Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы «26» ақпандағы



жүктеу 258,84 Kb.
Дата14.02.2018
өлшемі258,84 Kb.
#9643


Павлодар облысы әкімдігінің

2016 жылғы «26» ақпандағы

№ 82/3 қаулысына

4-қосымша







Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы «28» шілдедегі

№ 222/8 қаулысымен

бекітілді




«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы регламенттің   1-қосымшасына сәйкес аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) көрсетілетін қызметті беруші;

3) тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 68 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішің және Стандарттың 9- тармағымен көзделген құжаттардың болуы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:

көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi берушіге тапсырған кезде тiркелген және мемлекеттiк қызметтi алатын күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген өтiнiштiң үзбелi талоны беріледі – 1 (бір) жұмыс күні, бұл ретте бір көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.

көрсетілетін қызметті берушінің маманы көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді, кіріс құжаттар журналында тіркейді, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны дайындайды – 4 (төрт) жұмыс күні ішінде.

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаға қол қояды - 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

көрсетілетін қызметті берушінің маманы көрсетілетін қызметті алушыға (немесе оның өкіліне сенімхат бойынша) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты өзі келгенде береді немесе көрсетілетін қызметті алушының өтінішінде көрсетілген мекенжайға пошта арқылы жібереді – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

6. Рәсімнің нәтижесі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама туралы дәлелді жауапты беру болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті

берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушінің маманы;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.

8. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) өтудің реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында (кесте) келтірілген.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау


  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 9-тармағының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар мен ақпараттарды ұсына отырып, Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 7 (жетi) жұмыс күнi;

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы сұрауының өнделу ұзақтығы, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу тәртібі:

1-процесс - мемлекеттік қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорацияның АЖ) Мемлекеттік корпорация қызметкерін авторландыру процесі;

1-шарт – логин және пароль немесе электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы тіркелген қызметкер туралы деректердің түпнұсқалығын Мемлекеттік корпорацияның АЖ-да тексеру;

2-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты Мемлекеттік корпорацияның АЖ-да авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

3-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызметті таңдауы, қызметті көрсетуі үшін сұрау салу нысанын оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, экранға шығару және нысанды (деректер енгізу, сканерленген құжатты бекіту) толтыру;

4-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерге, сканерленген құжатқа) ЭЦҚ арқылы қол қоюы қызметкердің бұдан кейінгі әрекеттері туралы ақпарат алу;

2-шарт - сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұрау салуда көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы), ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімі мен мемлекеттік корпорацияның АЖ-да алынып қойған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын тексеру;

5-процесс - қызметкердің ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

6-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған құжат қызметін (қызметті алушының сұрауын) «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮӨШ) / «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі (бұдан әрі – ЭҮӨШ) арқылы жергілікті атқарушы орган ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ЖАО АЖ) жіберу және көрсетілетін қызметті беруші маманының электрондық мемлекеттік қызметті өндеуі;

7-процесс – көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастыруы. Электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің маманы ЭЦҚ-ны пайдаланып, қалыптастырады және Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесіне жібереді;

8-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының қолына беруі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама болып табылады.

10. Ауылдык округ әкіміне өтініш білдірген кезде:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың тізімімен Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушіге тiркелген және мемлекеттiк қызметтi алатын күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген өтiнiштiң үзбелi талоны беріледі – 1 (бір) жұмыс күні, бұл ретте бір көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.

Ауылдық округ әкімінің маманы өтінішті кіріс құжаттар журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыдан алынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге береді – 4 (төрт) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті берушінің маманы ауылдық округ әкімінің маманы маманы ұсынған құжаттарды тексереді, кіріс құжаттар журналында тіркейді, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны дайындайды - 5 (бес) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаға қол қояды – 2 (екі) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті берушінің маманы ауылдық округ әкіміне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны береді - 5 (бес) жұмыс күні.

Ауылдық округ әкімінің маманы маманы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны береді - 5 (бес) жұмыс күні.

Рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасында (кесте) көрсетілген.

11. Мемлекеттік қызмет «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдары, сондай-ақ басқа көрсетілетін қызмет берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібін толық сипаттауы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентіне

1-қосымша



Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

және байланыс деректері


Р/с



Көрсетілетін қызметті берушінің атауы


Байланыс деректері

1

«Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,

Кривенко көшесі, 25-үй

телефон: 8(7182) 323332

opr.osz.ap@pavlodar.gov.kz



2

«Екібастұз қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Екібастұз қаласы,

Мәшһүр Жүсіп, 87 А-үйі,

телефон: 8(71877)70756

zan_ekibastuz@mail.ru



3

«Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақсу қаласы,

Советов көшесі, 10-үй

телефон: 8(71837)50105

zanak@yandex.ru



4

«Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақтоғай ауданы,

Абай көшесі, 118-үй

телефон: 8(71841)21173

aktogai_sozprog@mail.ru



5

«Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Баянауыл ауданы,

Сәтбаев көшесі, 56-үй

телефон: 8(71840)91481

pavlzan@yandex.ru



6

«Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Железин ауданы,

Квитков көшесі, 7-үй

телефон: 8(71831)22146

gelez_oszn@mail.ru



7

«Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ертіс ауданы,

Бөгембай көшесі, 97-үй

телефон: 8(71832)21474

irtyshk@yandex.ru



8

«Качир ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Качир ауданы,

Кравченко көшесі, 85а-үйі

телефон: 8(71833)21371

kachirrouz@mail.ru



9

«Лебяжі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Лебяжі ауданы,

Амангелді көшесі, 57-үй

телефон: 8(71839)21399

OZiSP@yandex.kz



10

«Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі


Май ауданы,

Уәлиханов көшесі, 34-үй

телефон: 8(71838)91434

center5556@rambler.ru



11

«Павлодар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы,

Генерал Дүйсенов көшесі, 1-үй

телефон: 8(7182)533133

defence6@mail.ru

defence6@rambler.ru


12

«Успен ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Успен ауданы,

10 лет Независимости көшесі, 27-үй

телефон: 8(71834)91400

zanusp@mail.ru



13

«Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шарбақты ауданы,

1 Май көшесі, 18-үй

телефон: 8 (71836)21354

sherb_zanet@mail.ru


«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша




Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық

бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау



  1. көрсетілетін қызметті берушіге өтініш білдірген кезде:




Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимылдың

(жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

4

2

Атауы

Көрсетілетін қызметті берушінің маманы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің маманы

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Барлық қажетті құжаттар-ды қабылдау

Ұсынылған құжаттарды тексеру. Көрсетілетін қызмет алушыдан мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға жазбаша келiсiмiн алу. Кіріс құжаттар журналында тіркеу, құжаттарды қарау

Құжаттарды қарау

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны беруді жүзеге асыру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Тіркеу күні көрсетілген үзбелі талонды беру

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны дайындау

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаға қол қою

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны беру

5

Орындау мерзімдері

1 (бір) жұмыс күні

4 (төрт) жұмыс күні

1 (бір) жұмыс күні

1 (бір) жұмыс күні

  1. Ауылдық округ әкіміне өтініш білдірген кезде:




Процестердің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимылдың (жұмыс барысының,

ағынының) №

1

2

3

4

5

6

2

Атауы

Әкімдіктің маманы

Көрсетілетін қызметті берушінің маманы

Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы

Көрсетілетін қызметті берушінің маманы

Әкімдіктің маманы

3

Іс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипат-тамасы

Барлық қажетті құжаттар-ды қабылдау

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тексеру, кіріс құжаттар журналында тіркеу

Ұсынылған құжат-тарды қабылдау және тексеру. Кіріс құжат-тар журналында тіркеу

Құжаттарды қарау

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны жіберуді жүзеге асыру

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны қабылдау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)

Тіркеу күнін көрсету-мен үзбелі талон беру

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды жіберу

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны дайындау

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаға қол қою

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны жіберу

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны беру

5

Орындау мерзімдері

1 (бір) жұмыс күні

4 (төрт) жұмыс күні

5 (бес) жұмыс күні

2 (екі) жұмыс күні

5 (бес) жұмыс күні

5 (бес) жұмыс күні

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік

көмек тағайындау» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет регламентіне

3-қосымша


Мемлекеттік қызмет көрсетудің

бизнес-процестерінің анықтамалығы









Барлық ұсынылған құжаттарды қабылдау, тіркеу күні көрсетілген үзбелі талон беру

1 (бір) жұмыс күні



Талан беру, ұсынылған құжаттарды қабылдау, тіркеу, кіріс журналында тіркеу. Тағайындау (бас тарту) туралы хабарламаны дайындау

5 (бес) жұмыс күні




Құжаттарды қарау, тағайындау (тағайындау-дан бас тарту) туралы хабарламаға қол қою

1 (бір) жұмыс күні

(ауылдық округ әкімдігінен түскен кезде 2 (екі) жұмыс күні



Прием уведомления, либо мотивированного ответа об отказе

Выдача услугополучателю результата

(В течение 5 рабочих дней)





Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасының толықтығын және өтініштің дұрыс толтырылғанын тексеру




иә




Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартылады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беру



Журналда тіркеу және көрсетілетін қызметті берушіге жіберу

4 (төрт) жұмыс күні



жоқ



Тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны жіберуді (беруді) жүзеге асырады

1 (бір) жұмыс күні

(селолық округ әкіміне 5 (бес) жұмыс күні



Нәтижені қолына беру немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық поштасына жіберу







Тағайындау (бас тарту) туралы хабарламаны қабылдау. Көрсетілген қызметті алушыға нәтижені беру

5 (бес) жұмыс күні





- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;

- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы;

 - таңдау нұсқасы;

  - келесі рәсімге (іс-қимылға) өту
жүктеу 258,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау