нормаларға сәйкес білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жағдайларын қамтамасыз етеді.
Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және
толықтырылуын, ішкі тәртіп ережелерінің, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және
қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді. Белгіленген заңнама шегінде ұйымның
мүліктері мен құралдарына иелік етеді. Педагог кадрлар мен көмекші қызметкерлерді іріктеуді және
орналастыруды жүзеге асырады. Олардың кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жағдайлар жасайды.
Педагогикалық кеңесті басқарады. Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады. Балалардың өмірі мен
денсаулығын қорғау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. Қызмет туралы қажетті
есептілікті дауындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты,
ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының
, Қазақстан Республикасының
Конституциясын
Еңбек
, Қазақстан Республикасының
,
кодексін
«Білім туралы»
«Қазақстан Республикасындағы тіл
,
,
туралы»
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
,
,
күрес туралы»
«Неке және отбасы туралы»
«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша,
асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік
, «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы»,
жәрдемақылар туралы»
«Кемтар балаларды әлеуметтiк және
,
медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
Заңдарын және әлеуметтік
бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы»
психологияның даму бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,
әлеуметтік педагогиканың, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін,
еңбек туралы заңнамаларды, қаржылық-шаруашылық қызмет, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін,
өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелері, санитарлық ережелер мен
нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары білім немесе
арнайы (түзеу) білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша «Әлеуметтік педагогика» мамандығы
бойынша қосымша білімімен бірге жоғары педагогикалық білім. Арнайы білім беру ұйымдарындағы
педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Арнайы білім беру ұйымы басшысының орынбасары
Лауазымдық міндеттері: Педагогикалық ұжымның ағымдағы және алдағы қызметін жоспарлауды
ұйымдастырады. Педагогтардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау және қажетті оқу,
оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік, ғылыми және бейінді құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді.
Білім беру процесінің сапасына және білім алушылардың білім дайындығы нәтижелерінің
объективтілігіне, факультативтерге, үйірме және секция жұмыстарына бақылау жасайды. Білім
алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасауды жүзеге асырады. Оқу сабақтарының және басқа да оқу
қызмет түрлерінің кестесін жасайды. Оқу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
Әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, әдістемелік бірлестіктердің жұмысын үйлестіреді.
Оқу-әдістемелік жұмыстың жай-күйіне талдау жасайды. Эксперименттік жұмыс нәтижелеріне талдау
жасайды, оқытушылардың анағұрлым нәтижелі тәжірибесін тарату бойынша шаралар қабылдайды.
Педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізуге даярлауды және өткізуді қамтамасыз етеді.
Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, оқытудың көрнекі және техникалық
құралдарымен жарақтау, әдістемелік кабинеттерді, кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем
әдебиеттермен толықтыру жұмыстарын үйлестіреді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық
қызмет көрсету жағдайын бақылауға алады. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, білім алушылар мен
тәрбиеленушілерді тәрбиелеудің арнайы бағдарламаларын құруды қамтамасыз етеді. Мәдени-тәрбиелеу
іс-шараларын дайындау және өткізу жұмыстарын, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулердегі
қажеттіліктерді бағалау және анықтау жүргізу жұмыстарын үйлестіреді. Педагог кадрларды іріктеу
және орналастыру жұмыстарына қатысады. Жергілікті және денсаулық сақтау органдары өкілдерімен,
ата-аналармен (және оларды алмастырушы тұлғалармен) тәрбие процесін қамтамасыз етуші әкімшілік
және бөлімшелер өкілдерімен өзара іс-қимылды үйлестіреді. Пайдаланылатын жабдықтардың,
аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Белгіленген
есеп құжаттамаларын сапалы және уақытылы жасауды және беруді қамтамасыз етеді. Педагог кадрларды
іріктеуге және орналастыруға қатысады. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық
құзыреттілікті меңгерген.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының
, Қазақстан Республикасының
Конституциясын
,
,
«Білім туралы»
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»
«Қазақстан Республикасындағы баланың
,
,
құқықтары туралы»
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»
«Неке (ерлі-зайыптылық) және
,
отбасы туралы»
«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы
, «Арнаулы
бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы»
әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу
,
арқылы қолдау туралы»
«Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық
бұзушылықтар мен балалардың
Заңдары және басқа да білім берудің даму бағыттары мен
қараусыз қалуының алдын алу туралы»
болашағын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология
негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, әлеуметтік педагогиканың,
педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамалар,
қаржылық-шаруашылық қызмет, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өндірістік санитарлық және
өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық
білім. Арнайы білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Арнайы (түзету) интернат ұйымының тәрбиешісі (аға тәрбиеші)
Лауазымдық міндеттері: баланың жеке тұлғасының даму мақсатында баланың жеке қабілеттерін,
бейімділігі мен қызығушылығын зерделейді, оның негізінде психологтардың кеңесімен
түзете-дамытушылық жұмысты (топпен және жеке) жоспарлайды және жүргізеді. Әлеуметтік және
еңбекке бейімдеу, әлеуметтік-психологиялық оңалту үшін жағдайлармен қамтамасыз ету, күнделікті
жұмыс жүргізеді. Пайдалы қоғамдық еңбекке қатысу, үй жұмыстарын, күн тәртібін ұйымдастырады.
Білім алуға көмектеседі, бос уақыттарын ұйымдастыру мен қосымша білім алуды ұйымдастырады.
Сабақтан тыс уақыттарда тәрбиеленушілермен тәрбиелік жұмыс жүргізеді. Тәрбиеленушілердің жас
ерекшеліктерін ескере отырып өз-өзіне қызмет жасауға, жеке гигиеналық тазалықты сақтауды
ұйымдастырады. Тәрбиеленушілердің денсаулықтарын нығайту және сақтау бойынша медициналық
қызметкерлермен қамтамасыз етеді, психикалық және дене дамуына септігін тигізетін іс-шаралар
жүргізеді, баланың мекемеде болу мерзіміне дейін денсаулықтарына жауап береді. Дәрігерлік
тексеріс алдындағы алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді. Топқа бекітілген арнайы құралдарға,
оқу-әдістемелерге, оқулықтарға, ойыншықтарға, арнайы әлеуметтік қызметке қажеттіліктерін
анықтайды және бағалау жүргізеді, оған қажетті жағдайлар құрады, баланың арнайы әлеуметтік
қызметке қажеттіліктерін анықтауға талдау жасайды. Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті,
компьютерлік коммуникативтік құзыреттілікті меңгерген.
Интернаттың ұйымның аға тәрбиешісының міндетін атқару кезінде тәрбиешінің жұмыстарын
басқаруды ұйымдастырады. Тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетеді, бастапқы педагогикалық
тәжірибені жалпылауға септігін тигізеді, тәрбиешілердің біліктіліктерін көтеруге қолдау
көрсетеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының
, Қазақстан Республикасының
Конституциясын
,
,
«Білім туралы»
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»
«Қазақстан Республикасындағы баланың
,
,
құқықтары туралы»
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»
«Неке (ерлі-зайыптылық) және
,
отбасы туралы»
«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы
, «Арнаулы
бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы»
әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу
,
арқылы қолдау туралы»
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың
Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын
қараусыз қалуының алдын алу туралы»
анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін,
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика ғылымы мен практиканың
жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамаларды, қаржылық-шаруашылық қызмет,
еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары