Педагогика және психология кафедрасы Тайшиков С. Б. 5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу»



жүктеу 143,47 Kb.
Pdf просмотр
Дата19.01.2020
өлшемі143,47 Kb.
#27106
түріБағдарламасы


Қосымша 3.

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ

       Педагогика және психология  кафедрасы

Тайшиков С.Б.



 

5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу»

мамандығының студенттеріне арналған біртұтас

           Практика бағдарламасы

 

                                              Шымкент, 2016 ж.




5В010700   –   Бейнелеу   өнері   және   сызу  мамандығының   студенттеріне

арналған біртұтас практика бағдарламасы. – Шымкент: Шымкент университеті,

2016 ж. 17 бет.

 

  Ұсынылған   практика   бағдарламасы   «Бейнелеу   өнері   және   сызу»



студенттеріне   практикалық   іс-тәжірибелерді   өткізу   үшін   қажетті   оқу-

әдістемелік құрал болып табылады.

Рецензенттер:

Нуридинова Г.А.., М.Әуезов атындағы ОҚМУ,  п.ғ.к. 

Сихынбаева Ж.С..,  Шымкент университеті, п.ғ.к.

  Практика   бағдарламасы   Шымкент   университетінің   оқу-әдістемелік

кеңесінде талқыланып құпталды.

 Шымкент университеті. 2016 ж.




Алғы сөз

Педагогикалық  практика  студенттер  үшін маңызды  оқу  үрдісінің бөлімі

болып   саналады.   Педагогикалық   практика   кезінде   студенттер   барлық

педагогикалық   пәндерден   алған   білімдерін   жалпы   білім   беру   мектебінде   іс

жүзінде қолдану арқылы машықтанады. 

Бұл практика түрі болашақ маман үшін соңғы іс-тәжірибе болып саналады.

Педагогикалық практика 4 курста өткізіледі. 

Мектеп   бағдарламасына   сәйкес   сабақ   жүргізеді.   Мектептегі   оқу,  тәрбие

және   қоғамдық   жұмыстарды   жоспарлау,   бағалау   және   қадағалау   бойынша

машықтанады. 

5В010700   –   «Бейнелеу  өнері   және   сызу»   студенттері   университетте   оқу

кезінде, оқу жоспарына сәйкес, оқу және педагогикалық практика түрлерінен

өтеді.   Сөйтіп,   әр   теориялық   курстан   кейін   практикалық   курс   өткізіледі.Оқу

практикалары   базалық   пәндерден   бастап   кәсіби   пәндерді   де   қамтиды.   Оқу

практикалары әр курс сайын өтілетін  базалық  пәндер бойынша жүргізіледі.

Оқу практикасы 1-2  курста өтеді. Сонымен, оқу практикасының мақсаты

базалық   және   кәсіби   пәндер   бойынша   теориялық   білімдерін   іс-тәжірибелер

арқылы нақтылау саналады. Оқу жоспары бойынша келесі пәндер бойынша оқу

практикасы жүргізіледі:

                        1.   Практика бойынша жалпы ережелер

1.1  Оқу практикасының мақсаты мен міндеттері.

Оқу   практикасының   мақсаты   болып   теориялық   курстан   алынған

материалды іс-тәжірибелік жұмыстар арқылы бекіту болып саналады.

Оқу практикасы кезінде студенттер келесідей жұмыстар атқарады:

-

педагогикалық сынып жағдайын зерттеу және зерделеу:



-

кәсіби іс-әрекетімен бастапқы танысу;

-

таңдаған   мамандық   бойынша   бастапқы   тәжірибелік   білімдерін   және



дағдырларының қалыптасуы;

-

таңдаған   мамандыққа   қызығушылықты   тәрбиелеу   және   теориялық



білімдерді саналық игеруіне талаптану.

-

педагогикалық   іс-әрекет   объектісін   зерттеу   саласында   болашақ



оқытушының   болжамгерлік,   талдау     және     жоспарлау,   іскерліктерін

қалыптастыру; 

-

педагогикалық   процестің   жай-күйін     және   оқушы     тұлғасын     зерттей



отырып   педагогикалық   қызмет     міндетін   айқындау     қабілетін

қалыптастыру;

-

ғылыми-педагогикалық   зерттеу     әдістерін     жүйелі     қолдана   отырып



зерттеу     жүргізудің     негізінде     педагогикалық     процестің     жай-күйін,

оқушы  тұлғасын  зерделей  алу  қабілетін  қалыптастыру; 

- жаңа әдістемелеремен танысады;

- оқытудың жаңа инновациялық түрлерімен танысады;

- сабаққа   қажетті   көрнекіліктермен   жұмыс   атқару   және   оларды   сабақ

үстінде орында және тиімді пайдалануды меңгереді;




- практика   кезінде   студенттер   өздігінен   белгілі   практикалық   сабақты

меңгеруге үйренеді;



1.2 Оқу практикасының өткізілуне қойылатын талаптар

   Пленэрлік   практика  бейнелеу   өнерінде   живопись,   композиция   және

сурет   сабақтарының   жалғасы   болып   есептелінеді.   Пленэр   бағдарламасы

студенттердің   көру,   қабылдау   қабілеттерін   арттырумен   қатар,   олардың

эстетикалық ойлау, сезіну, түсіну, табиғаттың әр-бір кезеңіндегі құбылыстарды

аңғару,   сонымен   қатар   шығармашылық   қабілет,   ептіліктерін   де   шыңдайды.

Сонымен   қатар   бейнелеу   өнерінің   әр   түрлі   құрал   материалдарымен   де

айналысып, ептілік қасиетін шыңдауға әсерін тигізеді. 



Мұражайлық   практика  іс-тәжірибенің   негізгі   мақсаты-   мұражайлық

жәдігерлерді   зерттеу,  танысу.  Мұражайлық   іс-тәжірибе   студенттерге   көркем-

сурет шығармашылығын түсінуге дайындау, өнер объектілеріне анализ жасау

мен түйсінуге студенттердің әрекетін ұйымдастыру болып табылады. Соңынан

әр   бір   студент   мұражайлық   практиканың   материалдарымен   қорытынды

теориялық жұмыс орындайды.

Оқу   практикалары   пән   бойынша   практика   жеткешісінің   басшалығымен

жүргізіледі.   Практика   алдында   студенттерге   практикалық   сабақтың   мақсаты

мен   міндеттері,   сабақтың   жүру   ерекшеліктері,   практикадан   алынатын   соңғы

нәтиже мен оның маңызы түсіндіріледі. Практикалық тапсырманы орындауға

қажетті әдістемелік материалдар мен қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз

етіледі.Сабақтың   соңында   студент   практикалық   тапсырманы   орындағаны

туралы мәлімет өткізеді. 

Практика   жетекшісі   тпапсырманы   қабылдап   алады.   Тапсырма   нәтижесі

тиісті бағаланады.

1.3

Педагогикалық практиканың мақсаттары мен міндеттері.

Педагогикалық практиканың мақсаты болып студенттің жалпы білім беріп

мектептің   мұғалімі   қызметін   атқаруға   дағдылану   болып   саналады.

Педагогикалық практика кезінде практикант келесі дағдыларды қалыптастыруы

қажет:

- мектеп   бағдарламасы   бойынша   бейнелеу   өнері   оқулығынан     сабақ



жүргізуді меңгеру;

- пән бойынша жылдық жоспарды түзуді үйрену;

- тақырыптық жоспарды түзу;

- сабақта көрнекіліктермен жұмыс істеуді үйрену;

- сынып жетекшісі рөлін атқаруды үйрену;

- сыныптағы тәрбие сағаттарын өткізуге машықтану;

- пән бойынша  үйірменің жұмысын басқаруды меңгеру;

- белгілі тақырыпқа диспут өткізуді меңгеру;

- пән тақырыбына ашық сабақ өткізу;

- сынып оқушыларына писхологиялық мінездеме  түзуді меңгеру;




- сыныптағы   психологиялық   климатты   анықтау,   оқушылармен   қарым-

қатынас түзуге дағдылану;

- оқушылардың білімін бағалаудағы педагогикалық қағидаларды меңгеру;

- жалпы   мектеп   мұғаліміне   қажетті   педагогикалық   ұстанымдарды

меңгеруге дағдылану.

1.4 Педагогикалық практиканы  өткізуге қойылатын талаптар

Педагогикалық   практика   міндетті   түрде   мектепте   өткізіледі.   практика

өтетін   мектеппен   заңды   бекітілген   келісім   шарт   болуы   тиіс.   Педагогикалық

практикаға студенттер университеттің ректорының бұйрығымен бекітілген және

оқу жоспарында көрсетілген мерзімде барады. Алдын ала, студенттердің қай

мектепке   және   қандай   сыныптарға   қай   сабақтардан   мұғалім   қызметін

атқаратыны   туралы   мағлұматтар   жиналады.   Студенттерге   арнайы     практика

жөніндегі   әдіскер   бекітіледі.   Практикаға   керекті   әдістемелік   және   келісім

шарттық   құжаттар   тапсырылады.   Практика   кезінде   студенттің   орындайтын

жұмыстары мен жинайтын материалдары  және практика туралы  есеп  беруге

қажетті   материалдар   мен   құжаттар   тізімі   нақтыланады;   практикаға   жолдама,

күнделік және практикаға арнайы тапсырмалар.

Мектепке   келгеннен   кейін   студенттер   мектеп   басшысының   нұсқауы

бойынша   белгілі   пән   мұғалімінің   қарамағына   бекітіледі.   Практикант   оқу

бағдарламалары және сабақ жоспарларымен еркін танысуы шарт. Практикант

мектептегі техника қауіпсіздігімен танысып арнайы журналға қол қояды. Сабақ

кестесімен танысады.

Практика   кезінде   студент   күнделікті   атқарған   жұмысы   туралы   жазбаша

есеп   жинайды.   Практика   соңында   студент   күнделігін   және   практика   өткені

туралы   құжаттарды   мектеп   басшысының   қолымен   және   мөрімен   нақтылап

жабады. Студентке мектеп басшысы мінездеме береді.

Студент   күнделіктен   басқа,   барлық   байқаған   және   үйренген   әдістемелік

материалдар   туралы   арнайы   дәптерге   материал   жинайды.   Практика   соңында

барлық   жиналған   материалдарды   қорытындылап   практика   туралы   есеп

жазады.Университетке келгеннен кейін келесі 1 апта ішінде студент практика

туралы  есебін   кафедраға  өткізуі  тиіс.  Есеп  университеттің  арнайы  кеңесінде

қорғалып бағаланады. 

        Практикаға   қатыспаған   студентке   және   практика   кезінде   барлық

педагогикалық   ережелерді   сақтамаған   және   оны   бұзған   студенттерге   мектеп

директоры  шара қолдануға құқықты  және ол туралы  университет  ректорына

хабарлайды. Университет ректоры ол хабарды талқылап ары қарай қандай шара

қолдануды шешеді.

 

      2. Практиканың жеке түрлерінің бағдарламасы

                       Оқу  практикалары 



2.1 Оқу   практикасы  туралы қысқаша  сипаттама


Бейнелеу өнері және сызу мұғалімдерін  даярлау жүйесінің ең негізгі бір

бөлігі – оқу  пленер және мұражай практикалары.

Оқу    практикасы   кезінде   студенттердің  бейнелеу   өнері    мамандығын

игеруге жыл бойы лекцияларда, семинарларда, практикалық сабақтарда  алған

білімдері тиянақталады.

Пленэр   практикасын  арнайы   орындарда,   туристік   базада   табиғаттың

көркем   де   әсем   жерлерінде   өткізген   абзал.   Пленэр   бағдарламасының   басты

міндеті ол студенттердің ой процесін дамыту, әр түрлі композициялық түстік,

реңдік картиналарды өз беттерімен еркін жаза білуге икемдеу.

Оқу процесінде студенттер әсіресе табиғатты бейнелегенде оның құнды

көркемдік   жақтарын   жаза   отырып,   әдемілікке,   әсемдікке,   этикалық   тәрбиеге

бейімделінеді.

Бірінші   бөлім   -   табиғат   көрінісін   бейнелеуге   бағытталған.   Онда   қалам

арқылы, сулы бояу, тушь, перо, түрлі-түсті қаламдар көмегімен натура арқылы

табиғаттағы   өзгерістерді   бейнелейді.   Онда   натюрморттың   ашық   аспанда,

бұлтты күні көріністерін айқындайды.

Екінші бөлім – ауа-райындағы өзгерістермен қатар, түрлі турлі жануарлар

жазу арқылы «ритм», «колорит» деген ұғымдарды практика жүзінде тереңірек

үйрене алады. Бұл бөлімнің мақсаты тақырыптық-композициялық картиналар

жазуға баулу.

 Мұражайлық  практика бейнелеу өнерінде живопись, композиция және

сурет сабақтарының жалғасы болып есептелінеді. 

Мұражай   іс   тәжірибе     бағдарламасы   студенттердің   көру,   қабылдау

қабілеттерін   арттырумен   қатар,   олардың   эстетикалық   ойлау,   сезіну,   түсіну,

табиғаттың   әр-бір   кезеңіндегі   құбылыстарды   аңғару,   сонымен   қатар

шығармашылық қабілет, ептіліктерін де шыңдайды. Сонымен қатар бейнелеу

өнерінің   әр   түрлі   құрал   материалдарымен   де   айналысып,   ептілік   қасиетін

шыңдауға әсерін тигізеді. 

    Педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаты:

1. Студенттерді   мұғалім   мамандығына   деген   сүйіспеншілікке   және

тұрақты қызығушылыққа тәрбиелеу;

2. студенттің   өзін-өзі   тұтас   педагогикалық   процестің   субъектісі   ретінде

сезініп, үздіксіз кәсіби-тұлғасын  дамытуға деген қажеттілігін қалыптастыру;

3. студенттің теориялық білімін тереңдету және бекіту;

4. мектептің   тұтас   педагогикалық   процесінде   пайдалана   отырып

әлеуметтік психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерін тереңдету;

5. тұтас   педагогикалық   процесті   құзырлылық   әдіспен   іске   асыруға

мүмкіндік   беретін   болашақ   мұғалімнің   кәсіби   іскерлігін   және   дағдысын

қалыптастыру;

6. педагогикалық   іс-әрекеттің,   шығармашылық,   зерттеушілік   әдісін

дамыту;

7. мұғалімнің тұлғалық-кәсіби сапасын қалыптастыру.




    Педагогикалық іс-тәжірибенің міндеті:

- Теориялық   сабақтарда   алған   жалпы   педагогикалық   шеберліктері   мен

дағдыларын одан әрі қарай дамыту және жетілдіру;

- Студенттер  сабақтарда алған алғашқы білімдерін толықтыру;

- Студенттерді мектеп ұжымымен, бейнелеу өнері және сызу кабинетімен

және ондағы құрал-жабдықтармен таныстыру.



Есеп беру құжаты:

1. Күнделік;

2. Дербес-өзіндік жұмыстары;

3. Көрнекіліктері;

4. Қорытынды есебі.

  Оқу (таныстыру) педагогикалық іс-тәжірибеге арналаған әдістемелік 

нұсқаулар

   Жеке жоспар. Бұл құжатта іс-тәжірибенің өтуі мерзіміндегі орындалатын

барлық жұмыстар көрсетіледі. Бұл жоспар  бейнелеу өнері   пәнінің мұғалімінің

қатысуымен бірге түзіледі және әдіскер бекітеді.

Жеке   жоспар   бір   апта   мерзіміне   түзіледі.   Оның   мазмұны   нақты   және

тақырыпты болуы тиіс.

Күнделік. Практиканттың күнделігі барлық жұмыстарды тіркеу үшін қажет.

Әдіскер   студенттің   күнделікті   жұмысының   барысын   күнделік   арқылы

қадағалайды.  Іс тәжірибе біткенше практикант күнделігін өзімен бірге мектепте

алып жүруі тиіс және оны жүйелі түрде толтыруы қажет. Тәжірибе аяқталғаннан

кейін күнделік басқа құжаттармен бірге әдіскерге тапсырылады.

2.2 Педагогикалық практика туралы қысқаша сипаттама

Педагогикалық   практика   ұйымдастыру   конференциядан   басталады.

Конференцияда   практиканың   мақсаттары   мен   міндеттері   анықталады.

Студенттерді   практика   өтетін   мектеппен   таныстырады.   Мектеп   директорымен

және  бейнелеу өнері  секциясының     мұғалімдерімен таныстырады. Мектептегі

сыныптардың оқушылары   туралы және сабақ жүргізудің ерекшеліктері жайлы

мұғалімдермен және мектеп басшасымен әңгіме өткізеді. Студенттерді  бейнелеу

өнері  сыныптарына  бөледі. Сабақ кестесімен таныстырады.

Мектеп   базасымен   танысу.  Бейнелеу   өнеріне  бөлінген     кабинеттермен

таныстырады.   Сабаққа   қажетті   көрнекілік   материаладар   базасын   анықтайды.

Күнделікті  сабақтарға  қажетті  құрал-жабдықтарды   анықтайды.  Мұғалімдермен

кездесу   кезінде   мектептегі   сабақ   жүргізу   әдістемелік   кешендерінің

ерекшеліктерімен таныстырады. Сыныптағы оқушылардың тәртібі мен үлгерімі

туралы мағлұматтар беріледі.

 Жылдық жоспарға сай практика басталған кездегі өтілетін тақырыптармен

танысу.   Мектептегі   және   сыныптағы   көпшілік   және   қоғамдық   жұмыстар

жоспарларымен   танысады.   Студент   жалпы   практика   жоспарын   түзеді.

Оқушылардың   өз   бетімен   өтетін   сабақтардың,ашық   сабақтардың,   тәрбие

сабақтардың жоспарларын түзеді және конспектілер даярлайды.    

Педагогикалық   практика   студенттің   пән   мұғалімінің   сабағына   пассивті

қатысуынан басталады. Екі-үш сабақтар бойынша студент мұғалімнің сабағын



талдауы қажет. Сабақтың мазмұнына, әдістемелік құрылымына талдау жүргізеді.

Келесі екі-үш сабақты мұғалімге жәрдемші ретінде жүргізеді.

Жалпы практика мерзімінде студент жеке өзі  2-3 сабақ өткізуі тиіс. Сонымен

қатар,   мектептегі     басқа   студенттердің   сабақтарына   қатысуы   тиісті.   Пән

мұғалімінің   қатынасуымен   және   оның   қадағалауымен   сынақтық   сабақтарды

өткізуі тиіс.

Практика   соңында   бекітілген   сынып   оқушыларына   психологиялық-

педагогикалық мінездеме түзу қажет.

Практика   бойында   студент   мектеп   өміріндегі   қоғамдық   жұмыс   жоспары

бойынша көпшілік жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысуы  қажет.



Студенттердің  педагогикалық іс-тәжірибе кезінде жүргізілетін

жұмыстары туралы жеке жоспарының нұсқасы

Жеке жоспар

   


Күні

Жоспарланған оқу жұмысы

Жоспарланған тәрбие

жұмысы

1

Университеттегі педагогикалық практиканың 



оқу жоспарымен танысу.

Жоспарланған тәрбие

жұмысы.

2

Мектептің педагогикалық ұжымымен танысу.



Берілген сыныппен

танысу.


3

Мектептегі бейнелеу өнері үйірмесімен 

танысу.

Оқушылардың күнделігін



тексеру.

4

Күнделікті сабақ жоспарын жасау. 



Халық педагогикасының

маңызы. Сынып сағатын

ұйымдастыру.

5

Бейнелеу өнеріне бөлінген сыныптың   



сабағына қатысу.

Келесі тәрбие сағатын

өткізуге дайындық.

6

Сабақ көрнекілігін дайындау.



Мерекелік газет шығаруды

жоспарлау.



3.3 Өтілген сабаққа талдау жүргізу әдістемесіне бойынша қойылатын

талаптар:

1. Сабақтың мазмұнына талдау жасау.

2. Сабақтың алдына қойылған мақсатқа жетті ме?

3. Жаңа сабақтың мазмұны толық ашылдыма жоқпа?




4. Сабақтың әдістемелік негізі немесе тәсілі дұрыс анықталған ба?

5. Сабақ қай кездері сәтті немесе нашар  өтті?

6. Жаңа сабақты түсіндіру әдісі  дұрыс қойылдыма?

7. Мұғалімнің сабақ беру мәнері және білім деңгейі қандай болды?

8.  Сабақ кезінде тақырып аралық және пән аралық байланыстар болдыма?

9. Жаңа сабақты бекіту қалай өтті?

10. Сабаққа берілген уақыт тиімді пайдаланылдыма?

11. Сабақ   кезінде   оқушылардың   қызығушылығын   арттыратын   әдістер

түрлері пайдаланылдыма?

12. Сабақты көрнекіліктермен қамтамасыз ету қандай дәрежеде өті?

13. Оқушылар үй тапсырмасын қандай дәрежеде орындады?

14. Үйген тапсырма нақты және түсінікті берілдіме?



3.4 Сабақтың жүрісі бойынша талдау

1. Оқушылардың сабаққа ынтасы қандай болды?

2. Сабақтың барысы қарқынды бодыма?

3. Түсіндіруде пайдаланылған тіл және терминдік сөздіктер оқушылардың

жас ерекшеліктеріне сайма ?

4. Оқушылардың сабақ кезіндегі тәртібі қандай болды?

5. Егер тыныштық сақталмаған болса, онда оның себебі неде болды?

6. Мұғалімнің сыныппен қатынасы қандай болды?

7. Мұғалім тақтаны және көрнекілкітерді қалай пайдаланды?

8. Мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, дауысы киімі, тактикасы және мәдениеті

қалай болды?

9. Сыныптың сабаққа дайындығы қандай болды?

10. Сабақ әділ бағаландыма?

11. Бағалары күнделікке қойылдыма?

12. Сабақта уақыт тиімді пайдаланылдыма?

3.5 Сабақты жоспарлаудағы ұстанатын басты ережелер

1. Сабақ құрылысында тәрбиелік және дидактикалық мақсаттар қойылуы

тиіс. Сабақтың өткізу түрі анықталуы тиіс және бүгінгі сабақ өткен сабақпен

байланысты болуы тиіс.

2. Сабақты   дайындау   және   ұйымдастыру   кезінде   келесідей   талаптар

қойылады:   -жоспарлау,   қажетті   құралдар   мен   жабдықтардың   түрлері   мен

сандарын   анықтау,   оқушылардың   өздігінен   орындайтын   тапсырмаларының

түрлерін анықтау.



3. Сабақтың мазмұны мен оқытуға келесі талаптар қойылады: - тәрбиелік

маңызы, табиғатқа сүйіспеншілік тудыру, ізденуге талпындыруы қажет.



4. Сабақ жүргізу техникасына келесі талаптар қойылады: - дауыс ырғағын

пайдалану, оқушылар шаршаған кезде демлауға ыңғайлы педагогикалық әдісті

қарастыру, ойын және тапсырмалық сабақ әдістерін қарастыру.

 3.6 Практиканттың мінездемесінде көрсетілетін басты мағлұматтар

1. Студенттің қай мектепте практика өткені туралы мәлімет.




2. Практика кезінде өткізілген сабақтар саны.

3. Мұғалімнің орына және көмекшісі ретінде қанша сабақ өткізілді.

4. Студент   бейнелеу   өнері   пәні   бойынша   мектеп   бағдарламасын   және

әдістемелік негіздерін меңгеру дәрежесі туралы мәлімет.

5. Жұмысты жоспарлау және конспектілер түзудегі икемі туралы мәлімет.

6. Бейнелеу өнері  мұғалімінің іс әрекетіне сипаттама беру және бағалау.

7. Бейнелеу   өнері   және   сызу   бойынша   сыныптан   тыс   орындалған

сабақтардың саны мен сапасы туралы мәлімет.

8. Студенттің жауапкершілігі туралы мәлімет.

     


3.7 Практика жөнінде есеп беру құжаттар тізімі

1.Күнделік

2.Күнтізбелік сабақ жоспары.

3.Күнделікті сабақ жоспары.

4.Тәрбие сағат жоспары.

5.Ашық сабақ жоспары.

6.Мінездеме.

7.Ашық тәрбие сағаты.

8.Күнделік дәптер.

9.Көрнекіліктер.



3.8.   Студенттің   практика   кезіндегі   жеке-өзіндік   тапсырмаларды

орындауға әдістемелік нұсқау.

Студенттің жеке тапсырмасы оның жалпы мамандық туралы  көз қарасы

мен   біліктілігін   жетілдіру   және   зерттеулік   қабілетін   арттыру   мақсатында

беріледі.

Студент педагогикалық практика кезінде мектептегі оқу үрдісіне зерттеулік

көз   қараспен   қарайды.   Оқу   үрдісінің   қойылу   тиімділігі,   сапасы,   тәрбиелік

жұмыстардың   уақытылы   және   тиімді   жүргізілуіне,   оқушылырдың   білім

деңгейіне,   мектептегі   мұғалімдердің   педагогикалық   іс-тәжірибелеріндегі

маңызды нәтижелерге және қолданылатын жаңа оқыту технологияларының іске

асуына өзіндік баға береді. Студент практика нәтижесінде мектептегі оқу ісінің

тиімділігін арттыру туралы өз пікірін білдіреді.

Мектептегі   оқу   үрдісінің   көрнекілік   материалдармен   және   құрал-

жабдықтармен қамтамасыз етілу дәрежесіне, сабақ өту барысындағы жаңа және

алдыңғы педагогикалық әдістемелер мен тәсілдердің пайдалануына аса көңіл

аударады.

Пән бағдарламасы мен сабаққа арналған арнайы әдістемелік құралдардың

жеткіліктігіне   және   күнделікті   сабақ     жоспарының   жазылу     сапасына   мән

береді.


Аса   маңызды   сәт   болып   мектептегі   оқушылардың   сабаққа   деген

қызығушылығын арттырудағы жаңа инновациялық оқыту технологияларының

меңгерілуі   саналады.   Оқушылардың   өзіндік   жұмыстарды   атқаруына   қажетті

әдістемелік   материалдардың   мөлшері   мен   жұмыстардың   атқарылу   сапасына

баға береді. Бейнелеу өнері және сызу  пәні бойынша біліктілікті көтеру және



табиғатты   сүю   бағытында   орындалатын   жеке   жұмыстар   мен   тәрбие

сабақтарының сапасын бағалайды.

Барлық   байқаған   жетістіктерді   күнделікке   жазып   практика   туралы   есеп

кезінде баяндайды.   

  

5. Студенттің педагогикалық практикасының мектептегі жетекшісінің

міндеттері

Студенттің   мектептегі   педагогикалық   практикасын   өту   кезінде   мектеп

тарапынан практика жетекшісі тағайындалады. Ол жетекші студенттің практика

жоспары   бойынша   барлық   практикалық   жұмыстарды   атқару   барысын

қадағалайды. Педагогикалық практика тиімді және жоғары дәрежеде өтуі үшін,

студент   практика   кезінде   педагогикалық   әдістер   мен   тәсілдерге   үздік

машықтануы   үшін   мектеп   тарапынан   тағайындалған   жетекші   келесідей

жетекшілік жұмыстарды атқаруы тиіс:

- практикантқа барлық қажетті жағдайларды жасау;

-   мектептегі  бейнелеу   өнерінен   оқытылатын     пәндерінің   мемлекеттік

бағдарламасымен таныстыру; 

- бейнелеу өнері пәні бойынша жылдық, тоқсандық және жеке сабақтық

жоспарлармен танысуына мүмкіншілік беру;

- практикантқа сынып жетекшісі рөлін меңгеруге жағдай жасау;

- педагогикалық шеберлікті арттыру және жаңа технология бойынша сабақ

жүргізу әдістемелерімен таныстыру;

-ашық сабақ және тәрбие сағаттарын жүргізуге мүмкіншілік беру;

-студентті педагогикалық емес жұмыстарға пайдаланбау;

- студенттің  практикалық  қызметін кафедра  анықтаған жоспар  бойынша

атқаруына жағдай жасау;

-   студенттің   практика   жөніндегі   есеп   түзуіне   қажетті   құжаттармен

қамтамасыз ету;

- студентке практика жөнінде мінездеме беру;

-   практика   кезіндегі   жетістіктер   мен   кемшіліктер   туралы   университет

тарапынан тағайындалған жетекшіге хабар беру.

  5.   Студенттің   педагогикалық   практикасының   кафедра   тарпынан

жетекшісінің міндеттері

Практика жетікшісі пратика басталар алдында студенттермен орнықтыру

конференциясын     өткізуі   тиіс.   Жиналыста   студенттерге   практиканың

мақсаттары   мен   міндеттерін,   студенттің   практика   кезінде   атқаратын

жұмыстарына   сипаттама,   мектеп   туралы,   сыныптар   туралы   мәліметтер   және

студенттердің   практика   кезінде   орындайтын   жеке   тапсырмаларының

тақырыптарын береді.Жетекші келесі жұмыстарды атқаруы тиіс:

- практика  алдындағы  жиналыста   практиканың  уақытын,  мерзімін және

сипатын түсіндіреді;

- практика соңында түзілетін есептің мазмұны мен түзу ережелерін және

оған керекті, практика кезінде жинайтын материалдардың  сапасы мен санын

көрсетеді;




- практикадан кейінгі есеп беру мерзімін анықтайды;

- практика күнделігін толтыру ережелерін түсіндіреді;

- мектеппен   практиканттардың

  орындайтын   педагогикалық

жұмыстарының реті мен түрлерін анықтайды;

- студенттерге мектептегі тәжірибелі ұстаздардың арнайы дәрістер беруін

және педагогикалық шеберлікті арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстармен

таныстыруын қамтамасыз етеді;

- практика кезінде үнемі қадағалауды қамтамасыз етеді;

- практика  біткеннен   кейін   практика   туралы   есепті   кафедрада   қорғауды

қамтамасыз етеді;

- практика соңында қорытынды конференция өткізеді.



Педагогикалық   практика   біткен   кезде   студенттің   практика   туралы

өткізетін құжаттар тізімі.

1. Практиканың жеке жоспары.

2. Күнделік.

3. Практика кезінде өткізілген сабақтардың тақырыптық жоспары.

4. Сабақтардың жазбаша жоспарлары.

5. Сабақтың әдістемелік талдауы.

6. Бір оқушыға берілген психологиялық-педагогикалық мінездеме.

7. Бейнелеу өнері  сабақтары бойынша өткізілген кештер, диспуттар және

викториналар туралы есеп.

8. Бақылау сабақтарының жазбаша жоспары.

9. Практика есебі.

10. Мінездеме.



Практика жөнінде есеп беру құжаттар тізімі.

1.Күнделік

2.Күнтізбелік сабақ жоспары.

3.Күнделікті сабақ жоспары.

4.Тәрбие сағат жоспары.

5.Ашық сабақ жоспары.

6.Мінездеме.

7.Ашық тәрбие сағаты.

8.Күнделік дәптер.

9.Көрнекіліктер.




  Өндірістік практика 

4 курс студентерінің  оқу-өндірістік педагогикалық  

практикасы 

4   курстағы   болашақ   мұғалімнің   теориялық   және   практикалық,

дайындығын   «Тәрбие   жұмысының   әдістемесі»,   педагогикалық   психология

пәндері,   арнайы   пәндер   әдістемесі,   нәтижесінде   қазіргі   білім   беру

технологияларын   меңгеріп,   оны   мектеп   практикасына   ендіретін   әртүрлі

психологиялық- педагогикалық мәселерге арналған арнайы курстар қамтамасыз

етеді.

 Бітірер алдындағы курстың оқу педагогикалық іс-тәжірибесі. 4 курстағы



педагогикалық   іс-тәжірибе   төменгі   курстардағы   педагогикалық   іс-

тәжірибелердің заңды түрдегі жалғасы болып табылады.

Бұл курстағы іс-тәжірибенің негізгі мақсаты студенттердің өз білімдерін

теориялық   және   тәжірибелік   сапасын   тексеру,   оларды   кәсіптік   жағынан

дайындау барысында педагогикалық іс-тәжірибенің нәтижелерін байқау.

Педагогикалық іс-тәжірибенің мазмұны.

-мектептердегі   педагогикалық   үрдістермен   танысу;   (мектептің,   пән

мұғалімінің, сынып жетекшісінің жұмыс жоспарларымен танысу);

 –бүтіндей педагогикалық үрдіске, оқушылар ұжымының даму деңгейіне,

оқушылардың   әлеуметтік   белсенділігіне,   олардың   мектептегі   және

жанұяларындағы тыныс-тіршіліктеріне шынайы талдау жасау;

-студенттер   педагогикалық   іс-тәжірибеден   өту   барысында   мектеп

мұғалімдерін ауыстырушы және 5-9 сынып жетекшілерінің жәрдемшісі ретінде

жұмыстар   атқарады   (БОПжӘ   1-4   сынаптардағы   арнай   пән   үшін).   Осы

педагогикалық іс-тәжірибе кезінде студенттер өз беттерінше 8-10 сабақтан  кем

өтпеулері керек;

-бекітіліп   берілген   сынып   оқушылары   мен   балар   ұжымының   жеке

ерекшеліктеріне талдаулар жасау;

-сыныпқа мінездеме және сынып жетекшісінің жоспарын түзу;

-педагогикалық   іс-тәжірибе   кезеңінде   оқу   жұмыстары   бойынша   жеке

жоспарлар жасау (күнтізбелік және сабақ жоспарлары);

-конспектілерге, сабақ жоспарларына, арнайы мамандақ пәндері бойынша

өткізілетін факультативті сабақтар мен үйірме жұмыстарына талдаулар жасау;

-сабаққа   дидактикалық   материалдар,   көрнекі   құралдар   және   оқытудың

техникалық құралдарын (ОТҚ-ТСО) дайындау;

-мамандық пәндері бойынша арнайы сабақтар өткізу; 

-мұғалімдер   мен   практиканттардың   сабақтарына   ену,   сол   сабақтарға

талдау жасауларға қатысу;

-сыныптан тыс тәрбие сабақтарын өткізу, конспектілеріне талдау жасау;

-жоспар-кестелер мен оқудан тыс өткізілген тәрбие сабақтарына талдау

жасау;



-сыныпта оқудан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу; 

-ата-аналармен жұмыс: ата-аналар жиналыстарында сөз сөйлеп, ой-пікір

айту, кейбір оқушылардың үйлеріне барып тыныс тіршілігімен танысу;

-рефератқа,  курстық және дипломдық жұмысқа материалдар дайындау;

-оқу-тәрбие   жұмыстарына   күнделік   бойынша   жүйелі   түрде   талдаулар

жасау;


-іс-тәжірибе бойынша есеп құжаттарын дайындау;

Практиканың міндетері:

1. Мұғалім   іс-әрекеттерінің     объектісі   –   тұтас   педагогикалық     процесті

сезінуі.

2. Өзін -өзі дамыта білетін оқушы тұлғасын қалыптастыруда   педагогтың

жетекші рөл атқаруы, тұтас педагогикалық  процестің  субъектісі  болып

табылатын мұғалім мен оқушының өзара әрекетін ұғыну.

3. Сыныптағы тұтас   педагогикалық   процесте   сыгнып жетекшісінің және

мұғалімінің оқыту, тәрбиелеу және дамыту  қызметін іске асыруы.

4. Тұлғалық-бағдарлық   білім   беру   жағдайында   бүгінгі   күнгі   білімдік-

тәрбиелік технологияларын меңгеруі.

5. таңдап   алынған   проблемесына   сәйкес   психологиялық-педагогикалық

зерттеуді жүзеге асыру.



1.1. Ұсынылатын тәрбие жұмысының түрлері

Оқу танымдық іс-әрекет

1. Ғылыми зерттеу экспедиция ойыны

2. Сырттай саяхат

3. Білім байқауы. Оқу кездесу.

4. Білімпаздар сайысы.

5. «Бізді қызықтыратын әлем» атты кеш.

6. «Ой өрісі» клубы

7. «Космосқа саяхат»

8. Шығармашылық жұмыстардың көрмесі

9. Өлкетану саяхаты



Әлеуметтік еңбек іс-әрекеті

1. Белгілі бір тақырыптағы плакаттардың және суреттердің конкурсы

2. Замандастар клубы

3. Пікірталастар

4. «Мен   және   заң»,   «Мен   адамдар   арасында»,   «Мен   осы   әлемде»

тақырыптарына пікірталастар

5.  Оқушылар шеберлігінің көрмесі

Еркін қарым – қатынас

1. «Кәне танысайық» кеші

2. «Гүлдер» кеші

3. Ұжымда, топта атап өтілетін туған күндер




4. Серуендер

Көркем-эстетикалық іс-әрекет

1. Газет сайысы

2. Жас әншілер сайысы

3. Оқушылар мен мұғалімдер арасында КВН

4. «Өнер адамға не үшін қажет?» кеші

5. Сурет сайысы

6. Көркем-декоративтік шеберінің конкурсы

7. Ақындар және мәнерлеп оқушылардың конкурсы

8. «Мұғалімдерге - оқушылардан» конкурсы

9. Көркем көрмелерге қатысу

10.Таланттар байқауы

11.Ән кеші

12. Өнер сағаты

Спорттық сауықтыру әрекеті

1. Достық спорттық кездесулер

2. Денсаулық күні

3. Көңілді эстафета

4. Спорттық калейдоскоп.

Құндылық- бағдарлық әрекет

1. Болошақ мамандық бойынша жобаны қорғау

2. «Әдемі дауыс әліппесі», «Мен сізге хат жазамын» (сөйлеу этикеті, мінез 

мәдениеті жайлы)

3. Өзін өзі тәрбиелеу және өзінің білімін көтеру жайлы әңгіме

4. «Мен жеке тұлғамын» тақырыбында (адамды тану және өзін-өзі тану 

жайлы) әңгіме

5. «Айна» клубы (көз қарастар түйісінде)

6. Қызықты кездесулер клубы

7. «Әдемі өмір сүру дегеніміз не?» атты тақырыбында пікірталас



1.2. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі

1. Тәрбие жұмыстарының тақырыбын анықтау

2. Тәрбие жұмыстарының  мақсатын және міндетін өңдеу

3. Тәрбие жұмысына қатысушы, ынталы оқушылар тобын анықтау.

4. Тәрбие жұмысына оқушыларды дайындау

5. Сынып жетекшілеріне кеңес, оқушыларға көмек көрсету.

6. Тәрбие жұмысын өткізу.



1.3. Тәрбие жұмыстарын талдаудың үлгі нұсқасы.

Нұсқа №1


1. Тәрбие жұмысын  жүргізуші  студенттің аты жөні, сыныбы, мектебі

2. Тәрбие жұмысының мақсаты және міндеті

3. Тәрбие жұмысының тақырыбын анықтап және өткізу түрлері

4. Іс-шараларды өткізудің дайындығын талдау:

а) тәрбие жұмысын ұйымдасырушылар және ынталылар тобының 

құрамы (мұғалім, топ белсенділері, ынталы топ, барлық ұжым);

б) оқушылардың қызығушылығын, жасын олардың тәрбиелік деңгйін 

ескеру;


в) тәрбие жұмысын жоспарлау және дайындау ерекшеліктері;

г) оқушылардың тұлғалық сапасына ұжым ретінде біріктіруге тәрбие 

жұмыстарының дайындығының әсері.

5. Іс шараларды талдау барысы:

а) тәрбие жұмысының құрылымынжәне оны ұйымдастыру әдістерін 

анықтау;


б) іс-шараның басындағы психологиялық дайындық; оған жету 

құралдары

в) Тәрбие жұмысын өткізу кезіндегі оқушылардың ұйымшылдығы және 

тәртіптілігі, оларды көтермелеу әдістері;

г) өтілетін тәрбие жұмысының мақсатына және міндетіне сәйкес залды 

безендіру;

д) тәрбие жұмысының  барысына оқушыларды тарту, оқушылардың 

эмоциясына әсер ету құралдары, оқушылардың эмоциясын білдіру түрлері;

е) тәрбие жұмысының құрылымын және оның ұйымдастыру әдістерін 

негіздеу;

6. Тәрбие жұмысының қорытындысын талдау:

а) қойылған міндеттер қандай дәрежеде жетілдірілді, қандай ұғымдар 

түсіндірілді, тереңдетілді, оқушылардың оған қандай қатысы бар, 

қарастырылған мәселелер бекітілді ме, алынған мәліметтерді өмірде 

пайладануға балалардың қызығушылығы болды ма?

б) жеке оқушылардың және ұжымның ары қарай дамуына тәрбие 

жұмысының әсері;

в) тәрбие жұмысының  тиімділігін төмендететін әдістемелік қателіктер 

және кемшіліктер, және оларды жою жолдары. Алдағы істелетін жұмыстар 

жайлы.



Нұсқа №2

1. Мақсаттылық

1) Осы тәрбие жұмысының тәрбиенің жалпы мақсатымен сәйкестілігі.

2) Оқушының қажеттілігі және жас ерекшелігінің тәрбие деңгейінің 

мақсатына сәйкестілігі

3) Осы тәрбие жұмысының мақсаттылығы. Оқушылардың өздерінің мәнін 

түсінуі

2. Мазмұны



1) Тәрбие жұмысы тақырыбының көкейкестілігі

2) Мазмұнның тәрбиелік құндылығы, оқушының эмоциясына әсер ету 

мүмкіншілігі.

3) Оқушының өмірлік тәжірибесімен мазмұнының байланысы

4) Тәрбие жұмысын ұйымдастырушылардың  материалды меңгеру деңгейі, 

олардың осы мәеле бойынша сауаттылығы.

3. Өткізу әдістемесі

1) Тәрбие жұмысын өткізу әдістемесін және түрін анықтау, әдістеменің 

қойылған мақсатына және мазмұнға сәйкестілігі

2) Оқушылардың белсенділігі, өз бетімен жұмыс істей білу қабілеті, оны 

қамтамассыз етуші әдістер мен тәсілдер. Өзін өзі басқару ұйымының рөлі.

3) Ішкі және сыртқы көрнекіліктерді, техникалық оқыту құралдарын 

пайдалану 

4) Тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар және қатысушылар арасында 

дұрыс қарым қатынастың болуы, оған жетудің жолдары мен құралдары.

5) Тәрбие жұмысының өткізу түрінің  ерекшелігін ескеру

6) Мұғалім тұлғасының тәрбие жұмысын дайындауға және өткізуге әсері

7) Мұғалімнің педагогикалық қабілеттілігі, педагогикалық техниканы 

меңгеру деңгейі, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі

8) Ұйымдастырудағы нақтылық, мақсаттылық, уақытты дұрыс пайдалана 

білу.

4. Нәтижелілігі



1) Алдына қойған мақсатқа жету, міндеттерді жүзеге асыру деңгейі

2) Оқушылардың өткізген іс-шараларға қатынасы, қызығушылығы, 

белсенділігі

3) Тәрбие жұмысын өткізудегі  қол жеткен жетістіктер, оны ары қарай 

дамыту жолдарының мүмкіндіктері.

4) Тәрбие жұмысын өткізу барысындағы кемшілктерді анықтау, олардың 



себептері, және оларды болдырмау жолдары.

жүктеу 143,47 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау