С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы
050418 «Кітапханатану және библиография» мамандығының студенттері үшін
«Кітапханалық ақпараттық-қызметті стандарттау»
пәнін оқуға әдістемелік нұсқаулар
Павлодар
Дәрістердің тірек коспектілерін бекіту парағы
|
|
ФФорма СО ПГУ 7.18.3/39
|
БЕКІТЕМІН
ФМж/еАТ факультетінің деканы
___________ Ж.К.Нурбекова
200 __ ж. «___»____________
Құрастырушы: Аға оқытушы Жақсылықов Ә.Е.
Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы
050418 «Кітапханатану және библиография» мамандығының студенттері үшін
«Кітапханалық ақпараттық-қызметті стандарттау»
пәнін оқуға әдістемелік нұсқаулар
Кафедра мәжілісінде бекітілді, 200__ж. «___»____________ Хаттама №_____.
Кафедра меңгерушісі _________________________ Асаинова А.Ж.
Факультеттің әдістемелік кеңесінде құпталды,
200__ж. «___»____________ Хаттама №_____.
ӘК төрайымы _________________________ Муканова Ж.Г.
КІРІСПЕ
Адамзат қызметінің кез келген саласындағы стандарттаудың рөлі арнайы дәлелді қажет етпейді. Бұл рөл әсіресе кітапханалық іс сияқты формалданған салаға келгенде өсе түседі. Кітапханалық-ақпараттық қызметті басқарудың анықтығы және нәтижелілігі, қолданушылардың құқықтарын қорғау, жасалатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің жылдамдығы мен сапалылығы стандарттардың талаптарын сақтап, орындауға байланысты
Жалпы, техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттiк қорын уәкiлеттi орган мен мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыреттiктерi шегiнде құрады.
Әрбiр стандарттың және стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттың қабылданғаны туралы ақпаратты және оның бiр данасын құжатты әзiрлеген тұлға бiрыңғай анықтамалық-библиографиялық дерекқорды нысандау үшiн уәкiлеттi органға жiбередi.
Уәкiлеттi орган мемлекеттiк, халықаралық, өңiрлiк стандарттарды, шет ел мемлекеттерiнiң стандарттарын, стандарттау, сәйкестiктi растау, аккредиттеу жөнiндегi ережелер мен ұсыныстарды (бұдан әрi - нормативтiк құжаттар), техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, стандарттар каталогтары мен сiлтемелерiн, оның iшiнде электронды басылымын шығаруды және таратуды ұйымдастырады.
Мемлекеттiк стандарттардың ресми басылымы (мемлекеттiк стандарттар жиынтығы) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жүзеге асырылады.
Республикада қолданыстағы стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар туралы ақпарат Қазақстан Республикасының баспа басылымдарында жарияланады.
Стандарттардың және стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды: халықаралық стандарттарды, өңiрлiк стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, стандарттау жөнiндегi ережелер мен ұсыныстардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiнiң ресми басылымдарымен қамтамасыз ету мен таратуды тек уәкiлеттi орган немесе онымен уәкiлеттiк берiлген оның ведомствосына қарасты кәсiпорын жүзеге асырады
Мақсаты:
Кітапханалық ақпараттық-қызметті стандарттау мақсаты – студенттерге стандарттар мен сертификаттардың заңдық негізін үйретуде қазіргі кезде маңызды болып табылады.
курстың бағдарламасы «Стандарттау» және «Сертификаттау» туралы Қазақстан Республикасы Заңының негізінде құрылған;
нормативті-технологиялық құжаттар, кітапханалық ережелер, кешендік нормалар, стандарттаудың объектісіне талаптар, пәндерді меңгеру процесіндегі студенттердің алған дағдысы мен біліктілігі;
- бағдарламаның негізгі міндетіне «Ақпарат, кітапхана және баспа ісі стандарттар жүйесі бойынша нормативтік құжаттар тізімін оқыту кіреді»;
- қазіргі кітапхана жұмысын ұйымдастыруға қажетті стандарттар дағды мен біліктілікпен білім көлемін меңгерулері қажет;
- қатынас құру құқығын тағайындауды, файлдық жүйелердің құрамындағыларды пароль арқылы қорғау және көшіруді қамтамасыз ету, тораптың аппараттық және программалық ресурстарын бірігіп қолдану үшін бөлуді білуі тиіс;
- тапсырманың нақты бір түрін шешу үшін локальды тораптарды жобалау, ақпаратты жеткізу, сақтау, іздеу және ұсыну үрдістерімен байланысты қазіргі кездегі тораптық технологиялардың перспективі мен даму тенденциялары туралы жүйесі туралы білім алулары қажет.
Тақырып 1 Ақпарат кітапхана және баспа ісі бойынша стандарттар жүйесі, (СИБИД).
Библиографиялық сипаттама
Библиографиялау – библиографиялық қызметтегі негізгі процесстердің бірі. Бұл – дәстүрлі ж»не машинаоқушы түрде компьютерлік техниканың құралдары арқылы тасымалданатын бибилогарфиялық ақпарат жасау. Библиографиялық ақпараттың ең кең таралған формасы – библиографиялық сипаттама.
Сипаттау ережелері кез келген жасанды немесе шынайы объекттерге қолданыла алады. Оларға кез келген тасымалдағыштарда кездесетін құжаттар жата алады: мақтау қағаздарынан бастап электронды оптикалық дискілерге дейін.
Библиографиялық жазба – құжатты идентификациялауға, оның құрамын және мазмұнын библиографиялық ізденіс мақсатымен ашуға мүмкіндік беретін құжат туралы мәліметті құжаттық формада сақтайтын библиографиялық ақпарат элементі.
Библиографиялық жазба құрамына библиографиялық жазба атауы мен классификациялық индекстермен, пәндік айдарлармен, аннотациямен, қосымша библиографиялық жазбалар мен басқа жазбалармен байланысы туралы анықтамалармен, құжатты өңдеп аяқтау датасымен және басқа да мәлңметтермен толықтырылатын библиографиялық сипаттама кіреді.
Жазбалар құрамына қарай бірдеңгейлі және көпдеңгейлі жазба болып бөлінеді.
Библиографиялық жазбаның атауы – библиографиялық сипаттаманың алдында орналасқан және библиографиялық жазбаларды реттеуге және іздестіруге арналған библиографиялық жазба элементі.
Библиографиялық сипаттама элементтері міндетті және факультативті болып бөлінеді. Міндеттілік санаты жазбаға емес, библиографиялық сипаттама элеметтеріне қатысты. Міндетті элементтерді құжатты идентификациялауға ең қажетті мәліметтер құжатқа анғұрлым кең сипат береді. Сипаттамада тек міндетті элементтер немесе міндетті және факультативтік элементтер болуы мүмкін [3, б. 322].
Библиографиялық ақпараттық хабардың ең көп таралған формасы библиографиялық (кітаптардың атын, мазмұнын, т.б. жазып отыру, әдебиет көрсеткіш) жазылым, оған енетіндер: библиографиялық жазылымның тақырыбы, (авторы, не ұйым аты), библиографиялық сипаттама, ол классификациялық индекспен, пәндік айдармен, кілт сөздермен, түйіндемемен, рефератпен толықтырылады [4, б. 3].
Тақырып 2. Кітапхана ісі мен библиография қызметіндегі стандарттаудың отандық және әлемдік тәжірибелері.
2 МЕСТ 7.1 – 2003 негізінде акпаратты өңдеу
Библиографиялық ұйымның нақты міндеттері мен мақсаттарына сай жазылғанда библиографиялық жазылымның толықтығы қамтамасыз етіледі, соған байланысты библиографиялық құрал құрастырылады.
7.1.2003ж. МЕСТ-тің библиографиялық сипаттамаға берілген анықтама: «Библиографиялық сипаттама құжатқа библиографиялық мәлімет береді; белгілі бір ережелерге сәйкес жалпы құжаттарға мінездеме беріп, әр саланы белгілі бір тәртіппен толықтырып отырады». Библиографиялық сипаттаманы құрастырудың негізгі мақсаты – құжатқа мінездеме беру, мәліметтерді келтіру үшін іздестіру жұмыстарын жүргізу. Библиографиялық сипаттаманы құрастыру объектісі басылған кітаптар мен мақалалар, басылмаған (диссертация, есеп, Ғ.З.Ж және К.Ж) басылған, электронды, аудиовизуалды таспадағы құжаттар түрінде бола алады [1, б. 39].
Негізгі өзгерістер МЕСТ 7.80 – бұл үтір. ТМД елдерінің өмірнамалық іске қызу кірісуіне байланысты дүниежүзілік кітапхана - өмірнамалық әлемге бұл өзгерістер енгізілді, қазіргі таңда бұл өзгерістер Интернет арқылы жүзеге асырылуда.
Пайдаланылатын көздердің тізіміне – студенттердің, магистранттардың, аспиранттардың, ұстаздардың оқу, ғылыми жұмыстары көбінесе басылмайтындықтан, библиографиялық жазбаның тақырыбында үтір қолданылмасын деген, біздің университеттің ұйым стандартын құрастырушылар шешім қабылдады.
Өмірнамалық жазбаның негізгі мазмұнына өмірнамалық сипаттама, ол мына бөлімдерден тұрады:
1. Тақырып және жауапкершілік туралы мәлімет саласы
2. Басылым туралы сала
3. Мамандық жайлы мәлімет
4. Демалыс саласы
5. Физикалық мінездеме саласы
6. Сериялық сала
7. Ескертпелер саласы
8. Стандарттық номер саласы және қолайлы жағдайлар
Сипаттау саласына жататын элементтер, олар міндетті және факультативті(құжат жайлы қосымша мәліметтер) болып бөлінеді. Міндетті мәліметтер (тақырып, жауапкершілік туралы мәлімет, басылымның орны мен жылы), тақырыппен қоса құжаттарды сәйкестендіру. Оларды кез келген сипаттамада келтіреді.
Библиографиялық сипаттамада ереше көңіл аударылатын нәрсе, ол екі қызметті атқаратын – грамматикалық тыныс белгілері және олардың белгілейтін тыныс белгілерін, таңбалар, олар өмірнамалық сипаттаманың элементтері мен салаларын анықтайды. Белгіленген тыныс белгілері (шартты айырым белгілері) сипаттауда түрлі тілдердегі жекелеген элементтерді айыруға көмектеседі – дәстүрлі шығу формасындағы және машина оқитын каталогтардағы-жазылымдағы, баспа карточкалардағы, библиографиялық көрсеткіштердегі, тізімдердегі, компьютердің монитор экранындағы және т.б. Белгіленген тыныс белгілері элементтер мен салалардан бұрын не олардың соңында қойылады. Олардың қолданысы тіл нормаларына байланыссыз.
Белгіленген тыныс белгілеріне математикалық тыныс белгілер мен тыныс белгілері жатады:
. - нүктелі сызықша;
. - нүкте;
, - үтір;
: - қос нүкте;
; - нүктелі үтір;
... - көп нүкте;
/ - қисық сызық;
// - қос қисық cызық;
() - жақша;
[] – квадрат жақша;
+ - қосу;
= - теңдік белгіс.
Библиографиялық сипаттаманың соңына нүкте қойылады.
Библиографиялық сипаттамада біріншіден басқа, сипаттаудың әр саласының алдына нүкте мен сызықша (.-) қойылады. Әр саланы және элементтерді бөлу үшін және белгіленген грамматикалық тыныс белгілерін айырып отыру мақсатында шартты белгінің алдынан не соңынан бір баспа белгілік бос орын қалдырып отыру қажет. Нүкте мен үтірден кейін ғана бос орын қалдырылады.
Библиографиялық сипаттама жасағанда, негізгі ақпараттық хабарға негіз болатын құжаттық элементтер екенін есте сақтаған жөн. Титулдық бет пен титулдық экран, этикетка, жапсырма қағаз(наклейка) және т.б. Құжаттардың белгілі түріне қарай белгіленген бір немесе бірнеше ақпарат көздері бар – (мысалға, тақырып саласы бойынша және белгіленген мәдениеттердің жауаптылығы ақпараттық хабар көзі болып табылатын: титулдық бет – кітап үшін, бірінші және соңғы жолы – газеттер үшін).
Белгіленген көзден ақпараттық хабарды пайдаланғанда, оларды [] квадрат жақша арқылы белгілейді. Библиографиялық мәліметтерді негізгі көзден алған қалпынан өзгертпей пайдаланылады. Библиографиялық сипаттаманы құрастырғанда, оны толық беру үшін сөз тіркестерін, сөздерді қысқартып беруге, бөлімдер элементтерін түсініп, түрлі жазбаларды бір библиографиялық жазбаға біріктіріп беруге не түрлі қысқартуларды пайдалануға болады. Тек әр саланың тақырыптарын қысқартуға болмайды (егер ақпараттық хабар алынған көздің өзінде қысқарту болған жағдайда ғана) және материалды жалпы белгілеуде орфографияға сүйеніледі.
Библиографиялық сипаттауды құрастырғанда қазіргі орфография нормаларын сақтау қажет. Библиографиялық сипаттама қай тілде жазылса, сол тілдің ережесі бойынша бас әріптердің қолданылуы. Әр сала бас әріптен басталып жазылады және келесі элементтердің бірінші сөзі бас әріппен жазылады: материалды жалпылай белгілеу және кез келген тақырыптар барлық сипаттаудағы бас әріппен жазылады.
Библиографиялық сипаттауда са есімдерді негізгі ақпарттық көзде қалай берілсе, солай пайдалану қажет [4, б. 4].
Жүйеге байланысты бір сатылы, көп сатылы библиографиялық сипаттау болады. Бір сатылы сипаттау бір томдық басылымға берілсе, көп сатылы – көп томдыққа беріледі. Оқу және ғылыми жұмыстарға аналитикалық библиографиялық сипаттама беріледі: аналитикалық библиографиялық сипаттаудың объктісі құжаттың негізгі бөлігі болады, құжатттар туралы мәліметтерді іздестіру. Оның бөліктеріне жататындар:
- Дербес шығарма;
- Дербес тақырыбы бар шығарманың бір бөлігі;
- Дербес тақырыбы жоқ шығарманың бір бөлігі, библиографиялық сәйкестендіру мақсатында бөлінген.
Аналитикалық библиографиялық сипаттау аналитикалық библиографиялық жазбаның негізгі элемент болып табылады және оған енетіндер:
- сәйкестендіру бөлігі жайлы мәліметтер;
- байланысты элемент;
- сәйкестендіруші құжаттар туралы мәлімет;
- құжаттың қай бөлігінің қайда орналасқаны жайлы мәлімет;
- ескертпелер
Тақырып 3 Сертификат жөніндегі ҚР заңы. Жалпы ережелер. Заңда пайдаланылған негізгі түсініктер.
Аккредитация , аккредитациялау аттестаты, аудит, ҚР сертификаттың мемлекеттік жүйесі. Сертификат және лабораториялық сынау бойынша мемлекеттік бақылау органдарының қызметі, сәйкестендірушілік бойынша декларация.
Инспекциялық бақылау, өнімнің идентификациясы, сынақ лабораториясы (орталық), сертификат бойынша нормативтік құжаттар, өнімнің сертификациясы процесі, жұмысы, қызметі бойынша орган сертификаттау. Сертификация, сәйкестендірілген сертификат бойынша эксперт, тауардың пайда болуының мемлекеттік жүйедегі реестрі.
Тақырып 4 Сертификаттаудың заңдылығы.
Сертификат жөніндегі заңдылық. ҚР құқықтық-нормативтік акті. Сертификаттаудың негізгі мақсаты. Өнімнің, процестің, жұмыстың, қызметтің адамның өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кітапхана мен қоршаған ортаның мүлкін қорғау.
Кітапхана ғимараттың құрылысы мен конструкциясына сертификаттаудың құқықтық негізі.
Тақырып 5 Сертификат саласын мемлекеттік басқару.
Сертификат бойынша жұмыстарды басқару. Сертификаттау жүйесінің мемлекеттік ұйымы. Стандарттау бойынша мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттері.
Өнімнің, қызметтің, процестің, жұмыстың сертификациясы бойынша органы. Лабораториялық сынақ орталығы.
Сәйкестендіруші сертификат. Сәйкестендірушілік белгісі. Өнімді қызметі, жұмысы, прцесті сертификаттау түрлері. Өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз талаптары. Сертификаттау бойынша нормативті құжаттарға қойылатын талаптар.
Тақырып 6 Сертификатталған өнімді, процесті, жұмысты және қызметті инспекциялық бақылау және сертификаттау саласын мемлекеттік бақылау.
Сертификаттау талабын сақтауды мемлекеттік бақылау. Сертификат бойынша органдардың және сынақ лабораторияларының қызметін мемлекеттік бақылау.
Тақырып 7 Сертификаттау бойынша органдардың қызметін мемлекеттік бақылау және сертификаттау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушылардың құқықтары.
Сертификаттау саласындағы мемлекеттік бақылау жүргізушілердің құқықтары сертификаттау бойынша органдардың қызметін мемлекеттік бақылау.
Сертификатталған өнімді процесті жұмыс пен қызметті инспекциялық бақылау.
Сертификаттау бойынша жұмысты қаржыландыру. Сертификаттау жөніндегі заңдылықты бұзушылардың жауапкершілігі.Сертификаттау саласындағы шиеленіс.
Тақырып 8 Стандарттау туралы ҚР Заңы.
Жалпы ережелер Заңда қолданылған негізгі тусініктер: мемлекеттік стандарттау, техника-экономика ақпараттық мемлекеттік жіктеушісі, стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын байқаудағы мемлекеттік бақылау.
Нормативті-техникалық құжаттау түсінігі. Нормативті-техникалық құжаттардың маңызы. Стандарттың түрлері.
МЕСТ 7.1 – 2003 стандарты әр түрлі құжаттар ISBD-і, ISBD(G), сонымен қатар ISBD-ді құжаттың құрамдық бөлігін сипаттау бойынша Жетекшілігі, MARC-форматтарды жүргізу ережесі, СИБИД жүйесінің стандарттары, РКП, РГБ, РНБ және тәжірибелік библиографиямен айналысатын басқа да ұйымдар жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу және әдістемелік даярлау негізінде жасалады.
МЕСТ библиографиялық сипаттаманы регламенттейтін бес стандарттың орнына енгізілді, олар: негізгі МЕСТ 7.1 – 84 «Құжаттың библиографиялық сипаттамасы. Жалпы талаптары және құрастыру ережелері», сонымен қатар ноталық басылымдардың, картографиялық шығармалардың, изобасылымдар мен аудиовизуалды материалдардың сипаттамаларына МЕСТ-тар.
МЕСТ 7.1 – 2003 библиографиялық жазбаларды құрастыру бойынша стандарттар, ережелер, нұсқаулықтар, әдістемелік құралдар жүйесі үшін негізгі болып табылады. Бұл МЕСТ-тің объектісі – библиографиялық жазбаның негізгі бөлігі – библиографиялық сипаттама. Библиографиялық жазбаның басқа элементтері СИБИД жүйесінің сәйкес стандарттарымен қалыптасады: атауы – 7.80 – 2000 «Библиографиялық жазба. Атауы. Жалпы талаптары мен құрастыру ерекшеліктері» МЕСТ-імен, жүйелік индекстері мен пәндік айдарлары 7.59 – 2003 «Құжаттарды индекстеу. Жүйелеу мен пәндеуге жалпы талаптар» МЕСТ-імен; аннотация (реферат) – 7.9 – 95 «Реферат және аннотация. Жалпы талаптар» МЕСТ-імен [6, б. 40].
МЕСТ 7.1 – 2003 стандартын Ресей Федерациясының баспа, телерадиоүндеу және бұқаралық коммуникациялар құралдары істері бойынша Министрлігінің Кітап Палатасы, Ресей мемлекеттік кітапханасы және РФ Мәдениет министрлігінің Ресей Ұлттық кітапханасы, Стандарттау бойынша мемлекетаралық техникалық комитет ТК 191 «Ғылыми-техникалық ақпарат, кітапхана және баспа ісі» құрастырған. Ресей Мемлекеттік стандарты болып енгізілген. Қазақстанда бұған сәйкес стандарт болмағандықтан, библиографиялау ісінде осы Ресей стандарты қолданылады.
Стандарттың басты мақсаты – адамдарды жақындату, оларға кооперация мен библиографиялық жазбалармен алмасуға көмектесу. «Мақалалардың аймақаралық аналитикалық жазбалары» бірлестігінің тәжірибесі мәліметтер қорын толықтыру әдістемесін жетілдірусіз кітапханалар жұмыс істей алмайтындығын көрсетті. Сапалы ақпараттық өнім дайындау үшін ортақ жұмыстың барлық қатысушыларының библиографиялық сипаттамалары бос орындарды толықтыру әдістемесі бойынша, индекстеу тереңдігі және басылымның жазбасының толықтығы бойынша ұқсас болуы керек.
Осы үлкен мақсатқа жеткізуге ықпал жасау –7.1 – 2003 МЕСТ-інің міндеті.
Тақырьш 9 Стандарттау және сертификаттау бойынша мемлекеттік органдар.
Стандарттау мен сертификаттау бойынша мемлекеттік органдардың қызметі.Негізгі қызметі мен міндеті. ҚР стандарттаудың мемлекеттік жуйесі.ҚР мемлекеттік стандарттары.
Тақырып 10 Стандарттау бойынша халықаралық ұйымдар.
Стандарттау бойынша халықаралық ұйымдар. Халықаралық стандарттау. Халықаралық стандарт ИСО-ның халықаралық стандартты енгізу мен өңдеудегі қызметі. Халықаралық
Сайттардың мазмұның программалау үшін екі жолы бар: интерпретируемдык сценарийлерді жасау және байт-кодты компиляциялау. Екінші жолы программаның орындалу тиімділігін және байтка кірумен бекітілмеген (несанкционированный) өзгерістерден қорғау дәрижесін көтереді.
1990-шы жылдарында пайдаланушылермен интерактивті әрекеттестіктің ең тиімді және әйгелі тәсілі CGI-программалау болды. Осымен бірге, Интернетте программалудың өз сұрактарымен мәселелері туыды. Өзекті мәселелердің бірі - автордьщ құқығын қорғау мэселесі. Өйткені, барлық сценарий тілдері Perl, Phyton, JavaScript және т.б. интерпретируемдык болады және ешқандай бинарлык кодтары, алғашкы мэтінді жасырау болмайды. Сондықтан сценарий алгоритмнің жұмысын зерттеуге және автордың рүдсатысыз қолдануға ешқандай кедергі жоқ. Web-автоматизацияның кұралдарын жасайтын программисттер осы мәселені әр турлі тәсілдермен шешуге тырысады.
Тақырып 11 Мемлекетаралық стандарттау
Мемлекетаралық стандарттар. Стандарттау бойынша мемлекетаралық Қенес. Мемлекетаралық стандарт. ГОСТ 7.1-2003 Мемлекетаралық стандарт. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен заңдылығы.
Тақырып 12 Стандарттау зандылығы.
Стандарт, стандарттау техникалық жағдай стандарттау бойынша техниқалық комитет, техниқалық регламент. Фирмалық стандарт. Стандарттаудың зандылығы және ҚР конструкциясы. Стандарттаудың объекті. Стандарттау бойынша жұмысты мемлекеттік басқару.
Тақырып 13 Мемлекеттік стандарттау жүйесі.
Мемлекеттік стандарттау жуйесі. Мемлекеттік стандарттау жүйесінің ұйымдық құрылымы. Стандарттау бойныша нормативтік кұжаттар және оларға қойылатын талаптар. Мемлекеттік стандаттар, техника-экономикалық ақпараттың мемлекеттік классификаторы.
Ғылыми-техникалық, инженерлік коқам және басқа да қоғамдық бірлестіктердін стандарты. Ұсыныстар. Фирмалық стандарттар. Техникалық жағдай нормативтік кұжаттарды енгізу. Стандарттау бойынша жұмысты жоспарлау.
Стандарт – стандарттаудың көлемін қадағалайтын нормалар, ережелер, талаптардың кешенін құрайтын нормативті-техникалық құжат
Стандарттар келесідей топтарға бөлінеді: ИСО халықаралық стандартар, ұлттық мемлекеттік, мемлекетаралық ТМД елдерінің МЕСТ-тары, кәсіпорын стандарттары, ғылыми-техникалық және басқа да кәсіби ұйымдардың стандарттары, сондай-ақ кітапхана ассоциациясы.
ISO – стандарттау бойынша ұлттық органдардың Бүкіләлемдік федерациясы (100 мемлекетті біріктіреді). ISO-ның ISONET деген ақпараттың жүйесі бар, ол ұлттық және ақпараттық орталықтарды байланыстырып, техникалық талаптар, стандарттар және басқа да нормативті құжаттар туралы халықаралық және ұлттық ақпарат алмасуға әсер етеді
МЕСТ-ы алғаннан кейін әрбір кітапхана, оны енгізу туралы бұйрық шығару керек. Кітапхана қолданып отырған МЕСТ-ы кітапхананың сайтына бекітілуі қажет.
Кітапхана – барлық деңгейдің әдістемелік орталығы, ол орналасқан орнына қарамастан бекітілген стандартты оқып, енгізуді қамтамасыз етеді.
1999 жылдың 16 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңында «стандарттау» терминіне « нақты міндеттерді жүзеге асыруда барлығы қолдануы үшін белгілі бір аймақтағы жағдайды реттеуге бағытталған қызмет» деп анықтама берілген
Стандарттау бойынша нормативті құжаттарға Қазақстан Республикасының стандарттау мемлекеттік жүйесінде қолданылатын стандарттарды атауға болады. Олар:
- ҚР мемлекеттік стандарттары;
- техника-экономикалық ақпараттың мемлекеттік классификаторы (ТЭА МК);
- мемлекетаралық стандарттар;
- белгілі бір рет бойынша қолданылатын мемлекетаралық, аймақтық және ұлттық стандарттар, техника-экономикалық ақпараттың классификаторы, тахникалық міндеттер, ережелер, нұсқаулар, талаптар, стандарттау бойынша ұсыныстық және әдістемелік талаптар;
- ғылыми-техникалық, инженерлер мен басқа да біріккен қоғамдастықтың стандарттары;
- ұсыныстар;
- фирмалық стандарттар;
- техникалық талаптар;
- салалық стандарттар.
Қазақстан Республикасының сауда және индустрия Министрлігінің стандарттау, метрология және сертификаттау Комитеті Қазақстанда стандарттау бойынша ұлттық орган болып есептеледі [2, б. 41].
Қазақстан Республикасының территориясында мемлекеттік стандарттардан басқа Мемлекетаралық стандарттар да қоладнылуда.
Мемлекетаралық стандарттар 1992 жылдың 13 наурызында Мәскеу қаласында келісімге келген мемлекеттердің шешімімен бекітілген. Беларусья мемлекетінің Минск қаласында стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша Мемлекетаралық кеңесі құрылды. Бұл кеңестің құрамына стандарттау бойынша ұлттық органдар, яғни Армения Республикасы, Беларусья Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыстан Республикасы, Молдава Республикасы, Ресей Федерациясы, Таджикистан мен Түркменстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы кіреді. Қазақстан Республикасы стандарттау бойынша Халықаралық ұйымның беделді мүшесі болып табылады (ИСО)
5. Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер
Информатика: базовый курс/Под ред. Симоновича С.В.-СПб.:Питер,2000.-638 с. Джон Р. Левин. Секреты Internet.-Киев, 1996. В.Г. Олифер, Н.А. Олифер. Учебник Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы. СПб.: Питер, 2000
Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы. СПб., «Питер», 2001,
Пятибратов А.П., Гудыно Л.П., Кириченко А.А. Вычислительные системы, сети информатика телекоммуникации. М., «Финансы информатика статистика», 2002,
Гук М. Аппаратные средства локальных сетей. Энциклопедия – СПб: «Питер», 2000.
Қосымша әдебиеттер
Шафрин Ю. Основы компьютерной технологии.-М.:АБФ,1998.-652 с. Степанов В. Практические уроки: Интернет для библиотекарей.-М.:Либерея,1998.-64 с.- (С компьютером на «ты».Вып.2) Шрайберг Я.Л. и др. Интернет-ресурсы и услуги для библиотек. Ч.1.-М.:Либерея,2001.-72 с.-( С компьютером на «ты».Вып.6)
Шиндер Д. Л. Основы компьютерных сетей:Пер. с англ.-М.: Вильямс,2003
Закер, К. Компьтерные сети. Модернизация и поиск неисправностей/ Крейг Закер.- СПб. :БХВ-Петербург,2005
Достарыңызбен бөлісу: |