Патологическое пристрастие к азартным играм (игромания), интернет-зависимость



жүктеу 0,65 Mb.
бет25/31
Дата25.08.2020
өлшемі0,65 Mb.
#31263
түріНұсқаулар
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
Үшінші кезеңде құрылымдық өмірлік сценарийі қалыптасады (өзектендіріледі). Осы мақсатта клиентке өзінің өткен өмірінен бастап (мұнда клиентке өзінің балалық арманын және болашақ туралы ойларын еске салу ұсынылады) болашаққа деген жолын құру, осы болашақтың көрінісін көрсету ұсынылады – ол кім, қандай жетістіктерге жетті, оның жанында кім бар, айналасындағы адамдармен қандай қатынаста, нені сезеді, жеткен жетістіктері үшін кімге алғыс білдіргісі келеді. Осы композицияны құру кезінде клиентті асықтырмау керек, өзінің болашақ рөлін ішінен өткізуге, оның артықшылықтарын бағалауға, жоспарланған мәртебеге жету уәжін қалыптастыруға мүмкіндік берген жөн. Содан соң бірнеше рет өмір жолымен саяхат жасап, асықпай, клиентке ыңғайлы қарқынмен жоспарланған нәтижеге жеткізетін жағдайлар туралы айтып беру ұсынылады. Терапевт осы «саяхат» барысында ештеңеге мәжбүрлемей, бірге болып, «мен одан әрі не болатынын білмеймін ғой...» және т.б. болжамды кедергілерден шығуға көмектесу қажет: «қазір ол маңызды емес, сен ең алдымен не болатынын көр…», «қиялдап көрейік, одан жаман болмайды, алдыңда әлі көп уақыт болғанда болашақ туралы қиялдау өте керемет…» фразалары айтылады. Бұл ретте клиент бойында нәтижеге жету уәжінің көтерілуімен қатар батылсыздық пен жауапсыздықтың бастапқы шегі төмендейді. Сонымен, өмір жолынан өту кезінде нақты жағдайларды құру және аталған сценарийді іске асыру уәжін арттыру арқылы оң сценарий қалыптасады. Клиентке осы сценарийді іске асыруға бөгет жасайтын кедергілер туралы ойлану ұсынылып, жаттығу аяқталады. Мысалы, оның компьютерлік технологияларға тым елігуі және нақты өмірден аса алшақтауы, құрбылармен араласудағы қиындықтар, өзін-өзі бағалауының төмендеуі және т.б. Клиент бұл кедергілерді өзі қалыптастыруы қажет, ал терапевт осы болжамды кедергілерге қатысты, нақты айтқанда, компьютерлік технологияларға тым елігуіне қатысты осында және қазір клиентпен қабылданатын шешімдердің маңыздылығын айрықша айту керек. Әдеттегідей, осы тақырыпты талқылау кезінде компьютерлік тәуелділіктің болжамды салдары туралы клиент қосымша сұрақтар қояды. Терапевт мәжбүрлемей, осы сұрақтарды қызықты ойын түрінде талқылауды ұсынады. Осы жағдайда клиентпен екі қосалқы техника ойнатылады: компьютерлік тәуелділіктің әлеуметтік індетіне тартылудың барлық болжамды салдарын көрсету арқылы «Шығындар баспалдағы», сондай-ақ шын мәнінде де компьютерлік уақыт бірте-бірте ақшамен ғана есептелмейді – деген айқын фактіні көрсету арқылы «Екі дүкен». Сонымен қатар нақты өмірлік мақсаттарды алуға болатын «басқа дүкенде» олардың құны, әсіресе бастапқы кезде, тым жоғары болып көрінеді (нақты араласу, оқу, құрбылармен әрекет ету, спорт және т.б. үшін қажетті уақытты есептегенде). Бірақ кейінгі уақытта осы жұмсалған уақыт клиентке көп нәрсені қайтарады - сәттілік, маңызды өмірлік жоспарларды іске асыру, өмірде армандаған жетістіктер. Яғни бірінші «дүкенде» клиентке зиян келтіретін жалған «сатылым», ал екіншіде – клиентке пайдалы айқын «сатылым» жүргізіледі.

Төртінші кезеңде клиентке тәуелді әрекеттен бас тарту немесе, керісінше, компьютерлік тәуелділікке құптаушылық білдіруге қатысты шешімдерді шығаруға әкелетін салдарды сезініп, репетиция жасау ұсынылады. Осы мақсатта «Батырдың тұйыққа тірелуі» техникасы жіргізіледі. Клиентке екі болжамды бағанды белгілеу ұсынылады – тәуелді әрекет пен компьютерлік уақытты шектеуден бас тарту сценарийін, сондай-ақ компьютерлік уақыттың көбеюіне құштарлық білдіру сценарийін. Бірінші сценарийдің желісін жарық бөлмеге, яғни оң жаққа (клиент оң қолымен жұмыс істесе), ал екінші желісін қараңғы бөлмеге, яғни сол жаққа бағыттаған жөн. Терапевт осы әдісті вербалді емес жолмен еске салу жұмысын жүргізеді. Содан соң тиісті сценарийлердің уақыт кезеңдері орындықтар арқылы орнатылады – 0,5 жыл, 1 жыл, 3 жыл, 5 жыл. Клиентке «Батырдың тұйықа тірелуі» ертегідей көрінісінің сюжетін түсіндіріп, «Оң жаққа барсаң, ... табасың, сол жаққа барсаң ... табасың» жазуы бар тас (орындық) қояды. Бұл ретте сол жаққа барған кезде (ертегілерде де, өмірде де жиі солай болады) жайсыз жағдайлар болып, батырлар, көбінесе, осы бағытта қаза тапқаны туралы жасырын түрде сценарий қолданылады. Бірақ бұл жағдайда клиентке ешқандай қауіп жоқ, осы саяхат кезінде уақыт сценарийлерден өту барысында ол өзінің ішкі бітімін, эмоционалды жағдайының айырмашылығын анық сезіне бастайды. Содан кейін клиентке, өзіне ыңғайлы қарқында белгіленген уақыт кезеңдерімен (0,5 жыл, 1 жыл, 3 жыл, 5 жыл) таңдалған бағыт бойынша жылжу ұсынылады. Бұл ретте клиентті орындықа отырғызып, егер ниеті болса, көзін жауып, өз ойларын айтып беру ұсынылады. Әрбір осындай кідірістен кейін клиент соңғы 5 жыл бағытына жеткенге дейін саяхатты жалғастырып отырады. Содан кейін бастапқы орынға қайтып келіп, басқа бағыттағы саяхат жалғасады. Көбінесе белгіленген уақыт кезеңдерінде болатын жағдайлардың айырмашылығы соңғы нүктеге жету барысында анықталады. ЭП технологиясының барлық бұдан бұрынғы кезеңдері дұрыс іске асырылыған жағдайда, тәуелді әрекеттен бас тарту сценарийінің соңғы нүктесінде клиенттің жайлы жағдайы көрінеді. Осы техникалық топтаманы аяқтау үшін клиентке ұсынылатын бұл әдіс соңғы сценарийді бектіу және шешімді қабылдау уәжін арттыру үшін қолданылады.


жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау