91
қосымша бiлiм беру ұйымында бiлiм беру процесін жетiлдiру бойынша ұсыныс енгiзедi.
Бiлуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын және Еңбек кодексін,
Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер
туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес туралы» заңдарын және басқа да білім беру қызметін реттейтін нормативтік құқықтық
актілерді, Қазақстан Республикасында бiлiм беруді дамытудың басым бағыттарын, балаларға
қосымша білім беру ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша нормативтік құжаттарды,
дидактиканың қағидаттарын, педагогика және жас ерекшеліктері психологиясының негiздерiн,
бiлiм беру процесін немесе қызметтік бағытын әдiстемелiк қамтамасыз ету қағидаттарын,
білім беру ұйымдарындағы оқу процесін ұйымдастыру жүйесін, оқу-бағдарламалық құжаттаманы
әзірлеу принциптері мен тәртібін, оқу жабдықтары мен басқа да оқу-әдістемелік
құжаттамалардың үлгілік тізбелерін, педагогикалық жұмыстың тиімді түрлері мен мазмұнын
анықтау, жалпылау және тарату әдістерін, ұйымның педагогикалық қызметкерлерінің
әдістемелік бірлестіктері жұмысының мазмұны және ұйымның қағидаларын, баспалармен жұмыс
негіздерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендіру қағидаларын, оқытудың
аудио бейнелік және интерактивтік құралдарына қойылатын негізгі талаптарды, оқытудың
қазіргі педагогикалық технологиялары, құзыреттік тәсілдерді іске асыруды, даулы
жағдайларының себептерін диагностикалау, оларды шешу және алдын алу технологияларын,
экология, экономика, әлеуметтану негіздерін, мәтіндік редактормен, электрондық кестемен,
электрондық поштамен және браузермен, мультимедиалық құралдармен жұмыс істеу негіздерін,
еңбек заңнамасын, білім беру ұйымдарының ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, еңбек және
өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім немесе
тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық немесе тиісті бейіні бойынша жұмыс
өтiлi кемінде 2 жыл;
біліктілігі жоғары деңгейдегі екiншi санатты маман: жоғары педагогикалық білім
немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бiрiншi санатты маман: жоғары педагогикалық білім
немесе тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
жарияланған әдiстемелiк материалдардың болуы;
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты: жоғары педагогикалық білім немесе
тиісті бейіні бойынша жоғары білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 7 жыл; жарияланған
әдiстемелiк материалдардың болуы.
Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы директорының
орынбасары (бұдан әрі – ҚБ ОӘО)
Лауазымдық міндеттері. ҚБОӘО жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық
актілерге сәйкес құрылымдық бөлімшелерінің қызметін басқарады. ҚБОӘО оқу, ғылыми,
әдістемелік қызметін жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды. Өткізілетін іс-
шаралардың ақпараттық әдістемелік қамтылу дайындығын басқаруды және бақылауды жүзеге
асырады. Баспалық қызметті басқарады. Құрылымдық бөлімшелерге кадрлар іріктеуді жүзеге
асырады және ҚБОӘО директорына ұсынады. ҚБОӘО құрылымдық бөлімшелерінің қызметін
бақылауды, аумақтық құрылымдардың қызметкерлеріне кеңес беруді жүзеге асырады.
Әдістемелік құрамды аттестаттау жұмысын ұйымдастырады. ҚБОӘО қызметінің тиімділігін
арттыру бойынша ұсыныстар дайындап, ақпараттық материалдарды жүйелейді және жасайды,
балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының бағдарламаларын және оқу жоспарларын
әзірлеп, рецензиялайды және бекітуге дайындайды, аумақтық орталықтар, эксперименттік
алаңдар қызметінің нәтижесін талдайды және жалпылайды. Қажетті есептерді дайындауды және
92
ұсынуды қамтамасыз етеді.
Әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдамалық материалдар жинақтауды және
жүйелеуді жүзеге асырады. Қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің
жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағыларын түзетуге және жаңа білім беру
стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеуге қатысады.
Бiлуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын және Еңбек кодексін,
Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер
туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес туралы» заңдарын және басқа да қосымша білім беруді дамытудың бағыттары мен
келешегін анықтайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология
негiздерiн, педагогика, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практика
жетiстiктерін, қаржылық-шаруашылық қызмет, еңбек туралы заң негiздерiн.
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейіні
бойынша жоғары білім, білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл
немесе басшы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары
Біліктілікті арттыру институттары
Біліктілікті арттыру институтының (филиалының) директоры
Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Біліктілікті арттыру
институтының (бұдан әрі – Институт) оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-
шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық етеді. Барлық құрылымдық
бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, олардың қызметін
дамытады. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес Институт
қызметінің ағымдағы және келешек жоспарын ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының білім
беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастыру, жетекші жоғары оқу
орындарымен, алыс және жақын шетел ғалымдарымен білім беру мәселесі бойынша өзара тиімді
ынтымақтастықты кеңейту шараларын жүзеге асырады, заманауи ақпараттық технологияларды
белсенді пайдаланады және дамытады. Институттың басқару құрылымын айқындайды.
Институттың Жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін, курстардың, семинарлардың оқу-тақырыптық
жоспарларын, штаттық кестені, Институт қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын
бекітеді. Басқа да оқу іс-шараларын әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Білім беру
қызметін жүргізуге берілген лицензияға сәйкес тыңдаушылар үшін біліктілікті арттыру және
кадрларды қайта даярлау курстарының ұйымдастырылуын бақылауды жүзеге асырады, оған
қажетті жағдай жасалуын қамтамасыз етеді. Белгіленген заңнама шегінде Институт мүлігі
мен құралдарына иелік етеді. Есеп-қисап, оқу-материалдық базаның түгелдігін және үнемі
толықтыруын, Институттың жұмыс тәртібінің және ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын
қамтамасыз етеді. Ғылыми-педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін
қамтамасыз ететін кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби
деңгейінің өсуіне жағдай жасайды. Институттың Ғылыми кеңесінің жұмысына басшылық
жасайды.
Мемлекеттік, қоғамдық, ғылыми және басқа да ұйымдарда Институт атынан өкілдік
етеді, қажетті есеп-кисаптың дайындалуы мен ұсынылуын қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан
Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы
туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдары және білім
Достарыңызбен бөлісу: |