Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 0,83 Mb.
Pdf просмотр
бет15/31
Дата29.01.2018
өлшемі0,83 Mb.
#7985
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31

(ерлі-айыптылық) және отбасы туралы» 

, Бала құқықтары туралы конвенция, 

Кодексі


«Білім туралы»

«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы»



«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi

бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк

, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», 

әлеуметтiк жәрдемақылар туралы»

«Кемтар балаларды

әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»



«Кәмелетке толмағандар

арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және қараусыз қалуының алдын алу



туралы»



«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»

Қазақстан Республикасының Заңдары және басқа да білім берудің дамытудың бағыттары мен болашағын

анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін,

арнайы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттарын, экономика негіздерін, еңбек туралы

заңнамалардың негіздерін, еңбек қорғау ережелері мен нормаларды, қауіпсіздік және өртке қарсы

қауіпсіздік техникасын, санитарлық ережелер мен нормаларды. 

      Біліктілікке қойылатын талаптар: 

      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім және балалармен

жұмыс істеу тәжірибесі кемінде 1 жыл. 

      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты

жоқ тәрбиеші анаға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруге, сонымен қатар: оқыту мен

тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағытталған технологияларын білуге, әдістемелік бірлестіктердің, озық

тәжірибелі мектептердің жұмысына қатысуға, педагогикалық озық тәжірибелерді өз жұмысында

пайдалануға тиіс. 

      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім тәрбиеші ана қызметіндегі

жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші

санатты тәрбиеші анаға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар тәрбиеленушілердің жас

ерекшелігін және жеке тұрғыдан келуді ескере отырып, тәрбие беру әдістемесін өз бетінше әзірлей

білуге, тәрбие жұмысына талдау жасау әдісін меңгеруге, шығармашылық семинарларды басқара алуға

және диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуге тиіс. 

      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және тәрбиеші ана қызметіндегі

жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.

      біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші

санатты тәрбиеші анаға қойылатын барлық талаптарға жауап беруге, сонымен қатар: тәрбие жұмысын

талдау әдістерін білуге, тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін және жеке тұрғыдан келуді ескере

отырып, тәрбие беру әдістемесін өз бетінше әзірлей білуге, шығармашылық семинарларды басқара

алуға, диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуге, өз жұмысында озық педагогикалық

тәжірибелерді пайдалануға тиіс.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және тәрбиеші ана қызметіндегі

жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ

тәрбиеші анаға қойылатын талаптарға жауап беруге, тәрбие процесінде тұрақты оң нәтижелерді

қамтамасыз етуі тиіс.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта)

білім және балалармен жұмыс істеу өтілі кемінде 1 жыл. 

      орта деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ тәрбиеші

анаға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар оқыту мен тәрбиелеудің жеке тұлғаға

бағытталған технологияларын білуге, тәрбие беру процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз

етуге, білім беру ұйымдарындағы әдістемелік бірлестіктердің, озат тәжірибе мектептерінің

жұмыстарына қатысуға, озық педагогикалық тәжірибелерді өз жұмысында пайдалануға тиіс.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта,

кәсіптік орта) білім, тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі екінші

санатты тәрбиеші анаға қойылатын барлық талаптарға жауап беруге, сонымен қатар:

тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін және жеке тұрғыдан келуді ескере отырып, тәрбие беру

әдістемесін өз бетінше әзірлей білуге, тәрбие жұмысын талдау әдістемелерін білуге, шығармашылық

семинарларды басқара алуға, диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуге тиіс. 



      Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта,

кәсіптік орта) білім, тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 4 жыл. 

      біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі бірінші

санатты тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруге, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және

эксперименттік жұмыстар әдістерін білуге, жаңа педагогикалық технологиялар әзірлеуге тиіс.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта,

кәсіптік орта) білім, тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Патронаттық тәрбиеші

      Лауазымдық міндеттері. Патронаттық тәрбиеге қабылданған баланың (балалардың) тұруына,

тәрбие алуына және оқуына, сонымен қатар дене бітімінің, психикасы мен адамгершілік-рухани

дамуына қажетті тұрмыстық жағдайлар жасайды, баланың (балалардың) өмірі мен денсаулығының

сақталуын қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес баланы (балаларды)

тәрбиелейді, оның (олардың) денсаулығына, психикалық, адамгершілік-рухани дамуына және

интеллектуалдық қабілеттілігінің дамуына қамқоршылық жасайды, баламен (балалармен) бірге

тұруына, баланың (балалардың) тиісті білім алуын; патронаттық тәрбиешіге табыс етілген балаға

(балаларға) берілген құжаттардың, балаға (балаларға) тиесілі ақшалай қаражаттардың және басқа да

мүліктердің сақталуын, оның ішінде соттарда кез келген тұлғамен қарым-қатынаста, арнайы

өкілеттіксіз өздерінің қамқорлығындағылардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын; санитарлық

ережелер мен нормалардың, еңбек қауіпсіздігі мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен

нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;

      Баланы (балаларды) күтіп-бағуға, тәрбие және білім беруге қолайсыз жағдайлардың

туындағандығы туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын

органға хабарлайды.

      Балаға (балаларға) арнайы әлеуметтік қызмет көрсету қажеттілігінің анықтау жөнінде жұмыс

жасайды.

      Баланы (балаларды) тәрбиелеу мәселелерінде білім беру ұйымдарымен, олардың даму

ерекшеліктерін айқындау, диагноз қою және оқытудың, тәрбиелеудің, жұмысқа орналастырудың

бара-бар жағдайларын айқындау мәселелерінде кеңестік көмек алу үшін медициналық және басқа да

ұйымдармен, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеспен тығыз байланыста болады. 

      Білуге міндетті: еңбек қауіпсіздігі мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларды;

санитарлық ережелер мен нормаларды, 

      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік білім,

немесе орта білімнен кейінгі білімі.

Арнайы білім беру ұйымының директоры

      Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңнама мен білім беру ұйымдарының жарғысына сәйкес

оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметтерін

басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірлесіп, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу

процесінің күнтізбелік кестесін, ішкі тәртіп ережесін әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады.

Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияға сәйкес

психикалық-медициналық-педагогикалық консультациялар қорытындылары бойынша білім алушылардың

(тәрбиеленушілердің) санын қалыптастырады, білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) әлеуметтік

қорғауды қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және

жетілдіреді.

      Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан шыққан

тәрбиеленушілердің мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек) қорғайды, арнайы әлеуметтік

қызмет көрсетулерді бағалауды және олардың қажеттілігін анықтауды қамтамасыз етеді,

ата-аналармен (олардың орнын басатындармен) жүргізілетін жұмыстарды үйлестіреді. Белгіленген




жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау