Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 0,83 Mb.
Pdf просмотр
бет12/31
Дата29.01.2018
өлшемі0,83 Mb.
#7985
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31

бағдарламалардың, педагогикалық технологиялардың құрастыра білуі және олардың жұмысы бойынша

апробация жүргізуі, әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерімен айналысатын шығармашылық

топтың жұмысын басқаруы тиіс.

      біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және әлеуметтік педагог

лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл.

Тәлімгер, аға тәлімгер

      Лауазымдық міндеттері: Балалар қоғамдық ұйымдарының, бірлестіктерінің дамуына ықпал етеді.

Балалар мен жасөспірімдер бірлестіктерінің, ұйымдарының қызметін жоспарлауда оларға көмектеседі,

олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді. Ұжымдық-шығармашылық қызметті

ұйымдастырады. Қолданыстағы ұйымдар мен бірлестіктер туралы балалар мен жасөспірімдерді кеңінен

ақпараттандыру үшін жағдайлармен қамтамасыз етеді. Балалар мен жасөспірімдерге азаматтық және

рухани ұстанымын танытуға, өзінің мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға, бос уақыттарын

пайдалы өткізуге мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды. Білім беру ұйымдарында

мәдени-бұқаралық патриоттық жұмыстарды жүргізеді. Оған сеніп тапсырылған білім алушылар мен

тәрбиеленушілердің, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі туралы қамқорлық танытады. Каникул

кезінде олардың демалысын ұйымдастырады. Балалармен және жасөспірімдермен озық жұмыс

тәжірибелерін зерделейді және қолданады.

      Балалар ұйымдары мен бірлестіктерінің алғашқы ұжымдары басшыларын іріктеу және дайындау

жұмыстарын жүргізеді.

      Тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) отбасылық жай-күйін зерделейді және

баспаналық-тұрмыстық жағдайын, жеке қабілеттілігін, балалардың қызығушылығы мен баланың жеке

тұлға болып қалыптасуын психологтардың нұсқаулары бойынша (топтық және жекелей) дамыту-түзету

жұмыстарын жоспарлайды және ұйымдастырады. Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және

еңбекке бейімделу жағдайларын жасау үшін күнделікті жұмыстар жасайды. 

      Өзін-өзі басқару органдарымен және білім беру ұйымдарының педагог ұжымдарымен, қоғамдық

ұйымдармен, оқушылар ата-аналарымен немесе оларды алмастырушылармен тығыз байланыста жұмыс

жасайды. Компьютерлік сауатты, ақпараттық-коммуникациялық білітілікке ие.

      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының 

, Қазақстан Республикасының 

Конституциясын



«Білім туралы»

«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы»

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

 Заңдары және басқа білім беру мәселелері жөніндегі



күрес туралы»

«Неке және отбасы туралы»

нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,

педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасының негіздерін, тәрбие жұмысының

теориясы мен әдістемесін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбекті қорғау ережелері мен

нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын, санитарлық қағидалар мен

нормаларды. 

      біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім; 

      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік педагогикалық

білім. 

      Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар: 



      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты

жоқ тәлімгерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалармен жеке және

топпен жұмыс жасауды дербес ұйымдастыра білуі тиіс. 

      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және тәлімгер лауазымындағы

жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; 

      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: 

      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты тәлімгерге қойылатын барлық талаптарға жауап

беруі, сонымен қатар балалармен диагностикалық жұмыс жасаудың ұйымдастыру нысандарын білуі,

балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудің проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарының дағдыларының

болуы, өткізілетін тәрбие іс-шараларын талдау әдістерін білуі, өз жұмысында озық педагогикалық

тәжірибені қолдана білуі тиіс.



      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және аға тәлімгер

лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл; 

      біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші

санатты тәлімгерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

ұйымдастыру-әдістемелік қызметті талдау технологияларын білуі қажет.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және тәлімгер лауазымы бойынша

жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; 

      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман: 

      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ тәлімгерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі,

сонымен қатар балалармен жеке жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсынымдарды дербес әзірлей білуі тиіс.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі

педагогикалық білім және тәлімгер лауазымы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; 

      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман: 

      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты тәлімгерге қойылатын барлық талаптарға жауап

беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысына талдау жасаудың әдістерін меңгеруі, диагностикалық

жұмыстың ұйымдастырылған нысандарын меңгеруі; өз жұмысында педагогикалық озық тәжірибелерді

пайдалана білуі тиіс.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті педагогикалық мамандығы бойынша техникалық және

кәсіптік білім және тәлімгер лауазымы бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;

      біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман: 

      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап

беруі, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, өз

жұмысында педагогикалық озық тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті педагогикалық мамандығы бойынша техникалық және

кәсіптік білім және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Білім беру ұйымының зертханашысы

(физика, химия, биология, информатика кабинеттері)

      Лауазымдық міндеттері: Мұғалімдерге сабақтардың, сыныптан тыс сабақтарды жүргізуге

көмектеседі. Күн сайын сабақтың басталу уақытына дейін оқушылардың жұмыс орнын, газдың және

судың, электр жүйелері мен электр құрал-жабдықтарының жай-күйін тексереді, анықталған

кемшіліктер немесе жөнделмеген ақаулар туралы мұғалімге баяндайды. Зертхананың жұмыс істеуін,

мүлкінің сақталуын, оқу және зертхана кабинеттерінің тазалығы мен тәртібін, жанатын, улы

заттарды, зертханалық жабдықтарды оқу процесінде пайдалану және сақтау кезінде қауіпсіздік

техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Кабинетте зертханалық жабдықтардың барлық

түрлерін пайдалану дағдыларын меңгереді, жарақаттанушыға дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді,

өртке қарсы жұмыс жүргізеді, өртке қарсы пайдаланылатын құралдар мен мүліктердің жай-күйіне және

сақталуына, желдетпе жүйесінің, газбен жабдықталудың жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады.

Зертханалық және практикалық жұмыс жүргізудің қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз

етеді. Эксперименттерді орындау барысында дайындық және көмекші операцияларды, бақылауды,

өлшемдер нәтижелерін, жұмыс журналдарын толтыруды, талдаулар, зерттеулерді әдістемелік

құжаттарына сәйкес жүйелейді және ресімдейді. 

      Информатика кабинетінің зертханашысы: сынып жұмысы басталғанға дейін сабақ өткізу үшін

компьютерлік жабдықтарды дайындайды, оны бірінші тексеруді және пайдалануды жүзеге асырады,

аяқталған соң жүйе жұмысының дұрыс аяқталуын және компьютерді өшіруді жүргізеді. Компьютер

залдарында жұмыс тәртібінің орындалуына бақылау жасайды. Оқу кезінде, сондай-ақ өзіндік жұмыс

жасау кезінде компьютерлік вирустарды тасымалдағыштарды сканерлеуді жүргізеді, тасымалдағыштар

мен локальді желілер арасындағы ақпарат алмасу жұмыстарын орындайды. 

      Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

      Жоспарлы, күнделікті, апталық, жартыжылдық профилактикалық жұмыстарға қатысады.

Компьютерлік жабдықтардың дұрыстығын бақылайды, оны тазартуды жүзеге асырады. Регламентке сәйкес

жұмыс журналдарын жүргізеді. Пайдаланушыларға жүйеге ену кілт сөзі, оқытушылар берген оқу



жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау