ұйымдастырушылардың
озық тәжірибелерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамалар
негіздерін, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі ережелерін, санитарлық ережелер мен
нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары білімі.
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: педагогикалық бейіннің техникалық және
кәсіптік білімі.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып қойылатын біліктілік талаптары:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мәдени ұйымдастырушыға қойылатын жалпы талаптарға
жауап беруі, сонымен қатар балалармен бұқаралық мәдени іс-шараларды ұйымдастыра білуі,
әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі және мәдени ұйымдастырушы лауазымындағы
жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты мәдени ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға
жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысын талдау әдістемесін меңгеруі, балалар мен
жасөспірімдердің даму деңгейін есепке ала отырып тәрбиелеу әдістемесін өз бетінше әзірлей білуі,
педагогиканың озық тәжірибелерін қолдануы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі және мәдени ұйымдастырушы лауазымындағы
жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мәдени ұйымдастырушыға қойылатын жалпы
талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: эксперименттік жұмыстардың әдістемесін меңгеруі, жаңа
педагогикалық технологияларды, мақсатты бағдарламаларды әзірлеуі, оларды апробациялау жұмыстарын
жүргізуі, шығармашылық топқа жетекшілік жасауы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және мәдени ұйымдастырушы лауазымындағы
жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ мәдени ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға жауап
беруі, сонымен қатар балалармен бұқаралық мәдени жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуі, тәрбие
процесінде оң нәтижелерге жетуді қамтамасыз етуі, әдістемелік бірлестіктердің, озат тәжірибе
мектептерінің жұмыстарына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіндегі техникалық және кәсіптік білім
және мәдени ұйымдастырушы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ мәдени ұйымдастырушыға қойылатын жалпы талаптарға
жауап беруі, сонымен қатар балалармен бұқаралық мәдени жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуі,
балалар мен жасөспірімдердің ерекшелігіне байланысты олармен жұмыс істеу әдістемесін өз бетінше
әзірлей білуі, өз жұмысында педагогиканың озық тәжірибелерін қолдануы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіндегі техникалық және кәсіптік білім
және мәдени ұйымдастырушы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мәдени ұйымдастырушыға қойылатын барлық
талаптарға жауап беруі, сонымен қатар жаңа педагогикалық технологиялар мен мақсатты
бағдарламалар әзірлеуі, оларға апробация жұмыстарын жүргізуі; білім беру саласындағы өзекті
мәселелер бойынша шығармашылық топтарды басқара білуі, өз жұмысында педагогиканың озық
тәжірибелерін және оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологияларын қолдана білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіндегі техникалық және кәсіптік білім
және мәдени ұйымдастырушы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Аккомпаниатор
Лауазымдық міндеттері. Дайындықтар мен концерттерде вокалистер мен аспапшыларды
сүйемелдейді, спорттық, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, жүзу, аэробика, шейпинг, балдық
және спорттық билер бойынша спорттық жарыстарда, білім беру ұйымдарындағы әртүрлі мәдени
іс-шараларда өнер көрсетуде музыкалық сүйемелдеудің кәсіби орындалуын қамтамасыз етеді. Білім
алушылардың жеке қабілетіне қарай әр қимыл элементіне музыкалық шығарманы таңдайды, білім
алушыларды ансамбльдік орындаушылыққа үйретеді.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын
орындайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының
және Еңбек
,
Конституциясын
кодексін
«Білім
,
,
туралы»
«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»
«Қазақстан Республикасындағы бала
,
Қазақстан Республикасының заңдарын
құқықтары туралы»
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»
және білім беру, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық
актілерді, педагогика, психология негіздерін, әртүрлі жанрдағы, стильдегі, дәуірдегі музыкалық
шығармаларды, музыка тарихы мен теориясын, дайындықтар мен сабақтарды жүргізу әдістемесін, еңбек
туралы заңнамалардың негіздерін, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларын, санитарлық
ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары музыкалық білім;
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік музыкалық білім.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ аккомпаниаторға қойылатын жалпы талаптарға жауап
беруі, сонымен қатар ноталарды қағаз бетінен тез оқуы, дайындықсыз сүйемелдеуі, қысқа мерзімде
музыкалық шығармаларды жаттауы, үндестіре білуі, орындаушылар репертуарын білуі, музыкалық
фрагменттерді біріктіре білуі, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі
кемінде 3 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты аккомпаниаторға қойылатын талаптарға жауап
беруі, сонымен қатар: қағаз бетіне қарап басқа үндестілікке аударып сүйемелдей алуы, музыкалық
шығармаларды редакциялауы, партитурадан аударуы тиіс. Жұмыста жоғары кәсіптік тәжірбиесі және
тұрақты концерттік практикасы, конкурстардағы, фестивальдардағы үздік концертмейстердің
дипломдары болуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі
кемінде 4 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты аккомпаниаторға қойылатын талаптарға жауап
беруі, сонымен қатар: концертмейстер және аккомпаниатор мамандықтары (мамандандыру) бойынша
сабақтар жүргізуі, практикалық, әдістемелік тәжірибе жинақтауға, жариялауға материалдар
дайындауға, пәндерді оқыту тақырыптарын, курстарын әзірлеуге, ғылыми-зерттеу және әдістемелік
жұмыстармен айналысуға; оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, әдістемелік құралдарды әзірлеуге және
апробациялауға қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі
кемінде 5 жыл.
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ аккомпаниаторға қойылатын жалпы талаптарға жауап
беруі, сонымен қатар ноталарды қағаз бетінен тез оқуы, дайындықсыз сүйемелдеуі, қысқа мерзімде
музыкалық шығармаларды жаттай білуі, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (музыкалық білім) және
мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты аккомпаниаторға қойылатын талаптарға жауап
беруі, сонымен қатар қағаз бетіне қарап басқа үндестікке аударып сүйемелдеуі, музыкалық
шығармаларды редакциялауы және партитурадан аударуы тиіс. Жұмыста жоғары кәсіптік тәжірбиесі