Педагогика


Сур - 1. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың



жүктеу 9,25 Mb.
бет25/29
Дата12.02.2018
өлшемі9,25 Mb.
#9429
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

Сур - 1. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың

үлгісі

319


Белсенділікпен қатар оқушылардың оқуға деген қызығушылығының тағы бір маңызды қыры ашылады, яғни олардың мұғалімдер мен үлкендердің көмегінсіз обьектіні, құралды анықтауға байланысты іс-әрекетті жүзеге асырудағы дербестігі. Танымдық белсенділік пен оқушылардың дербестігі бір-бірінен ажыратқысыз: неғұрлым белсенді оқушылар, соғұрлым дербес; оқушылардың жеткіліксіз дербестігі басқаларға тәуелді етеді және дербестіктен айырады.

Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің тәсілдері мен құралдары.

Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіруде оқытудың әдістері мен құралдарын іздестіру проблемасы терең ғасырларға кетеді. Мәселен, жастарды тәрбиелеуде ежелгі грек философы Сократ эвристикалық әңгімені пайдаланған. ХVII-ХІХ ғасырдың педагогтары Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Ж.Ж.Руссо, А.Дистервег, К.Д.Ушинский және т.б. оқытушының негізгі міндеті - оқушыларды өз бетінше ойлау, зерттеу ізденістеріне бейімдеу деп санаған. Олар дамыта оқыту дидактикасының алғашқы негізін салды. А.Дистервег былай деп жазған «нашар мұғалім шындықты өзі айтады, ал жақсы мұғалім оны табуға үйретеді».

Қазақтың ағартушылары Абай Құнанбаев, Ы.Алтынсарин қоғам қайраткерлері және педагогтар А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов өздерінің еңбектері мен тәжірибелік іс-әрекеттерінде оқушьшарды шығармашылықты дамытуға, өз бетінше ойлай білуге шақырған. Кеңес дидактары мен психолгтары: Л.С. Выготский, Б.Г. Есипов, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Р.Г. Лемберг, И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин және т.б. дамыта оқыту мен оқушылардың танымдық әрекетін белсендірудің теориясы мен тәжірибесіне үлкен, зор үлестерін қосты.

Қазіргі кезде оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің әр түрлі амал-тәсілдері өңделді. Солардың ішіндегі ең маңыздыларына тоқталамыз.

1. Іс-әрекеттік тәсіл - оқушыларды танымдық әрекеттің субъектісі ретінде қарастыруды көздейді. Іс-әрекеттік амал-тәсілдері негізіне әрекет теориясы жатады. Оның басты постулаты былай айтылады. ( бұл туралы Қытай даналығында былай делінген: «Маған айт - мен ұмытпаймын; маған

көрсет - мен есімде сақтаймын; маған өзіме жасауға бер - мен үйренемін»). Оқыту процесін ұйымдастырушы мұғалім үшін іс - әрекеттің құрылымын

320


білу өте маңызды. Оның негізгі компоненті: мотивтері, мақсаты, міндеттері, мазмұны, құралдары, түрлері, әдістері және амалдар нәтижесі. Бұл дегеніміз - мұғалімнің көптеген құралдар арқылы оқушының әсерлі-қызығушылығына, ой еңбегіне, тұлғалық-тәжірибелік шамасына әсер ету қажет. Таным әрекетінің барлық осы компоненттерін тек қана мұғалім емес, оқушылар да меңгеруі тиіс.

Педагогтарға іс- әрекеттің міндетті түрде негізгі түрлерін білу қажет, сонымен бірге оқушыларда: оқыту-танымдық, әлеуметтік, еңбек, ойын, эстетикалық, спорттық-сауықтыру. Бұл іс-әрекеттің барлық түрлері оқушылар мен мұғалімдердің бір-бірімен қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады.Осы іс-әрекеттің барлық түрлерін бір-бірімен байланыстыру өте маңызды.

2) Гумандық психология мен педагогиканың идеяларындағы тұлгалық-бағдарлық тәсіл төмендегі ережелерді тірек етеді. (К.Роджерс):

- Индивид үнемі өзгермелі қоғамның ортасында өмір сүреді. Ол үшін қоршаған дүниені қабылдаудың өзіндік әлемі өте маңызды; бұл өзіндік әлемді сырттан ешкім әлі танып білген емес.

- Адам өзін-өзі танып білуге және өзін-өзі іске асыруға ұмтылады; адамның өзін-өзі жетілдіруге деген ішкі қажеттілігі болады. Жеке тұлғаның дамуы үшін бірін-бірі түсінуі өте қажет,бұл қарым-қатынас барысында жүзеге асады.

- Өзін-өзі жетілдіру, дамыту ортамен ортадағы басқа адамдармен араласудың нәтижесінде іске асады.Адам үшін, адамның өзін-өзі тануы үшін сырттай баға беру өте маңызды, бұл тура және жасырын байланыстардың нәтижесінде іске асады. Тұлғалық-бағдарлық оқыту жағдайында мұғалім оқушылардың танымдық өзіндік әрекетін негізгі ұйымдастырушысы. Қазіргі кезде тұлғалық-бағдарлық оқыту нұсқалық бағдарламалармен, дифференциялды әдістер мен, шығармашылық, үй тапсырмаларымен оқушылардың оқудан тыс іс-әрекетін ұйымдастыру түрлері арқылы жүзеге асырылады.Солардың ішінде ынтымақтастық педагогика әдістерінің келешегі зор.

3). Оқыту процесіндегі зерттеушілік тәсіл - алдыңғыларымен тығыз байланысты. Дәл соны жүзеге асыру оқушылардың нәтижелі өзіндік танымдық әрекетімен қамтамасыз етіледі,ойлау қабілетін дамытады,өзіндік білім алуға дайындайды. Оқушыларды зерттеушілік ізденіс

321


жұмыстарына тарту үшін әртүрлі эвристикалық әдістер қолданылады (эврика - ізденіс): ізденістік әңгіме, ереже, формула, ұғым, дәстүрлі емес есептерді шешу, өз бетінше қорытынды жасау (мұғалімнің басшылығымен), зертханалық және сарамандық жұмыстар,бақылаулар және тәжірибелер. Мектеп тәжірибесінде сонымен бірге оқу жұмысының жеке, ұжымдық, топтық түрлері тәжірибеге ендірілген (мысалы, «миға шабуыл» әдісі, жоба әдісі және т.б.).

Проблемалық оқыту - зерттеушілік-ізденіс - танымдық іс-әрекеттің маңызды құралы. Проблемалап оқытудың негізгі көзін Сократтың эвристикалық әңгімелерінен көруге болады, яғни әңгіменің қисынды құрылуы және сұрақтардың көмегі арқылы өзінің шәкірттерін қарама-қайшылыққа және біртіндеп қажетті қорытындыға алып келген. Ойлаудың эвристикалық тәсілі бойынша (Ю.Н.Кулюткин); оқыту мен ойлауда проблемалық жағдай туғызу (А.М.Матюшкин); проблемалап оқыту И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, В.Н.Максимова, В.Оконь т.б. ізденістік-зерттеушілік міндеттерді, стандарттық міндеттерді шешудегі оқушылардың танымдық әрекеті бұрынғы жүріп өткен жолдардан, үлгіден басқаша екендігін педагогтар мен психологтардың қазіргі заманғы зерттеулері нақты дәлелдеп отыр. Ізденістік іс-әрекет бірқатар жағдайда қарқынды, қызу жүреді, онда эмоционалдық процесстер бірқатар айқын көрінеді, шарықтау шегі кейде шешімді, таңдауды іздеуге және шамалауға әкеліп соғады (О.К.Тихомиров). Проблемалап оқытудың негізгі мәні оқыту процесінде ерекше жағдайат туғызу, яғни оқушы қатынаспай қалмайды, мұғалімнің көрсеткен бағытына сүйеніп қана қалмайды. Проблемалық жағдаятта оқушының меңгерген білімі мен алдыңғы шешілетін міндетінің оның білетін шешімдері мен оны шешу міндеттері арасында қарама-қайшылық айқындалады. Проблемалап оқытудың алгоритмі мәселені қоюдан және саналы түсінуден, болжамды тудырудан, оларды білізді тексеруден, сонымен қатар мәселенің шешілуінің дұрысытығын тексеруден тұрады. Бұған пікірталастар, эвристикалық әңгімелер, проблемалық баяндау және т.б. қолданылады.

4) Алгоритмдеп оқыту тәсілі негізіне белгілі бір міндеттерді орындауға қатаң нұсқаулар қажет. Егер, оқушы типтік есептерді шешудің қайта-қайта жаңа жолдарын іздеуде әр кезде қателер мен сынақтың ұйымсыз жолдармен

322


жүргенде оқыту процесі өте шаршататын тіптен ауыр болар еді. Оқушы бұрыннан белгілі математикалық амалдардың толық сандарын, бөлшектерін пайдаланады; алдын ала жазылған сөйлемдерді талдауда тілді меңгереді. Алгоритмдер мен ұйғарымдардың жүйесіздігінен адам өзінің іс-әрекетінде қарапайым автоматтар мен техникалық құралдарды да пайдалана алмайды (компас, телефон т.б.). Оқыту әрекетінің алгоритмдері оларды

ұйымдастыруға мүмкіндік жасайды, жеңіл, жылдам орындауды жүзеге асырады, сондықтан танымдық іс-әрекет субъективті анық объективті нәтижелі болады. Алгоритмдеу программалап оқытумен тығыз байланысты, оның мәні нақты хабарламаның таңдауынан тұрады, ал оқушыға аз мөлшерде беріліп отырылады. Қадам қозғалысы сайын есептің шешімінің түсінікті, тусініксіздігін, меңгерілген, меңгерілмегенін, шешілген, шешілмегенін бірден көруге болады. Алайда бағдараламап оқытудың талассыз ерекшеліктеріне қарамастан бұл тәсілді жалғыз және әмбебеп деп қабылдауға болмайды. Егер, бала тұрақты, бағытсыз сабақтан сабаққа бағдарламаланған оқулықтың мәтінінің соңынан ілессе, немесе оқыту машинасымен жұмыс жасаса, онда бағдараламалап оқыту жағдайында оқушының ынтасы төмендейді.

5) Оқытуды компьютерлеу. Компьютер дегеніміз - маманның еңбегінің нәтижесін сапалы өзгертіп отыратын құрал. Адамның танымдылығының құралы ретінде ЭВМ-ның колданылуы, білімді пайдалану мен жинақтаудың мүмкіндіктерін кеңейтеді, ойлау әрекетінің жаңа формаларын дамытуға жағдай жасайды, оқыту процесін қарқындандырады.

Бірінші сатыда компьютер оқу әрекетінің пәні болып табылады,

оны меңгере отырып, оқушылар осы машинаның жұмысы туралы білім алады, дағды-білігіне үйренеді, оператор жұмысының дағдыларын меңгереді. Екінші сатыда компьютер оқу есептерін шығарудың құралына айналады. Компьютер оқытуда пайдаланатын қосымша техникалық құрылым ғана емес, сонымен бірге ол тиісті жоспарлауды қамтамасыз етеді. Бұл жерде мәселенің бір жағын - құрастыру және ЭВМ-ді қосуды көптеген қиыншылықтарды жеңе отырып - инженер орындайды, ал екіншісін - педагог; себебі ол есептеу машинасының жұмысына қонымды негізделген дидактикаға сәйкестендіріп адам әрекетін реттейді. Оқытуды жалпы компьютерлеу үшін атгоритмді ойлау қасиеттерін меңгеру керек.

323


Компьютердің келесі бір қиындығы оның құрамы дидактикалық жүйеден басқалармен қатар тұрғандығында (мақсаттары, мазмұны, әдістері, оқушы мен мұғалімнің әрекет тәсілдері). Бұлар өзара тығыз байланыста, біреуіндегі артынан екіншісі жетектейді. Сол себепті мектеп сыныптары мен жоғары

оқу орындарындағы есептеу машиналарының орнығуы компьютерлеудің соңын емес, басталуын, яғни оқыту технологиясының жүйелілігін көрсетеді. Гигиеналық нормаларды сақтамаудан компьютермен жұмыс істеу барысында оқушының денсаулығына үлкен зардабын тигізетінін де естен шығармау керек. Сонымен бірге компьютермен жұмыс оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасының орнын толықтыра алмайды.

6) Қазіргі мектепте дифференциалдап оқыту кең көлемде қолданылады (И.Э.Унт, Е.А.Рабунский т.б.). Бұл жерде маңызды тәсілдің аясы оқушылардың әртүрлі білімнің дамуының көкейкесті деңгейіне сүйену, сонымен бірге «жақын арадағы дамудың зонасын» біртіндеп әрқайсысын жетілген білімнің жаңа тәсілдерін меңгеріп алу. Бұл тәсілдің қиыншьшығы - білім бағдарламасын, дағды мен білікті, пәндік жүйеде әрқайсысы меңгеру керек. Бұл меңгерудің деңгейі әртүрлі дәрежедегі оқушылар үшін жоғары болу керек (әлді, әлсіз, орташа). Бұл тәсіл есту, көру, сөйлеу және қабылдау кемістігі жоқ әрбір оқушының барлық нақты танымдық әрекеттінің жоғары деңгейдегі мүмкіндіктерін меңгерудің негізін қалауы. Қазіргі мектептерде, оқушылардың әртүрлі дәрежесіне бағытталған оқыту тапсырмаларын дифференциалдап оқыту жағдайында не мұғалім бере алады, не болмаса оқушылардың өздері таңдауға болады. Кейбір қиындық тудыратын жағдайларда мұғалімдер үшін маңызды мүмкіндік оқушы талабының деңгейін анықтау ғана емес, оны алдыңғы қателіктерден сақтандыру, оқушының мүмкіндігіне қарай есептерді шешуді ұсыну болып табылады. Бірақ та дифференциалдап оқыту (универсалды) әмбебап тәсіл бола алмайды, себебі оқыту процесіндегі оқытудың басқа да маңызды қорларының оқушылардың дамуында бағалы да мәнді екені белгілі. Сонымен оқушылармен жүргізілетін барлық дәрежедегі жаппай жұмыс олардың жеке мүмкіндіктерінің қаншалықты екенін көрсете алатын маңызды құрал болып табылады. Бұл жерде оқушыға басқалардың еңбегінің нәтижесін көрсететін

324


және жеке қабілеті мен білімінің құндылығын танытатын кері байланыс та іс жүзіне асырылады.

7) Ұжымдық танымдық әрекет негізіндегі тәсіл. Белгілі жарық көрген педагогикалық әдебиеттерде қарым-қатынас проблемасы, оқыту процесіне қатынасушылардың өзара байланысы қарастырылды (М.Д.Виноградов, Н.С.Дежникова, И.Б.Первин, Х.И.Лийметс, Г.Кусайнов, Н.Н.Хан т.б.). Оқушылардың ұжымдық танымдық әрекеті - бұл оқушылардың біріккен іс-әрекеті, оқушылар ортақ тапсырма орындауда өз істерін үйлестіріп, жұмысты өзара бөліп, әркімнің міндетін мұғалім ұйымдастырып беретін, яғни іскерлік тәуелділік жағдай пайда болады, білімді меңгеруде өзара қарым-қатынас ұйымдастырылады, аса бағалы тәжірибе алмасу жүреді (Н.Н.Хан).

Ұжымның танымдық әрекеті сабақта да сабақтан тыс уақытта да педагогикалық процессте жүріп отырады. Ұжымдық танымдық әрекетті ұйымдастыру мұғалімнен тек тоериялық және әдістемелік дайындықты қажет етпейді, сонымен бірге сынып белсенділерімен маңызды жұмыс жүргізуді талап етеді (ассистенттер, консультанттар, кітапханашылар т.б.). Сонымен қазіргі дидактиканың ұсынып отырған әртүрлі ізденіс тәсілдері оқыту процесінің қайнар көзін ашуда қазіргі уақыттағы міндеттерді шешуде, барлық мүмкіндіктері бар тәсілдердің ақиқатына әлі де болса толық жауап бере алмайды.

- Танымдық қызығушылықтың қалыптасуы. Қызығушылық (латынша іпtеrеst – мәні бар, маңызды) - адам ерекше сезінетін қимылдың нақты себебі. Қызығушылықты субъектінің өз әрекетіне оң бағалық қатынасы деп анықтауға болады. Оқуға, білуге деген қызығушылық танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі. Л.С.Выготский: «Ең алдымен баланы бір әрекетке тарту үшін, сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін барлық күшін салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал оқытушы болса тек сол әрекетті басқарып, бағыттап отыруы керек» , - деген.

Оқушылардың танымдық қызығушылығы олардың білімінің деңгейі мен сапасына, ойлау іс-әрекеті мен әдіс-тәсілдерінің қалыптасуына байланысты. Оқушылардың қызығушылығы олардың мұғалімге деген қатынасына да байланысты. Жақсы көрген және сыйлайтын мұғалімдерінің пәнін оқушьшар қызығушылықпен оқиды. Танымдық қызығушылық балалық

325


әесқойлықтан басталады, алайда ол тез арада жарқ етеді де, солайша кенеттен сөніп қалады. Терең білім беруді бұндай әуесқойлық негізінде ұйымдастыруға болмайды. Баланың әустігін ояту үшін тартымды бастау, әсерлі сюжет, оқиғаның күтпеген арнаға түсуі, мәселелік жағдай сияқты тәсілдер қолдану ұсынылады.

Танымдық іс-әрекетке деген қызығушьшықты оятуда келесі қызметтердің маңызы зор: оқудағы жетістікті қамтамасыз ету; оқушылардың артта қалуының алдын алу; «қауіп-қатер балаларының» диагностикасы; үлгермеушілікті болдырмау; оқу материалының мазмұны (тарихи сапарлар, өмір тәжірибесінен мысалдар, мемлекет стандарт шегінен асу т.б.); білім берудің әртүрлі формалары мен әдістері, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану; мұғалімнің оқушыларға қатынасы; балалар ұжымының қоғамдық пікірі; ақыл-ой қабілеттілігі мен жалпы оқу бірліктерін дамыту.

Олардың кейбіруін нақтырақ қарастырайық.

а) Оқудағы жетістікті қамтамасыз ету. Жетістік - адамның белсенді іс-әрекетінің ең маңызды қозғаушы күші. Бұл психологиялық феномен балалық және жасөспірім шақта - басқа себеп-сылтаулар мен ынталандырушылары әлі тұрақсыз немесе әлсіз болғанда көрініс деңгейін табады. Үлгерімі нашар, өз қатарынан артта қалған баланың оқуға деген қызығушылығы тез жойылады, оның сабақтағы танымдық белсенділігі нөлге дейін төмендеп кетеді.

э) Оқушылардың артта қалуының алдын алу, қиыншылықтарға тап болғандардың бәріне көрсетілетін әртүрлі көмек - оқу процесінің нәтижелілігін арттырудың айқын бағыты. Қазіргі мектеп үлгерімі нашар оқушыларға көмектесуде жеке-жеке шараларды қолданудан гөрі барлық оқушылардың оқудағы, танымдық белсенділігінің шарты ретіндегі жетістіктерін қамтамасыз ететін тұтастай бір жүйе қалыптастырады.

б) «Тәуекелшіл-балалар» (дети риска) диагностикасы және олардың оқудағы қиыншылықтарын болдырмау. Ұзақ уақыт бойы оқу процесі балалардың екі категориясының есебінде құралып келген, бірінші категория - «қалыпты балалар» категориясы, яғни баланың дамуы өз жасына сәйкес; және аномалды балалар - дене және психологиялық дамуында айқын ауытқулары бар балалар. Соңғы он жылдардағы ғылыми зерттеулер

326

балалардың осы екі категориясы арасында аралық буын бар екенін дәлелдеді, осы аралық буынға оқудағы қиыншылықтары және мінез-құлқындағы ауытқулары бар балалар жатады, оларды көбінесе «тәуекелшіл балалар» деп атайды. Олардың бойында дене және психологиялық дамуында көзге көрінетін аномалиялары жоқ. Алайда жағымсыз жанұялық және әлеуметтік жағдайлар салдарынан бұл балалардың, мектеп жасына жеткен кезде, мектепте жақсы оқу үшін қажетті қасиеттері мен дағдылары байқалмайдаы. Денсаулығының әлсіздігі, жұмыс қабілетінің төмен болуы, өз құрдастарынан психикалық дамуы жағынан артта қалуы қауіп-қатер факторы, үлгермеушілік, мектепке үйрене алмаушылық, тәртібінің нашарлығының себептері болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша «тәуекелшіл балалар» бастауыш мектеп оқушыларының 20%-ке жуығын құрайды.



«Тәуекелшіл балалармен» жұмыс кезінде баланың даралық ерекшеліктерін ескеретін әртүрлі әдістер қолданылады. Осы әдіс негізінде бірнеше негізгі принциптер жатыр: баланың дамуындағы мықты деген жақтарына сүйену; мақсатты және оқушының оны орындай алуын нақты анықтау; үздіксіз кері байланыспен қаматасыз ету; баланың жеткен нәтижелерін ғана емес, сондай-ақ оның оларға жетуге деген талпынысы мен ықыласына әрдайым оң баға беру. Осы принциптердің жиынтығы оқушыға жетістік ахуадын және толғаныс сезімін кешуді қамтамасыз ету керек, ал ол себеп-сыптау өрісін жоқ қылатын жетіссіздікке бой ұру қаупі бар баланың танымдық белсенділігінің басты шарты болып табылады.

в) «Жасырын үлгермеушілікті» жеңу. Танымдық белсенділік тек сабақта артта қалған оқушыларда ғана төмендейді. Ол дарынды балаларда да төмендеуі мүмкін, егер мұғалімнің сабақ беру деңгейі олардың қабілеттілігі мен қажеттіліктерінен төмен болса, мұндай жағдай «жасырын үлгермеушілік» феномені пайда болады, яғни қабілетті баланың оқу нәтижелері оның мүмкіндіктері-мен сәйкес келмейді.

Көптеген зерттеулер дарындылық ұғымын кеңейтеді, оның «ақыл-ой күші», «ой өрісінің жоғары көрсеткіші» сияқты бірыңғай түсіндірмесінен әлдеқайда алшақтатып жібереді. Дарындылық қызығұшылық тұрақтылығы, мақсаттылық, өз күшіне деген сенім сияқты даралықтың, жеке тұлғалықтың көптеген сипаттамаларынан тұрады. Соңғы он жылда әртүрлі әдістердің көмегімен дарынды балаларды іздеу өрісі едәуір кеңейді. Жекеменшік және

327


арнайы мектептермен қоса жалпы білім беретін мектептердегі дарынды балаларды табу мен оқытудың жүйесі қарқынды қалыптасып келе жатыр. Оның қалыптасуына үкімет заңдары, жарлықтары, мемлекеттің қаржылай көмегі де жағдай жасайды. Мысалы, 1998 жылдан бастап Қазақстанда «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік Орталығы қызмет жасап жатыр, бұл Орталық дарынды балалармен жұмыс жүйесін қарастырады.

г) Профильдік оқыту, көбінесе, профильдік саралау негізінде білім берудің жоғары сатысында жүргізіледі. Профильдік оқыту келесі формаларда жүзеге асырылуы мүмкін: кәсіптік білім беру мекемелері, сыныптары, топтары.

Профильдік оқыту (жаратылыс ғылымдары, гуманитарлық-филологиялық, әлеуметтік-экономикалық, физика-математикалық, көркемдік-эстетикалық т.б.) оқушылардың қызығушылығы мен қабілеттілігін, сондай-ақ, білім беру мекемесінің педагогикалық ұжымының мүмкіндіктерін, жергілікті білім беру жүйесінің құрылымын және әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін есепке ала отырып жүргізіледі. Мектептің жоғары сатысының кәсіптік сипаты білім берудің мемлекеттік' стандартының негізінде лайықты бағдарламалар, соның ішінде авторлық бағдарламалармен жүзеге асырылады.

Педагогтар тәжірибесіндегі оқу іс-әрекетін белсендіру.

Оқытуды қазіргі заман тұрғысынан талдайтын болсақ, олардың бәрін, қазіргі қоғамның аса маңызды қажеттіліктеріне жауап беретін, өсіп келе жатқан адамның дамуы мен тәрбиесі идеясы біріктіріп тұрғанын анықтау қиын емес. Олардың бәрі оқушыны танымдық іс-әрекеттің және өзіндік дамудың субъектісі ретінде қалыптастыра алады. Өзінің себеп-сылтауларымен, ынтасымен, қажеттіліктері мен мақсат-мүдделерімен, жан-жақты негізді білімдарлыққа деген талпынысы мен мүмкіндіктерімен қалыптасып келе жатқан жеке тұлға қазіргі дидактиканың орталығына айналады. Оқудың мақсаты - адамның білім қазынасын көбейту ғана емес, тіптен адам өзінің аман-есен өмір сүруі үшін сол білімдерді пайдалана алады. Баланы өз заманына сай, айтарлықтай шығармашылық потенциалы бар жеке тұлғаны қалыптастыру үшін оқыту керек, ондай жеке тұлға үшін ғылым, білім, эрудиция қоғамдық құндылықтарды жасау арқылы қоршаған болмысты түрлендіріп, өмір мен басқа ортаны жақсартудың құралы болып табылады. Ақиқат пен жақсылыққа деген ынтасын ояту, оқушыны ­біздің шәкіртімізді

328

ақиқатқа жету тәсілдерімен, құнды бірліктерімен қаруландыру, іс-әрекеті мен көзқарастары арқылы дүние мен адамдарға деген өзінің өнегелілік қатынасын білдіру, сондай-ақ - оқушыға білім беру, дамыту және тәрбиелеу бір арнаға бағытталып жатқан қазіргі заманғы оқыту процесінің мәні, міне осында. Ең бастысы, қазіргі қоғамға өз пікіріне берік, жаңа қоғамдық қатынасты дамытушы керек. Идеялық-адамгершілік қоғамдық бағыттылық оның ниетін, ынтасын, өмірлік жоспарын белгілеуі керек. Оқытудың әлеуметтік мақсаттары ағартушылық, дамытушылық және тәрбие іс-әрекеті арқылы жүзеге асады.



Жоғарыда аталып өткеннің бәрі шебер мұғалімдердің тәжірибесінде көрініс тапқан (Ш.ААмонашвили, С.Н.Лысенкова, И.П.Волков, В.Ф.Шаталов, К.Бітібаева, К.Нұрғалиев, Р.Б.Нұртазина, А.Ысқақов т.б.). Олардың жаңашыл ізденістері Кеңес Үкіметі кезінде-ақ басталған. Қазіргі уақытта мұғалімнің таңдау мүмкіндігі бар кезде педагогтар шығармашылығы кең өріс алуда. Бірақ, өткен жылдардың педагогтарының иедялары мен технологиялары әлі де өз күшін жойған жоқ.

Әрбір педагогтың тәжірибесі бірегей болса да, олардың ортақ идеялары да бар, олар:

- балаларға деген ізгілікті тұлғалық қатынас, әрбір оқушыны жеке тұлға деп санау;

- оқушының ішкі жан дүниесін, оның мақсат-мүддесін, ынтасын, қабілеттілігін, жанұя өмірінің жағдайларын тани білу;

- оқушылармен қарым-қатынасты дұрыс құра білу, оларды оқу-тәрбиелеу процесінің әріптесі қылу, баланың тілегі мен ынта-ықыласын есепке ала отырып танымдық іс-әрекетке араластыру;

- оқушыларға қиынырақ мақсаттар қоя білу және оқушылардың сол мақсаттарға жете алу сенімін нығайту;

- балалар ұжымына сүйену: сабақ - ұжымдық еңбек, мұғалім мен балалардың ұжымдық шығармашылығы;

- оқушыларға мүмкін болған кезде, тапсырмаларды еркін таңдау құқығын бере білу;

- бағдарламалық материалды ірі блоктарға біріктіру және тірек-сүйеніштерді пайдалану (тірек ишаралар, сызбалар, кестелер т.б.);

- оқушылардың ұжымдық және даралық өзін-өзі талдай білуге қатыстыру;

- оқушылары ұжымдық, қоғамдық шығармашылыққа үйрету.

329


Педагогтардың осы идеяларын ынтымақтастық педагогикасында біріктіруге болады. Алайда, ынтымақтастық идеясы жай сөз ретінде қалмас үшін оны әдістемемен бекіту қажет. Балатармен ынтымақтастықты жаңа тоқсаннан бастап жариялауға немесе енгізуге болмайды, оған жылдар бойы жету керек. Ынтымақтастық педагогикасы балалармен қарым-қатынас кезінде оларға деген қатынастың өзгеруінен пайда болады.

Педагогтар мен шебер ұстаздар тәжірибесінде оқытудың негізгі формасы - сабаққа ерекше көңіл бөлінеді. Ол айтарлықтай өзгерген және мектептегі балалардың дербестігін, шығармашылық белсенділігін дамытуға деген бағыттылығына негізделген жаңа формалармен толықтырылған. Сабақты сақтай отырып, қазіргі мектеп оған жаңа бағыт береді, оны басқа формалармен толықтырады, ол формаларда оқушы білімінің өз бетінше, дербес «табыскері» ретінде көрінеді.

Оқушылардың белсенділігін арттырудың жаңа формаларын шеберлікпен пайдалана отырып, ұстаздардың белсендіру әсерін жүзеге асырады,онда оқушылар: өз пікірінде тұра алуы; пікірталастар мен талқылауларға қатысуы; өз жолдастарына және мұғаліміне сұрақ қоя білуі; жолдастарының жауаптарын түзету; жолдастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын бағалай білу; артта қалған оқушыларды оқытуы; үлгерімі нашар оқушыларға түсініксіз жерлерді түсіндіуі; өз бетінше шамасы келетін тапсырмаларды тандауы; танымдық міндетті (мәселені) шешудің бірнеше түрін табуы; өзін өзі тексеру үшін, өзіндік танымдық және тәжірибелік әрекеттерін талдау үшін ойластыруы; танымдық міндеттердің шешімін өзіне белгілі тәсілдерін жинақтап қолдануы жүзеге асырылады.

Жаңашыл педагогтар мен шебер ұстаздар тәжірибесінде оқыту әдістері өзгеріп отырады. Ұзақ уақыт бойында мектеп, оқыту процесінің елеулі бөлігі болып табылатын әдістерің алуан түрін жинақтаған. Алайда олардың ара қатынасы, артықшылғы, нақты толысуы мектептің мақсаттық бағыттарына қарай өзгеріп, артықшылығы, нақты толысуы мектептің мақсаттық бағыттарына қарай өзгеріп отырады. Балалардын танымдық және шығармашылық белсенділігін дамытудың міндеттерін бірінші орынға кою дәстүрлі әдістерге елеулі өзгерістер енгізіп, жаңаларының пайда болуына жағдай жасайды.

330

Ауызша баяндау әдістері мектепте, бұрыннан-ақ, басты орын алып келеді. Мұғалім сөзі, оқулықтар - оқыту процесінің бұрыннан келе жатқан құралдары. Алайда, соңғы он жылда олар проблемалық сипатқа ие болып келеді. Проблемалық әдіс ақырындап оқулықтар мазмұнын өзгертіп келеді. Фактілерді эпикалық түрде баян етудің орнына оқу материалы көкейкесті ғылыми және әлеуметтік мәселелер төңірегінде топтастырылады, оларды шешудің әртүрлі теориялық әдістері ұсынылып, оқушылар үшін проблемалық міндеттер мен сұрақтар тұжырымдалады. Оқулықтар құрылымындағы, мұғалімнің оқу материалын түсіндіруіндегі жүйелі проблема қою әдісі оқыту процесінде басты орынға ие болып келеді.



Проблемалық әдіс дәстүрлі көрнекілік және техникалық кұралдарда да қолданылады. Теле және бейнежазулар, кино және диафильмдер жағдайлар мен құбылыстардың жай ғана бейнеленуі емес. Олар оқушылардың жануарлар мен өсімдік әлемінің динамикасын, физикалық құбылыстардың пайда болуы мен барысын көріп, басқа елдердегі халықтардың өмірімен таныса алатындай етіп жасалған. Фильмдердегі текстер, проблемалық және пікірталас сұрақтары оқушылардың көңілін қарама-қайшылыққа, қоғамдық және табиғи феномендерді ғалымдардың әртүрлі талқылауларына аударады.

Оқу процесінің жаңаруы мектеп лабораторияларындағы оқушылар іс-әрекетінің орнымен мазмұнының өзгеруімен байланысты. 40-шы Дүниежүзілік конференция 1980 жылдары-ақ өзінің ұсыныстарында «оқушылардың ғылыми зерттеулер мен технологиялық даму процестеріне қатысу белсенділігін арттыратын лабораториялық сабақтарға арналған уақыт екі есе көбейтілген, лабораториялық тапсырмалардың мазмұны эвристикалық сипатқа ие болуда. Қатал ережеге негізделген тапсырмалар, көбінесе, оқушыдан шығармашылық әдіс пен өзіндік ойлауды керек ететін ізденіс міндеттерімен алмастырылады.

Оқушылардың өздік жұмысының, оқыту тәсілі ретінде, өздігінен білім алуға, жүмысты жоспарлаудың маңызды дағдыларын қалыптастыруға, оны ұйымдастыру мен өзін өзі бақылауға, ақпаратты талдау мен сараптауға, жалпы қорытынды жасауға, жүмысқа тиісті түзетулер енгізуге дайындығы үшін маңызы өте зор. Өзіндік жұмыстың дәстүрлі түрі - үй жұмысы, оны оқушы мұғалімнің көмегінсіз жасайды. Кейде тапсырма ерекше материал

331


жинастырумен, сұрақ-жауап, бақылау жүргізумен байланысты болып келеді. Мұндай өздік жұмысты проект - жоба дейді. Оқушылар тобы немесе жеке оқушы жобаның тақырыбы мен міндеттерін анықтап, тек мектеп қабырғасында ғана емес, сондай-ақ мектептен тыс та жұмыс істей алады (мұрағаттарда, мұражайларда, қалалық кітапханада, мекемелерде т.б.). Жоба әдісі оқушыны оқу субъектісі етіп қана қоймай, оның қазіргі ақпараттар заманындағы өте маңызды әртүрлі бағыттан келіп түскен ақпаратты жинастыру мен талдау дағдыларын қалыптастырады.

Танымдық және шығармашылық белсенділікті арттыру міндеті дидактикалық рөлдік ойындардың пайда болуына себеп болды. Эмоционалдық өріске бағытталған олар оқушылардың танымдық ынта-ықыласына, қиялына дем беріп, оқу процесінде аз қамтылатын жеке тұлғалық компоненттердің қызметін арттырады. Бүгінде батыс елдердің коммерциялық фирмалары әр жастағы оқушыларға арналған көптеген дидактикалық ойындар шығарады. Оларды барлық пән мұғалімдері қолданады, әсіресе тарих, қоғамтану, биология пәндері бойынша. Суреттермен, портреттермен, сызбалармен, текстермен жұмыс істей отырып, оқушылар тарихи оқиғада, қазіргі әлеуметтік құбылыста, мектептің аса маңызды мәселесін шешуде «жеңіліске ұшырап қалуы» мүмкін. Рөлдік ойындар мен драматизация ынта-ықыласты оятатын мықты педагогикалық тәсіл ретінде қарастырылады. Ол мұғалім оқушыларға мәселені шешу, қарама-қайшылықтын шығу жолын табу міндетін қойған кезде ерекше нәтижелі аяқталады.

Соңғы жылдары мектептерге жаңа техникалық құралдар кеңінен енгізілуде. Микроэлектроникаға негізделген бір беткей жаңа ақпарат тасушылардың пайда болуымен байланысты ақпарат революциясы соңғы он жыл ішінде мектептің дәстүрін айтарлықтай өзгертті. Болашақ білім беру көбінесе теледидар, аудио және бейне аппаратура, микрокомпьютер сияқты техникалық құралдары қазіргі заманғы ақпарат құралдарын ары қарай пайдаланумен байланысты.

Алайда қандай да керемет техника болмасын, ол мектептегі мұғалім орнын баса алмайды, бұл жағдай ең басты, ең маңызды болып қала береді. Оқушылардың танымдық белсенділігі, ең бірінші, сыныптағы мұғалімнің орнына, оның әрбір оқушының жақсы оқу қабілеттілігіне деген сеніміне, оқушылардың жетістіктерін әрдайым демеп отыруына байланысты. Нағыз мұғалімге мына қасиеттер тән: балаға деген сый мен сүйіспеншілік, оның

332

мүмкіндігіне сенім, оқушының өрлеу, жетістік, өз күшше сену сияқты сезімдері пайда болатын жағдайлар жасау. Микроэлектрлік техникамен органикалық байланыстағы адамгершілігі мол мұғалім оқу процесі мен мектептің бүкіл кейпін түбегейлі өзгерте алады. Мұндай жағдайдағы оқу бала үшін қиын емес, жаңаны тану, зерттелмегенді өз бетінше ашу, танымдық іс-әрекетінің жетістіктеріне жету қуанышына айналады.



Осылайша, кешенді тұрғыда келу ғана оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің практикалық шешімі туралы айтуға мүмкіндік береді.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

1) Қазіргі заман мектебіндегі оқушының танымдық іс-әрекетін

белсендірудің маңыздылығын дәлелдеңіз.

2) «Оқушылардың танымдық белсенділігі», «оқушылардың танымдық іс-

әрекетін белсендіру» ұғымдарының мәнін, олардың өзара байланысы

мен өзгешелігін ажыратыңыз.

3) Оқушының танымдық белсенділігінің құрылымдық компоненттерін

атаңыз.

4) Оқушылардың танымдық белсенділігінде оқу мотивациясының қандай



манызы бар? Оқу мотивациясы ретінде не болуы мүмкін?

5) Оқушылардың танымдық белсенділігі жалпы оқу және арнайы

біліктерді меңгерумен байланысты екенін дәлелдеңіз. Басты, жалпы оқу

біліктерін атаңыз.

6) Оқыту процесіндегі субъект-субъектілік қатынас дегеніміз не? Оқыту

процесіндегі іс-әрекеттің субъектісі кім?

7) Оқушылардың репродуктивтік және продуктивтік танымдық іс-әрекетін

қалай түсінесіз? Өз мамандығыңыздың пәні бойынша репродуктивтік

және продуктивтік сипаттағы тапсырмалардан мысал келтіріңіз.

8) Оқыту процесіндегі оқушылардың танымдық белсенділігін қандай

белгілер арқылы білуге болады? Оларды қандай әдістер көмегімен

өлшеуге болады?

9) Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің тәсілдерін,

формаларын, әдістерін сипаттаңыз. Өз мамандығыңыздыз пәні

бойынша мысалдар келтіріңіз.

10)Оқушылардың танымдық іс-әрекетін жетілдірудің қазіргі

дидактикалық әдістерін атаңыз.

333


Өзіндік жұмыска арналған тапсырмалар

1) Оқушылардың танымдык іс-әрекетін белсендіру мәселесі бойынша

әдебиеттер тізімін жасаңыз.

2) Өз мамандығыңыздың пәні бойынша жеке даралық тапсырмалар

құрастырыңыз.

3) Өз мамандығыңыздың пәні бойынша оқушылардың танымдық

белсенділігін арттыратын екі-үш ойын құрастырыңыз.

4) Оқытылатын пәннің біреуі бойынша (математика, физика, биология,

тарих т.б.) мәселелік жағдайлар құрастырыңыз.

5) Өз мамандығыңыздың пәні бойынша дарынды балаларға арналған

зерттеу тапсырмаларын құрастырыңыз.

Реферат тақырыптары

1. Іс-әрекет - оқушы жеке тұлғасының қалыптасуының негізі.

2. Танымдық іс-әрекет - жеке тұлғаның дамуының құралы.

3. Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық

сипаттамасы.

4. Таным мәні, оқьпу процесіндегі оқушы белсенділігі мен іс-әрекетін

белсендіру.

5. Л.В.Занков, В.В.Давыдов еңбектеріндегі дамытып оқыту идеясы.

Әдебиеттер:

1. Аристова Л.П. Активность учения школьника. М., 1988

2. А.Е.Әбілқасымова Студенттердің танымдық ізденімпаздығын

қалыптастыру. Алматы, «Білім», 1994

3. Бабанский Ю.К. Оптимизация процесса обучения. М., 1980

4. Горшкова В.В. Активность личности школьника в совместной

деятельности с учителем. Пособие по спецкурсу. Хабаровск, 1989

5. Коллективная учебно-познавательная деятельность школьников. /Под

редакцией И.В.Первина. М., 1985

6. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев Педагогика. Университеттер

студенттеріне арналған оқу құралы. Астана, 1998

334


7. Педагогический поиск. М., 1987

8. Пидкасистый И.П., Порожков М.Я. Искусство преподавания. М.,

1999


9. Скаткин М.Н. Активация познавательной деятельности учащегося в

обучении. М., 1965

10. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогическом процессе школы. Алматы,

1997


11. Харламов Й.Ф. Как активизировать учение школьников. Минкс,

1975


12. Шамова Г.И. Активизация учения школьников. М., 1982

13. Щукина Г.И. Активизация познавательной деятельности учащихся

учебном процессе. М., 1979

14. Щукина Г.И. Роль деятельности в учебном процессе. М., 19862.

335

2.15. Оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін есепке алу мен бағалау



Мақсаты: оку-тәрбие жұмысының нәтижесін есепке алу мен бағалаудың негізгі әдістерінің сипатымен танысу.

Міндеттері:

а) Оқу-тәрбие жұмысының нәтижелерін бағалау ұғымын құру.

ә) Мектеп ішілік бақылау туралы ұғым беру.

б) Оқу-тәрбие жұмысының нәтижелерін бағалаудың әдістерін пайдалану білігін қалыптастыру.



Жоспар

1. Бақылау мен есепке алудың мәні. Мектеп ішілік бақылау.

2. Оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің негізгі әдістері.

3. Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау.

4. Оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін бағалаудағы сабақтың орны.

Негізгі ұғымдар: педагогикалық процесс, бақылау, бағалау, өзін өзі бағалау, өзара бағалау, мектеп ішіндегі бақылау, білім, білік және дағдылардың сапасы, оқушының тәрбиелілігі, психологиялық бақылау мен диагностика.

Басқа пәндермен байланысы: философия, әлеуметтану, психология, жеке әдіснамалық пәндер.

Бақылау мен есепке алудын мәні. Мектеп ішілік бақылау. Оқыту мен тәрбие нәтижелерін есептеу мен бағалау тұтас педагогикалық процестің маңызды компоненті болып табылады. Ол әрдайым мұғалімнің назарында болады, педагогикалық процестің тиімділігі мен нәтижелілігін көрсетеді. Сондықтан, жалпы оқыту процесіндегі оқушылардың білім, білік және дағдаларын тексеру мен бағалаудың қандай орын алатынын, онда оқыту, дамыту және тәрбие үшін қандай потенциалды мүмкіндіктер барын, бұл мүмкіндіктерді оқу іс-әрекетін белсендіру үшін қалай дамытып, пайдалану керектігін, оқыту жемісті болу үшін нәтижесіне не ықпал ететінін қарастыру қажет.

Оқыту нәтижесін тексерудің мәні - оқушылардың белгілі бір бағдарлама, пән бойынша білім беру стандартына сай білімді меңгеру деңгейін анықтау. Алайда, қазіргі педагогикада тұтас педагогикалық процесті тексеру мен бақылау ұғымдарының ауқымы айтарлықтай кең.

336

Оқытуды бақылау дегеніміз, бір жағынан, мұғалімдер мен мектептердің жұмыстарын тексерудің әкімшілік-ресми тәртібі, нәтижелерін басқару шешімдерін қабылдау үшін қызмет ету. Ал екінші жағынан, оқытуды бақылау дегеніміз мұғалімнің оқушылар білімін тексеруі мен бағалауы. Отандық ғылымда "педагогикалық диагностика" атауының қолдану аясы тар және көбінесе тәрбие саласында көбірек қолданылады, онда ол тәрбиелілік деңгейдің өлшемі мен талдауын білдіріп, психодиагностикаға жақындай түседі. Оқыту процесіне қатысты "педагогика диагностикасы" атауын жоғарыда келтірілген мағынада қолданған орынды. "Бақылау", "педагогикалық процесс нәтижелерін тексеру мен есепке алу" сияқты дәстүрлі атаулармен де қолдануға болады.



Бақылау мазмұнының мәні ерекше. Оқушылардың білім, білік және дағдылары тексеруге жатады деп есептелінеді. Білімдерден басқа шәкірттердің әлеуметтік және жалпы психологиялық дамуы мектеп жетістіктерін тексерудің мазмұны болып табылады. Мектеп тек білімдерді қалыптастырып қана қоймай, тәрбиелеп, дамытатын болғаңдықтан, мектеп жетістіктерін тексеру бағыттарында да жүргізілуі керек.

Осылайша, тұтас педагогикалық процесте оқу-тәрбие жұмысы нәтижелерін есепке алу мен бағалау мұғалімдер мен оқушылар іс-әрекетіндегі құбылыстардың барлық жағын қамтуы керек.

Мектептерде педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелерін есепке алу мен бағалау мектеп ішіндегі бақылау жүйесіне енгізілген. Мектеп ішіндегі бақылау - қойылған міндеттерге сәйкес тұтас педагогикалық процеске түзетулер енгізу мақсатында оқу-тәрбие процесін жан-жақты зерттеу мен талдау. Мектеп ішіндегі бақылау -күрделі де көп жақты процесс, ол да барлық тұтастықтар сиякты заңды тәртіп ретінде, бір бірімен тығыз байланысты және әрқайсысы белгілі бір қызмет атқаратын бөліктердің тұтастығынан түрады.

Мектеп ішіндегі бақылау жүйесі белгілі бір дидактикалық талаптарға негізделеді. Бақылаудың мазмұны мен әдістеріне деген бұл талаптар үйлесімді, басқару қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдайларды анықтайды. Қазіргі зерттеушілер бақылауға төмендегідей дидактикалық талаптар қояды:

1. Бақылау мазмұнының бағдарламалық талаптарға сәйкес болуы. Егер талаптар төмен болса, білім беру деңгейі де төмендейді; ал талаптар жоғары

337


болған жағдайда оқушыларға шамадан тыс салмақ түседі.

2. Алынған ақпарат мазмұнының шынайлығы мен анықтығы.

3. Оқушылар дайындығының негізгі элементтеріне талдау жасау қажеттігі.

4. Бақылау шапшаңдығы, жүйелілігі мен жариялылығы.



5. Бақылаудың даралық және ұжымдық формаларын үйлестіру.

Алынған ақпарат көлемі бойынша бақылаудың келесі түрлерін ажыратуға болады:

а) жаппай бақылау, мұғалім мен оқушының жұмысы жүйесінің негізгі компоненттері зерттелінеді;

ә) тақырыптық бақылау, кез келген процестің бөлігі болып келетін мәселенің талдауымен байланысты.

Мектеп ішіндегі бақылаудың белгілі бір формалары бар және ол тиісті әдістер арқылы жүзеге асырылады. Бақылау әдістері мен формаларының алуан түрлілігі оның объективтілігін арттырып, әрбір мұғалім мен тұтас цедагогикалық ұжымның іс-әрекетінің ұжымдық бағалауы үшін жағдай жасайды. Бақылаудың әрбір формасының мақсаты болуы керек, ол оқу-тәрбие жұмысының әртүрлі кезеңінде пайда болуы мүмкін қиыншылықтардың алдын алуға жағдай жасауы керек.

Бақылаудың үш түрі бар:



1. Алдын ала бақылау: сабақ өткізу үшін әзірленген жоспарлар, материалдармен танысу; түсіндіру, бекіту әдістері мен формалары туралы, оқушылардың өзіндік жұмысының тәсілдері туралы әңгіме жүргізу.

2. Күнделікті бақылау: сабақты немесе сабақтардың өтуін бақылау, оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексеру, оқушылар жұмысын қарап шығу;

3. Қортынды бақылау: белгілі бір уақыт аралығындағы мұғалімнің оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысының нәтижелерін зерттеу. Журналдар, мәлімет тізімдерді тексеріп, бақылау жұмыстары, сұрақ-жауап өткізу.

Мектеп ішіндегі бақылау жүйесінде педагогикалық процестің жай-күйін зерттеу келесі мәселелерді тексеруді керек етеді: мектеп жасыңдағы балалардың барлығына толық білім беру туралы белгіленген талаптарды _ орындау; мемлекеттік оқу бағдарламаларын толық көлемде орындау;

338

оқушылардың білім, білік және дағдыларының деңгейі (тексеру жұмыстары негізінде анықталады); оқушьшардың тәрбиелілік деңгейі.



Аталып кеткен қортындыға байланысты мектеп құжаттарын жүргізу, оқытудың тәрбиелік сипатының болуы, сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстардың сапасы, барлық оқушылардың үйлесімді ақыл-ой және жекелік дамуын қамтамасыз ететін оқыту процесінің даралануы (мектеп исихологінің қатысуымен жүргізіледі) тексеріледі.

Оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің негізгі әдістері. Оқыту процесінің құрамды бөлігінің бірі болып келген оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің мақсаты окушылардың оқу жұмысын бақылау мен олардың үлгерімін есепке алу. Мұғалімге оқушылардың білім, білік және дағдыны толық және сапалы түрде меңгеруі аз. Оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді анықтап, мұғалім оны жоюға тырысады, оқушыларға ақыл-ой және практикалық жұмыс тәсілдерін үйретеді. Білім сапасына ерекше мән беріледі, ол мына қасиеттермен сипатталады: білімнің толықтығы мен ғылымилығы -белгілі бір оқу пәнінің мектеп бағдарламасына сәйкес өзегі болатын негізгі мағлұматтар, түсініктер мен ұғымдар, ережелер, заңдар, теориялар; білімдерді меңгеру саналылығы - оқушының ғылыми заңдар негізінде фактілерді, құбылыстарды, материалдық әлем заттарын түсіндіре алуы, білімдерді ұқсас жағдайларда қолдана алу және білімдер мен іс-әрекет әдіс-тәсілдерін жаңа жағдайларға кешіре алуы; білімдер жүйелілігі - жаңа түсініктер мен ұғымдардың оқушы санасындағы бұдан бұрын игерген білімдермен тығыз байланысы; беріктік - жинақталған білім саны мен іс-әрекет әдіс-тәсілдерінің оқушы есінде сақталуы.

Оқушылардың оқуға қатынасы, дербестік, еңбекқорлық, ынталылық, берілген тапсырманы дер кезінде орындау мен оның сапасына деген жауапкершілік сияқты оқушы жеке тұлғасының басты қасиеггерінін қалыптасуы оқушылардың білімін тексеру мен бағалау қалай жүргізілгеніне байланысты. Осылайша, тексеруге тек бақылаушылық қана емес, сонымен қатар, тәрбиелілік пен дамытушылық қызметтері де тән.

Оқушылар білімінің, білік және дағдалырының сапасын бақылау келесі элементтерден тұрады:- білімді қабылдау, мәнін түсіну және есте сақтау

339


деңгейінде тексеру, яғни оқушының сабақта мұғалімнен және өздігінен оқулықты оқығанынан алған білім санын еске түсіре алуын тексеру (бұл көбінесе теориялық метариалды тексеруге қатысты);

- білімдерді ұқсас жағдайда қолдану деңгейінде, яғни үлгі бойынша тексеру;

- білімдерді ойлаудың кейбір дәстүрлі емес элементтерін көрсетуді талап ететін жаңа жағдайда қолдану деңгейінде тексеру.

Оқушылардың білімінің, білік және дағдаларының сапасын бақылау келесі мақсат пен міндеттер арқылы анықталады:

1. Оқушылардың белгілі бір пән бойынша білімдерінің шынайы жай-күйі және бұл білімдердің лайықты мемлекет бағдарламаларының талаптарына сай болуы.

2. Тәжірибелік білік пен дағдаларды ұқсас және жаңа жағдайлар деңгейінде игеру дәрежесі.

3. Бүкіл сыныптың немесе жеке бір оқушы білімінің нашар болуының себебі.

Процесс ретінде білім, білік және дағдыларды бағалау жеке оқушыны бақылау (тексеру) барысында жүзеге асырылады. Бағалаудың шартты көрінісі баға, ол көбінесе балл түрінде болады. Отандық дидактикада бағаның 4 балдық жүйесі қалыптасқан: "5" -толық меңгерген (өте жақсы); "4" - жеткілікті меңгерген (жақсы); "3" - жеткіліксіз меңгерген (қанағаттанарлық); "2" - мүлдем меңгермеген (өте нашар).

Білім сапасының сандық көрсеткіші мына формула бойынша анықталады: k=Z/п, Z - "4" және "5" бағалары бар оқушылар саны, п - оқушылардың жалпы саны.

Үлгерім бағасын оқыту сапасы мен оқушылардың танымдық белсенділігінен бөліп қарауға болмайды. Оқушылардың оқып жатқан материалды меңгеру дәрежесіне объективті және әділ баға берудің маңызы зор болғанымен, қойылатын бағаны оқушыларды оқу іс-әрекетіне мәжбүр ету амалына айналдыруға болмайды.

Бақылау әдістері - оқытудың жетістігі, оқу процесінің тиімділігі туралы мағлұмат алу мақсатында оқыту процесінде қарама-қарсы байланысты қамтамасыз ететін мүғалім мен оқушылардың бірізді, өзара байланысты диагностикалық қызметтерінің жүйесі. Бақылау әдістері оқыту процесі туралы жүйелі, толық, нақты және жылдам ақпарат алуды қамтамасыз

340


етулері керек. Бақылаудың мынандай әдістері бар: ауызша бақылау әдістері, жазбаша бақылау әдістері, тәжірибелік бақылау әдістері, дидактикалық тестер, бақылап-зерттеу. Кейбір зерттеушілер нәтижелерді зерттеудің басқа да әдістерін ұсынады.

Ауызша бақылау әдістері - бұл сұқбат, оқушы әңгімесі, түсіндірме, тексті оқу, технологиялық карталар, сызбалар, тәжірибе туралы хабарлар. Ауызша бақылаудың негізін оқушының монологиялық жауабы (қортынды бақылауда бұл толығырақ, жүйелі баяндама) немесе мұғалім сұрақ қойып, оқушыдан жауап алатын сұрақ-жауап формасы - сұқбаты құрайды. Ауызша бақылау әр сабақ сайын жеке-дара, жаппай немесе құрастырылған формада жүргізіледі. Оқушылардан жеке-дара сұрақ-жауап алу мұғалімге меңгеру деңгейі туралы толығырақ және нактырақ мәлімет алуға мүмкіндік береді, бірақ, екінші жағынан, ол басқа оқушыларды сабақта әрекетсіз қалдырады. Жаппай сұрақ-жауап алу барлык оқушыларды бірден қамтыса да олардың білімді меңгергені туралы үстіртін мағлұмат береді. Оқытудың белгілі бір уақыт аралығындағы білімді тексерудің ең тиімді де толық түрі сынақ (зачет) пен емтихан болып табылады.

Жазбаша бақылау әдісі (бақылау жұмысы, мазмұндама, шығарма, диктант, реферат) білімді меңгерудін терең әрі жан-жақты тексеруін қамтамасыз етеді, өйткені ол оқушының білімі мен білігінің тұтас жиынтығын талап етеді. Жазбаша жұмыста оқушы теориялық білімін де, оларды нақты бір міндеттер мен мәселелерді шешуде қолдана алуын да көрсетуі керек. Сонымен қатар, бұл әдіс арқылы оқушының жазба тілін игеру дәрежесі, мәтінді мәселеге сай, қисынды етіп сөйлем құрап, баяндай алуы, шығармаға, экспериментке, мәселеге баға бере алуы көрінеді.

Тәжірибелік бақылау әдістері көбінесе кәсіптік мектептерде (техникалык, медициналык, педагогикалық білім беретін) қолданылады, өйткені бұл әдіс негізінде оқушылар лабораториялык сынақтар жүргізеді, бұйымдар жасайды, аппарат монтаждайды.

Дидактикалык тестер оқыту нәтижелерін тексерудің ең жаңа әдісі (амалы) болып табылады. Дидактикалық тест дегеніміз -белгілі бір материал бойынша оқушылардың оны меңгеру дәрежесін анықтайтын стандартты тапсырмалар жиынтығы. Тестердің артықшылығы оның шынайылығында,

341


яғни білімді тексеру мен бағалаудың мұғалімге байланысты еместігінде. Тестердің төрт түрі бар:

- Оқушының есте сақтау мен еске түсіру керек деректерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, барлық мәліметтерді білетінін тексеру, яғни бұл жағдайда репродуктивті жауаптар талап етіледі.

- Алынған білімдер негізінде ойлау қызметін орындай алуын тексеру, бұл, негізінде, типтік міндеттерді шеше алу.

- Өткен тақырыптарға өзіндік сын баға бере алуы.

- Білімдерді алынған мәліметтер негізінде жаңа нақты жағдайларда қолдана білуі.

Бақылау мен тексеру оқушының артта қалуының себептерін ашуға мүмкіндік береді. Оқушының артта қалу себептерінің үш тобын ажыратуға болады:



1) Әлеуметтік-экономикалық - жанұя әл-ауқатының нашар болуы, жанұядағы жалпы бейберекет ахуал, араққұмарлық, ата-ананың педагогикалық сауатсыздығы. Қоғамның жалпы жай-күйі де балаларға әсер етеді, бірақ ең бастысы - жанұя өміріндегі кемшіліктер.

2) Биопсихикалық сипаттағы себептер - мүрагерлік ерекшеліктер, қабілеттілік, мінез-құлық белгілері. Алғы шарттардың ата-ана арқылы берілетінін, ал қабілеттілік, әуестік, мінез-құлықтың осы алғышарттар негізінде өмір жолында дамитынын ескеру керек. Дені сау болып туған балалардың бәрінің әлеуметтік, жанұялық ортаға және тәрбиеге байланысты даму мүмкіндіктері бірдей екені дәлелденген.

3) Педагогикалық себептер. Педагогикалық салақтық көбінесе қателіктердің, мектеп жұмысының төмен деңгейінің нәтижесі болып табылады. Оқыту, мұғалім жұмысы - оқушы дамуындағы шешуші фактор. Педагогтың өрескел қателігі оқушының оқыту процесінде алынған және кейде тіпті арнайы психотерапиялық көмек керек ететін психикалық дамуына әсер етеді.

Алайда бұл оқудағы сәтсіздіктің жалғыз себептері емес, оның басқа да себептері бар, мысалы, оқытудың қатал да бірбеткей жүйесі, оқытудың әдістері мен формаларындағы біркелкілік пен стереотиптілік, эмоциялардың бағаланбауы, оқытудың мақсатын айқындай алмау және нәтижелерді бақылаудың тиімді жолының болмауы, оқушылардың дамуын ескермеу, үстіртін сабақ жүргізу.

342

Осылайша мұғалімнің дидактикалық, психологиялық, әдістемелік жағынан жете білмеушілігі оқудағы сәтсіздіктерге әкеледі.



Үлгермеушіліктің дидактикалық себептерін жоюдың да амал-тәсілдері бар:

а) Педагогикалық алдын алу - орынды педагогикалық жүйелер іздеу, соның ішінде, оқытудың белсенді әдістері мен формаларын, жаңа педагогикалық технологияларды, компьютеризацияны, т.б. қолдану.

ә) Педагогикалық диагностика, оқыту нәтижелерін жүйелі бақылау мен бағалау, қиыншылықтарды дер кезінде айқындау ретінде.

б) Педагогикалық терапия - оқудағы артта қалушылықты жоюдың шаралары.

в) Тәрбиелік ықпал ету - жеке-дара жоспарлы тәрбиелік жұмыс.

Артта қалушылық - дидактикалық, әдістемелік, психологиялық, медициналық және әлеуметтік-педагогикалық аспектісі бар күрделі мәселе екенін айта кеткен жөн. Сондықтан оны шешу де күрделі болу керек.

Көптеген педагогтар оқушыны оқушы білімін бағалау процесіне қатысты белсенді орынға қоятын әдістерді қолданады. Білім, білік және дағдыны бағалаудың, бақылаудың стандарттан тыс формалары қолданылады: өзін өзі бағалау, бірін бірі бағалау. Өзін өзі бағалауда оқушы өз еңбегін өз бетінше тексеріп, бағалайды, бірін бірі бағалауда - сыныптастар бір бірінің жұмыстарын тексеріп, баға қояды.

Тексеру әдістерін таңдау тексерушінің өз алдына қойған мақсатгары және міндеттерімен анықталады. Оқу жұмысы жүйесінде қажетті жүйелілік пен окушылардың үлгерімі сапасын терең бақылауды қамтамасыз ету үшін білімдерді тексеру мен бағалаудың жоғарыда келтірілген әдістерінің барлығы да қодданылуы керек.



Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау. Тәрбиелік жүйені кәсіби ұйымдастырудың құрамында, міндетті түрде, педагогикалық талдау компоненті болуы керек, бұл талдау негізінде педагогтар тәрбие барысының дұрыстығын, оның белгілі дәрежеде жемісті екенін біле алады, ұйымдастыру шараларын жетілдіріп, немесе оған уақытқа, балалар жасына, оқиғалар мен жағдайларға бйаланысты түзетулер енгізе алады. Педагогикалық талдау - бұл

343


тәрбиенің мәндік элементтерін бағалай отырып қарастыру.

Тәрбиелік процесті бақылау, ең алдымен, оқу процесінің барысында жүзеге асырылады, өйткені негізгі тәрбие жұмысы сабақ үстінде жүргізіледі. Тәрбиелік процесті бақылауда сынып жетекшісінің сабақтан тыс жұмысын, балалардың қоғамдық ұйымдарының, клубтардың, үйірмелердің, секциялардың іс-әрекетін, сондай-ақ, осы жұмыстың жалпы нәтижелерін зерттеу ерекше орын алады.

Тәрбиелік процесті бағалау үшін көптеген бағалау сипаттамалары бар бала тәрбиелілігінің негізгі ұғымдары енгізіледі. Оқушы тәрбиелілігі - оның жекелік дамуының педагогтар қойған мақсатқа сәйкес келу дәрежесі. Тәрбиелік процестің нәтижелілігін анықтау - оқушылардың тәрбиелілік деңгейін айқындау деген сөз.

Тәрбие жүмысын бағалаудың шынайылығына тәрбиелілік өлшемдер анықтау арқылы жетуге болады. Бұл өлшемдер екі үлкен топқа бөлуге болады, оның біріншісі жалпы жеке тұлғалық сипаттаманы айқындаумен байланысты болса, екіншісі жекелеген белгілер мен қасиеттердің қалыптасуымен, тәрбиелік ықпал етудің белгілі бір әдістерін қолданумен байланысты аралық, жиі-жиі нәтижелерді тексеруге қатысты.

Аралық немесе қортынды кезеңдегі тәрбиелік процестің қортындысы мен нәтижесін талдау үшін қолданылатын бірінші топтың өлшемдері негізінде жеке тұлғаға деген жалпы талаптар болуы мүмкін. Бұл талаптарды қоғам дамуы процесінде өзгеріп отыратын әлеуметтік тапсырыс анықтайды.

Екінші топ өлшемдерін келесі топтарға бөлуге болады:

а) Тәрбие нәтижелерінің сыртқы түрпішінде -пайымдауларда, бағаларда, әрекеттерде көрініс табуымен байланысты өлшемдер.

ә) Тәрбиешінің көзінен таса құбылыстармен, яғни сөзінде, қылықтарында, іс-әрекеттеріндегі сыртқы көріністерімен сәйкес келмейтін адамның себеп-саддарларымен, ішкі ұстанымымен байланысты өлшемдер.

Кәсіби педагогикалық іс-әрекет жемісі, немесе оның нәтижесі балалардың тәрбиелілігі болып табылады. Балалардың тәрбиелілігінің деңгейі қаншалықты жоғары болса, педагогтің кәсібилігінің бағасы соғұрлым жоғары

344


болады. Алайда мәселенің мұндай қойылуы әділетсіз көрінуі мүмкін, өйткені педагог алдына келген балалардың өзінің мектепке дейінгі өмірінің нәтижесі ретіндегі тәрбиелілігінің деңгейі әртүрлі болады: бір топта -ақылды, мейірімді, тәрбиеге бой ұсынатын балалар; ал басқа топта - дамымаған, агрессивті, күтім көрмеген балалар. Бастапқы тәрбие арқауы сәтсіз болғандықтан, нәтижесі де әртүрлі болады.

Мұндай қарама-қайшылықтан шығудың жолы - тәрбиелік процесті бағалау өлшемдерінің үшінші тобын енгізу - балалардың өзгеру мөлшерлері, "қандай болды" және "калай өзгерді", даму мен рухани баю динамикасы. Балаларды бір бірімен емес, тек оларды өткендегісі мен осы шақтағы тәрбиесімен салыстырса ғана кәсіби әділеттілік сақталады.

Тәрбие нәтижелерін бағалау мәселесінде оларды өлшеу амал-тәсілдерін іздестіру ерекше орын алады. Осылайша, жеке тұлғаның тәрбиелілігін бағалау негізі ретінде жеке тұлғаның белгілі бір түрпішініңде көрінген қандай да бір сипаттамалық немесе өзекті қасиеттер тобын алу керек. Бұл қасиеттердің даму деңгейін, белгілі мағынада, баланың тәрбиелілігінің көрсеткіші деп есептеуге болады.

Тәрбиелік жұмыс нәтижелерін бағалаудың негізгі әдістері ретінде бақьшап қарауды, әңгіме-сұқбатты, оқушылардың әртүрлі құбылыстарға қатынасы бойынша тақырыптарға шығармаларын, тестіні есептеуге болады.

Тәрбиеліліктің кейбір көрсеткіштерін арнайы диагностикалық әдістер арқылы білуге болады. Осындай амал-тәсілдер аз емес: сауалнама, анкета, шығарма, тест. Педагогикалық диагностикалық әдістер баланың құндылық қатынастарын (оның бар екенін және мөлшерін) анықтайды, өйткені олардың барлығы баланы "ерікті таңдау" орнына қояды және бұл тандау арқылы оның жақсылық не жамандықты, ақиқат не өтірікті, әсемдік пен ұсқынсыздықты ажырата алады.

Әңгіме-сұқбат арқылы тәрбиеліліктің кейбір көрсеткіштерін келтіруге болады. Әнгіме-сұқбат жеке-жеке әрбір оқушымен, сондай-ақ топппен де жүргізіледі. Әщіме-сұқбатта жанама, тура, ашық және жабық сұрақтарды қолданылуы мүмкін. Тура сұрақтар керек құбылыстарды айқындауға тікелей бағытталады. Жанама сұрақтар керек құбылыстардың жанама түрде айқындайтын фактілерді анықтауға бағытталады.

345

Ашық сұрақтар ерікті жауапты керек етеді. Жабық сұрақтарда жауаптардың бірнеше варианттары болуы мүмкін, олардың арасынан ең лайықты дегенін таңдап алу керек.



Әңгіме-сұқбат өткізу үшін ең алдымен сұрақтардың тізімін жасап алу керек, ол сұрақтар жүйелілікте орналасуы керек, сондай-ақ олар зерттеушінің алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне сай болуы қажет.

Тәрбиеліліктің кейбір көрсеткіштерін бақылап қарауға болады. Олар баланың сыртқы көрінісі, мимикалық және пластикалық бейнесі, тілі мен жеке қылықтарынан қалыптасқан мінез-құлқы, сайлаушылық іс-әрекеті, әлеуметтік құбылыстарға жауап беруі, оның қоршаған ортамен ара қатынасы, сондай-ақ, оның заттық тұрғыдан сапалылығы.

Бақылау, объективті және кірістірілген болуы мүмкін. Кірістірілген бақылау - бақылаушының өзі сырттай да, іштей де бақылап зерттейтін процестерінің қатысушысы болып келетін зерттеу әдісі. Субъективті бақылау - сырттай бақылау зерттеу, онда бақылаушының бақылау зерттеген жағдайына қатысы болмайды.

Бақылау, объектісі үшін табиғи жағдайларда да, сондай-ақ, бақылаушының қолдан жасаған жағдайларында да жүргізілуі мүмкін. Егер бақыланатын объекті өзінің бақыланып жатқанын білмесе, онда бұл жасырын бақылау деп аталады. Егер бақылау объектісі оны білетін болса, онда бұл ашық бақылау деп аталады.

Бақылау үздіксіз және дискретті болуы мүмкін. Үздіксіз бақылау кезінде зерттеуші әрдайым объектінің қасында болып, оның мінез-құлқын зерттейді. Дискретгі бақылауда зерттеуші объектінің мінез-қүлқын белгілі бір уақыт аралығында ғана, яғни әр түрлі уақытта зерттейді.

Бақылау өткізудің белгілі бір тәртібі бар:



1. Бақылаудың мақсатын, міндеттерін және объектісін анықтау.

2. Бақыланатын құбылыстың негізгі параметрлерін анықтау (бақыланатын құбылыстың көріну дәрежесін қандай параметрлері арқылы анықтауға болады).

3. Бақылаудың кестесін жасау. Ол бақылау объектісінің саны мен бақылауға бөлінген уақыт мөлшеріне қарай өзгеріп тұрады.

346


Егер бір оқушының мінез-құлқын бірнеше сабақ бойы бақылау керек болса, онда оның кестесі былай болады:

Бақылаудың өлшемдері

1 сабак

2 сабак

3 сабак

1 көрсеткіш










2 көрсеткіш










3 көрсеткіш










Ал егер бірнеше оқушыны бір сабақ ішінде бақылап зерттеу керек болса, онда кесте өзгереді:


Бакылаудын өлшемдері

1 оқушы

2 оқушы

3 оқушы

1 көрсеткіш










2 көрсеткіш










3 көрсеткіш









4. Бақылау нәтижесіне талдау жасау (нәтижелер бақьшау кестесінде белгіленеді).

Тәрбиелілікті бағалау мәселесі әлі де жете тексерілмеген және одан әрі зерттеуді керек етеді. Алайда, терең зерттелген педагогикалық диагностикамен жүргізілмеген тәрбиені жоғары кәсіби түрде ұйымдастыру өте қиын екені белгілі.

Оқу-тәрбие процесінін нәтижелерін бағалаудағы сабақтың орны. Сабақты талдау оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін бағалауда өте жиі қолданылады. Сабақта оқушылардың да, мұғалімнің де іс-әрекетін бақылауға болады, ол материалды меңгеруде пайда болатын қиыншылықтардың себебін білуге, сондай-ақ оқытудың тәрбиелілік сипатын тексеруге мүмкіндік береді. Тұтастай оқыту процесінің жетістігі, негізінен, сабақтың сапасына байланысты. Сабақта, орталық нүкте сияқты, педагогтің барлық іс-әрекеті, оның ғылыми дайындығы, педагогикалық дағдылары, окушылардың ойлау жұмысын ұйымдастыру қабілеттілігі шоғырланады.

Сабақтың шынайы құндылығы - оның нәтижесі: оқушылардың материалды меңгеруінің дәрежесі. Мұғалім сабақта сырттай тиімді тәсілдердің қандайын қолданса да, оқушылар тақырыпты меңгермесе, сабақты дұрыс өтті деп айтуға болмайды. Сабақта оқушы тек түсініп қана

347

қоймай, білімнің белгілі бір мөлшерін меңгеріп, қажетті дағдылар мен біліктерді дамытуы керек.



Сабақтың талдауы белгілі бір сызба арқылы жүргізіледі және ол бақылап-зерттеудің міндеттеріне қарай өзгеріп отырады. Жалпы түрінде бұл сызба келесі позицияларды айқындаудан тұрады:

1. Мұғалім белгілеген сабақтың мақсаты мен міндеттері; оларды орындау үшін сабақтың қандай түрі таңдалды.

2. Сабақтың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес жұмыстың тәсілдері мен әдістері қаншалықты терең ойластырып, таңдалып алынды.

3. Оқу процесіне деген қазіргі заман талаптары дұрыс жүзеге асып жатыр ма, сабақта оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту біртұтастығы орындала ма.

4. Сабақ ұйымдастырылуы жағынан қаншалықты дұрыс ойластырылып, жүзеге асырылған (өз уақытында басталуы, жүзеге асырылу уақыты мен материалдың көлемі жағынан, сабақтағы жұмыс минутының тығыздығы жағынан сабақтың әрбір құрамдық бөлігінің ойластырылуы.); оқытуда даралық әдіс қолданылған ба, үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жүргізілді ме.

5. Оқушылардың сабақтағы белсенділігі қандай, олардың жаңа білім алуға деген ынта-ықыласы бар ма.



6. Сабақтың тәрбиелік, дамытушылық және оқыту мақсаттары жүзеге асырылды ма.

Сабақты түпкілікті, тұрақты критерилер негізінде абстрактілі талдауға болмайды. Ең алдымен, әрбір сабақта жұмыстың барлық тәсілдері мен әдістерін іздеу қажет. Сабаққа талдау жасағанда келесі нақты жағдайларды ескеру керек:

1. Тақырыптың ерекшеліктері. Кейбір сабақтарда көрнекілік және техникалық құралдарды қолданудың, оқушыларды тақтаға шығарудың, кітаппен жұмыстың қажеті болмауы мүмкін.

2. Мектеп мүмкіндіктері, бөлмелердің, техникалық және көрнекі құралдардың, кітапханадағы қажетті кітаптардың, мектеп маңындағы алаңдардың болу-болмауы. Сабақты талдағанда мұғалімнің материалды терең оқып-білу үшін барлық қажетті заттарды қолданданғанына көңіл бөлу керек, алайда, сонымен қатар, нақты орындалатын талаптар қою керек.

348

3. Сынып құрамы, оқушылардың дамуы мен қабілеттілігінің деңгейі. Сабақ туралы пікір оқушылардың жауабы, бақылау жұмыстары, сыныптың дайындығы негізінде құралатыны белгілі.



4. Мұғалімнің даралығы, оның жұмыс стажы, дайындық деңгейі, мінез-құлқының ерекшеліктері, денсаулық жағдайі жұмыстың бұрыңғы нәтижелері.

Сабақтың талдауын сыртқы сараптамалық бағалаудың түрі ретінде қарастыруға болады. Сыртқы сараптамалық бағалау -бағалайтын құбылысын жақсы білетін және оған дұрыс, объективті баға бере алатын адамдар - сарапшылар пікіріне сүйенетін зерттеу әдісі. Сондықтан сабақ талдауын мектеп басшылығының өкілдері немесе тәжірибелі әріптес-ұстаздар жүргізеді. Сабақтың нәтижесін техникасының сызбасы талдау баспадан бірнеше рет жарық көрді. Ең орынды және дұрысы келесі сызба: педагог, өз пікірінше, неге жете алды, неге жете алмады деген сияқты өз сабағы туралы әңгімелейді; содан кейін барып сарапшы (жетекші) сабақтың дұрыс деген жақтарын ашады; осыдан кейін ғана дұрыс емес жақтарына талдау жасау керек; ең соңында сәтсіздіктерді қалай жеңу керектігі туралы ұсыныстар жасалады; талдау соңыңда педагогке өз пікірін білдіру үшін сөз беріледі, шығармашылық ғылыми айтыс, әңгіме жүргізіледі.

Тәрбиелік жұмыстың нәтижелерін есепке алу оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуын, сондай-ақ жеке тұлғасының даму деңгейін бағаламай толық бола алмайды. Бұл бағалауды психологиялық бақылау мен диагностика барысында мектеп психологі жүргізеді. Психологиялық бақылау мен диагностика -психологтің педагогикалық ықпал-әсер нәтижелілігін анықтау мақсатында жүргізетін тексеру шараларының жиынтығы. Тексеру шаралары, негізінен, жай ғана бақылаудан, сабақтың психологиялық талдауынан, тесттерден тұрады. Психологиялық диагностикада белгілі бір психологиялық міндеттерді орындау үшін арнайы таңдалып алынған бірнеше әдістерді қолданады.

Психологиялық диагностиканың ең көп тараған түрі тест. Психодиагностикада тестер арқылы белгілі бір зерттелетін психикалық сипаттардың даму дәрежесінің салыстырмалы сандық және сапалық көрсеткіштерін алуға болады. Мұндай тест дәлдік, беріктік, объективтілік талаптарына сай болу керек. Тестің беріктігі дегеніміз оның сол нәтижелерді бірнеше рет, ұқсас жағдайларда көрсетуі.

349

Дәлдік дегеніміз тестің тест жасаушысы өлшегісі келетін дәл сол психологиялық құбылыстарды тауып, өлшеуі. Айтылғандардан белгілі болғандай, бұндай тестерді жасау мен қолдану арнайы білім мен уақытты қажет етеді. Сондықтан психологиялық диагностиканы тек қана психолог-маман жүргізуі керек. Алынған мәліметтер негізінде психолог мұғалімге оқу-тәрбие процесін психологиялық қамтамасыз ететін кепілдеме дайындайды.



Осылайша, оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін тексеру тұтас болу керек, ол жүйеде өткізілуі керек. Оны жүзеге асырумен мамандардың барлығы: ұстаздар, оқу мекемесі басшылығының педагогтары, психологтар, әдіскерлер айналысуы керек. Мектептерде педагогикалық іс-әрекет нәтижелерін есепке алу мен бағалау мектеп ішіндегі бақылауға енгізілген.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар

1) Мектеп ішілік бақылау дегеніміз не?

2) Білім, білік және дағдының сапасы дегеніміз не?

3) Оқыту мен тәрбие нәтижелерін бағалаудың негізгі әдістерін атаңыз.



4) Психологиялық бақылау мен диагностика не үшін қажет?

5) Оқу-тәрбие процесінің нәтижелерін есепке алу мен бағалаудың қажеттілігін не анықтайды?

6) Оқу-тәрбие жұмысының нәтижелерін есепке алу мен бағалау неге тұтас жүйені құрауы керек?

7) Бақылаудың қандай түрлерін білесіз?

8) Бақылауды жүргізудің бірізділігі қандай?

9) Әңгіме-сұқбатқа арналған сұрактардың негізгі түрлерін атаңыз.

10) Әңгіме-сүқбат өткізер алдында сүрақтар тізімін жасап алу не үшін қажет?

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

1) Әңгіме-сұқбат жүргізудің тәртібін жасаңыз (бақылау жүргізу тәртібін негізге алыңыз). Таңдап алған әңгіме-сұқбатты дәлелдеңіз.

350

2) Оқушылардың белгілі бір пәнге деген ынта-ықыласы деңгейін бақылаудың кестесін жасаңыз (мысалы, математика). Ол үшін оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласын айқындауға болатын негізгі параметрлер қандай екенін, қанша оқушыны және қандай уақыт аралығында бақылай алатыныңзды анықтап алу керек. Содан кейін ғана кестені жасаңыз.



3) Мектеп бағдарламасының бір тақырыбы бойынша тексеру жұмысын жасаңыз (мысалы, биология бойынша: "Гүлді өсімдіктер" тақырыбы бойынша тексеру жұмысы).

4) Сіздің ойыңызша, мұғалім еңбегін бағалаудың басты көрсеткіштері қандай екенін анықтаңыз.

Реферат тақырыптары

1. Тест тәрбие процесс барысындағы оқушьшардың жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуын зерттеу әдісі ретінде.

2. Педагогикалық процесте мектеп ішіндегі бақылаудың қажеттілігі.

3. Оқушылардың білім, білік және дағдыларды меңгеру деңгейін есепке алу мен бағалау әдістері.

4. Тәрбиелік жұмыс нәтижелерін есепке алу мен бағалаудың қажеттілігі.

5. Психологиялық бақылау мен диагностика, тұтас педагогикалық процесс нәтижелерін тексерудің қажетті бөлігі.

6. Оқыту нәтижелерін есепке алу мен бағалау, олардың тұтас педагогикалық процесс жүйесіндегі орны.

7. Өзін-өзі бағалау мен бірін-бірі бағалау әдістері, оқыту процесін белсендіру факторларының бірі.

8. Тәрбие жұмысының нәтижелерін бағалау әдістері.

351

2.16 Педагогикалық технологиялар



Мақсаты: педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері, түрлері, қызметтері туралы білімдерді қалыптастыру.

Міндеттері:

а) Педагогикалық технологиялардың мәнін ашу.

ә) Дәстүрлі және қазіргі кезендегі педагогикалық технологиялардың ерекшеліктері мен түрлерімен таныстыру.

б) Педагогикалық технологиялардың қызметтерін ашып көрсету.

г) Педагогикалық технологиялардың әдіснамалық негізі туралы түсінік қалыптастыру.

Жоспары

1. «Технологиялар», «теория», «әдістер», «әдістеме», «оқыту технологиясы», «педагогикалық технология» ұғымдарыньгң арақатынасы.

2. Педагогикалық технологиялардың түрлері.

3. Дәстүрлі оқыту технологиясы.

4. Педагогикалық технологиялардың қызметтері.

5. Тұтас педагогикалық процесс теориясы — педагогикалық технологияларды пайдаланудың әдіснамалық негізі.



Негізгі ұғымдар: теория, әдістер, әдістеме, оқыту технологиясы, педагогикалық технологиялар, педагогикалық процесс, технологияның түрлері, сабақ, мониторинг.

Пәнаралық байланыстар: философия, әлеуметтану, кибернетика, психология, педагогика тарихы, этнопедагогика, жеке әдістемелер.

«Технология». «теория». «әдістер». «әдістеме». «технология», «оқьггу технологиясы», «педагогикалық технология» ұғымдарының арақатынасы.

Технология ұғымы біздің жүзжылдықта негізгі жалпы ғылымдық ұғымдардың бірі болып саналады. Философиялық көзқарас тұрғысынан технология теория мен практиканың арақатынасы контексінде қарастырылады. Мәні жағынан ажыратыла отырып, теория мен практика әрқашанда бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Бұл әрекеттестіктің өзгешелігін сипаттай отырып, К.Поппер теория мен практиканың бірлігін бұзбау қажеттілігін атап көрсеткен. Философтардың дәлелдеуінше, теория адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталып, өзі туындап шыққан практикаға кызмет ету оның бағытын анықтайды, тәжірибелік процестердің барысына тікелей емес, технологиялық үлгілер арқылы жанама түрде әсер етеді. Теорияның практикадан ажырауынын негізгі себептерінін бірі - нақты қолданбалы теориялар мен технологиялардын жоқтығы. Осыған

352

байланысты қазіргі уақытта педагогика ғылымында да технологиялық тәсілге қызығушылық арта түсті. Өсіп келе жатқан ұрпақты әлеуметтік тәрбиені меңгеруге дайыңдау сапасын жоғарлату мақсатында қазіргі кезендегі педагогикалық технологияларды пайдалану талпыныстары көптеген педагогтар мен тәжірибелі мұғалімдердін оқыту және тәрбиелеуді жүйелі, тиімді процесуалды ұйымдастыруға деген ұмтылыстарынан туындады.



«Педагогикалық технология» ұғымының әр түрлі турғыдан анықталуы, оның түрлерінің және тұжырымдамалық негізі мен сипаттамасының көптігі бұл феноменнің мәнін теориялық және практикалық тұрғысынан талдауға назар аударуды қажет етеді.

Айтылғандарды айқындау үшін өндіріс саласында ғана емес, педагогикалық теория мен практикада да тұрақты бекітілген «технология» ұғымының шығу тарихына (этимологиясына) қысқаша тоқталамыз.

Технология сөзі (tесhпе-өнер, шығармашылық, Іogos-ілім) грек тілінен аударылғанда:

а) өндіріс процесінде шикізат, материал немесе жартылай фабрикаттың формаларын, қасиеттерін, жағдайларын өңдеу, дайындау, өзгерту әдістерінің жиынтығы, мысалы: металдар технологиясы, химиялық технология, құрылыстық жұмыстар технологиясы;

ә) өндірістің сәйкес келетін құралдарымен шикізат, материал немесе жартылай фабрикатқа әсер ететін тәсілдер туралы ғылым деген мағнаны білдіреді.

Екі түбірдің бірлігінен өндірістік процестерді жүргізу құралдары мен тәсілдері жөніндегі білімдер жиынтығы, шеберлік туралы ғылымды немесе ілімді біддіретін сөз құралады.

40-50-ші жылдары оқу процесіне техникалық оқыту құралдарын ендіру басталғанда, «оқыту технологиясы» ұғымы пайда болып келесі жылдары бұл ұғым «педагогикалық технологияға» өзгертілген. 50-60-шы жылдардың ортасында бұл ұғым еліміздің және шетелдің иедагогикалық басылым беттерінде, халықаралық конференция материалдарында кеңінен талқыланып, оған түсінік берудің екі бағыты анықталды. Алғашқы бағыт техникалық оқыту құралдарымен байланысты болған, ал екінші бағыт «оқыту технологиясы» ретінде белгіленді. 60-шы жылдары оқытуға технологиялық тәсіл қалыптасады. Оның қалыптасуы американдық психолог Б.Скиннер негізін калаған материалды меңгеруді ақпараттың бөліктерін жүйелі бағдарлама ретінде кұрастыру және оны бақылау арқылы басқарудың тиімділігін арттыруды ұсынған бағдарламалық оқытумен тығыз байланысты.

353


Бағдарламалық оқыту идеясының мәні оқу процесінің ерекшеліктері, заңдалақтары туралы білімді жоғарланудан тұрады. 70-ші жылдары компьютерлік-бағдарламалық құралдарды қолдану арқылы ақпаратты өндеудегі өзара байланысты процестерінің құрылымы ретінде түсіндірілетін «оқытудың ақпараттық технологиясы» туындады. Кейінірек жоғары білім беру саласында мамандарды дайындаудың болашақтағы жүйесінің бірі өзін ақпараттық, бағдарламалық, әдістемелік құралдардың күрделі кешені ретінде көрсететін дистанциялық оқыту технологиясы пайда болды. 80-ші жылдары техникалық және компьютерлік жүйелердің дамуы салдарынан «педагогикалық технология» және «оқыту технологиясы» ұғымдары оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және басқару әдістері мен құралдарының жүйесі ретінде жете түсіндіріле бастады.

Ғылым жетістіктеріне негізделген технологиялар ғасырында білім беруді технологияландыруға көшудің кажеттілігімен келіспеу мүмкін емес, себебі әр баланың жеке тұлғалық тұрғысынан дамуы, білім беруді дифференциациялау және барлық білім беру жүйесін ізгілендіру мен демократияландыру сол арқылы жүзеге асырылады. Соңдықтан қазіргі заманғы педагогика ғылымындағы педагогикалық процесті технологиялаңдыру білім беруші мен білім алушының жеке тұлғасын өздігінен дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру мақсатын оқыту мен тәрбиелеудің субъектілік негізіне ауыстыратын тәсілді іздестірумен байланысты. Осыған орай мектептің ғана емес, қоғамның алдыңда да күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайда өсіп келе жаткан ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудың қандай жаңа үлгілері бар, оларды салыстырып, дұрыс жол табуға үйрену мәселелері маңызды болып тұр. Бұл сұрақтарға шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер, әдіскерлер, психологтар мен педагогтардың көпжылдық педагогикалық ізденістерінің нәтижесі ретінде туындаған педагогикалық технологиялар жауап беруге талпынады. Педагогикалық технологиялар бір орталық төңірегінде айналады. Бұл орталық -бала, олар тұтас шығармашыл тұлғаны дамытуға, сонымен қатар ізгілік рухын ұғынған және оған құрмет сезімімен қарым-қатынас жасауға бағытталған.

Қазіргі уақытта көптеген зерттеушілер жаңа педагогикалық технология-ларға терең қызығушылықпен қарап, білім берудегі технологиялық тәсілді дәстүрліден анағұрлым тиімдерік деп есептейді. Осыған байланысты «білім беру технологиясы», «педагогикалық технология» ғылыми айналымға еніп келе жатқан, салыстырмалы түрде жаңа ұғымдар болғандықтан, оған әртүрлі анықтамалар берілген. Бұл ұғымға Б.Т. Лихачев, В.П. Беспалько, С.

354


Сполдинг, В.В. Сериков, В.М. Монахов, М.В. Кларин, И.Я. Лернер, П.И. Пидкасистый, В.В. Гузеев, Н.Д. Хмель, Г.Т. Хайруллин және басқа зерттеуші ғалымдар түсініктеме берген. Төменде бірнешеуін мысалға келтіреміз.

В.П. Беспалько педагогикалық технологияны қойылған білім беру мақсаттарын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқытудың теориялық негізделген процестерін жаңадан өндірудің, еске түсірудің құралдар мен әдістер жиынтығы ретінде анықгайды /1/.

В.М. Монахов бұл ұғымға басқаша түсініктеме береді. Ол «педагогикалық технология — мұғалім мен оқушы үшін жағымды жағдайды қамтамасыз ететін оқу процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізуде барлық бөлшегіне дейін ойластырылған бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің үлгісі. Технологияның міндеттерін түсіндіре отырып: Педагогикалық технологияны жобалаудағы жетекші қағидасы — оқушының жеке белсенділігі болуы. Мұнда ең бастысы- білімді меңгеруге іштей дәлелденген, қалыптасқан қызығушылығы мен ынтасы, білім алу іскерлігі» - деп жазады /2/.

П.И.Пидкасистыйдың пікірінше, оқыту технологиясының маңызды ерекшелігі - оқыту циклінің ұдайы өндірістілігі, яғни оны кез-келген мұғалімнің «қайталау мүмкіндігі» және «кері байланыс, білімді объективті бақылау» болып табылады. Оқыту технологиясы дидактиканың алдын ала тапсырылған сипаттамаларымен өндірістік дидактикалық процестерді құрастыру, тиімді жүйелерді дайындау мен қағидасын айқындау бойынша ғылыми зерттеу саласы, бағыты ретінде түсіндіріледі /3/.

Технология — бұл іс-әрекетті ұйымдастыру және оны жүзеге асыруда құралдарды тандау ережесі (В.В. Гузеев) /4/. В.В. Гузеев қазіргі кезендегі технологияның бұрынғыдан айырмашылығын көрсете отырып, былай деп жазады: «Бұрын бір құралды құрастырып, оны ұқсас жағдайларда бірнеше жылдар бойы қолдануға болатын. Қазір ұқсас жағдайлардың бар екенінің өзі қарама-қайшы келеді».

Педагогикалық технология - педагогикалық процесті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі) (Г.Т. Хайрулиин) /5/.

Педагогикалық технологиялар алуан тұрғыдан берілген анықтамаларды талдау нәтижесі оның көпшілігінің жалпы қорытынды түрінде берілгенін, педагог әрекетінің салыстырмалы түрде кейбір жақтары ғана зерттелгенін көрсетеді, бала тұрғысын тұтас қалыптастыру мәселесі толығымен қарастырылмайды.

355


Педагогикалык технологияны жаңа бағытта зерттеу адамның қайталанбайтындығын қолдаумен, тұлғаның өзін-өзі белсендендірумен, жеке тұлғаның дамуын ойлаумен байланысты. Әрбір оқушы оқу материалы бойынша жеке қозғалыс жолын тандауға, оның мақсатына, қажеттілігіне және қызығушылығына жауап беретін қоғамдық тәжірибені меңгеруге ерікті.

Осы тұрғыдан Н.Д. Хмельдің берген анықтамасы тиімді болып табылады: Педагогикалық технологиялар-теориялық білімдерді тұтас педагогикалық процестің қызметін практика жүзінде іске асыруға бағытталған және сол процесс нәтижелерін кезеңдер бойынша өлшеп, тұлғаның да, ұжымның да даму динамикасын көруге болатын, педагогтар мен оқушылардың өздерін-өздері дамытуларына мүмкіндік тудыратын жүйелі іс-әрекеттер кешені /6/.

Шынында, педагогикалық технологиялар әрбір баланың даму тенденциясын алдын-ала байқауға және болжауға бағытталуы тиіс. Диагностика нәтижесі бойынша педагогикалық процестің әрбір бөлігіндегі іс -әрекет жобаланады. Сондықтан кері байланыс арқылы ақпарат алу диагностикамен болжауды байланыстыратын үздіксіз процесс болып табылады. Бұл процесс ғылымда мониторинг деп аталады, оны ағылшын тілінен аударғанда, «үздіксіз қадағалау» дегеңді білдіреді. Педагогикалық мониторинг педагогикалық процесті үздіксіз және ұзақ байқау мен басқару педагог пен оқушыны арқылы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде педгогикалық лексикада «педагогикалык технология» ұғымын қолдану әр түрлі түсіндірілетін бастапқы теория, әдістер, әдістеме, технология, педагогикалық технология сияқты ұғымдарды саналы түсінуді, жете зерттеуді талап етеді. Практикада кейде технология ұғымы «әдістеме» немесе оқытуды ұйымдастырудың «формасы» ұғымының синонимі ретінде қолданылады. Көптеген педагогикалық технологиялардың оқыту процесіне негізделетіндігінен, аталған ұғымдарды осы тұрғыдан нақтылауға мақсатты түрде қысқаша тоқталамыз.

Жалпы түрде теория біркелкі, тұтас құбылыстар немесе оның элементтері мен қызметтерінің жиынтығын сипаттайтын зандар, категориялар, ұғымдар, тұжырымдамалар, қағидалар жүйесі ретінде қарастырылады.

Теорияның өз бетімен ешнәрсені өзгерте алмайтыны, адамның практикалық іс-әрекетін реттеуші ретінде қатысатыны, тек адамның санасы арқылы нақты теорияны акиқатқа айналдыруда күш пен энергияны жұмсауды қабылдаған жағдайда ғана материалды болып табылатыны белгілі. Демек, теория зерттелетін объектінің барлық тұтас және нақты жағынан

356

терең байланыстарын айқындайтын, осы пән саласында құбылыстарды болжап түсіңдіру әдістерін құрайтын, өзара байланысты пайымдаулар мен дәлелдемелер жүйесін көрсетеді.



жүктеу 9,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау