Білім беру стратегиялары: ТҰЛҒаны қалыптастыру парадигмасы



жүктеу 5,22 Kb.
Pdf просмотр
бет39/62
Дата21.01.2018
өлшемі5,22 Kb.
#7778
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   62

78
ның модернизациялануы мен қатар оның динамикалық дамуына алып келеді. 
Қазақстандық патриотизм Қазақстан Республикасын біртұтас Отаны ретінде қабылдап, өзін респу-
блика халқының құрамдас бөлігі сезінетін азаматтық парыз бен намысын тəрбиелеу. Қазақстандық па-
триотизмнің мазмұны ешкімді жатырқамайтын, табиғатынан ашық жарқын, ұлттық менталитетке сəй-
кес келетін, мемлекетте қалыптасып отырған саяси жағдайға байланысты ұлтаралық келісім, төзімділік-
ке  негізделеді.  Өйткені 130-ға  жуық  ұлттан  құралған  Қазақстанда  қоғамның  ішкі  тұрақтылығы  мен 
тұтастығы мемлекет саясатының аса маңызды бөлігі болып табылады. 
Патриотизм Қазақстан сияқты полиэтникалық қоғамда ұлттардың қарым-қатынасын реттеуде өте 
маңызды құрал болып табылады. Патриоттыққа тəрбиелеу арқылы елдегі басқа ұлттардың біріншіден
өзінің туып өскен елін, жерін құрметтеуге, екіншіден, басқа ұлттардың бір бірін сыйлауына, үшінші-
ден, жауапты ұлт ретінде қазақты құрметтеуіне үйретсе, төртіншіден, керісінше қазақтардың басқа ұлт 
өкілдерін кемсітпей, оны осы елде туып өскен мемлекет азаматы ретінде өзімен тең деңгейде санап, 
қатар татулықта өмір сүруге үйретеді. 
Мемлекеттің сыртқы бағытта ашық саясат жүргізуі мен еліміздің əлеуметтік экономикалық саяси 
дамуының жаңа сапаға ие болуы, мемлекетте қалыптасып отырған идеологиялық əралуандылық нəти-
жесінде  жастардың  дүниетанымының  өзгеруі  мемлекетте  жастардың  патриоттық  тəрбиесіне  қажет-
тілік туындатып отыр.
Жастардың  бойында  патриоттық  сезімін  қалыптастыру  үшін  оқу  орындарында  тəрбиеге  кешенді 
тұрғыда келу, тəрбие ісін жан жақты білім берумен қатар жүргізу яғни тəрбиелей оқыту қажет. 
Тəрбиелей оқыту:
-  Жастарды білімді əрі білікті маман ретінде қалыптастыру;
-  Жастардың бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;
-  Отан, ата-ана алдындағы азаматтық борышын терең түсіндіру;
-  Халық мүддесін жеке бастың мүддесінен жоғары қоя білушілікке баулу;
-  Халықтар, ұлттар достығын қадірлеуге үйретеді.
Егер тəрбие жеткіліксіз болса, қоршаған ортада жағдайлар мен шарттар түзілмесе, ол сезім патрио-
тизм сезіміне дейін өсіп жетілмейді. 
Жастардың патриоттық тəрбиесін бірден бір қалыптастырушы институт ол мемлекет. Патриотизмді 
мемлекеттік идеология ретінде жүргізу арқылы жаппай қалыптастыра алады. Президент атап өткендей 
бүгінгі жастарды отаншылдық рухта тəрбиелеу – мемлекеттік идеологияның темірқазығы болуы тиіс. 
Сонымен қатар патриотизмді жастардың бойында қалыптастыруда: отбасы, оқу орны, қоршаған орта, 
БАҚ т.б. маңызды орын алады.
Жастарға патриоттық тəрбие беруде орта білім беру орындарының рөлі ерекше. Өйткені жастардың 
дүниетанымының ең алғашқы қалыптасуы мен əрі қарай дамуы осы кезеңде амалға асады. Сондықтан 
орта білім беру орындарында сапалы білім берумен қатар патриоттық тəрбиеге аса мəн берілу қажет. 
Орта білім беру орындарында жастардың бойында патриотизмді қалыптастыру үшін: 
-  Оқулықтардың мазмұнын қайта қарап, жастарды патриоттық тəрбиелеуге қатысты ақпараттармен 
толықтыру; 
-  Жастарды отансүйгіштікке, патриоттыққа тəрбиелейтін арнайы пəн («патриоттық тəрбие») енгізу;
-  Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру. Отанын, елін, жерін сүйуге тəрбиелеу, азаматтық бо-
рышын сезінуге баулу қажет.
Жастарды патриотизм рухында тəрбиелеудің басты қағидасы оларға еліміздің өткен тарихын толық 
білумен қатар еліне, жеріне деген мақтаныш сезімін ұялату қажет.
Тұлға субъективтілігін қалыптастыруда жоғары бiлiм ең маңызды құрамдас бөліктердің бiрi болып 
саналады.  Бүгінгі  таңда  республика  бойынша 146 жоғары  оқу  орындары  жұмыс  атқарады  олардың 
ішінде (9 ұлттық, 2 халықаралық, 32 мемлекеттiк, 12 азаматтық емес, 91 жеке меншіктелген, 16 акция-
ланған), оларда 629 мың адам оқып жатыр.
Ұлттық жоғары оқу орындардың тəрбие қызметiнің есептерін талдау нəтижелерi бойынша олардың 
əрқайсыларында  негiзiнен  орта  есеппен  бір  семестрде 250 шақты  тəрбие  іс-шаралары  жүргiзiлетiнi 
анықталды:  оның 31-і  ҚР  Президентінің  жыл  сайынғы  жолдауын  талқылауға, 71-і  отан  сүйгіштік 
сезімін  қалыптастыруға, 46-сі  деструктивтідiни  элементтердiң  алдын  алуға  арналған, 28-і  студент-
терді  жұмысқа  орналастыруға  арналған  шаралар, 5-і ISIC халықаралық  студенттiк  картаны  енгізуге 
бағытталған, 14 – жас ғалымдарды қолдауға бағытталған, 54-салауатты өмір салтын қалыптастыруға. 
Мысалға, Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға 
175 шара өткізілген, деструктивті дiни элементтердiң алдын алуға бағытталған 182 шара, салауатты 
өмір салтын қалыптастыруға 158 шара жəне жас ғалымдарды қолдауға бағытталған 23 шара өткізілген. 


79
Салыстырсақ, Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде, отансүйгiштiкті қалыпта-
стыруға бағытталған 180 шара өткізілді, 50-і деструктивті діни элементтердiң алдын алуға бағытталған 
шаралар, салауатты өмiр салтын қалыптастыруына бағытталған 40 іс-шарасы, жас ғалымдарды қолда-
уға 37 шара өткізілді [1].
Қазіргі таңда тəрбие жұмысы жеке университеттер мен жалпы орта білім беру оқу орнының бас-
шылығының  бастамасымен  жүзеге  асуда.  Əзірге  жастардың  азаматтық  позицияларын  анықтайтын 
жалпы мемлекеттік идеологияға негізделген біртұтас тəрбие кеңістігі құрылмаған. Оқитын жастарды 
тəрбие іс-шаралармен қамтылуы 90% құрайды. Дегенмен үнемі белсенді іс-шараларға ат салысып қа-
тысатын жастардың үлесі небəрі 15% құрайды.
Өскелең  ұрпақты  тəрбиелеуде  білім  беру  ұйымдарының  үздік  тəжірибесін  тарату,  оларға  практи-
калық  көмек  көрсету  мақсатында  ғылыми-практикалық  конференциялар, «Үздік  сынып  жетекшісі», 
«Үздік тəрбиеші-ұйымдастырушы» республикалық кəсіби шеберлік байқаулары, республикалық семи-
нарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, онлайн режимінде интерактивті сабақтар өткізіледі. 
Оқу тəртібін бұзу себебімен жоғары оқу орнынан оқудан шығарылған студенттердің үлесі 18,7% 
құрайды.
Мемлекеттік  статистика  мəліметі  бойынша  Қазақстан  Республикасында  жастар  арасында 
құқықбұзушылық деңгейі өсу қарқыны байқалады. 2009 жылы 14-15 жас шамасындағы жастар арасын-
дағы бас бостандығынан айырылғандардың саны 1700 құрады, 16-17 жас шамаларында – 4200, 18-29 
жас шамаларында – 39500 құрады. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқықбұзушылық деңгейі 
2010 жылы 10 мың халыққа шаққанда 81 құрады. Ал 2011 жылы бұл көрсеткіш 44 (125) өсті. Жастар 
арасында құқықбұзушылықтың жоғары деңгейі Астана, Алматы қалаларында жəне Қостанай, Шығыс 
Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында байқалады [2].
Дүниежүзінде азаматтар арасында патриоттық сезімдерді қалыптастыратын, ұлттық рəміздерді – Ту, 
Елтаңба, Əнұран, ұлттық мейрамдарды құрметтеуге ынталандыратын дамыған мемлекеттер аз емес. 
Мемлекеттік рəміздер көптеген мемлекеттерде мемлекеттің жағымды жақтарын қалыптастыруы ретін-
де қолданылады, ұлттық мақтаныш нысаны болып табылады, патриоттық сезімдерді таныту нысаны 
ретінде қызмет атқарады. Осындай мемлекеттердің қатарына Америка Құрама Штаттарын жатқызуға 
болады. Біз үшін мемлекеттік рəміздерді насихаттау жəне халық арасында патриоттық тəрбие беруді 
дамыту жағынан олардың тəжірибелері өте қызықты. Американдықтардың көпшілігі салтанатты ша-
раларда мемлекеттік əнұранды айтады. Көптеген ұйымдарда жəне жеке меншік үйлерде американдық 
тудың болуы қалыпты жағдайға айналған. Ұлттық рəміздері бар бұйымдар мемлекет халықтары ара-
сында  үлкен  сұранысқа  ие.  Бұл  баспа  жəне  электрондық  бұқаралық  ақпараттар  құралдарында  (ары 
қарай – БАҚ), кітап беттерінде, көркем фильмдерде белсенді насихатталуымен түсіндіріледі. Мемле-
кеттік рəміздердің көмегімен азаматтар арасында мемлекетті мақтан тұту жəне патриоттық сезімдері 
бірізді қалыптасады. 
Біздің  елімізде  жастарға  патриоттық  тəрбие  беру  Қазақстан  Республикасы  Үкіметімен  бекітілген 
2005  жылдың 18 шілдесіндегі  №734  қаулысымен  бекітілген 2005-2007 жылдарға  арналған  салалық 
жастар саясаты Бағдарламасы шеңберінде жүзеге асуда. Əлеуметтік маңызды жобаларды қолдау мақ-
сатында  патриоттық  тəрбие  беру  саласындағы  жастар  ұйымдарының  бірқатар  бастамаларын  жүзеге 
асыруға қаржы бөлінуде [3].
Патриоттық тəрбие беру ісінде балалар мен жастар қоғамдық қозғалыстары мен ұйымдары, шығар-
машылық одақтар маңызды ролге ие, олардың əрекеттерінің негізгі мақсаты болып – тұлғаның өзін-өзі 
тануы мен дамытуындағы əрекеттер табылады. 
Балалар  мен  оқушылар  арасындағы  патриоттық  тəрбие  беру  жүйесі  білім  беру  жəне  тəрбие  беру 
процесінде балалар мен жастар қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың, шығармашылық одақтардың 
құрылуын қарастырады. Елімізде балалар ұйымдарының саны жылдан жылға артуда. Бүгінде Респу-
бликамызда 1434 тен астам балалар – жасөспірімдерінің ұйымдары жұмыс атқарады, олардың ішін-
дегі ең ірі əрі əйгілілері «Жұлдыз» (Ақмола облысы), «Болашақ», «Ұлан», «Айналайын» (Карағанды 
облысы), «Шұғыла» (Ақтөбе  облысы), «Мұрагер» (Қостанай  облысы), «Достар» (Жамбыл  облысы), 
«Жайық жастары» (Батыс Қазақстан облысы), «Жасыл Республика» (Оңтүстік Қазақстан облысы) тағы 
басқалар [4].
Жастар тəрбие ісінде республикада шешімін таппаған көптеген мəселелер бар:
-  Білім берудің ролінің асыра бағалануы жəне тəрбиенің бағаланбауы; 
-  Оқу орындарының тəрбие жұмысында жүйелілік, тұтастық, кешендік, бірізділік принциптерінің 
жеткіліксіз деңгейде жүзеге асырылуы;
-  Мақсатпен  тəрбиелеудің  басты  басымдылықтарын  анықтауға  мүмкіндік  беретін  идеологиялық 


жүктеу 5,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау