Аударма тестілердің бейімделу сұрақтарына тоқтала кетсек. Дайын шетел əдістемелері арқылы отандық
əдістемелер репертуарын толықтыру көптеген психологтар үшін психодиагностикаға арзан, қысқа, валидті жол
болып табылады. Бірақ, бейімдеу тек қана тесттік ұпайда нормативті бөлуге теңестірілсе, онда бейімделген
əдістеменің валидтілігі мен сенімділігі жаңа жағдайда сенім оятады, ал авторлардың тесттік концепциясы жəне
оның қолданған валидтілік критериінің мазмұны біздің жағдайға өзгерісіз енеді. Мұндай ауыстыру қалыпты
психикалық қасиеттерді тестілеуде елемейтін қателіктерді береді (жүйке жүйесінің қасиеті, функционалдық
жағдайы, сенсомоторлық параметрлері, қалыпты когнитивті функциялары).Тұлғаның интегралдық психикалық
қасиетін жəне жеке сезінуді (түрткілер,өз-өзін бағалау,жалпы қабілеттер,қарым-қатынас стилі, құндылыққа
бағдарлануы, қызығушылықтыры), сонымен қатар кез-келген лингвистикалық құралдарды қолдануды жəне
мəдени спецификалық критерилердің қорытындысын бағалауды тестілеуде бейімдеудің тесттік нормаларын ғана
жинастыруға болмайды.
Жаңа əлеуметтік-мəдени жағдайда, көлемі бойынша ерекше əдістеме жасауға жұмыстың сенімділігі мен
валидтілігін тексеру үшін эмпирикалық жұмыс қажет. Бұл жол саналы түрде немесе білместіктен психометрика
принциптерін елемейтіндер үшін ғана қысқа болып табылады.Аударылған көп деңгейлі сұрақнама-тестін
бейімдеудегі жұмыста эмпирикалық-статистикалық сатыларды атап кету жөн.
3.1.Тесттің ішкі валидтілігін талдау. Бұл талдау барлық эмпирикалық индикаторлардың қиылысында жатқан,
жалпы диагностикалық қасиет барын көрсетуге арналған. Мұндай анализ барлық факторлық анализ бойынша
алынған тесттік шкалаларға міндетті саналады. Мысал ретінде Айзенктің EPI сұрақнама-тестін жəне Кеттелдің 16
факторлық тестін атап кетуге болады.Ал «бақылау локусы» немесе ММРІ клиникалық шкалалары сұрақнамасына
ішкі келісімділікті талдау талабын қойып қажеті жоқ, өйткені бұл шкалалардың пункттері сыртқы критерий
бойынша таңдалған жəне бір ортаға жинақталмаған.Ішкі келісімділікті талдау бірдеңгейлі жəне көпдеңгейлі
тестке тесттерге қолданылады. Бірінші жағдайда жай ғана калькулятор ғана қажет болса, көпдеңгейлі тесттерге
арнайы компьютерлік «пункттерді талдау бағдарламасы» қажет. Біртекті емес шкалаларға қарағанда ішкі
келісімділікті талдау пункттердің ақпараттандырылғандығын тексеруге мүмкіндік береді(дұрыс жауап автордың
ерекше версиясына сай келуі керек).
2. Қайта тестілеуге тұрақтылығын тексеру. Бұл сынақ теоретикалық тұрғыдан уақытқа инварианттылық
күтілетін қасиеттерді диагностикалауға қажет. Ретестті сенімділікті талдау тесттің бөлек пунктінің ақпараттанды-
рылуымен қатар бөлек пунктінің тұрақтылығымен де қатар жүргізіледі. Ретесттік сенімділік ақпаратынсыз
психолог кез-келген тестті элементарлы статикалық экстраполирлік болжам құру үшін қолдануға құқы жоқ.
3. Сыртқы релевантты кореляция критериін талдау. Егер тест басынан критериалды-бағдарланған болып
құрастырылса бұл бейімдеудің деңгейі өте қажет. Мысалы, мұндай жұмысты Ф.Б.Березиннің ұжымы ММРІ-дің
қысқартылған модификацияланған түрін жасау үшін атқарған.
4. Тесттік нормаларды тексеру немесе рестандартизациялау. Бұл этап жайында жоғарыда айтылып кеткен
болатын. Өкінішке орай, тесттерді бейімдеу жұмысында осы деңгейді ғана психологтар қажет деп келген
болатын.Бірақ бұл жағдайда да таңдауды ыдыратуға тесттік ұпайды бөлудегі тұрақтылықты тексеруге қажетті
жұмыс үнемі атқарылған жоқ.
5. Көпдеңгейлі тесттерге спецификалық деңгей- шкалалар арасындағы орын басу құрылымын тексеру болып
табылады. Мысалы Айзенк тесті үшін ортогональдық, статистикалық тəуелсіздік тəн. Тіпті аталып кеткен 5
сатыны қысқаша қарастырып өтудің өзі шетел тесттерін бейімдеу ерекше əдістемелерді жасаудағы эмпирико-
статистикалық жұмыс көлеміне кем түспейді.Бұл жерде «бейімдеу» терминін қолданғаннан гөрі «шетел
əдістемелерін отандық таңдауда зерттеу» деген дұрыс болар еді. Дегенмен айтылғанды шетел шетел
əдістемесімен жұмыс істеуге қарсы шығу деп түсінуге болмайды. Жоқ, əрине мұндай жұмыс интенсивті жəне
жоспар бойынша жүргізілуі тиіс. Бұл əлемге тараған кроссмəдениетті, əмбебаптылығын дəлелдеген, көп елдерде
қолданысқа ие,бейімделген тесттерге қатысты. Халықаралық тесттердің отандық эквивалентін жасау
халықаралық валидтеу, теоретикалық мазмұндылық жəне тесттерді қолдану тəжірибесін пайдалануға мүмкіндік
береді.
Психологтардың алдына тестті жас-жыныс немесе кəсіби-мəдени ерекшеліктері стандартталған таңдаудан
жаңа популяцияға «ішкі мəдени ауыстыру» жағдайы ерекше міндет қояды. Бұл жағдайда қажет:
1.
Əдістеменің валидтілігін, əдістеме өз мағынасы бойынша кəсіби немесе аймақтық ерекшеліктерге жақын
болса, тексеру қажет. Бұл мүмкіндігінше максималды экономды валидтілікті тексеру процедурасын таңдау
керек. Таңдаудың көлемі экспериментте валидтілікті тексергенде статистикалық байланыстарын алуға
күтілетіндей болуы тиіс.Егер валидтілікті тексеру қорытындысы қанағттанарлық болмаса, онда жиналған
қорытындылар бойынша жай ғана пункттерге талдау жасау керек: кейбір пункттер ақпараттандырылғандығын
тексеру керек, кейбір сұрақтар мағыналылығын,осы жағдайға қолдануға маңыздылығын қарастыру керек. Тесттік
ұпайды санағанда қажетсіз пункттерді алып тастағанда валидтілік анықталады.
2.
Тесттік нормалардың сай келуін анықтау. Валидтілікті тексеруден кейін жағымды қорытынды алынғанда
ғана таңдауды кеңейтіп, тесттік ұпайларды эмпирикалық бөлуді қайта құрастыруға болады.Бұл бөлудің
квантилиясын нормативті бөлудің квантилиясымен салыстыруға болады, егер қайшылықтар өлшеу қатесінен
аспаса əмбебап тесттік норма популяциясына жатқызу туралы қорытынды шығаруға болады.Бірақ практикада
маңызды өзгешеліктер жиі пайда болады. Бұл жағдайда психолог жеке тесттік тəжірибесінде ғана емес, отандық
психодиаг-ностиканың ақпараттық-əдістемелік бланкін толтыру үшін де қажет. Əдістемені жасауда өткен
бөлімде айтылып кеткендей, шешуші рольді психологтың мəртебесі мен əдіснамалық бағдары атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |