58
му к культурному саморазвитию; отношение к педагогу как посреднику между ребенком и культурой,
способному оказать ребенку поддержку в самоопределении и развитии; отношение к образованию как
культурному процессу, движущими силами которого являются личные смыслы, диалог и сотрудниче-
ство его участников; отношение к школе как целостному культурно-образовательному пространству,
где воссоздаются культурные образцы жизни, осуществляется воспитание человека культуры [3].
В свете культурологического подхода центром образования является человек как свободная, актив-
ная индивидуальность, способная к личностной самодетерминации в общении и сотрудничестве с дру-
гими людьми и культурой.Таким образом, образование как часть культуры, с одной стороны, питается
ею, а с другой стороны - влияет на ее сохранение и развитие через человека. При этом образование
выполняет следующие культурные функции:
- гуманитарную (сохранение и восстановление экологии человека, его телесного и душевного здоро-
вья, личной свободы, индивидуальности, духовности, нравственности);
- культуросозидательную (сохранение, передача, воспроизводство и развитие культуры средствами
образования);
- социологизаторскую (усвоение и воспроизводство социального опыта).
Следовательно, культура определяет цели, задачи и содержание образования. В то же время образо-
вание, как часть культуры, способствует сохранению и развитию культуры. Связующим звеном между
культурой и образованием выступает человек, который одновременно является и субъектом определен-
ной культуры.
Список использованной литературы:
1. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии.Москва: Народное образование, 1998. -256 с.
2. Креативная педагогика: методология, теория, практика / Под ред. Ю.Г. Круглова.Москва: МГОПУ им.
М.А.Шолохова, изд. центр «Альфа», 2002. -240 с.
3. Философский энциклопедический словарь. Москва: ИНФРА-М, 1997. - 576 с.
ҚАЗАҚСТАНДА ОРТА БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ
Асқарбек Құсайынов
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреты, академик
Қазақстан 2015 жылы бəсекеге қабілетті елдердің ішінде 42-ші орынды иеленіп, өз рейтингін 2006
жылмен салыстырғанда 14 сатыға жақсартқаны барлығымыз үшін қуанышты хабар болды. Қазақстан
2050 жылға дейін əлемнің 30 бəсекеге қабілетті елдері қатарына енуі тиіс болса, онда білім беру сапасы
да дамыған 30 елдің қатарында болуы керек.
Біз білім сапасыныа қатысты зерттеулер жүргіздік. Алдымен PISA, TIMSS, PIRLS зерттеулеріне ба-
рып, олардың соңғы 10-12 жылғы қорытындыларын зерделеп, оқушылары тұрақты түрде жоғары нəти-
желер көрсететін елдерді, олардың табыстылығы мен тиімділіктері себептерін анықтап, басқа елдер
ғалымдары зерттеулерін талдадық. McKinsey&Company компаниясы ғалымдары М.Барбер, М.Мушед,
Ч.Чийоке: «Мектепте оқытудың тұрақты жоғары сапасына қалай жетуге болады?» жəне «Мектепте
білім берудің ең үздік жүйелері қалай жетіле түсуде?» – деген сұрақтарға жауап беру үшін 45 елдің
білім беру жүйесін бүге-шегесіне дейін жете зерттеп, құнды қорытындылар жасаған екен. Біз осы ең-
бектерді де пайдаландық. Елімізде егемендік алғаннан бергі уақытта атқарылған істер де зерделенді.
Міне осындай ізденістердің негізінде білім беру жүйесі аса күрделі жүйе (система) екені, күрделі
жүйе болғандықтан оның жүйе құраушылары (подсистемы) болатыны анықталды. Білім беру сапасын
көтеру үшін барлық жүйе құрушылардың сапасын көтеру керек.
Білім стандарттар мен оқу бағдарламалары сапасын көтеру. Қазір мектепте білім, білік, дағ-
ды парадигмасы негізінде дəріс беріледі, ал білім сапасын көтеру үшін 12 жылдық мектепке өткенде
нəтижеге бағдарланған, бала біліктілігін қалыптастыратын парадигма негізінде дəріс беруді іске асыру.
Оның түпкі мақсаты əр бала алған білімін өмірдегі жағдаяттармен байланыстырып қабылдауға қол
жеткізу.
Мұндай білім мазмұны орта білім саласы үздік дамыған Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Фин-
ляндия сияқты елдерде ұзақ жылдардан бері қолданылып келеді.
Жалпы балаларды ерте жасынан игеруі қажетті күрделі пəндермен жүктеудің алдын алу керек, се-
59
бебі бұл баланың психофизиологиялық жəне ақыл-ой дамуына теріс əсер етеді, сондай-ақ олардың
білімге деген ынтасын шектейді. Оның орнына жас балалардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қа-
лыптастырып, зияткерлік дамуына əсер ететін пəндерді оқуға көп уақыт бөлу керек.
Оқу əдебиетінің сапасын көтеру. Оқу əдебиеті дайындаудағы біздегі үлкен кемшілік, бір автор-
лық ұжым құрылып бір пəннен бір концепцияға негізделген барлық сыныптарға арналған желілік оқу-
лықтар мен оқу-əдістемелік кешкендерін дайындамай отыр. Барлық білім сапасы дамыған елдерде бұл
талап қатаң іске асырылады. Бір пəннен əр сыныпта əр түрлі авторлардың оқу əдебиеттерімен оқыған
жағдайда, оқушылар осы пəннен сапалы білім ала алмайды. Сондықтан, бір пəннен сол пəнді оқитын
барлық сыныптарға арналған желілік оқулықтар мен Инновациялық оқі əдістемелік кешендер əзірлеу
үшін авторлық ұжымдардың болуын қамтамасыз ету керек.
Педагог кадрлардың кəсіби біліктілігі сапасын көтеру. Мұғалімдердің кəсіби біліктілігін көтеру
бойынша жұмыстар екі бағытта жүргізілуі қажет: педагог кадрларды дайындау жəне мұғалім кадрлар-
дың кəсіби біліктілігін көтеру.
Зерттеулер нəтижесінде оқушылардың білім сапасы мұғалімдердің білім сапасынан жоғары бол-
майтыны жəне оқыту нəтижелерін жақсартудың бірден-бір жолы оқытуды жақсарту екені анықталған.
Себебі мектепке бір нашар ұстаз келсе, одан білім беру жүйесі 40 жыл зиян шегеді екен. Сондықтан
білім сапасы озық елдерде бастауыш сыныптарда негізінен магистранттар дəріс береді жəне оларды əр
хирургті операция жасауға қалай дайындайтын болса, дəріс беруге солай дайындайды.
Қазіргі уақытта мектептерде сабақ беріп жүрген мұғалімдердің кəсіби деңгейлерін ескере отырып,
алдымен жаңа білім мазмұнымен жұмыс жасайтын барлық 1-ші сыныптарда дəріс беретін ұстаздар-
дың кəсіби біліктілігін көтеру керек. Егерде келесі оқу жылында бұл ұстаздар өз оқушыларымен 2-ші
сыныпқа баратын болса, онда осы жылы 1-ші сыныпқа дəріс беретін барлық мұғалімдердің құзірет-
тілігін алдын ала көтеру керек. Жұмыс осылай жүйелі түрде жүргізілген жағдайда ғана білім сапасы
көтерілетін болады.
Білім сапасы озық елдерде, алғашқы кезеңде, жас ұстаздардың өткізетін сабақтар сапасын арттыру
үшін мұғалім жұмысын бағыттау жəне жеңілдету мақсатында тапсырыс негізінде үлгілік сабақ жоспар-
лары мен арнайы оқу-əдістемелік материалдар əзірленеді. Шынайы ұстаз болғысы келген жандарға
үлкен қамқорлықтар жасалады. Біз мұны ескеруіміз керек.
Білім мониторингі сапасын көтеру. Барлық озық жүйелерде білім сапасын анықтайтын өлшем
жүйесі жасалмайынша оның сапасын көтеру мүмкін емес деп есептелінеді. Сондықтан, əлемнің жетек-
ші елдерінде білім беру сапасы мониторингі жүйесін құруға ерекше көңіл бөлінеді.
PISA, TIMSS, PIRLS тəрізді білім беру сапасын бағалаудың Халықаралық зерттеулері жəне басқа
да зерттеулер педагогикалық өлшеудің озық əдістерін қолдануға негізделген. Қазақстанда білім беру
сапасы мониторингі жүйесі жетілмеген. Білім жетістігін бағалу жөнінде бірыңғай инструментарий жа-
салмаған, білім жетістігін бағалаудың педагогикалық өлшемі туралы педагогикалық квалиметрия жəне
тестология ғылымдары дамымаған.
12 жылдық мектепке сапалы түрде өту үшін алдымен тек 1-ші сынып пəндерінен білім беру сапасын
анықтау құралдарын жасау, оқушылардың түрлі пəндерден оқу жетістіктері туралы объективті ақпарат
алу үшін тестология ғылымына негізделген тест сұрақтарын дайындау қажет. Бұл шешілмесе, онда 12
жылдық мектепке өткенмен, ешқандай бағдары жоқ қараңғы кеңестікте жүргендей боламыз, себебі
атқарылған істерге объективті баға бере алмаймыз. Дұрыс бағаланбаған істің сапасын көтеру мүмкін
емес.
Рухани-адамгершілік жəне патриоттық тəрбие беру сапасын көтеру (С
т
). Білім беру саласын-
дағы озат елдер ата-бабалардың ұлттық рухани-мəдени мұрасын сақтай жəне көбейте алатын, ұлттық
басымдылықтарды анықтай білетін, шығармашыл, рухани бай жəне интеллектуалды дамыған жеке
тұлғаны тəрбиелеуге ерекше көңіл бөледі. Олардың бастауыш мектептерінің оқу жоспарларында руха-
ни-адамгершілік құндылықтар мен дене қасиеттерін қалыптастыратын пəндерді оқып-үйренуге уақыт-
тың 50%-ға жуығы бөлінеді, ал бізде дайындалған 12 жылдық мектеп оқу жоспарын зерделегенімізде,
бұл пəндердің үлес салмағы 40% көлемінде екені анықталды.
Қазақстанда білім беру идеялары қашан да берік рухани-адамгершілік бағдарларға сүйеніп келген.
Қазақтардың өзіндік рухани философиясы туған жеріне деген сүйіспеншілік, даналық, төзімділікке
толы болған. Соңғы жылдары елімізде рухани-адамгершілік тəрбие беруге жеткілікті көңіл бөлінбей
отыр. Негізінен оқушылардың ресми білімдік жетістіктеріне – емтихан тапсырулары мен жақсы баға
алғандарына ерекше ден қойылатын болды.
Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Мəңгілік ел» идеясын іске асыру үшін ата-анасын сыйлайтын, Отанын
сүйетін, мəдениетті, ел тарихын біліп, дамытатын; ел бірлігі, толеранттық жəне халықтар достығын
Достарыңызбен бөлісу: |