Педагогика факультетінің деканы


Тақырып: Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі



жүктеу 1,3 Mb.
бет5/9
Дата20.05.2018
өлшемі1,3 Mb.
#14499
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тақырып: Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі

Мақсаты: Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесі туралы білімдерін қалыптастыру.

Дәріс мазмұны:

  1. Халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері

  2. Еңбек тәрбиесінің негізгі салалары

Педагогикалық мәдениеттің өзі ең алдымен еңбек педагогикасы және еңбекке тәрбиелеуден тұрады.Еңбек –халық өмірінің өзі. Сондықтан еңбекте тәрбиелеу бүкіл тәрбие қызметі мазмұнын анықтаитын тәрбиенің халықтық жүйе-сінің негізгі өзегі болып табылады.

Барлық халықтардың ең озат дәстүрлері еңбек саласында орын алды.Қашанда ең озықты алып жүруші,ең кереметті , ең ұлыны жасаушы еңбекші халық болды.Сон-дықтан алдыңғы қатарлы озық дәстүрлерді зерттеу, ең алдымен халықтың еңбек дәстүрлерін оқып үйренуді білдіреді.Еңбекті және еңбек адамдарын сүю – бұл халықтық тәрбие жүйесінің аса маңызды өсиеті.Ұлттық ойындардағы еңбек элементерінен көрінісі: балалар үлкендерге еліктеп олардың еңбек операцияларын қайталады, ойын процесінде ойыншықтарды өздері жасады, ойыннан соң өздері соңын жинастырды.Әдетте балалардың үлкендердің еңбектену әрекеттеріне еліктеуі өз беттерімен заттар жасаумен ұштасты. Халық педагогикасында мұндай балалар ойындары әрдайым көтермеленіп отырды. Балалар біртіндеп ойыншық еңбек құралдарынан олардың мүмкіндіктері ескеріліп жасалған нағыз еңбек құралдарына көшті.Шаруашылық кәсіпшіліктер мен жұмыстардың негізгі түрлері қазақ халқында мал өсірумен байланысты болды, онымен бірге тұтастықты құрады.Балалардың алғашқы саналы әрекеттері өзіне өзі қызмет ету және қызмет көрсету салаларында жасалды, одан соң ауыл шаруашылығы еңбегіне тартыла бастады.Уақыт өтуі барысында олар жеткілікті тәжірибелі бола отыра, жеке отбасы шаруашылығына қажеттің бәрін еске салусыз өздері атқарды.

Ауыл шаруашылығы еңбегіне балаларды үйретумен отбасында үлкендер мен ата-аналар айналысты. Бұл айтарлықтай қиын жұмыс түрлерін орындаудағы дағдылар мен икемділіктерді балалар ауыл шаруашылығы еңбегіне үлкендермен бірге ұдайы, жүйелілікпен қатысу нәтижесінде игерді.Жеткіншек ұрпақты қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы еңбегінің бұл түрлеріне үйрету кешенді, балалардың жас және дене ерекшеліктерін есепке ала , халықтық педагогика қағидалары, ережелері және әдістеріне сәйкес жүргізілді.

Еңбек әрекеті процесінде қазақ халқы балаларды өнімді пайдалы еңбекке тимді даярлау мен белсенді қалыптастыруға жәрдемдесетін еңбекке тәрбиелеу мен үйретудің құралдарын жасап шығарды.Халық тұрмысында жеткіншек ұрпақ әлеуметтік – экономи-

калық өмір салт талаптары мен шаруашылық жағдайларына сай жан-жақты еңбек дайындығын алды.Еңбек тәрбиесі және еңбекке үйрету мәселесіне қатысты мынадай негізгі тұжырымдарға келуге болады.

Қазақ халқы педагогикасында еңбекшілердің тарихи дамуының түрлі кезеңдерінгі өмірлік, әлеуметтік тарихи тәжірибесі, олардың еңбек және жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеу жөніндегі идеялары, ұғымдары, көзқарастары көрініс тапты.

Мақалдар мен мәтелдер, әндер мен билер, ертегілер мен эпостар, аңыздар мен әңгімелер, бата-тілектер мен мерекелер халықтық ортада тартылды.Осылай біртіндеп баланың өсуімен байланысты еңбек дағдылары мен икемділіктері ретінде қалыптасуы кезеңіне дейін созылды.Осы уақыт аралығында балада қоғамдық өмірге араласу үшін қасиетті жеткілікті икемділіктер мен дағдылар жинақталды.Отбасы жағдайындағы өзіне өзі қызмет ету және қызмет көрсету еңбегіне үйрету, мәселен ол мыналардан тұрады:


  1. өзін күтуге тұрғын жайды таза және жылы ұстауға, өз киімдерін күтіп ұстай білуге дағдыландыру.

  2. ас әзірлеу, нан және ұннан жасалатын өзге тағамдар пісіру, азық-түлік тағамдарын сақтай білуге үйрету.

3) киім жамау, тоқу, әшекейлеу, пішу, іс тіге білуге машықтандыру.

4) отбасындағы жасы кішілерді күту, оларды жұбату, тамақтандыру, ұйықтауға жатқызу, ойната алуға үйрету.

5) ауланы жинақы ұстау, қақпа, сарай, қора-қопсыны жөндеуге үйрету.

6) отын даярлау, оларды үйге жеткізу мен оларға аулада орын әзірлей білуге баулу.

7) еңбекке сүйіспеншілікке баулу, еңбек мәдениетіне тәрбиелеу.

Балалардың бұл міндеттерді игеру өмірмен тікелей байланысты,отбасы тұрмысымен тура жанасуда қызмет ету еңбегімен барлық мәселелері бойынша ұстаз әрі жетекші ата-анамен бірге тұрған жылдар бойына жүзеге асырылады.Сонымен қатар балалар біртіндеп үлкендердің нұсқауымен шамасы келетін жұмысты орындауға, өндірістік ауыл шаруашылығы еңбегіне балаларды еңбеккер дүниетанымын қалыптастыру,оларда еңбектің сан алуан түрлері жайлы білімдерді кеңейту, сондай-ақ еңбекшілердің өткен ұрпақтары жинақтаған тәжірибені жеткізудің тиімді құралы ретінде қолданылды.

Еңбек-өмірдің тұтқасы,тіршілік көзі.Еңбексіз өмір жоқ.Қоғамдағы байлықтың бәрі адам еңбегімен жа-салады.Осыны терең түсініп,ой топшылаған халық «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады», «Еңбек адамның екінші анасы», «Еңбек түбі береке»,т.б. мақал-мәтелдер арқылы жастарды еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің мәнісін,сондай-ақ еріншек,жалқаулық кісінің соры, жаман әдет, жат мінез екендігін жас буынға тәппіштеп түсіндіруді білген.Осы жайтты терең түйіп, еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Халқымыз балаларды ерте бастан еңбекке, мысалы, алуан түрлі еңбек бұйымдарын жасауға тарту балалардың жас ерекшелігін ескере отыра,ой-өрісін, шеберлігі мен дағдысына талапты күшейту барлығы халықтың салт-дәстүрлері арқылы жүзеге асырды. Ерен еңбегімен күнелткен халқымыздың отбасындағы бала тәрбиесі негізінен еңбек процесінде жүргізіледі.Құт-береке болған еңбек- қазақ халқы үшін күнкөріс көзі ғана емес, сонымен бірге рухани өмірдің, түрлі тәрбиелік дәстүрлердің де өзегі еді. Негізгі шаруашылығы мал өсіру болғандықтан ер балалар 5-6 жасынан мал күтіміне араласты.Сол себепті де, қазақ баласының мал бағу кәсібі туралы ұғымы да ерте қалыптасты.

Қазақ халқы өзінің өмір тәжірибесінде баланы жастайынан еңбекке араластырудың мүмкіндіктерін ойластырған.Қыз балалар мен ұл балалардың өсіп жетілуінде жас және жеке дара ерекшелігін ескере отыра еңбек түрлерін айқындаған.Қыз баланың құрақ құ-рауы, кесте тігу, жүн түту, жіп иіру, кілем, шекпен, алаша тоқу, кілемге өрнек салу, өзінен кіші іні-сіңілілерге қамқорлық жасау, ал ұл баланы мал бағуға, аң аулауға, мылтық атып мергендік құруға, қолөнер шеберлігіне, ер-тоқым, домбыра, үйдің кереге-уығын жасау, сандық, табақ-аяқ және т.б. тұрмысқа керекті заттарды жасау ер баланың міндеті, яғни ер бала осыны міндетті түрде орындауы қажет деп түсінген.

Қазақтың халық педагогикасында еңбек тәрбиесі ерекше орын алады.Тәй-тәй басып, әрекет жолына түсе бастаған бөбектен бастап еңбек тәрбиесі еңбексүйгіштікке (қарекет қылуға), еңбекті құрметтеуге (ата-ананың еңбегін құрметтеп, оны мақтан тұтып, оларға көмек көрсетуді борышым деп санауға), еңбекке дағдыландыруға (үйрету, жаттықтыру, дағдыға айналдыру) үйретеді.Еңбек тәрбиесі алғаш, негізінен, балалық еркін әрекет жасап талпыну, талаптану, ойнау, ойын үстінде үйрену кезінде іске асырылады.Еңбек тәрбиесінің негізгі саласы-баланы кәсіпке үйрету болып табылады: мал бағу, егін салу, сәулет өнеріне үйрету, зергерлік, тоқымашылық, құсбегі болу, алуан түрлі ұсталық кәсіпке үйрету негіздері.Мал бағу- қазақ халқының негізгі бір ұлттық кәсібі болғандықтан, балаға ес біле еңбек етіп, мал бағуды үйретуді халық әрбір ересек адамның борышы деп есептейді.Киіз үй- қазақтың сәулет өнерінің тарихи табысы.Киіз үйдің жолым үй, төрт қанатты, алты қанатты, он екі қанатты (керегелі) түрлері бар.Оның жабдықтарын (кереге, уық, шаңырақ, туырлық, түндік, жабық үзік,

уық бау, кереге бау, басқұр, ортаққұр, есік, ергенек, т.б.) жасау үшін қыруар еңбек тәрбиесінің бір негізі. Зергерлік өнерін қазақ халқы жоғары бағалап, зергерлерді ардақтап, олардың өнерлерін уағыздап, жастарға үйретіп отырған.

Отбасындағы еңбекке тәрбиелеу ісіндегі еңбек бөлісін көбінесе әке басқарады.Ер баланың малшы, егінші, сәулетші болуы мен әулеттік кәсіпті үйренуі, негізінен, әкенің іскерлігі мен жауапкершілігіне байланысты.

9 дәріс



Тақырып: Халықтық педагогикадағы имандылық тәрбиесі

Мақсаты: Халықтық педагогикадағы имандылық тәрбиесі туралы білім беру

Дәріс мазмұны:

  1. Ежелгі түркі жазба ескеткіштеріндегі иманжүзділік, инабаттылық мәселесі

  2. Қазақы тұрмыстағы діннің рөлі

  3. Тәрбие негіздері және дін.

Имандылық тәрбиесі бүгінгі таңда қоғам қажеттілігінен туындап, өзекті мәселелердің құрамына енуде.Имандылық ұғымы ерте кезден бастап қолданыста болған,оны көне жазба мұраларға көз жіберту арқылы дәлелдеуге болады.Анығырақ айтар болсақ, халқымыздың халық болып қалыптасу кезеңінен бастау алады.Бұл ұғым көпшілік түсінігінде діни ұғыммен суреттеледі.Бірақ имандылық ұғымы таза діни ұғымды білдірмейді. Тұрмыстық өмірде иман жүзді, иманды, тб. Ұғымдар пайдаланылған және әлі де пайдаланылуда. Енді жеке- жеке талдап көрсек, иман жүзді деп бойында адамгершілік қасиеттер, кеңпейілділік, жанашырлық, иабаттылық, ізеттілік, т.б. да қасиеттері барадамдарды айтсақ, иманды адамдарға да қасиеттерді бойына сіңірген және оны сеніммен ұштастыра білетін адамдар тобы жатқызылады.Бұл қасиеттердің бірі де таза діни ұғымға жатпаса керек.Яғни бұдан имандылық адам бойындағы ізгі қасиеттердің жиынтығы деген ой түйіндеуге болады.

Рухани құндылықтарды бағалаудың бірден- бір көзі аталмыш имандылық идеяларды насихаттау болып табылады.Енді осы идеяның генезисіне тоқталар болсақ, алдымен мұсылмандар заңдарының жинағы, тарихи деректердің бірі, жазба мұралар ретінде қарастыруға болатын- Құран және Хадистер жинағы.Мұнда халыққа тәлім- тәрбие берерлік өнегелі, ұлағатты дана сөздер жинақталған.Мысалы, Құранның Ғалақ /1-5/ сүресінде «оқыңдар, ол- Мұхаммед Пайғамбарға жіберген алғашқы аят. Оқу- аса ардақты» деп келтірген.Сондай-ақ, Құранда «намысына, абыройына, адамгершілігіне дақ түсіретін бейнеде ойнау, мазақтау, сондай- ақ біреуді қорлау, ғайбаттау, жала жабу, күншілдік істеу, өсек айтуға тұжырымды түрде тыйым салынсын» деп бұйрық беріліп, жаман іске қарсылық көрсеткен.Адам бойындағы ең жаман қасиет адамды қорлау, зәбірлеу, намысына, ар- ұятына дақ түсіру екенін бәріміз де мойындаймыз.Өзіміз көріп отырғандай, бұл істерге «Құранда» да мән беріліп, шек қойылған, демек бұл да- адамзатқа қажетті игілікті өнеге.

Келесі имандылық идеясының бастау алар бұлағы- Хадистер жинағы.Мұнда әрбір жақсы- жаман қасиеттерге байланысты түсініктер енгізілген.Әсіресе, Мұхаммед Пайғамбардың: «Өзімнен кейінгі қалатын ұрпағымды ойласам, үш нәрседен қорқамын:

1.Құлқынның құлы болып, жолдан таюдан.

2.Нәпсіқұмарлыққа салынып, лас істерге ұрынудан.

3.Ілім- білім бола тұрып, қараңғы наданның ісін істеуден» /1.6./ деген сөздері көңілге қонарлық..Оқу, білім, ғылым-адам өмірінің, тіршілігінің мәні, мазмұны екенін Хадистерде анық берген.Мысалы, «Тіпті, Қытайа болса дабілм алуға ұмтылыңдар, неге десеңіз, білім алуға әрекетену- әрбір мұсылманның парызы» /2.6./,- деген екен Мұхаммед Пайғамбар.Бірде ол: «Бір сағат білім үйрену- бір кеш бойы құлшылық етуден жақсы, бір күн бойы дәріс алу- үш ай бойы непіл ораза тұтқаннан жақсы» /2.7./, деп,білім алуға, дәріс тыңдауға шақырады.Хадистердің тағы біріндегі: «Перзенттеріңізге ізет- құрмет жасай отырып, ақыл- әдеп үйрету керегін ұмытпаңыздар» /2.12/,-деген ескерту жалпы педагогика саласында жеке адамды сыйлау, адамның өзін- өзі сыйлауы принципімен үндесіп жатыр.Сонымен қатар «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» дастандарының имандылық идеяларға қосатын үлесі мол.Халықтың кемеңгер ойшылдары Қорқыт ата, әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Махмұд Қашқари, Өтебойдақ Тілеуқабылұлы, т.б. шығармалары имандылық идеясының қалыптасуының алғышарты болды десек қателеспейміз.Он бесінші ғасыр мен он тоғызыншы ғасырдың бірінші жартысында хандық дәуірде өмір сүрген Асанқайғы, Ж.Баласұғын, Қазтуған, Мұхаммед Хайдар Дулати, Шалкиіз, Доспамбет, Ақтамберді, Шал ақын, Дулат Бабатайұлы, т.б. ақын- жырау және ойшылдар шығармаларының ұрпағымыздың бойына отансүйгіштік,ұйымшылдық, еңбексйгіштік, үлкенді сыйлау, әдепті, елгезек, кішіпейіл, мейірімді болу сияқты имандылыққа жатқызып отырған қасиеттерді сіңіріп ұялатуда үлкен маңызы бар.Әсіресе он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында бұл ұғымдар Ыбырай, Абай, Шәкәрім мұраларында насихатталады.Жоғарыда аты аталған ортағасырлықғұлама ойшылдар имандылық идеясының теориялық негізін қалаушылар қатарына жатады.Және бұл еңбектерді қарастыру барысында олар осы Құран және Хадистердің мазмұнына қанық екен, тіпті еңбектерін Құран және Хадистерге сүйене отырып жазған деген ой түйіндеуге болады.Профессор Ә.Дербісәлиевтің «Бағзы заманнан күні кешеге дейін шығыстың ақын-жазушылары, шежірешілері, тарихшылары Құраннан дәйектемелер алып, оныөз мақсатына пайдаланып келеді» /3.231/ деген пікірі бұл ойды дәлелдей түседі.

Этнопедагогика ұрпақ тәрбиесіндегі діннің рөлін жоққа шығармайды.Бүкіл түркі елдеріндегі мәдениетке шолу жасай қарасақ, сонау тас жазбалар арқылы келіп жеткен мұралардағы тәрбие әсерінің имандылық тәрбиесі арқылы берілгенін көруге болады. Ұрпақ тәрбиелеуде адамгершілік пен парасаттылық жайында, инабаттылық хақында айтылған парсы, ирак классиктерінің дін туралы ұлағатты сөздері бүкіл түркі елдер педагогикасының негізін қалаған.

Иман- араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді. Имандылық-алланың ақ екендігіне, ал Мұхаммед пайғамбарымыз алланың елшісі екендігіне сеніп, алла жолын, пайғамбар ұсынған парыздарды мүлтіксіз орындау, яғни адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқару, адамдықты асқан кісілікпен ақтаудың көрінісі.Халық адамгершілігі жоғары кісіні – иманды деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп оны жек көреді. Адамгершілігі, ар- ұяты бар адамның бет- бейнесі иманжүзділігі жарқын, биязы, өзі парасатты болады.Ондай адамды халық «Иманжүзді кісі» деп құрметтейді.Қазақ халқының ата дәстүрлерінде имандылық тек дідік сенім емес, ол әрі ұлттық, психологиялық салтқа, ұлттық ерекшелікке айналған психологиялық құбылыс.

12 дәріс

Тақырып: Халық педагогикасының қазіргі қызметі

Мақсаты:Халық педагогикасының қазіргі қызметі жөнінде білім беру.

Дәріс мазмұны:


  1. Халықтардың этнопедагогикалық пансофиясы.

  2. Халықтардың рухани мінез-құлықтарындағы ұлтаралық және жалпы адамзаттылық. мәселесі

Халықтардың дәстүрлі мәдениеті осы саясатқа үзілді-кесілді қарсы. Этнопедагогикалық диалог және мәдениет диалогы халықтардың ұлтаралық, жалпы адамзаттық және рухани адамгершілік құндылықтарын көрсетеді. Халықтар түрлі тілдерде сөйлейді, бірақ рухани бір-біріне өте жақын.

Тәрбиелеу тарихында көптеген ашылмаған ақ беттер, құпиялар көп. Тәрбиелеудің жалпы азаматтық тарихын бір үлкен кітап ретінде елестетіп көрелік.

Бұл кітаптан тек өкінішке орай соңғы беттері ғана: педагогикалық ілімдер тарихы, мектептегі білім берудің тарихы оқылған.

Бұл тақырыпты жазу барысында академик Г.Н. Волковтың еңбектері қолданылды. Атап айтқанда, «Этнопедагогика» (1999) кітабы.

Барлық беттерді бірінен кейін бірін ғасырлар түбіне еніп қарастырсақ, көптеген құнды және қызықты жайттарға кезігеміз. Мысалы, керемет тарихи құжат, этнопедагогикалық конституция іспеттес құнды жазба болған ұлы мемлекеттік қайраткер Шыңғысхан (1155-1227) жазған «Великий Джасак» атты шығармасын көбі біле ме екен. Осы жөнінде толығырақ қарастырайық. Құжат екі бөліктен тұрады, бірінші бөлігінде халықтың нақылдары жинақталса, екіншісінде Шыңғысхан халқын басқарған кездегі қолданған заңдар жинақталған. Дегенмен «Жасақ» – стилі бойынша халықтық, ол ауызша түрде жүзеге асырылған: Шыңғысхан сауатсыз болған, сондықтан құжат оның сөзінен жазылған.

Шыңғысхан үшін бірінші орында жастардың және балалардың тәрбиесі болған. Оның негізгі заңының бірінші бабында анық, жарқын түрде нашар тәрбиенің салдары көрсетілген: «Балалар әкелерінің ақылды сөздерін тыңдамады, кіші інілері үлкендердің айтқандарына көңіл аудармады, күйеуінің әйеліне сенім болған жоқ, әйел күйеуінің айтқанын орындамады, енелер келіндерге жағымсыз қарады, ал келіндер енелерін сыйламады, үлкендер кішілерді тәрбиелемеді, ал кішілер үлкендердің ақылына еш көңіл аудармады... Міне осы тайпа осындай тәртіпсіз, мағынасыз болды». Тәрбие тек қана тәрбие ғана адамдағының, халықтағының, елдегінің, барлық әлемдегінің бәрін қалыпқа келтіреді.

«Ұлы жасақ» – бұл халықтардың этнопедагогикалық пансофиясындағы – жалпы ақылдылықтың құжат – символы болып табылады.

Халықтық дәстүрлі педагогикада айтылған нақылдарға Шыңғысхан заңдық күш қылып берді.

Адам өзін қандай бейнеде көрсе, басқаларды да солай білсін. Егер әйелі ақылсыз, тәртіпсіз, ебдейсіз болса, одан күйеуінің нашар сапалары көрініп тұрады.

Шарап пен арақтан ой мен өнерге еш пайда жоқ, онда жақсы сапа мен мінез-құлық жоқ. Ол адамды нашар әрекетке, өлімге әкеп соқтырады. Адамның бойындағы өнерлерінен айырып, адамдардың істеген ісінің жолын ұятқа әкеледі де ол өз мақсатын жоғалтады. Бірақ ішпейтін адамдарды қайдан табады. Егер тапса, ол барлық көшеметке ие.

Ұрланған ат табылған адам, оны иесіне осындай 9 атпен қоса қайтару керек.

Шыңғысханның қонақ қарсыалу туралы заңдары да конституциялық тұрғыға ие болды: ол монғолдарға басқа адамның көзінше оны тамаққа шақырмай ас ішуге тыйым салды, жақын адамдарды өзіңдей жақсы көруге бұйырады, адамдарға қастандық жасауға болмайтындығын, құдайға арналған храмдарды және оған қызмет ететіндерді түгелімен барлық салықтардан босатуды бұйырады.

Шыңғысханның әсер ету шараларының қатары өте қызық.

Кім заңға бір рет қарсы шықса, оны сөзбен ұялту, егер екі рет болса, оған шешендікпен әсер етілсін, үшінші рет – оны алыс жерге жіберілсін. Ол онда барын келгеннен кейін мұқият болады. Егер ол түсінбесе, онда оны түрмеге отырғызылсын. Егер одан шыққаннан кейін ақылды, саналы болса – онда онда өте жақсы; олай болмаған жағдайда барлық туғандары жиналып, жалпы жиналыс жасап, оған не істеу керек екенін шешсін.

Жоғарыда көрсетілгендей әсердің жоғары мөлшері, жауапкершіліктің көбі – туысқандарда. Қазіргі кезде осы дәстүрді қолданған дұрыс сияқты.

Әрбір халықтың тарихында символ тұлғылар және символ оқиғалар бар.

Символ тұлғалар және оқиғалар да халық тарихында тұтас дәуірлер құрады. Лютер және Коменский, Ушинский және Толстой, Ломоносов және Яковлев, Корчак және Штейнер, Нил және Френе, Фрейре және Сухомлинский, Абай және Алтынсарин – олардың әрқайсысы өзінше адамзат дамуына үлсін қосты.

Адамзат тарихында соңғы мыңжылдықтағы «Педагогиканың атасы», шынайы халық педагогы Ян Амос Коменскийдің орны ерекше. Халықтықтың арқасында ол дүниежүзілік, жалпыадамзаттық символ болды. «Ұлы дидактикаға» ол «Чех дидактикасы», «Чех грамматикасы», «Чех поэзиясы», «Ақсақал чехтардың даналығы»арқылы келді. Чех халықтарының ғасырлық даналығынсыз «Адамзаттық істерді түзету туралы жалпыға бірдей кеңес» те болмас еді.

Я.А. Коменскийдің оқу кітаптарында пансофия идеясы өткізілген – жалпыға бірдей даналық.

Ұлы ойшыл зұлымдықтың тамырын білімсізденген немесе дұрыс білім алмағандықтан көреді, сондықтан адамзатты жалпыға бірдей даналыққа, шынайы білімге, яғни пансофияға баулуды армандады. Сондықтан өркениеттің барлық тапқан білімдерін жалпылап және мектеп арқылы осы жалпыланған білімді қоғамдық, нәсілдік, діни белгісіне қарамай адамдарға беруді мақсат тұтты.

Коменскийдің еңбегі елінің қажеттілігі мен дәстүрінен туындап отырады және «ақсақал чехтардың даналығы» оны жақсы бейнелейді.

Коменский жинақтаған мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштар қазір де өзінің өзектілігін және тәрбиелік күшін жоймайды. Мысалы: «Үлкен бұлттардан кішкене жаңбыр», «Көп уәде береді, аз орындайды», «Күшсіз ашу-ыза пайдасыз». Коменский хпалық ауыз әдебинтінің шығармашылығы мақал- мәтел, жаңылтпаш, ертегі, жұмбақ және т.б. жинап өз педагогикалық еңбегінде пайдаланып қана қоймай ол өзі де көркем шығармалар жазды, мұнда педагогикалық мән мен поэзия көркем шығармашылықта бірігеді.

Я.А. Коменскийдің педагогикалық, ағартушылық іс-әрекеті – халықтық педагогикалық тәрбиелеу ұлттық мәдениетінің қазіргі қалыптасуы тек ұлттық бостандықта және тәуелсіздікте ғана мүмкін екені дәлел.

Мектеп ісінің ешқандай жасампаз модернизациясы өзінің ғасырлық дәстүрлік тірегінсіз мүмкін емес. Бұл дәстүрді есепке алмау адамзат пен қоғам деградациясына алып келеді. Сонымен қатар Я.А. Коменскийдің педагогикалық шығармашылығының әлемдік мәні халықтық дәстүрді тірек ететін әрбір өнімді педагогикалық тәжірибе әрқашан өзінің пайда болып дамыған тарихи және мәдени контекстісінен алыстайтынын дәлеледейді. Мысалы, басқа халықтардың педагогикалық жетістіктерін меңгеруге кедергі етпейтін мыңдаған жылдардағы жапондықтардың педагогикалық мәдениетін келтіруге болады. Бұл дәстүрлерді елемеу білім беру және тәрбиелеу жүйесіндегі демократиялықты жоққа шығарады.

Орыс мәдениетінің рухани және педагогикалық-ғұламасы – М.В. Ломоносов. Ол Коменский сияқты символ тұлға, орыс грамматикасының негізін салушы, бірінші Ресей университетінің негізін салушы. Көптеген ғылымдарда әсіресе, тәрбие туралы ғылымда жаңалық ашқан ғалым. Ломоносов – халықтың рухани өміріндегі өз тілі, орыс тілінің ұлы жолын көрсеткен шынайы халық педагогі.

Орыс тілі туралы айтылғандардың барлығын М.В.Ломоносов оңай басқа тілдерге аударды.

Орыс мәдениетіндегі М.В.Ломоносовтың алатын орны секілді Иван Яковлевте чуваш мәдениетінде маңызды тұлға болып саналады. Ол университет және академиямен қоса, политехникалық шеберхананы, консерваторияны, хорларды, ансамблдерді, оркестрлерді құрды; музей, шіркеу тұрғызды; бибилиотеканың, театрдың, монастырдың, ауылшаруашылық фермалардың, баспаханалардың, жетім балалар үйінің және тағы басқалардың негізін салды. Яковлев бұның бәрін қарапайым түрде чуваштық мұғалімдік мектеп деп атады, себебі «мұғалім» түсінігіне өте кең мағына берген. И.Яковлев өзінің барлық ағартушылық жұмысын әлемдік педагогикалық мәдениетпен шыққан бай тәжірибені қолдана отырып, халықтық педагогикалық салт – дәстүрде тұрғызды. Университетте ол Сократтың, Платонның, Аристотельдің, Квинтелианның, Лютердің, Коменскийдің еңбектерін оқыды. Ол әлемдік педагогиканың ең жоғарғы жетістіктерін өте жақсы меңгерген. Университетте дәл сол уақытта ол әлемдік ғылымда бірінші рет халықтық педагогикалық естеліктер жөніндегі мағлұматтарды теориялық түрде қарап шықты. Теориялық шығармасын ол хрестоматиялық қосымшамен жүзеге асырды.

И. Яковлевтың бірінші еңбегі – ұлттық мерекелер туралы, екінші еңбегі – ұлттық күн тізбе жөнінде, ал үшінші еңбегі өз сөзінің ұлылығы, оның күштілігі жөнінде жазылған. Әрі қарай 25 жаста болса да әрекеттің жаңа кезеңі жүреді. «Букварь для чувашей» және християнство жөнінде «Начало истинной веры» кітабын шығарды.

И. Яковлев адам рефлексиясын, өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы жөніндегі халық педагогикасының ашылуында шығармашылық тұрғыдан пайымдады. И. Яковлев рефлексиямен адам жанының ажарын құрастыруға болады, деді.

И. Яковлевтың жанұя үлгісі жөніндегі мектеп құру тәжірибесі әлемдік мағынаға ие (1868). Бұл мектеп қауым болып, 1918 ж. дейін жұмыс істеді. Мектепшілік ұжым үлкен еңбекқорлықты, гуманистік, демократиялық дәстүрге ие, шаруалар педагогикасын танытты.

И. Яковлев жұмысты үлкен жанұяның қамқоршы әкесі ретінде жүргізді. Ол мынадай идея ұсынды: педагогика – тек ғылым және өнер емес сонымен қоса дін, онда халық – құдай, ана – тәңір, патриарх (әке) – рухани, тәлімгер, балалар – періштелер, ата-аналар үйі – құдай храмы, деді.

Мектептегі моральдық ахуал таза жанұялық қатынаспен ерекшеленеді. Өзара қамқоршылық қалыпта болады. Мектепте түрлі ұлт өкілдері білім алды. Бірақ барлығы да мектепке алғыспен қарап, чуваштық тілді белсенділікпен меңгерді.

И. Яковлевтің «Рухани мұрасы» - туған халқына қатынасы, сол арқылы барлық адамдарға яғни танымал идеал барлық халықта бірдей болғандықтан, тәрбиелеудің мақсаты да бірдей. Я. Корчактың, Р.Штейнердің, В. Сухомлинскийдің еңбектерінде өз жерінің балаларын тәрбиелеу жөнінде және оны туған халқының салт-дәстүріне сәйкес ету, бірақ олар барлық педагогикаға түсінікті және жақын.

Сонымен этникалық мәдениеттің әртүрлілігіне қарамастан оның бөлігі ретінде этнопедагогика оқшалануға жол бермейді. Егерде ол шынайы халықтық болса, онда ол – жалпы адамзаттық болады. Мұратында емес, сонымен қоса әрекет стилі жағынан да бір-біріне ұқсас екені кездейсоқтық емес. Оларды мың жобадан жаны бар бір бала артық деген ақылды ой басқарып отырады.

15 дәріс


жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау