Кодекс деловой этики



жүктеу 209,91 Kb.
Pdf просмотр
Дата31.01.2018
өлшемі209,91 Kb.
#8216


 

 

 



 1

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 

Басқармасының  

2010 жылғы 12 мамырдағы 

шешімімен мақұлданды 

№ 58 хаттама 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 

Директорлар кеңесінің  

2010 жылғы 21 маусымдағы 

шешімімен бекітілді  

№ 9/2010 хаттама  

(хаттамаға № 2 қосымша) 

 

 

  



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ  

ІСКЕРЛІК ЭТИКА КОДЕКСІ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Астана қ., 2010 жыл 

 

 

 




 

 

 



 2

 

МАЗМҰНЫ: 



 

Басшылықтың үндеуі    ............................................................................................3 

Кодекстің миссиясы  .......................................................................................... ....5 

Мақсаты  ............................................................................................................. ....5 

Кіріспе  ................................................................................................................ ....6 

1-тарау. Іскерлік этика құндылықтары, қағидаттары  ...................................... ....7 

2-тарау. Іскерлік этика нормалары.. .................................................................. ....9 

2.1. Лауазымды  тұлғалардың  жəне  Қызметкерлердің  өзара  қарым-қатынас 

этикасы..........................................................................................................................9 

2.2. Жалғыз акционермен өзара қарым-қатынас этикасы  ................................ ..12 

2.3. Мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас этикасы     .........................12 

2.4.  Еншілес жəне тəуелді ұйымдармен өзара қарым-қатынас этикасы  ..........................12 

2.5. Іскерлік серіктестермен өзара қарым-қатынас этикасы  .............................. ..12 

2.6. Қоғаммен өзара қарым-қатынас этикасы  .................................................... ..13 

2.7. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қатынас этикасы .........................13 

3-тарау. Еңбекті жəне қоршаған ортаны қорғау...................................................14 

4-тарау. Іскерлік мінез-құлық ережесі            .......................................................14 

4.1. Əріптестермен қарым-қатынас      ...................................................................14 

4.2. Басшылық пен Қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас .........................15 

4.3. Корпоративтік мəдениет .................................................................................15 

4.3.1. Қызметкердің сыртқы келбеті жəне келіссөздер жүргізу  

этикасы ......................................................................................................................15 

4.3.2. Корпоративтік мерекелер   ..........................................................................16 

4.3.3. Қызметкерлердің туған күндері ..................................................................16 

5-тарау. Құпиялылық................................................................................................16 

6-тарау. Мүдделер қақтығысы...................................................................................17 

7-тарау. Жауапкершілік ...................................................................................... ..18 

8-тарау. Омбудсменнің құқықтары мен міндеттері............................................ 18 

9-тарау. Іс жүзінде пайдаланылуы   .........................................................................19 

10-тарау. Кодексті түсіндіру жəне онымен танысу ................................................19 

11-тарау. Қорытынды ................................................................................................20 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 3

 

 

 

Басшылықтың үндеуі 

 

Құрметті əріптестер, 

 

Бизнес  қауымдастықтың,  серіктестердің,  мемлекеттік  билік 

өкілдерінің  жəне «ҚазМұнайГаз» ҰК  АҚ  табысы  мен  оның  дамуы  соларға 

байланысты  болатындардың  сенімін  жəне  құрметін  қамтамасыз  ететін 

корпоративтік  құндылықтар  мен  стандарттар «ҚазМұнайГаз» ҰК  АҚ 

жемісті  қызметінің  негізі  болып  табылады. Олар «ҚазМұнайГаз» ҰК  АҚ 

қызметкерлерінің  мақтаныш  сезімін  жəне  өз  жұмысында  одан  да  жақсы 

нəтижелерге жетуге ұмтылысты тудырады. 

Корпоративтік  басқару  жəне  ашықтық  қағидаттарын  ұстану  

«ҚазМұнайГаз» ҰК  АҚ-тың  мұнай-газ  саласында  мемлекеттік  саясатты 

іске асыруға анағұрлым белсенді қатысуына ықпал етеді. 

Осы  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК  АҚ 

корпоративтік мəдениетке аса зор көңіл бөледі, оның маңызды құралы осы Іскерлік 

этика  кодексі болып табылады, өйткені алға қойылған  міндеттер «ҚазМұнайГаз» 

ҰК АҚ барлық қызметкерлерінің: 

·   «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ миссиясын, оған қол жеткізу қағидаттарын білуін 



жəне оны ұстануын; 

·  «ҚазМұнайГаз» ҰК  АҚ  корпоративтік  мəдениет  нормаларын  ұстануын, 



корпоративтік беделдің маңыздылығын түсінуін; 

·   өз  əрекеттерінің «ҚазМұнайГаз» ҰК  АҚ-тың  миссиясына, сондай-ақ 



корпоративтік  басқару  мен  іскерлік  этикасының  қабылданған 

қағидаттарына сəйкестігінің маңыздылығын түсінуін талап етеді. 

Осы 

Кодекс 

атқарып 

отырған 

лауазымына 

қарамастан 

«ҚазМұнайГаз» ҰК  АҚ-тың  барлық  қызметкерлері  үшін  басшылық  болып 

табылады  жəне  əрбір  қызметкер  Кодексті  назар  салып  зерделеп, оның 

талаптарына сəйкес болуға ұмтылуы қажет деп есептеледі. 

Кодексті ұстану  оң  корпоративтік  мəдениеттің қалыптасуына жəне 

дамуына, «ҚазМұнайГаз» ҰК  АҚ  беделі  мен  абыройының  нығаюына  ықпал 

етеді  жəне  «ҚазМұнайГаз» ҰК  АҚ  болашақта  табысты  дамуының  кепілі 

болып табылады. 

«ҚазМұнайГаз» ҰК  АҚ-тың  Іскерлік этика кодексін ұсынамыз, онда біздің 

жұмысымыз  негізделетін  құндылықтар  мен  этикалық  қағидаттар  бекітілген, 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та əрекет етудің бірыңғай стандарттары анықталған.

  

Корпоративтік  этика  қызметкерлерді  бірыңғай  əлеуметтік  ағзаға 

біріктіретін  негізгі  элемент  болып  табылады. Қызметтің  құлықтылық 

бағдарын  анық  түсіну  барлық  бөлімшелердің  реттелген  жұмысы  үшін 

қажет. Жоғары этикалық стандарттарды ұстану ұжымдағы жəне сыртқы 

серіктестермен, қоғаммен  жəне  мемлекетпен  қарым-қатынастағы  сенімді 

сақтауға жəне нығайтуға көмегін тигізетін болады.    


 

 

 



 4

Іскерлік  этика  кодексінің  нормаларын  сақтау  «ҚазМұнайГаз»  ҰК      

АҚ-тың  бүгінгі  күнгі  беделін  нығайтуда  маңызды  қадам  болып  табылады 

жəне 

оның 

болашақта 

тұрақты 

дамуын 

қамтамасыз 

етеді,  

қызметкерлердің 

ортақ 

мақсаттарға 

жетуіне 

көмегін 

тигізеді. 

«ҚазМұнайГаз» ҰК  АҚ  табысы  əрбір  қызметкерге  байланысты. Міне, 

сондықтан  да  Іскерлік  этика  кодексін  дəл  ұстану  «ҚазМұнайГаз» ҰК  АҚ 

қызметкерлері үшін ең жоғары басымдық болуы тиіс. 

  

 

Директорлар кеңесінің төрағасы 

Тимур Асқарұлы Құлыбаев 

 

 

Басқарма төрағасы 

Қайыргелді Мақсұтұлы Қабылдин 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 



 5

 

Кодекстің миссиясы 

 

Іскерлік  этика  кодексі  ҚМГ-нің  барлық  мүдделі  тұлғалармен  өзара  іс-қимыл 

жасауының  этикалық  жағын, корпоративтік  қарым-қатынастардың  этикалық 

нормаларын, сондай-ақ  этикалық  нормалардың  ҚМГ  жəне  оның  қызметкерлерінің 

күнделікті қызметіне əсер ету тетігін реттейтін құжат болып табылады.  

 

 

Кодекстің мақсаты 

 

Іскерлік этика кодексі ҚМГ корпоративтік басқару тетіктерінің тиімділігін 

арттыруға жəне оның мүдделі тұлғалармен табысты өзара іс-қимыл жасауына 

ықпалын тигізуге арналған. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 

 

 



 6

Кіріспе 

 

  

1.  Осы 



Кодекс 

Қазақстан 

Республикасының 

қолданыстағы 

заңнамасының, ҚМГ  Жарғысының  жəне  өзге  де  ішкі  құжаттарының, соның 

ішінде  іскерлік  мінез-құлықтың  жəне  корпоративтік  басқарудың  танылған 

əлемдік стандарттарын ескеріп Корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне 

сəйкес  əзірленді  жəне  іскерлік  этиканың  негіз  қалаушы  құндылықтары  мен 

қағидаттарын, іскерлік  өзара  қарым-қатынастардың  этикалық  нормаларын 

белгілейді.  

2.  Осы Кодекстің мақсаттары: 

1)  ҚМГ-нің  Лауазымды  тұлғалары  мен  Қызметкерлері  өз  қызметінде 

стратегиялық  маңызды  шешімдер  қабылдау  кезінде  де,  күнделікті 

жағдайларда  да  басшылыққа  алатын  негізгі  құндылықтарды, қағидаттарды, 

іскерлік этика жəне мінез-құлық ережелері мен нормаларын бекіту; 

2)  жоғары этикалық стандарттарға негізделген бірыңғай корпоративтік 

мəдениетті дамыту, ұжымда сенім, өзара құрмет жəне əдептілік атмосферасын 

қолдау;  

3)  атқарып  отырған  лауазымына  қарамастан  ҚМГ-де  барлық 

Қызметкерлер  қабылдаған  іскерлік  этика  нормаларын  біркелкі  түсіну  жəне 

орындау; 

4)  іскерлік  қауымдастық  тарапынан  ҚМГ-ге  деген  сенімді  арттыру 

жəне  сақтап  қалу, нарықтың  ашық  жəне  əділ  қатысушысының  беделін 

нығайту; 

5)  Мүдделі  тұлғалармен  өзара  тиімді  іс-қимыл  жасауға  ықпал  ету 

болып табылады. 

3. Кодекс өзге де ішкі құжаттармен бірге қолданылады жəне Лауазымды 

тұлғалар  мен  Қызметкерлердің  іскерлік  этика  жəне  іскерлік  мінез-құлық 

нормалары мен қағидаттарын қолдану бөлігіндегі қызметін сипаттайды. 

4. Көрсетілген  нормалар  мен  қағидаттар  тізбесі  жеткілікті  болып 

табылмайды  жəне  белгілі  бір  алғышарттар  немесе  жағдайлар  туындағанда  

нақтылануы, өзгертілуі, толықтырылуы мүмкін. 

5. Кодекс  ережелері  атқарып  отырған  лауазымына  қарамастан  ҚМГ 

Лауазымды тұлғаларына жəне барлық Қызметкерлеріне тарайды; 

6. Кодексте мынадай анықтамалар мен қысқартулар пайдаланылады: 

1)  ҚМГ – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы; 

2)  Іскерлік  этикасы – бұл  ҚМГ, оның  Лауазымды  тұлғалары  мен 

Қызметкерлері  өз  қызметінде  басшылыққа  алатын  этикалық  қағидаттар  мен 

іскерлік қарым-қатынас нормаларының жиынтығы; 

3)  Лауазымды  тұлға – ҚМГ  Басқармасының  жəне  Директорлар 

кеңесінің мүшесі; 

4)  Жалғыз  акционер – «Самұрық-Қазына» ұлттық  əл-ауқат  қоры» 

АҚ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ҚМГ жоғары органы; 

5)  Мүдделі тұлға  – 

 ҚМГ-мен  құқықтық  қарым-қатынасқа 

түсетін жеке жəне заңды тұлғалар; 

6)  Кодекс – осы «ҚазМұнайГаз» ұлттық  компаниясы» акционерлік 



 

 

 



 7

қоғамының Іскерлік этика кодексі; 

7)  Мүдделер  қақтығысы  –  ҚМГ  Лауазымды  тұлғасының  не 

Қызметкерінің  жеке  мүдделілігі  лауазымдық  міндеттердің 

риясыз 

орындалуына ісер ететін немесе əсер етуі мүмкін жағдай; 



8)  Корпоративтік мəдениет – бұл ҚМГ тəн құндылықтар, қағидаттар, 

мінез-құлық жəне қарым-қатынас нормалары

9)  Корпоративтік  хатшы  –  ҚМГ  Директорлар  кеңесінің  не 

Басқармасының  мүшесі  болып  табылмайтын, ҚМГ  Директорлар  кеңесі 

тағайындаған  жəне  ҚМГ  Директорлар  кеңесіне  есеп  беретін, сондай-ақ  өз 

қызметі  шеңберінде  ҚМГ  Директорлар  кеңесі  отырыстарының  дайындалуын 

жəне  өткізілуін  бақылайтын,  Жалғыз  акционердің  қарауына  шығарылатын 

материалдардың  жəне  ҚМГ  Директорлар  кеңесі  материалдарының 

қалыптастырылуын  қамтамасыз  ететін, оларға  қол  жеткізудің  қамтамасыз 

етілуін бақылайтын ҚМГ-нің қызметкері; 

10)  Қызметкер – ҚМГ-мен  еңбек  қарым-қатынастарында  болатын 

жəне еңбек шарты бойынша жұмысын тікелей орындайтын жеке тұлға; 

11)  Корпоративтік 

əлеуметтік 

жауапкершілік 

–ҚМГ-нің, 

мемлекеттің  жəне  бизнестің  өзара  мүдделеріне  жауап  беретін, өзіне  еркін 

түрде алған міндеттемелердің орындалуы; 

12) 

 

Омбудсмен – ҚМГ  Директорлар  кеңесі  тағайындаған, ҚМГ-де 



іскерлік  этика  қағидаттарының  енгізілуіне  жəне  сақталуына  ықпал  ететін 

тұлға (қызметкерлер арасынан болуы мүмкін). 

7. 

ҚМГ 


Жалғыз 

акционермен,  Лауазымды 

тұлғалармен, 

Қызметкерлермен,  еншілес  жəне  тəуелді  ұйымдармен,  мемлекеттік 

органдармен, серіктестермен, өзге  де  мүдделі  тұлғалармен  өзара  қарым-

қатынастарда  стратегиялық  маңызды  шешімдер  қабылдау  үшін  де, ҚМГ-нің 

Лауазымды  тұлғалары  мен  Қызметкерлеріне  кездесетін  күнделікті 

жағдайларда да осы Кодекстің ережелерін қабылдайды жəне ұстанады. 



 

1-тарау. Іскерлік этика құндылықтары жəне қағидаттары 

8.  ҚМГ-нің  қызметі  солардың  негізінде  қалыптасатын  негіз  қалаушы 

корпоративтік құндылықтар мыналар болып табылады: 

1) Құзыреттілік жəне кəсіпқойлық 

 

Бірінші кезекте, ҚМГ жұмыс нəтижесі кəсіптік деңгейден алғанда мінсіз 



болуы  тиіс.  ҚМГ-нің  Лауазымды  тұлғалары, Қызметкерлері  сапалы  білімге, 

жұмыс тəжірибесіне, салмақты  жəне жауапты шешім  қабылдау қабілетіне  ие 

болуы тиіс. ҚМГ міндеттер қойып қана қоймай,  өз қызметкерлері үшін кəсіби 

білімі мен дағды деңгейін арттыруға, өзінің кəсіби, шығармашылық қабілетін 

іске  асыруға, əлеуетін  дамытуға, мансап  жағынан  өсу  перспективасына  ие 

болуға мүмкіндік беретін жағдай жасайды. 

 

ҚМГ өз Қызметкерлерінде жəне олардың жұмысында мыналарды: 



 

ҚМГ стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағыттануын;  



       - өз қызметіндегі кəсіпқойлығын жəне өзінің кəсіби деңгейін арттыруға 

ұмтылысын;  




 

 

 



 8

      - лауазымдық  міндеттерді  орындау  кезіндегі  бастамашылдығын  жəне 

белсенділігін; 

     - тəртіптілігін жəне жауаптылығын;  

      - қызметкерлер  арасындағы  өзара  қолдауды, ҚМГ  жас  мамандарына 

көмек жəне оның ардагерлеріне құрмет көрсетілуін бағалайды.  

       2) Адалдық жəне алаламаушылық  

Адалдық  жəне  алаламаушылық – ҚМГ  қызметінің, оның  іскерлік 

беделінің «іргетасы». ҚМГ  жеке  мүдделер  мен  кəсіби  қызмет  арасындағы 

қақтығысқа  жол  бермейді.  Алдау, жасыру  жəне  жалған  мəлімдеу  ҚМГ 

Лауазымды тұлғасының, Қызметкерінің мəртебесімен үйлеспейді. 

3) Жауапкершілік 

Жауапкершілік – ҚМГ  қызметі  сапасының  кепілдігі. ҚМГ  заңнама, 

шарттық  қарым-қатынас, іскерлік  айналым  салттары  жəне  моральдық-

құлықтық  қағидаттардың  талаптарымен  белгіленген  міндеттемелер  бойынша 

жауапты  болады. ҚМГ  мемлекеттің  жəне  қоғамның  алдындағы  əлеуметтік 

жауапкершілігін сезінеді. 



4) Ашықтық 

ҚМГ  барынша  ашық  болуға  жəне  ҚМГ, қызметтер  жəне  оның 

жетістіктері, қызмет  нəтижелері  туралы  сенімді  ақпаратқа  ұмтылады. ҚМГ 

Жалғыз  акционерді  жəне  серіктестерін  істің  мəн-жайы  туралы  шынайы, 

уақтылы  хабардар  етуге, Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сəйкес 

есептілік пен есеп сапасын жақсарту негізінде ақпараттың ашықтығы мен қол 

жеткізімділігін  арттыруға  бағытталған. Сонымен  бірге, ҚМГ  Қазақстан 

Республикасының  заңнамасымен  қорғалатын  коммерциялық  жəне  өзге  де 

құпияны  құрайтын  ақпараттың  жəне  мəліметтердің  жария  етілмеуін 

бақылайды. 



5) Адам тұлғасын құрметтеу 

ҚМГ-нің  Қызметкерлері  мен  серіктестері  нəсіліне, тіліне, саяси  жəне 

діни көзқарастарына, жыныстық, ұлттық жəне мəдени тиесілігене қарамастан  

адал жəне əділ қарым-қатынасқа ие болуға құқылы. 



6) Отан сүйгіштік 

Мемлекет  тарапынан  ҚМГ  жүктелген  жоғары  сенім  мен  оның 

əлеуметтік жауапкершілігі отан сүйгіштік сезімін жəне ұлттық экономиканың 

дамуы мен мемлекет үшін барынша көп пайданы қамтамасыз етуге ықпал ету 

ниетін тудырады.  

9. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде ҚМГ:  

         1) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтайды, Жалғыз 

акционердің, Директорлар  кеңесінің  жəне  мемлекеттік  органдардың, ҚМГ 

қызметіне қатысты өзге де құжаттардың шешімдерін орындайды; 

        


2)  шығу  тегіне,  əлеуметтік,  лауазымдық  жəне  мүліктік  жағдайына, 

жынысына, нəсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, тұрғын орнына немесе кез 

келген  өзге  жағдайға  қарамастан  адам  жəне  азамат  құқықтарының, намысы  мен 

абыройының сақталуын жəне құрметтелуін қамтамасыз етеді; 

        3) мемлекет нышандары – Елтаңба, Ту, Əнұранға құрметпен қарайды; 

        4) ҚМГ корпоративтік нышандарына құрметпен қарайды; 




 

 

 



 9

        


5)  жалпы  қабылданған  моральдық-этикалық  нормаларды  сақтайды, 

мемлекеттік жəне басқа да тілдерді, барлық елдердің салттарын құрметтейді;  

6)  əділ  жəне  адал  əрекет  етеді, пара  жəне  ұқсас  теріс  іскерлік  дағдыны, 

сондай-ақ  іскерлік  дағдыда  қабылданғандардан  басқа (бұл  ретте  осындай 

сыйлықтар  маңызды  болмауы  тиіс  жəне  жиі  сыйланбауы/қабылданбауы  тиіс) 

сыйлықтар сыйлау жəне алу дағдысын қабылдамайды;  

7) Лауазымды  тұлғалар  мен  Қызметкерлерге  қатысты  əділ, құрмет 

білдіреді жəне этикалық нормаларды сақтайды; 

8) оның  мүдделі  тұлғалармен  барлық  қарым-қатынастарының  өзара 

тиімді болуына ұмтылады; 

9) қоршаған ортаға құрмет білдіреді жəне құнтты болады. 

10. Жұмыстың  тиімді  ұйымдастырылуы  Қоғам  мен  барлық  мүдделі 

тұлғалар  арасындағы  өзара  құқықтардың  орындалуына  негізделген. Өзара 

құқықтардың сақталуы – сындарлы жұмыстың қажетті шартты. 

 

 

2-тарау. Іскерлік этика нормалары 



 

2.1. Лауазымды  тұлғалардың  жəне  Қызметкерлердің  өзара  қарым-

қатынас этикасы 

11.  ҚМГ-нің  Лауазымды  тұлғалары  мен  Қызметкерлері  кəсіби 

функцияларын  мүдделер  қақтығысын  болдырмай,  ҚМГ  мен  Жалғыз 

акционердің мүдделерінде адал жəне ақылға қонымды орындауға міндеттеме 

алады. 

 

12. ҚМГ  Лауазымды  тұлғалары  ҚМГ-нің  стратегиялық  мақсаттарына 



қол  жеткізу  үшін  Іскерлік  этиканың  негіз  қалаушы  құндылықтары  мен 

қағидаттарын  ескере  отырып  іскерлік  шешімдер  қабылдайды  жəне  олардың 

алдына 

қойылған 



міндеттердің 

іске 


асырылуы 

үшін 


Қазақстан 

Республикасының қолданыстағы заңнамасында  жəне  ҚМГ-нің ішкі  құқықтық 

құжаттарында көзделген жауапкершілікте болады. 

13.  ҚМГ 

Лауазымды 

тұлғалары,  Қызметкерлері 

лауазымдық 

міндеттерін  орындау  кезінде  жеке  қарым-қатынасты  немесе  жеке  пайданы 

емес, ҚМГ-нің мүддесін басшылыққа алуы тиіс. 

14. Əрбір  Қызметкер  осы  Кодексте  көзделген  қағидаттарды  əділ 

ұстануы, еңбек  жəне  ұжымдық  шарттардың,  ішкі  еңбек  тəртібінің, 

лауазымдық  нұсқаулықтардың  жəне  ҚМГ  өзге  де  ішкі  нормативтік 

құжаттарының  талаптарын  сақтауы, сондай-ақ  оларды  бұзу  немесе  сақтамау 

үшін өзінің жеке жауапкершілігін сезінуі тиіс. 

15.  Жаңа  Қызметкерлерді  жұмысқа  қабылдау  кезінде  ҚМГ  Қазақстан 

Республикасының  заңнамасын  жəне  ҚМГ  ішкі  актілерінің  талаптарын 

басшылыққа  алады,  анағұрлым  жоғары  біліктілікке  жəне  өндірістік 

тəжірибеге  ие  үміткерлерге  басымдық  береді  жəне  қандай  да  болмасын 

белгілер бойынша ешқандай кемсітушілікке жол бермейді. Кадрларды іріктеу 

жəне көтеру  ҚМГ  ішкі  актілеріне сəйкес  кəсіби  қабілеті, білімі мен  дағдысы 

негізінде ғана, жыныстық, нəсілдік, саяси, діни жəне басқа да ұқсас себептер 

бойынша қандай да болмасын кемсітушіліксіз жүзеге асырылады. 




 

 

 



 

10 


 

16. ҚМГ  өз  бетімен  білім  алуға  жəне  кəсіби  дамуға  ұмтылған 

Қызметкерлерді  көтермелейді  жəне  Қызметкерлерді  оқыту  жəне  кəсіби 

дамыту  бағдарламаларына  сəйкес  барлық  деңгейдегі  Қызметкерлердің 

біліктілігін арттыру үшін тең жəне оңтайлы жағдай жасайды. 

 

17. Сыйақы  саласындағы  саясат  Қызметкерлердің  кəсіби  сапасы  мен 



қабілетін, олардың еңбек нəтижелерін жəне қызметтің негізгі көрсеткіштеріне 

қол жеткізуін мойындауға  жəне ҚМГ  ішкі  құжаттарына сəйкес  ынталандыру 

мақсаттарында əлеуметтік пакет ұсынуға негізделеді. 

18.  ҚМГ-нің  еңбек  қауіпсіздігі  жəне  еңбекті  қорғау  саласындағы 

саясаты  өз  Қызметкерлері  үшін  таза  жəне  қауіпсіз  еңбек  жағдайларын 

қамтамасыз етуді жəне тұрақты жақсартуды көздейді. 

19.   ҚМГ Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері өздерінің жұмысқа 

деген көзқарасымен жəне іс-əрекетімен  ұжымда тұрақты жəне оң жағдайдың 

қалыптасуына ықпал етуі тиіс. 

20.  ҚМГ-де  жекелеген  Лауазымды  тұлғалар  мен  Қызметкерлерге 

міндетті  түрде  барлығына  тең  мүмкіндіктерді  қамтамасыз  етіп, Қазақстан 

Республикасының  заңнамасы  жəне/немесе  ҚМГ  ішкі  құжаттары  негізінен 

басқадай, қандай да болмасын артықшылықтар мен жеңілдіктер ұсынуға жол 

берілмейді.  

21.  ҚМГ  Лауазымды  тұлғалары  мен  Қызметкерлері  жоғары  білікті 

жұмыс  жасау  үшін  барлық  күш-жігерін  салуы,  ҚМГ-нің  мүлігіні 

құнттылықпен қарауы, оны ұтымды жəне тиімді пайдалануы тиіс. 

22.  ҚМГ  Лауазымды  тұлғадан  бастап  шешім  қабылдайтын  кез  келген 

Қызметкерге  дейін  осы  процестің  кез  келген  кезеңінде  мүдделер 

Қақтығысының  туындауынан  тəуелсіз  шешімдердің  қабылдануы  үшін 

жауапты болады. 

23.  ҚМГ  Лауазымды  тұлғалары, Қызметкерлері  өздерін  оларға (немесе 

олармен байланысты тұлғаларға) қатысты да, басқаларға қатысты да мүдделер 

Қақтығысы туындауы мүмкін жағдайды болдырмайтын етіп ұстауы тиіс. 

24.  Лауазымды  тұлғалар  мен  Қызметкерлер  құпиялылық  нормаларын 

бұзбай  жəне  Жалғыз  акционер  мен  Директорлар  кеңесінің, сондай-ақ  ҚМГ 

ішкі құжаттарының  шешімдерін  ескере  отырып, бір біріне  уақтылы  шынайы 

ақпарат ұсынады. 

25.  ҚМГ  Лауазымды  тұлғаларының  шешімдер  қабылдауы  ашықтық 

жəне барабарлық қағидаттарына негізделуі тиіс.  

26.  Лауазымды  тұлғалар  ҚМГ-мен  немесе  өзге  мəселелермен 

байланысты 

мəмілелердегі,  шарттардағы,  жобалардағы 

кез 


келген 

коммерциялық  немесе  өзге  де  мүдделілік (тікелей  немесе  жанама) туралы 

ҚМГ-нің ішкі құжаттарында көзделген тəртіппен дереу хабарлауы тиіс. 

27.  Лауазымды  тұлғалар  Қазақстан  Республикасының  қаржы  нарығын 

жəне  қаржы  ұйымдарын  реттеу  мен  қадағалау  агенттігіне  аффилиирленген 

тұлғалар тізбесін беру үшін жауапты ҚМГ-нің құрылымдық бөлімшесіне басқа 

ұйымдарда жұмыстың орындалуы жəне/немесе лауазымның (лауазымдардың) 

бос  болмауы  туралы, тұрақты (негізгі) жұмыс (қызмет, кəсіпкерлік  қызмет 

жəне  т.с.с.) орнының  өзгеруі  туралы  жазбаша  түрде  уақтылы  хабарлауға 



 

 

 



 

11 


міндетті. 

28.  Лауазымды  тұлғалар  шешуіне  мүдделі  мəселелер  бойынша  тікелей 

басшыны  немесе  жоғары  басшылықты  уақтылы  хабардар  етуі  жəне  оларды 

талқылауға жəне олар бойынша дауыс беруге қатысудан бас тартуы тиіс. 

29.  Лауазымды  тұлғалар,  Қызметкерлер  олардың  мəртебесіне  жəне 

лауазымына  қарамастан  өздерінің  функционалдық  міндеттерін  орындаған 

үшін мыналарды: 

олар  тиісті  функцияларды  орындамайтын  ұйымдар  мен  жеке 

тұлғалардан ақша, қызмет немесе өзге нысандарда сыйақы алуға

ізеттілік  пен  қонақжайлылықтың  жалпы  қабылданған  нормаларына 

сəйкес  немесе  хаттамалық  жəне  өзге  де  ресми  іс-шаралар  өткізу  кезінде 

мезіреттік ілтипат көрсету белгілері мен мезіреттік кəдесыйларды қоспағанда, 

жұмыс  бойынша  оларға  тəуелді  тұлғалардан  сыйлықтар  немесе  қызметтер 

алуға құқығы жоқ.

 

 

30. Лауазымды тұлғалар мен Қызметкерлерге коммерциялық, қызметтік 



жəне  заңнамамен  қорғалатын  өзге  де  құпияны, осындай  ақпаратты  ұсыну 

туралы  талап  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  белгіленген 

жағдайларды қоспағанда, жариялауға, сондай-ақ ақпаратты жеке мақсаттарда 

пайдалануға  тыйым  салынады.  Бұл  ҚМГ  органдары  туралы  ішкі 

ережелермен, коммерциялық құпияның сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі 

нұсқаулықпен жəне ҚМГ өзге де құжаттарымен реттеледі. 

31.   Лауазымды  тұлғалар, Қызметкерлер  ҚМГ  ішкі  құжаттарында 

көзделген  жəне  ҚМГ  құпия  ақпаратының  қауіпсіздік  режимімен  жəне 

жұмысымен байланысты ережелерді, тəртіп пен рəсімдерді сақтауы тиіс. 

32. Əрбір Қызметкер əріптестері мен серіктестеріне қатысты жыныстық, 

жастық, нəсілдік, саяси, діни жəне басқа да ұқсас себептермен кемсітушілікке 

жол бермеуі тиіс. 

33. Қызметкерлердің  құқықтарын  бұзуға  əкелетін  кез  келген  жағдай 

Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  жəне  ҚМГ  ішкі  құжаттарына 

сəйкес қаралуы тиіс. 

34. ҚМГ  Лауазымды  тұлғалары, Қызметкерлері  ҚМГ  басшылығының 

тікелей  тапсырмасынсыз  немесе  тікелей  берілген  өкілеттіктерінсіз  ҚМГ 

атынан  кез  келген  тақырапта  көпшілік  алдында  сөз  сөйлеуге, пікір  білдіруге 

немесе сұхбат беруге жол бермеуі тиіс. 

35. ҚМГ  Лауазымды  тұлғалары, барлық  деңгейдегі  құрылымдық 

бөлімше  басшылары  Кодекстің  талаптарына  сəйкес  келетін  басқарушылық 

шешімдер  қабылдауы  тиіс, тіпті  керек  болса  Кодекстің  ережелерін 

ұстанатындығын  өз  əрекетімен  көрсетуге  ұмтылуы, консультациялар  мен 

тəлімгерлікке,  ұжымның  ортақ  миссиямен,  құндылықтармен  жəне 

қағидаттармен біріктірілген команда болып ұйымдасуына уақыт бөлуі тиіс. 

 

2.2.  Жалғыз акционермен өзара қарым-қатынас этикасы 

36. Жалғыз  акционердің  мақсаты  ҚМГ-нің  даму  стратегиясының  өзегі 

болып табылады, оны əзірлеу жəне іске асыру үшін ҚМГ Директорлар кеңесі 

мен Басқармасы жауапты болады. 



 

 

 



 

12 


37. Басқарма, Директорлар  кеңесі  жəне  Жалғыз  акционер  арасындағы 

өзара  қарым-қатынас  жүйесі  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының 

талаптарына, ҚМГ Жарғысы мен ішкі құжаттарына, сондай-ақ Корпоративтік 

басқару  кодексінің  ережелеріне  сəйкестік  қағидаттарына  негізделген. ҚМГ 

өзінің  Жалғыз  акционермен  өзара  қарым-қатынастарында  нақты  рəсімдер 

орнатады. 

38. ҚМГ  Басқармасы, Директорлар  кеңесі  жəне  Жалғыз  акционер 

арасында  ақпарат  алмасу  тəртібі  заңнамамен, ҚМГ  Жарғысымен  жəне  ішкі 

құжаттарымен реттеледі.  

 

2.3.  Мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас этикасы  

39. ҚМГ  мемлекеттік  органдармен  өзара  қарым-қатынасты  Қазақстан 

Республикасының  заңнамасына, ҚМГ  Жарғысына  жəне  ішкі  құжаттарына, 

сондай-ақ  Корпоративтік  басқару  кодексінің  ережелеріне  сəйкес, тараптар 

тəуелсіздігі  негізінде  жүзеге  асырады. Өз  мақсаттарына  қол  жеткізу  үшін 

ҚМГ  мемлекеттік  органдардың  шешіміне  заңсыз  əсер  ету  əрекеттеріне  жол 

бермейді. 

40. ҚМГ  мемлекеттік  органдар  тарапынан  да, ҚМГ  Лауазымды 

тұлғалары  мен  Қызметкерлері  тарапынан  да  сыбайлас  жемқорлықты  жəне 

басқа  да  заңсыз  əрекеттерді  болдырмау  үшін  барлық  күш-жігерін  салатын 

болады. 

 

2.4. Еншілес  жəне  тəуелді  ұйымдармен  өзара  қарым-қатынас 



этикасы 

41. ҚМГ  еншілес  жəне  тəуелді  ұйымдармен  өзара  қарым-қатынасты 

заңнама талаптарына, ҚМГ Жарғысына жəне ішкі құжаттарына, ҚМГ еншілес 

жəне  тəуелді  ұйымдарының  жарғыларына, сондай-ақ  Корпоративтік  басқару 

кодексінің ережелеріне сəйкес жүзеге асырады.  

 

2.5. Іскерлік серіктестермен өзара қарым-қатынас этикасы 

42. ҚМГ  іскерлік  серіктестермен  өзара  тиімділік, ашықтық  жəне  шарт 

талаптарына  сəйкес  өзіне  қабылдаған  міндеттемелер  бойынша  толық 

жауапкершілік қағидаттарында өзара əрекет етеді. 

43.  ҚМГ 

іскерлік 

серіктестермен 

жасалған  келісім 

шарттардың/шарттардың талаптарын сақтайды жəне өздерінің оларға қатысты 

міндеттемелерін орындайды. 

44.  ҚМГ  серіктестердің  барлық  өтініштерінің, ұсыныстары  мен 

шағымдарының  уақтылы  жəне  толық  қаралуына  кепілдік  береді. 

Келіспеушіліктер  мен  даулар  туындаған  жағдайда  келіссөздер  мен  ымыраға 

келуге басымдық берілетін болады. 

45.  ҚМГ ең аз баға, тауарлардың, қызметтердің ең жақсы сапасы мен 

жеткізу шарттарын ұсынатын жəне жақсы беделге ие тауарлар мен қызметтер 

жеткізушілерді  таңдауды  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сəйкес 

жүзеге асырады. 

46.  ҚМГ  шынайы  жəне  еркін  бəсекелестікті  қолдайды  жəне  беделіне 



 

 

 



 

13 


теріс  əсер  етіп  қана  қоймай, сондай-ақ  серіктестердің  ҚМГ-ге  сенімін  жоюы 

мүмкін əділетсіз бəсекелестіктің барлық көріністерін айыптайды. Осы орайда 

ҚМГ өз серіктестерінен адал бəсекелестікті күтеді. 

47.  ҚМГ  өз қызметінде  іскерлік серіктестерге  негізсіз жеңілдіктер  мен 

артықшылықтар ұсынуға жол бермейді.  

 

2.6. Қоғаммен өзара қарым-қатынас этикасы 

48. ҚМГ өзінің қоғам алдындағы əлеуметтік жауапкершілігін сезінеді. 

49. ҚМГ  əлеуметтік  маңызды  мəселелерді  шешуге  оң  əсерін  тигізуге 

ұмтылады. 

50. ҚМГ  қоғамға  қызмет  етуге  ұмтылады, қызмет  ету  өңіріндегі 

тұрғындардың  білім  мен  оқу  деңгейін  арттыруға  бағытталған  бағдарламаларды 

жəне басқа əлеуметтік  бағдарламаларды қолдайды. 

51. ҚМГ өзін-өзі ол жұмыс істейтін жəне ол  құрмет, сенім, адалдық пен 

əділдік  қағидаттарына  негізделген  берік  қарым-қатынастар  орнатуға 

тырысатын қоғамдық ортаның ажырамас бөлігі ретінде қарайды. 

52. ҚМГ  жаңа  жұмыс  орындарын  құруға  жəне  Қызметкерлердің  кəсіби 

біліктілігін арттыруға ұмтылады. 

53. ҚМГ  қоғамдық  қарым-қатынастарды  жетілдіру, өз  өндірістік 

қызметінің  қоршаған  ортаға  əсерін  төмендету, ҚМГ  Қызметкерлерінің 

денсаулығын  сақтау  жəне  еңбек  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  мақсатында 

ұйымдармен (қоғамдық, үкіметтік  емес  жəне  басқа) сындарлы  қарым-

қатынастар орнатуға ұмтылады. 

54.  ҚМГ 

беделі 


күмəнді 

заңды 


жəне 

жеке 


тұлғалармен 

ынтымақтастықтан бас тартуға өзіне міндеттеме алады. 

55. Əлеуметтік  жауапкершілік  Қазақстан  Республикасының  заңнамасы, 

ҚМГ  Жарғысы  жəне  ішкі  құжаттары  шеңберінде  жүзеге  асырылады,     

сондай-ақ  ҚМГ  Корпоративтік  əлеуметтік  жауапкершілік  кодексінің 

ережелерімен реттеледі.  

 

2.7.  Бұқаралық  ақпарат  құралдарымен 

өзара  қарым-қатынас 

этикасы

 

 

56. ҚМГ  ақпараттық  саясаты  ҚМГ  туралы  ақпаратты  еркін  алу  жəне 

оған  жеңіл  қол  жеткізу  мүмкіндігін  жасауды  көздейді.  ҚМГ  корпоративтік 

веб-сайтында (

http://www.kmg.kz

)  жалпыға  қол  жеткізімді  режимде  ҚМГ, 

оның  қызметі,  корпоративтік  басқару,  еншілес  жəне  тəуелді  ұйымдар,   

сондай-ақ  кадр  саясаты, байланыс  деректері  туралы  ақпарат  жəне  т.б. 

орналастырылған. 

57. ҚМГ  бұқаралық  ақпарат  құралдарымен  өзара  іс-қимыл  жасаудың 

жоғары стандарттарының сақталуын бақылайды. 

58.  ҚМГ  қызметіне  қатысты  мəліметтерді  бұзаралық  ақпарат 

құралдарына беру құқығына ҚМГ басшылығы құқылы. 

59.  Бұқаралық  ақпарат  құралдарына  мəлімет  беретін  ҚМГ 

қызметкерлері  олардың  шынайылығы  жəне  оларда  коммерциялық  құпия 



 

 

 



 

14 


құрайтын  мəліметтердің, сондай-ақ  құпия  сипаттағы  мəліметтердің  болмауы 

үшін жеке жауапкершілікте болады. 

60. ҚМГ  қызметкерлері  ҚМГ  қызметіне  қатысты  ақпаратты  бұқаралық 

ақпарат  құралдарына  ҚМГ  басшылығының  тапсырмасы  бойынша  немесе 

рұқсатымен  жəне  БАҚ-пен  ынтымақтастық  үшін  жауапты  жетекші 

құрылымдық бөлімшемен келісім бойынша бере алады. 

61. Əрбір  Қызметкер  оның  ҚМГ  Қызметкері  ретінде  білдірген  кез 

келген  ұстанымы  немесе  таратқан  ақпараты  ҚМГ  өзімен, оның  имиджімен 

тікелей  байланыстырылатындығын  жəне  оның  іскерлік  қоғамдастықтағы 

беделіне əсер ететіндігін түсінуі жəне əрқашан есте сақтауы тиіс. 

 

 

3-тарау. Еңбекті жəне қоршаған ортаны қорғау 



 

62. ҚМГ қолайлы қоршаған ортаны сақтау, табиғи ресурстарды ұтымды 

пайдалану  жөніндегі  өзінің  қоғам  алдындағы  жауапкершілігін  сезінеді, 

сондай-ақ қоғам осы салада ҚМГ алдында тұрған міндеттердің күрделілігі мен 

ауқымдылығын түсінеді деп сенеді. 

63. ҚМГ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ 

қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау жəне қауіпсіз еңбек жағдайларын 

қамтамасыз ету саласындағы халықаралық стандарттар талаптарын сақтайды. 

 

4-тарау. ҚМГ іскерлік мінез-құлық ережесі         

     

4.1. Əріптестермен қарым-қатынас       

64. ҚМГ  барлық  Қызметкерлері  арасындағы  қарым-қатынас  тең 

құқықты. 

65. Ұжымдағы  қарым-қатынас  қызметкерлердің  көңіл-күйіне  жəне 

жұмыс істеу ықыласына əсерін тигізеді, бұл  көп жағдайда  ҚМГ жұмысының 

нəтижесін анықтайды. Ыңғайлы жұмыс жағдайын жасай жəне қолдай отырып, 

қызметкерлер мынадай  іскерлік этика нормалары мен ережелерін сақтайды: 

- бір біріне құрметпен қарау; 

- жұмыс  уақытында  қызметтік  міндеттерді  орындаумен  байланысты 

емес істермен айналыспау; 

- əріптестеріне өзінің нашар көңіл-күйін көрсетпеу; 

- бейпіл сөздер айтпау, сабырсыздық пен агрессия білдірмеу; 

- өзінің дөрекі іс-əрекеті үшін əрқашан кешірім сұрау; 

- əріптестеріне көмектесу, білімімен жəне тəжірибесімен бөлісу; 

- əріптестері  жоқ  кезде  олардың  жеке  немесе  кəсіби  қасиеттерін 

талқыламау; 

- сыпайы жəне əдепті болу; 

- өзгелердің пікірін назарға алу.  

 



 

 

 



 

15 


4.2. Басшылық пен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас 

66. Басшылық  пен  қызметкерлер  арасында  сындарлы  кəсіби  қарым-

қатынас  құру  ҚМГ  күнделікті  тиімді  жұмысы  үшін  жəне  оның  болашақ 

дамуы үшін қажет. 

67. Басшыларға  мынадай  іскерлік  этикет  нормалары  мен  ережелерін 

ұстану ұсынылады: 

- Қызметкерлерге этика жəне іскерлік этикет нормалары мен ережелерін 

жақсы меңгеру үлгісін көрсету; 

- қызметкерлерді басқа қызметкерлердің көзінше сынамау, мұны оңаша 

жасау; 

- қол  астындағылар  алдында  қателіктерін  мойындау  жəне  өз  атына 

айтылған орынды сын үшін қудаламау; 

68. Қызметкерлерге мынадай іскерлік этикет нормалары мен ережелерін 

ұстану ұсынылады: 

- жұмыс  орнында  болмау  себептері  туралы  тікелей  басшыны  кідіріссіз 

хабардар ету; 

- басшының  əдепсіз  іс-əрекетіне  əріптестерінің  көзінше  жауап 

қайтармау. Егер  əділдігіне  сенімді  болса, жеке  кездесу  туралы  өтініш  жасау 

қажет; 

- ҚМГ басшыларын тануы жəне аты-жөнін білуі тиіс. 



69. ҚМГ тыс еңбек қызметі бар  болса Қызметкерлер:  

-  тікелей  басшыны  жəне  ҚМГ  адам  ресурстарын  басқару 

департаментінің  басшысын  жоспарланып  отырған  басқа  ұйымдардағы  өзге 

ақылы еңбек қызметі туралы хабардар етуге;  

 

-  қосымша  еңбек  қатынастарын  Қазақстан  Республикасының 



заңнамасына сəйкес ресімдеуі; 

-  олардың  негізгі  еңбек  міндеттеріне  əсерін  тигізбейтін  жəне  ҚМГ 

имиджі  мен  мүдделеріне  зиян  келтірмейтін  басқа  ұйымдардағы  өзге  ақылы 

еңбек қызметін жүзеге асыруға;  

-  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  жəне  ҚМГ  ішкі 

құжаттарында  көзделген  коммерциялық  жəне  өзге  қызметтік  ақпараттың 

сақталу ережелерін орындауға міндетті.  

 

4.3.   Корпоративтік мəдениет 

 

4.3.1. Қызметкердің сыртқы келбеті жəне келіссөздер жүргізу 



этикасы 

70. Қызметкерлерге  өздерінің  қызметтік  міндеттерін  орындау  кезінде 

киім, аяқ-киім жəне шаш сəнін таңдауда ҚМГ байсалды жəне кəсіби имиджін 

қолдайтын іскерлік стильді ұстану ұсынылады. 

71. Қызметкерлер  келіссөздер  жүргізу, соның  ішінде  телефонмен, 

мəдениетінің  ережелерін  ұстануы  қажет. Іскерлік  келіссөздер  байыпты, 

сыпайы жүргізілуі тиіс. 

72. Қызметкерлердің  телефонмен  сөйлесе  білу  қабілеті  жалпы  ҚМГ 

туралы  жақсы  əсер  қалдыруға  септігін  тигізеді. Сондай-ақ  телефонмен 



 

 

 



 

16 


сөйлескен  кезде  бір  бөлмеде  əріптестердің  бар  екендігін  есте  сақтау  қажет 

жəне  олардың  жұмысына  құнттылықпен қараған  əрі қатты сөйлесіп олардың 

назарын аудармаған жөн.  

Кеңеске  қатысқан  кезде  ұялы  телефондарды  сөндіру  не  оларды 

дыбыссыз режимге қою қажет. 

 

4.3.2. Корпоративтік мерекелер 

73. Ұжымда  мерекелік  іс-шаралар  жүргізу  корпоративтік  мəдениетті 

қалыптастырудың  маңызды  бөлшегі  болып  табылады. Компанияның  туған 

күні, Жаңа  жыл, Наурыз, Конституция  күні, Республика  күні, Тəуелсіздік 

күні, Мұнай-газ  кешені  қызметкерлерінің  күні – дəстүрлі  корпоративтік 

мерекелерге  жатады. Мерекелік  іс-шаралар  ҚМГ  ішінде  жəне  ҚМГ  тыс 

жүргізіледі. Компания ішінде Қызметкерлер конференц-залға жиналады, ҚМГ 

басшылығының  өкілдері  құттықтаулармен  сөз  сөйлейді, ҚМГ  компаниялар 

тобында  қызметкерлерді  наградтау  жəне  көтермелеу  тəртібі  туралы  жұмыс 

нұсқаулығына  сəйкес  жұмыста  ерекше  көзге  түскен  Қызметкерлерді 

грамоталармен, сыйлықтармен  марапаттайды  жəне  т.б. ҚМГ  тыс  тойлаған 

кезде  ұжым  қала  сыртына, табиғат  аясына  шығады, онда  құрылымдық 

бөлімшелер  музыкалық  нөмірлер,  би,  ұлттық  ойындар  дайындайды. 

Жекелеген жағдайларда басшылықтың  бастамасы бойынша Қызметкерлердің 

отбасы мүшелері шақырылады. 

 

4.3.3. Қызметкерлердің туған күндері 

74. ҚМГ  Қызметкерлерінің  туған  күндерін  тойлау  еңбек  ұжымының 

мүшелері  үшін  дəстүрлі  болып  табылады. Ресми  түрде  басшылықты 

құттықтайды (құттықтау  ашық  хаты, гүл  шоғы, ҚМГ  ішкі  почтасында 

құттықтау). Қызметкерлердің басқа санаттарына құрмет көрсету құрылымдық 

бөлімше  ішінде  жүргізіледі. Қызметкерлердің  туған  күндерін  тойлағанда 

жұмыс  уақытынан  басқа  кезде (түскі  үзіліс) жеңіл  фуршетке (алкогольсіз 

сусындар,  жеміс-жидек,  торт,  пирожное)  рұқсат  беріледі.  Жауапты 

департамент ҚМГ ішкі почтасы арқылы туған күн иесіне  ҚМГ ұжымы атынан 

құттықтау  жолдайды. Қызметкерлерге  сыйлықтар  ұжым  мүшелерінің  жеке 

тілектеріне байланысты ұсынылады.  

 

5-тарау. Құпиялылық 

 

75.  ҚМГ  құпия  ақпараты  болып  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасына жəне ҚМГ ішкі құжаттарына сəйкес осындайларға жатқызылған 

ақпарат танылады. 

76.  Қызметкерлердің, соның ішінде Лауазымды тұлғалардың қолында 

бар құпия сипаттағы кез келген мəліметтер, егер Қазақстан Республикасының 

заңнамасында өзгеше көзделмесе, құпияда сақталады. 

77.  ҚМГ  құпия  ақпаратына  қол  жеткізуге  рұқсаты  бар  қызметкерлер 

осындай ақпаратқа қол жеткізуге рұқсаты жоқ басқа қызметкерлерге, сондай-

ақ  ҚМГ  тыс  кез  келген  үшінші  тұлғаларға  оны  жария  етпеуі  тиіс. Осындай 




 

 

 



 

17 


шектеулер  Қызметкер  жұмыстан  шыққаннан  кейін  де  ҚМГ  ішкі 

құжаттарымен белгіленген уақыт барысында қолданылады. 

78.  Жұмыс  күні  барысында  жəне  ол  аяқталған  соң  Қызметкер  өз 

жұмыс орнынан кеткенде жұмыс үстелінде немесе басқа оңай қол жеткізімді 

жерде  құпия  ақпаратты  қамтитын  құжаттардың  қалып  қоймағандығына  көз 

жеткізуі  тиіс. Барлық  осындай  құжаттар  шкафтар  мен  жəшіктерде 

құлыпталуы  тиіс, ал  компьютер  сөндірілуі  немесе  бұғатталуы  тиіс. 

Серіктестермен  сөйлесу  кезінде  компьютердің  экранындағы  ақпаратты  қоса 

алғанда  Қызметкердің  жұмыс  үстеліндегі  барлық  құпия  ақпарат  сөйлесуші 

көзбен шолып көретіндей қол жеткізімді болмауы тиіс.  

79.  Құпия  ақпарат (электрондық, жазбаша  немесе  басқа  түрде) ҚМГ 

басшылығының  тиісті  тапсырмасынсыз  ҚМГ  тыс  шығарылмауы  тиіс. 

Жұмыстан шыққан кезде Қызметкер ҚМГ-ге тиесілі, ҚМГ  туралы ақпаратты 

немесе  көпшілікке  арналмаған  ақпаратты  қамтитын  барлық  құжаттарды, 

файлдарды,  компьютерлік  дискеталарды,  есептемелер  мен  жазбаларды, 

сондай-ақ  осындай  ақпаратты  қамтитын  құжаттардың  барлық  көшірмелерін 

ҚМГ-де қалдыруға міндетті. 

 

6-тарау. Мүдделер қақтығысы 

 

80.  ҚМГ  Қызметкерлері  сияқты  лауазымды  тұлғалар  да  өздерінің 

кəсіби функцияларын адал жəне жете ұғынып, ҚМГ жəне Жалғыз акционердің 

мүддесінде, қақтығыстарды болдырмай  тиісті қамқорлықпен жəне сақтықпен  

орындайды.  Осы  мақсаттарда  ҚМГ  тəуелсіз  директорлардың  ҚМГ 

Директорлар кеңесі құрамындағы тиімді жұмысының маңыздылығын сезінеді 

жəне  тиісті  кəсіби  тəжірибесі, мінсіз  іскерлік  беделі  бар  жəне  жеке  этика 

деңгейі жоғары үміткерлерді мұқият іріктейді. 

81.  Мүдделер қақтығысын анықтау жəне оны барабар реттеу Жалғыз 

акционер  мен  серіктестердің  мүдделерін  қорғауды  қамтамасыз  етудің 

маңызды шарты болып табылады.  

82.  Лауазымды  тұлғалар  мен  ҚМГ  Қызметкері  жəне/немесе  оның 

аффилиирленген тұлғалары мүдделер қақтығысын болдырмау мақсаттарында: 

 

 - ҚМГ  корпоративтік  ресурстары, ҚМГ  басшылығы, Қызметкерлері, 



оның  лауазымдық  жағдайы  жəне/немесе  лауазымдық  міндеттерін  орындау 

барысында  алынған  ақпарат  беретін  мүмкіндіктерді  өз  мүдделеріне  немесе 

жеке пайда табу үшін пайдаланбауы тиіс; 

 

- ҚМГ  мен  оның  кез  келген  аффилиирленген  тұлғасы  арасындағы  кез 



келген  қарым-қатынастарды  қарауға  жəне  олар  бойынша  шешімдер 

қабылдауға тікелей қатыспауы тиіс

 

- мүдделер қақтығысына əкеліп соқтыруы ықтимал қандай да болмасын 



қызметке қатыспауы тиіс; 

 

-  туындаған  қақтығыстар  қолданыстағы  заңнама  шеңберінде, 



қақтығысқа  тартылған  тараптардың  заңды  мүдделерін  ескере  отырып  

шешілуі үшін бар күш-жігерін салуға міндетті; 

 

- ҚМГ  тікелей  алатын  кірістерін  қоспағанда, қандай  да  болмасын 




 

 

 



 

18 


сыйлықтар  алмауы  немесе  кез  келген  басқа  үшінші  тұлғалардан  өздерінің 

ҚМГ-дегі  қызметімен  байланысты  пайда  көрмеуі, сондай-ақ  функционалдық 

міндеттерін  орындағаны  үшін  көтермелеу  ретінде  қандай  да  болмасын  кіріс 

немесе  пайда  алмауы  тиіс. ҚМГ  ізеттілік  пен  қонақжайлылықтың  жалпы 

қабылданған  нормаларына  сəйкес, сондай-ақ  хаттамалық жəне  өзге  де  ресми 

іс-шаралар өткізу  кезінде мезіреттік  ілтипат көрсету  белгілері  мен  мезіреттік 

кəдесыйларды  қоспағанда, сыйлықтар  қабылдауға  немесе  пайда  көруге  жол 

бермейді. 

 

84. ҚМГ-де мүдделер қақтығысын реттеу осы Кодекспен, Корпоративтік 



басқару кодексімен жəне ҚМГ өзге де ішкі құжаттарымен регламенттелген.  

 

 



7-тарау. Жауапкершілік 

 

85. Осы Кодекс нормаларын сақтау ҚМГ барлық Лауазымды тұлғалары 



мен Қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.  

Осы Кодекске сəйкес этикалық нормаларды бұзудың барлық фактілері 

Қазақстан Республикасы заңнамасының  жəне Қоғамның ішкі құжаттарының 

нормаларына сəйкес қаралуы тиіс. 



 

8-тарау. Омбудсменнің құқықтары мен міндеттері 

 

86. Омбудсменді ҚМГ Директорлар кеңесі жылына 1 рет тағайындайды.   

Омбудсменнің  негізгі  функциялары  Кодекс  ережелерін  сақтамау  туралы 

мəліметтер  жинау, қызметкерлерге, Лауазымды  тұлғаларға Кодекс ережелері 

бойынша консультациялар беру, Кодекс ережелерін бұзу жөніндегі дауларды 

қарауға бастамашылық жасау жəне оларға қатысу болып табылады. 



87.  Омбудсмен мыналарға құқылы: 

- келіп  түскен  өтініштер  негізінде  де, өз  бастамасы  бойынша  да  Кодекс 

ережелерін  бұзушылықтарды  анықтау  жөнінде  рəсімдер  жүргізуге 

бастамашылық етуге; 

- Кодексті  сақтамау  мəселелері  жөнінде  Қызметкерлерге, Лауазымды 

тұлғаларға жеке жүгінуге; 

- Қызметкерлерге, Лауазымды  тұлғаларға  Кодекс  ережелері  бойынша 

түсінік беруге жəне түсіндіруге. 



88. Омбудсмен мыналарға міндетті: 

- Кодексті  бұзу  мəселелері  жөніндегі  дауларды  қарау  рəсімін  жүргізу 

кезеңінде, осындай  істерде  қарауға  бастамашылық  жасау  себебі  бойынша 

оларды 


мəжбүрлеп 

жұмыстан 

шығару 

жағдайлары 



туындағанда 

Қызметкерлерді  қорғауды  (еңбек  заңнамасымен  белгіленген  рəсімдер 

шеңберінде) қамтамасыз етуге; 

- Кодексті сақтамауға қатысты мəселелерді қарауға қатысуға; 

- Кодекс  ережелерін  сақтамау  мəселелері  бойынша  Қызметкерлердің, 

Лауазымды  тұлғалардың, сондай-ақ  Іскерлік  серіктестер  мен  Мүдделі 

тұлғалардың өтініштерін есепке алуға; 

- ҚМГ  Қызметкерлері  өтініш  жасаған  жағдайда 5 (бес) жұмыс  күні 




 

 

 



 

19 


ішінде Кодекс ережелері бойынша түсіндірмелер ұсынуға; 

- Кодексті  сақтамау  мəселелері  бойынша  дауларды  қарауға  қатысу 

кезінде тəуелсіздік пен алаламаушылықты сақтауға; 

- Кодекс  ережелерін  бұзу  фактісі  бойынша  жүгінген  Қызметкердің, 

Лауазымды  тұлғаның  жасырын  болуын (жасырын  болуға  ниет  білдірген 

жағдайда) қамтамасыз етуге. 

 

9-тарау. Іс жүзінде пайдаланылуы    

 

89.   Осы  Кодекс  Лауазымды  тұлғалардың  жəне  атқарып  отырған 

лауазымына  қарамастан  барлық  Қызметкерлердің  орындауы  үшін  міндетті, 

ҚМГ ішкі нормативтік құжаты болып табылады. 

90.  ҚМГ  Қызметкерлердің  Кодексті  ашық  талқылауын  қолдайды  жəне 

оны жетілдіру жөніндегі кез келген сындарлы ұсыныстарға оң қарайды. 

91.  Кодекс  ережелеріне  қатысты  мəселелер  жəне/немесе   жұмыс 

барысында  туындаған  этикалық  мəселелер  бойынша, сондай-ақ  Кодекс 

ережелерін  бұзу, сыбайлас  жемқорлық  жəне  басқа  да  заңға  қайшы  əрекет 

фактілері бойынша ҚМГ Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері, сондай-ақ 

Іскерлік əріптестер мен Мүдделі тұлғалар мыналарға: 

-  тікелей басшыға, не деңгейі бойынша келесі тікелей басшыға; 

-  Омбудсменге; 

-   976565 телефоны  бойынша, ҚМГ  президентінің (Басқарма  төрағасының) 

2008ж.11.03. №116а  бұйрығымен  бекітілген  Жүйе  бойынша  ақпарат  қабылдау 

жөніндегі  жұмыс  нұсқаулығына  сəйкес doverie@kmg.kz ҚМГ  электрондық 

ақпараттық  сенім  жүйесі  бойынша, атын  атап  немесе  жасырын  түрде  тиісті 

шаралар қабылдау үшін жүгінуге құқылы. 

Өтініш жасаған тұлғаның құқықтарына оның кез келген өтініш жасауы 

кезінде қысым жасалмауы тиіс. 

92. Бекітілген  іскерлік  этика  нормаларын  ҚМГ  Лауазымды  тұлғалары 

мен  Қызметкерлерінің  бұзу  жағдайлары  анықталғанда  шешім  қабылдауға 

арналған  материалдар  Омбудсменнің  міндетті  қатысуымен  ҚМГ  Əлеуметтік 

жауапкершілік  жəне  іскерлік  этика  комитетіне  қарауға  жолданады. Қарау 

нəтижелері мен қабылданған шешімдер ҚМГ Əлеуметтік жауапкершілік жəне 

іскерлік этика комитеті шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні 

ішінде өтініш жасаған тұлғаға хабарланады. 

93. ҚМГ  Əлеуметтік  жауапкершілік  жəне  іскерлік  этика  комитетінің 

мүшелері Кодекс ережелерін бұзу туралы мəліметтерді қарау құпиялылығына 

кепілдік береді.  



 

 

10-тарау. Кодексті түсіндіру жəне онымен танысу  

  

94. Кодексті əзірлеу үшін жауапты департамент мыналарды:  

 

- Қызметкерлерге  қатысты –   Кодекс  қолданысқа  енгізілген  күннен 



бастап 10 жұмыс күні ішінде онымен танысуды; 


 

 

 



 

20 


 

- жаңа  қабылданған  Қызметкерлерге  қатысты – жұмысқа  қабылданған 

кезде Кодекспен танысуын; 

 

- Лауазымды тұлғаларға қатысты – олар ҚМГ тиісті органына сайланған 



кезде Кодекспен танысуын; 

 

-  Кодекс  ережелері  өзгерген  жəне  толықтырылған  жағдайда  –  



қолданысқа енгізілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қызметкерлер мен 

Лауазымды тұлғалардың олармен танысуын қамтамасыз етеді. 

95. Кодекс ережелерін түсіндіруді Омбудсмен жүзеге асырады. 

 

96. Кодекс ашық құжат болып табылады жəне оны ҚМГ серіктестер мен 



кез келген басқа мүдделі тұлғалар арасында еркін таратады. 

 

11-тарау. Қорытынды 



 

97. ҚМГ Корпоративтік мəдениет жəне ҚМГ Лауазымды тұлғалары мен 

Қызметкерлерінің Іскерлік этика  деңгейінің жай-күйіне мониторинг  жасауды 

жүзеге асырады, зерттеулер, сұраулар жүргізеді. 

98. Кодексті  қабылдау  ҚМГ  Директорлар  кеңесінің  құзыретінде. ҚМГ 

Директорлар  кеңесі  өзектендіру  жəне  жетілдіру  мақсатында  осы  Кодекс 

ережелерін 2 жылда бір рет қайта қарайды, олардың іс жүзінде қандай шамада  

іске  асырылғандығын  талдайды, сондай-ақ  қажет  болса  оған  өзгерістер 

жəне/немесе толықтырулар енгізеді. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Document Outline

  • 65. Ұжымдағы қарым-қатынас қызметкерлердің көңіл-күйіне және жұмыс істеу ықыласына әсерін тигізеді, бұл көп жағдайда ҚМГ жұмысының нәтижесін анықтайды. Ыңғайлы жұмыс жағдайын жасай және қолдай отырып, қызметкерлер мынадай  іскерлік этика нормалары мен ережелерін сақтайды:
    • 65. Ұжымдағы қарым-қатынас қызметкерлердің көңіл-күйіне және жұмыс істеу ықыласына әсерін тигізеді, бұл көп жағдайда ҚМГ жұмысының нәтижесін анықтайды. Ыңғайлы жұмыс жағдайын жасай және қолдай отырып, қызметкерлер мынадай  іскерлік этика нормалары мен ережелерін сақтайды:
      • 65. Ұжымдағы қарым-қатынас қызметкерлердің көңіл-күйіне және жұмыс істеу ықыласына әсерін тигізеді, бұл көп жағдайда ҚМГ жұмысының нәтижесін анықтайды. Ыңғайлы жұмыс жағдайын жасай және қолдай отырып, қызметкерлер мынадай  іскерлік этика нормалары мен ережелерін сақтайды:
    • 4.2. Басшылық пен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас
    • 66. Басшылық пен қызметкерлер арасында сындарлы кәсіби қарым-қатынас құру ҚМГ күнделікті тиімді жұмысы үшін  және оның болашақ дамуы үшін қажет.
    • 67. Басшыларға мынадай іскерлік этикет нормалары мен ережелерін ұстану ұсынылады:

жүктеу 209,91 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау