Диагностикалық технологиялар
Психологиялық денсаулықтың – құрылымсыздық әлеуметтік індеттерге (оның ішінде ойынға құмарлық, интернет-тәуелділігі) тартылуына тұрақтылықтың деңгейлерін анықтау бойынша компьютерлік бағдарлама тұрақтылық деңгейін және 9-11 жасындағы, 12-13 жасындағы оқушылардың, 14-тен 18-ге дейінгі жасөспірімдердің және 19-32 жастағы ересектердің химиялық, құрылымсыздық психологиялық тәуелділіктің қалыптасуына бейімін бағалау әдісі (алгоритмі) негізінде құралған бағдарламалық өнім болып табылады.
Аталған бағдарлама:
- жеке тексерілетін адам немесе жеке топ үшін құрылымсыздық әлеуметтік індеттерге тартылуының тәуекел дәрежесін анықтау (аса айқын тәуекел; тәуекелдің бар болуы; тәуекелдің төмен деңгейі);
- аз уақыт арасында зерттелетін адамның психологиялық денсаулық - тұрақтылығының жағдайы, сондай-ақ оның бойында химиялық, психологиялық тәуелділікке тартылуына деген биологиялық және әлеуметтік алғышарттардың болуы туралы толық есеп алуға;
- алдын алу шараларын қолданудың нәтижесі мен тиімділігінің серпінін бағалап, сұхбаткерді бірнеше рет тестілеуге;
- мектептегі бір сыныптың, студенттік топтың, оқушылар ұжымының және т.б. әлеуметтік індеттерге тартылуының-бейімінің арақатынасын талдап, бірнеше топ адамдарды тестілеуге мүмкіндік береді.
Аталған бағдарламада жұмыстың әрбір кезеңінде толық нұсқаулар беріледі, бұнда сыналатын адамдардың нәтижелерін сақтау, зерттеу мақсатында қолданылатын деректер базасын құру қарастырылған. Құпилы сыналатын адамның есептік жазбасын қолдану арқылы мәліметтерді сақтай отырып, құпиялы тәртіпте жұмыс істеуге болады.
Интернет-аддикциялардың негізгі түрлерін (интернет-геймерлер, интернет-коммуникаторлар, ақпарат тұтынушылары және т.б.) саралау, сондай-ақ екінші түрдегі интернет-аддикцияға тартылу дәрежесін белгілеу мақсатында біз НМӘМ РҒПО-ның «Интернет-аддикциялардың диагностикалық сұрақ-жауабы (ИАД)» атты диагностикалық сұрақ-жауабын ұсынамыз (авторлары А.Л. Катков, Ж.Ш. Аманова, 2011).
Сұрақ-жауапта сұрақтардың екі топтамасы бар. Біріншісі компьютердің, интернеттің техникалық құралдарын қолданудың негізгі мақсатын (10 сұрақ), ал екіншісі 2-түрдегі интернет-тәуелділігіне тартылу деңгейін анықтайды (5 сұрақ). Соңғы сұрақтар топтамасы осы әдіснамалық құралдың алдыңғы тарауларында көрсетілген интернет-тәуелділігіне тартылудың клиникалық-психологиялық индентификациясына негізделген.
Сұрақ-жауапты толтыру бойынша нұсқау
Сіздің жағдайыңызға қатысты пікірлердің нұсқалар топтамасы беріледі. Сіздің өзіңізге келетін пікірлерді дөңгелету немесе жауап санына «х» қою керек.
«Жақсы» немесе «жаман» жауаптар жоқ екенін есте сақтаңыз. Ойланбай, бірден жауап беріңіз.
Сіздің жауаптарыңыз жөніндегі ақпарат жасырын болады.
Ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз!
Достарыңызбен бөлісу: |