқару мен басшылық ету" ұғымының мәнін ашу;

ә) басқару қызметтерін сипаттау;

б) мұғалімнің мамандық дәрежесін көтеру туралы түсінік беру.



Жоспары

1. "Мектепті басқару мен басшылық ету" ұғымының мәні және оның негізгі принциптері.

2. Оқу-тәрбие процесіне жетекшілік пен ұйымдастырудағы мектеп жетекшілерінің қызметтері.

3. Педагог кадрлардың әдістемелік жұмысы мен аттестациясы.



Негізгі ұғымдар: басқару, мектеп жұмысын басқару, тұтас педагогикалық процесс, білім беруді басқару, әдістемелік жұмыс, инновациялық бағыттылық, аттестация, кәсіби-педагогикалық мәдениет, мамандық пен кәсіби шеберлікті көтеру, педагогикалық технология.

Басқа пәндермен байланысы: философиямен, әлеуметтанумен, психологиямен, физиологиямен, педагогика тарихымен, этнопедагогикамен.

"Мектепті баскару мен басшылык ету" ұғымының мәні және оның негізгі принниптері. Педагогика ғылымында мектепті басқару - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Ол жайлы ғалым-педагог Н.Д.Хмель өзінің зерттеулерінде: «педагогикалық процесті басқару дегеніміз әлеуметтік жүйені басқару» -деп көрсеткен [1.77]. Қазіргі заман мектебі - күрделі де кіріктірілген жүйе, ол оқушылардың, оларды оқытып, тәрбиелейтін мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің (директоры, оның оқу және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары), оқу-тәрбиелік және қызмет көрсететін адамдардың іс-әрекетінен, мектеп алдында тұрған жалпы міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады. Сонымен қатар,

387


мектеп дегеніміз ­мұғалімдер мен онда қызмет ететін адамдар ұжымы, олар білім беру жүйесін мемлекеттік тұрғыдан басқарудың объектілері болып табылады. Қазіргі мектепті өзара байланысы бар, ішкі құрылымы және социуммен белгіленетін тұтас әлуметтік-педагогикалық жүйе ретінде қарастыру керек. Ол өзара тығыз байланысты екі жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылушы. Бұл қазіргі кез-келген оқу-білім беру мекемесінің алдына өмірдің өзі қойып отырған міңдеттерді жүзеге асыру бойынша барлық жұмыстың басты ұйымдастырушысы ретіндегі мектеп директорының тікелей басқару іс-әрекетінде көріну керек. Мектеп басшылығы мен мұғалімдерден тұратын басқару жүйесі жетекші болып келеді. Басқарылушы кіші жүйеге оқушылар мен олардың ұйымдары жатады.

Мектепті басқарудың басты мәні - оқыту мен тәрбиелеудегі оңтайлы нәтижені алу мақсатыңда оқушылар мен олардың ата-аналарына педагогтардың мақсатты бағытталған ықпал етуінен тұрады.

Адамдар жеке істей алмайтын немесе жекелеп істеу тиімсіз болғанды жұмыла істеу үшін басқару қажетгігі туындайды. В.Г.Афанасьевтің пайымдауыңда: "Басқару - қоғамның, оның кез-келген даму сатысындағы, ішкі өзіне төн қасиеті. Бұл қасиеттің жалпылық сипаты бар және ол қоғамның жүйелік табиғатынын, адамдардың қоғамдық, ұжымдық еңбегінен, еңбек пен өмір барысында қарым-қатынас жасау, өзінің материалдық және рухани өмірінің жемісімен алмасу қажеттігінен бастау алады" [2,38].

ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысыңдағы басқару білімінің қарқынды өсуі мен өзгеру уақыты. Бұл эволюцияның бастапқысы ретінде басқарудың классикалық мектебінің негізін салушы А. Файольдің еңбектерін атауға болады, ол 1916 жылы басқарудың жалпы принциптерін ұсынған. Ғылыми басқарудың теориялық негізі кеңестік әдіснамалық мектепте жасалған дәл осылар болады [3].

"Басқарудың классикалық теориясы" 1930-жылдарға дейін ең басты орында болған. XX ғасырдың 30-жылдарында басқарушылық ғылым дамуында "басқарушылық қатынастар теориялары" атты жаңа бағыт қалыптасты. Классикалық теория бірлескен іс-әрекет нәтижелілігінің негізгі шарттары не, қашан, қайда және қалай істеу керектігін анықтайтын басқарудың нақты ресми құрылымы, жемісті жұмысты (ең бастысы, материалдық жағынан) қамтамасыз

388


ету деп санаған. Ал адамдар қатынасының тебриясы адамның ұйымдағы мінез-құлқын анықтайтын факторларды, мақсаттылық пен жеке тұлғалар' арасындағы қатынастарды бірінші орынға қояды. Бұл теория XX ғасырдың 50-60-жылдары Батыста, әсіресе АҚШ-та кең өріс жайған, тәжірибеде оң нәтиже бере алмаған дегенмен басқарудың демократиялық әдістерін кеңінен енгізу әрекеті де осы теориямен байланысты. "Адамдық қарым-қатынас теорияларының" орнына, басқарудың жүйелік теориялары, жағдайаттық теориялар, басқарудың рационалистік (ақыл-ой талабына ғана негізделген) және мінез-құлықтың жағымды жақтарын біріктіруге ұмтылған, ұйымдастырушылық даму теориялары келді.

Мектепті басқару мәселесіне арналған көптеген зерттеулер бар: оларда мектепті басқарудың (Э.Г. Костяшкин, Ю.А. Конаржевский, В.П. Стрезикозин, П.В. Худоминский, Т.И.-Шамова, Н.Д. Хмель, Н.Н. Тригубова, т.б.) мәні ашылады. Басқарушылық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың жүйесін енгізу бойынша (И.П. Раченко, Умирбекова Ж.Б., Г.Т. Хайруллин, Г.А. Уманов т.б.); мұғалімдердің шығармашылық , зерттеушілік және эксперименталды қызмет-әрекетін ұйымдастыру бойынша, ғылымды практикаға енгізу бойынша (А.А. Бейсенбаева, Л.И. Гусев, В.И. Журавлев, В.И. Загвязинский, Б.А. Койшибаев, В.В. Краевский, Г.Л. Лукпанов, М.Н. Скаткин, Я.С. Турбовский, т.б.); мамандықты жетілдіру бойынша (Я.С. Бенцион, Г.И. Горская, Л.С. Коробкова, Ш.Т. Таубаева, В.П. Топоровский, т.б.); мамандықты көтерудің психологиялық-педагогикалық және ақпараттық негізін құру бойынша (Г.С. Сухобская, А.С. Пискунов, т.б.); Қазақстандағы педагогикалық кадрлардың мамандығын көтеру жүйесін дамыту тарихы бойынша (Б.А. Альмухамбетов т.б.) жұмыстар жүргізіледі. Мектеп басқарудың жаңашылдық аспектілері М.М. Поташкин, В.С. Лазарев, Л.И. Моисеев, И.И. Цыркун, Н.Р. Юсуфбекова және т.б. еңбектерде талданған. Алайда, мектеп басшыларын ұйымдастыруға және мектепке жаңалық өндіруді басқаруға даярлаудың әдіснамасы және маңызы педагогика ғылымында жеткілікті баяндалмаған.

Басқарудың қызметтерін тек дидактикалық тұрғыдағы аспектілермен шектеген қате болар еді. Білім беру мектептеріндегі педагогикалық ұжымның

389


жүзеге асыратын тәрбиелік жүйесі де басқаруға келеді. Әсіресе, мектептердегі тәрбиелік жұмыстың тәрбиенің қалыптасқан стереотипінің түбегейлі өзгеруімен, ондаған жылдар бойы қалыптасқан балалардың қоғамдық ұйымдарының (пионерлер, комсомол) жойылуымен, идеялардың түпкілікті ауысуымен қазіргі кезеңіндегі қиыншылықты ескерсек, басқарудың маңызы зор. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі қиыншылық жағдай, білім берудің, қазіргі тәрбиелік процесті белсендіруді, оның жаңа түрлері мен әдістерін табуды, әсіресе, бұл процесті басқарудың басқа амалдарын табуды өте қатты қажет етеді.

Қазақстан Республикасында беделді азаматты тәрбиелеу мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр, яғни бұл процесс педагогикалық басқару практикалық маңызды мәселе болып табылады.

Г.И. Щукинаның пікірі бойынша, басқару- мектеп ішіндегі "психология-лық, ұйымдастырушылық және әдістемелік" сияқты күрделі процестер мен қатынастарды саналы түрде реттеу. Алайда басқарудың алдыңғы қатарлы тәжірибесін жинақтап қорыту тек материалды жинаумен ғана және оны тиісті ғылыми-әдістемелік тұрғыдан бағаламай, тек ,баяндаумен ғана шектеледі. Материалдарда, көбінесе, негізгі идеялар мен тәжірибенің талдауы -болмайды және оларды қолданудың кеңес-ұсыныстары берілмейді, оны енгізудің шарттары да көрсетілмейді. Ал кейбір жағдайларда, тұтас жұмыс жүйесі емес, керісінше, жекелеген тәсілдер ғана суреттеліп таратылады. Кейде, мектеп басшылары мен білім беру органдары үшін ешқандай тәжірибелік құндылығы жоқ көптеген материалдар жинақталады.

М.М. Поташник былай дейді: "Басқару - мектептің қалыптасуын, тұрақтануын, тиімді қызмет етуін және дамуын қамтамасыз ететін барлық субъектілердің мақсатты іс,-әрекеті". Бұл анықтама маңызды екі нәрсеге назар аудартады: біріншіден, кез-келген басқарудың мақсатты іс-әрекет болып табылатынына; екіншіден, ол басқалардан өзінің міндеттерімен ерекшеленетініне. К.Я. Вазинаның пікірінше: "Басқару - нақты бір мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін қалыптасуға жауап беретін жүйенің қызметі".

Педагогикалық басқару әлеуметтік мақсатта жүзеге асады, ол адамдардың іс-әрекетін басқару мен олардың бірігуіне қатысты. Алайда, ол жалпы әлеуметтік басқарудан өзінің объектілерімен (оқушылар, мектептер,

390


мектептен тыс мекемелер, халыққа білім беру бөлімшелері, т.б.), олардың заңдылықтарымен ерекшеленеді.

Практикалық іс-әрекет ретіндегі педагогикалық басқару -оқушылардың оқуы мен тәрбиесін басқару, Педагогикалық басқару теориясы - мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар жүйесі, ұжымдар мен жеке адамдар жүзеге асыратын тәрбие мен оқыту процестерін басқару туралы білімдер.

"Педагогикалық басқару" ұғымы "білім беруді басқару" ұғымынан кең, өйткені ол тәрбие мен оқытуды жүргізетін басқа мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарда (жанұя, қоғамдық ұйымдар, мамандықты көтеру жүйесінің мекемелері, т.б.) қызмет етеді. Шындығында, педагогикалық басқарудың кез-келген "адам -адам" жүйесінде орны бар. Бұл жағдайда педагогикалық мақсаттар басқарудың негізгі түріне бағынады - педагогикалық процесс субъекті іс-әрекетін басқару.

Педагогикалық басқарудың білім беру жүйесіндегі басты объектісі -жеткіншек жас ұрпақтар болып табылады. Оларды оқыту мен тәрбиелеуді басқару не тікелей (мұғалімдер, тәрбиешілер арқылы), не жанама - мемлекеттік қоғамдық ұйымдар арқылы жүргізіледі.

Басқару субъектісінің қызметтер жиынтьгғын басшылық дейді.

Білім беру мекемесін басқару іс-әрекетінің басқа мекемелер немесе өнеркәсіп орындарындағы басшылықтың жұмысынан едәуір айырмашылығы бар. К.Д. Ушинский былай деп жазған: "Егер қаржы немесе әкімшілік әлемде олардың идеяларының орындаушыларға ұнайтын-ұнамайтынын ескермей, ұйғарыммен, жарлықпен қызмет етуге болатын болса, қоғамдық тәрбие беру әлемінде ашық айтылып, ашық қабылданған пікірден басқа идеяны жүзеге асырудың басқа амалы жоқ". М.И. .Кондаков,''Мектеп жұмысын басқару өндірістік және қоғамдық өмірдің басқа салаларын басқарудан айтарлықтай ерекше, өйткені мұнда күштерді орналастыру мен үйлестіру, байланыс пен өзара тәуелділік жүйесін жүзеге асырудан басқа, оқу-тәрбие процесінің барлық жақтарына бағытталған ұйымдастырушылық-педагогикалық ықпал ету мәселелері басты мәнге ие болады", -дейді.

391

Білім беру жүйесінің белгілі бір ретпен жасалған (иерархиялық) құрылымының әрбір элементінде, министрлік болсын, облыстық, аудандық басқарушы ұйым (департаменттер, білім беру бөлімдері) немесе мектептер болсын, бәрінде, тек педагогикалық қана емес, басқарудың басқа да түрлері кездеседі, мысалы: әкімшілік, шаруашылық, құқықтық. Басқарудың барлық түрлері білім беру жүйесінің шеңберінде бір-бірімен байланысты, олардың бәрі жалпы тәрбиелік және білім беру міндеттерін шешуге бағытталған. О.С. Анисимов: "Білім беруді басқаруды жіктегенде мынаны ескеру керек: басқару - адам іс-әрекетінің ең маңызды түрлерінің бірі. Бұл іс-әрекет қатал шектеу мен бөлуте көнбейді" * деп, дұрыс айтқан.



Егер білім беру жүйесін қарайтын болсақ, педагогикалық басқару мен басқарудың басқа түрлерінің үлес салмағы мен қатынасы әртүрлі екенін байқауға болады. Мысалы, министрлік, облыстық, аудан және қалалық білім беру басқармасы деңгейінде кешенді процесс ретіндегі басқару жүйенің арнайы құрылымын құруға, ведомстволық мекемелер мен адамдар қызмет-әрекетіне қажетті материалдық, ұйымдастырушылық, кадрлік және басқа да жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған. Мектеп директоры, деңгейінде педагогикалық басқарудағы мұғалімдер практикалық қызмет-әрекеттеріндегі педагогикалық талаптарды тікелей жүзеге асыру ретінде тольгғырақ көрінеді. Педагогикалық басқаруға қызмет көрсету (мектептің материалдық базасы, құрал-жабдықтар, оқу-техникалық құралдары, т.б.) маңызды, бірақ бағынушылық мәнге ие.

Әдетте, білім беру жүйесіндегі басқару туралы сөз өткенде, көбінесе, иерархиялық тұрғыдан: министрлікті, облыстық, аудан, қалалық білім беру басқармалары бірінші болып аталады. Оқу-тәрбие процесін тікелей басқару мектеп әкімшілігі деңгейінде және мұғалімнің қатысуымен жүзеге асырылатыны жиі ұмытылып қалады. Мектепті басқару теориясы (мектептану) арасында ғылыми іс-әрекет пен практикалык іс-әрекет ретінде объектілері, басқарудың тәсілдері мен нәтижелерінде айырмашылықтар бар.

Мектепті басқару теориясының объектісі - оның барлық құрамды элементтерімен алынған процес болып табылады. Практиканың объектісі - мектептің әртүрлі құрылымдық топтары (ұжым, сынып, жеке субъект).

392


Практикалық басқару іс-әрекетінің қүралдары - басқару әдістері. Басқарудағы ғылыми іс-әрекеттің құралдары - ғылымның нақты бір объектісін зерттеуде қолданылатын жолдар, тәсілдер, амалдар: мектептерді басқару бойынша білім беру мекемелерінің жұмыс тәжірибесін қортындылап талдау, ғылыми болжамдар жасау, оларды эксперименталды тексеру және т.б.

Білім беру жүйесіндегі немесе бөлек топтағы практикалық басқару іс-әрекетінің нәтижесі - тәжірибені көбейту, бұған оқу-тәрбие процесінің қортындылары дәлел бола алады. Басқару теориясының нәтижесі - практикалық іс-әрекетте жүзеге асырылатын жаңа білімдер, заңдар, принциптер, ережелер, тұжырымдар.

Мектептегі практикалық басқару іс-әрекетінің бағыттары, құндылығы жағынан бірдей емес. Мектептің негізгі әлеуметтік міндеттеріне сәйкес, ол өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асырады, осыған байланысты, басқарудың барлық бағыттарының ішінде оқу-тәрбие жүйесін басқару бірінші орында болу керек.

Осылайша, педагогикалық басқару практикалық іс-әрекет ретінде - ол педагогикалық ұжымының тәрбие мен оқытуды үйымдастыруы (Сурет 1.).



Сурет 1. Мектепті педагогикалық басқарудың құрылымы

393


Мектеп директоры оку-тәрбие жұмысы мен сапасы үшін арнайы жауапкершілік атқарады. Оның міндеттеріне кіретіндер:

- кадрларды дұрыс таңдау мен орналастыру, мектептің педагогикалық ұжымына басшылық ету, мұғалімдердің кәсіби, ғылыми-теориялық және психологиялық-педагогикалық деңгейін көтеруте жағдай жасау, олардың педагогикалық шығармашылығына жол ашу және оқыту мен тәрбиенің озат педагогикалық тәжірибесін енгізу;

- оқу-тәрбие процесінің барысын, оқушылар білімінің сапасы мен жеке тұлға ретінде дамуын, сыныптан тыс жұмыстың мазмұңы мен ұйымдастыруын бақылау;

- оқушылардың кәсіби бағыты бойынша тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру және оларға өмірде өз жолын табуға кеңес беру;

- оқушылардың өзін өзі басқару органдарына практикалық көмек көрсету және оның іс-әрекетін белсендіру, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру бойынша мұғалімдер мен оқушылардың қоғамдық ұйымдарымен іскерлік ынтымақтастық қатынас жасау;

- Еңбек туралы Заңға, мектептің ішкі тәртіп ережелері мен жарғысына сәйкес мектеп қызметкерлерінің міндеттерін анықта) мен нақтыландыру;

- ата-аналар қоғамдастығы ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру мен оларға басшылық жасау;

- жергілікті қоғамдық ұйымдар, мекемелер және негізгі кәсіпорындармен іскерлік байланыс орнату;

- мектептегі қажетті санитарлық-гигиеналық тәртіпті орнату, оқушылардың, мұғалімдер мен мектептің қызмет көрсету адамдарының сабақтағы және іс-әрекеттің басқа да түрлері барысындағы еңбекті қорғау мен қауіпсіздік шараларын сақтау;

- мектептің қазіргі заманғы оқу-материалдық базасын нығайту мен дамыту;

- мектеп қызметкерлерін жұмысқа алу мен жұмыстан шығару;

- мектептің педагогикалық кеңесімен келісіп, мұғалімдерді және мектептің басқа да қызметкерлерін мадақтау мен марапаттауға ұсыну.

Сонымен, педагогикалық басқаруды ұйымдастыру - ол мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар жүйесі, ұжымдар мен жеке адамдар, сондай-ақ жалпы

394


білім беретін мектептер жүзеге асыратын педагогикалық жүйені басқару, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу, оқыту және дамыту.

Білімнің бұл саласының міндеттері - педагогикалық басқаруды зерттеу, оңың теориялық және практикалық мәселелерін жете зерттеу, оны жетілдірудің ғылыми ұсыныстарын жасау. Сонымен қатар, педагогикалық басқару мектептің барлық жұмысымен қатар басқа жұмыстың түрлерін жоққа шығармайды. Білім беруді басқару теориясы ағарту саласындағы ерекшеліктерді ескере отырып, әлеуметтік басқарудың жалпы заңдылықтарына негізделеді.



Мектеп басшылары оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруы мен жетекшілігі бойынша кызметтері.

Мектеп басшылығының қызметтері Қазақстан Республикасының Білім беру Министрлігі бекіткен арнайы ережелер жиынтығымен анықталады, бұл ережелер мектеп директорының, оқу-тәрбие жұмысының әртүрлі мәселелері бойынша орынбасарлары мен басқа да педагогикалық кадрлардың іс-әрекетін реттейді.

Төменде тұтас педагогикалық прбцееті ұйымдастыру бойынша мектепте қызмет атқаратын адамдардың жұмыстары келтірілген (Сурет 2).

Суретте мектеп директорының, орынбасарларының оқу-тәрбие жұмысы бойынша қызметі мен міндеттері көрсетілген:

- мектептегі сабақтарды және оқыту процесіндегі тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру;

- оқу бағдарламаларының орындалуын, сабақтардың барысы мен оқушылар үлгерімінің сапасын бақылау;

- әртүрлі пәндер бойынша сыныптан тыс оқу жұмысын ұйымдастыру (пәндік үйірмелер, қоғамдар, олимпиадалар, жарыстар, т.б.);

- оқушылардың оқу көлемін реттеу;

- мектептің оқу-тәрбие жұмысын талдау және педагогикалық ұжым іс-әрекетінің нәтижелері туралы сандық және жазбаша есеп беру;

- оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша білім беру департаментінің нұсқауларын жүзеге асыру мен олардың орындалуьга бақылау;



395

Сурет 2. Педагогикалық кеңестің қызметтері мен міндеттері.

- оқу-тәрбие жұмысының сапасын жоғарлату үшін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені қорыту мен енгізу;

- мұғалімдердің пәндік әдістемелік комиссияларының (секциялары) жұмысына басшылық ету.

Мектеп директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарының міндеттері:

- оқушылармен сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен үйлестіру;

- оқушылар тәрбиесін жетілдіру бойынша сынып жетекшілері мен ұзартылған күн топтары тәрбиешілерімен әдістемелік жұмысты жүргізу;

- оқушылар ата-анасымен, мектептен тыс балалар ұйымдарының басшыларымен іскерлік байланыс орнату;

- мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмыстарына ғылыми-әдістемелік талдау, озат педагогикалық тәжірибені қорытындылау және ендіру.

Мектепті жаңарту мен оған өзгерістер енгізу жағдайларында жоғарыда аталған қызмет міндеттерін орындау үшін мектеп директоры мен оның орынбасарларының жоғары педагогикалық білімділігі, адамгершілік мәдениеті болуы, жұмыста іскерлік пен жауапкершілік көрсетулері, оқыту мен тәрбиені жетілдірудің

396

тәсілдері мен шығармашылық әдістемесіне ие болуы керек, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің жаңашылдық ынтасы мен озат тәжірибесіне қолдау көрсету керек. Мектеп басшыларының қызметтері әдістемелік жұмысты нақты ұйымдастырғанда ғана нәтижелі болмақ.



Педагогикалық кадрлердің әдістемелік жұмысы мен аттестациясы. Әдістемелік жұмыс - ғылым және озат педагогикалық тәжірибе жетістіктеріне, оқу-тәрбие жұмысының нақты талдауына негізделген, әрбір мұғалімнің, ұстаздың, тәрбиешінің; оқу мекемесі басшысының, білім беру жүйесінің бқсқа да қызметкерлерінің педагогикалық мамандық дәрежесін және кәсіби шеберлігін көтеруге (педагогтардың кәсіби өзідігінен білім алуды, өзін өзі тәрбиелеуді, өзін өзі жетілдіруді басқару бойынша , шараларды да есептегенде), тұтас педагогикалық ұжымның теориялық мүмкіндігін дамытуға және көтеруге, оқушыларға нақты білім берудің, тәрбиелеудің, дамытудың үйлесімді деңгейіне жетуге бағытталған өзара байланысты шараларының, қызметтерінің жүйесі.

Әдістемелік жұмыс - педагогикалық кадрлердің идеялық, ғылыми-теориялық, кәсіби, әдістемелік және мәдени деңгейін көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке-дара жүйелік жұмысынан құралған күрделі шығармашылық. Ол оқу-тәрбие процесін басқарудың, педагогтарды жоғары әдістемелік мәдениет пен өз еңбегінің сапасы мен нәтижесіне талабы Негізінде тәрбиелеудің маңызды амал-тәсілі болып табылады. Оның стратегиялық бағыттарының бірі - білім беру тәжірибесіндегі оқушылардьщ танымдық, ойлау әрекетін белсендіретін, терең білім, білік және дағдыларды қалыптастыратын ұтымды және нәтижелі әдістерді шығармашылық түрде меңгеру.

Әдістемелік жұмыс педагогикалық тәжірибемен тығыз байланысты. Халық ағартушылығының көрнекті өкілдері Н.К. Крупская, А.В. Луначарский педагогикалық тәжірибені өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесінің теориясы мен практикасы дамуының бастаулары деп есептеген. А.С. Макаренконың, С.Т. Шацкийдің, С.М. Ривестің, В.Н. Сорока-Росинскийдің және көптеген басқа да көрнекті педагогтардың ұлы гуманистік идеялары ңегізінде құралған тәжірибелері тәрбиенің теориясы мен практикасының бірлігі, мектептің қоғамдық мақсат-мүдделері негізінде қызмет етіп, осы

397


мақсат-мүддеге жетудің дұрыс жолдарын табудың үлгісі бола бермек.

Әдістемелік жұыстың мазмұны келесі бағыттар бойынша нақтыланады: мұғалімнің жалпы мәдени дайындығы, кәсіби-адамгершілік мәдениеті, жалпы мәдениеттілігі, әдіснамалық мәдениеті, зерттеушілік мәдениеті, диагностикалық мәдениеті, басқару мәдениеті ұзақ уақыт аралығында күрделі мәселе бола алады. Мұғалімдердің әдістемелік, жаңашылдық іс-әрекетке қатысуы, болашақта жеке педагогикалық жүйенің, іс-әрекеттің дара стилінің қалыптасуына жағдай туғызады.

Қазіргі уақытта педагог-практик ғалыммен авторлық бірлестікте бола алады, олардық қатынасы екі жақты құқығы мен міндеттерін айқындайтын арнайы келісім-шартпен анықталады. Зерттеуші педагогтар мен жалпы білім беру мекемелерінің белгілі бір бөлігі арасында жаңа байланыстар орнай бастады. Ғылым мен практика арасындағы ара қашықтықты азайту қажеттігі туындады, ал ол, өз кезегінде, нақты қызмет жасап отырған оқу мекемелерінде ғылыми лабораториялар құру процесіне жағдай жасайды. Сөйтіп, Қазақстанда Ақтөбе қаласындағы № 12, Тараз қаласындағы № 58 мектеп-лабораториясы, Өскемен қаласындағы дамытушы білім беру Орталығы жанындағы мектеп-лабораториясы құрылды. Осылайша педагогикалық қоғамдастық өз назарын ғылыми бағыттағы практикаға және практикалық бағыттағы ғылымға аударып отыр.

Жаңашыл педагогтар тәжірибесі, ең алдымен, оқыту әдістемесіне ғылыми оқытудың нақты бір бағытының және оны жүзеге асырудың технологияларына үлкен үлес қосады. Дидактикаға бұл тәжірибе, біріншіден, баяндаудың әртүрлілігін нақтылай түсуге, екіншіден, жаңашыл мұғалімнің тәжірибесін зерттегеннен кейін кемшіліктерді түсінуге көмектеседі: оқыту процесінде оқу материалының мазмұны мен оқушылар білімін есептеу мен бақылаудың кері байланысы да бар.

Қазіргі жағдайларда қазақстандық мектептің жаңа моделін жасау жүріп жатқан кезде өткеннің және қазіргі уақыттың жаңашыл педагогтарының тәжірибесін арнайы зерттеу керек: олардың тәжірибесіндегі жаңа білімнің мазмұны қандай (сапасы, деңгейі), педагогиканың әртүрлі саласы мен тұтас педагогикалық ғылым үшін педагог жаңашылдардың қосар үлесі қандай.

398


Педагогика әдіснамасының, дидактиканың, тәрбие теориясының, педагогикалық психологияның, жеке әдістемелердің жаңашылдық тәжірибелердің басты назарында болуы керектігін анықтау қажет.

Тәжірибеде жаңа білім болса (оқыту теориясы) тәжірибенің мамандандырылған дидактикалық талдауы ғылымды нығайтып, оны анық жетістіктері деңгейінде ұстап тұратынын ескеру керек. Өйткені, ғылымда іске асырылып жатқан, бір біріне қарсы, сондай-ақ бірін бірі толықтырып тұрған әртүрлі тұжырымдар, ғылыми болжамдар, теориялар, принциптер, қазіргі заманғы және моральдық тұрғыдан ескірген көзқарастар, ғылыми ережелер және дәстүрлі түсініктер, нақты білімдер мен белгі-шарттары сияқтылар кездеседі. Жаңа педагогикалық құбылыстарды түсіндіріп, негіздегенде терең және кең көлемде ғылымның- өзіндік рефлексиясы, шынайы, "әрекеттегі" білімді бекітеді. Бұл орайда, теориямен тиянақталған жаңашылдық тәжірибе дамудың бастауына айналады.

Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру формалары динамикалық. Олар көптеген факторларға байланысты өзгеріп, жаңарады, олардың негізгілері: мемлекеттің білім беру саласындағы саясаты, заң актілері мен құжаттары; мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің деңгейі, оларды жеке тұлғалық және кәсіби-қызмет көрсеткіштерінің диагностикалық өлшеуімен анықталған әдістемелік сауаттылығы; мектеп ұжымындағы моралдық-психологиялық жағдай, әдістемелік жұмысты' ұйымдастырудың материалдық-технологиялық мүмкіндіктері; мектеп ішіңдегі педагогикалық тәжірибені зерттеу, мұғалімдердің жаңашылдық ашықтығы мен белсенділігі, мектеп басшыларының әдістемелік жұмысты орындауға кәсіби дайындығының деңгейі; мектеп ұжымындағы нақты моральдық жағдай (мұғалімдер арасындағы, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы, мұғалімдер мен басшылық арасындағы қатынастар).

Осылайша, әдістемелік жұмыстың мазмұны қазіргі мектептің өзекті міндеттерімен анықталады. Бұл міндеттер мұғалімдердің әдістемелік жағынан жетілуі және олардың өздігінен білімін көтеруі, маман педагогтардың шығармашылық өсуінің барысында жүзеге асады.

Мұғалімдерді мерзімді аттестациялау олардың әдістемелік деңгейінің өсуіне, шеберлігіне жағдай жасайды. Аттестациялау -білім беру мекемелері

399


қызметкерлерінің мамандығының, педагогикалық кәсібилігі мен іс-әрекеті деңгейлерінің жалпы бағасы. Аттестация мақсаты - білім беру қызметкерлерінің кәсіби, мамандығының өсуін, еңбегінің нәтижелі болуына жағдай жасайтын, еңбек ақысын саталауды бағалаудың тиімді жүйесін құру. Мұғалімдер аттестациясы педагогикалық еңбектің нәтижелілігі және оқу-тәрбие процесінің сапасының сараптамалық бағасы негізінде жүргізіледі;

Аттестацияның келесі принциптері: сараптамалык бағалардың еріктілігі, ашықтығы, жүйелілігі және тұтастығы, ол педагогикалық қызметкерлерге деген объективті, дұрыс, ұқыпты және игі ниетті қатынасты қамтамасыз етеді.

Аттестация нәтижесінде мұғалімге белгілі бір категория беріледі. Сондай-ақ, мұғалімнің мамандықты көтеру курсындағы педагогикалық білім алуы және ұстаздық іс-әрекеті де ескеріледі.


жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау