Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет108/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   176

222 
 
педагогикалық  технологиясы.  Біздің  елімізде  осы  технологияның  негізін  қалаушылары 
Кобдикова  Ж.У.,  Қараев  Ж.А.  болып  отыр.  Өз  басым  сабақтың  тиімділігін  арттыру 
мақсатында  оқушы  қызметін  белсендету  негізінде  деңгейлік  саралау  технологиясын  сабақ 
үстінде кеңінен қолданамын.Өйткені,  оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын 
енгізуге оқу  ақпараттары көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін  «салмақтың»  артуы басты 
себеп болды. 
Деңгейлеп оқыту- оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын 
талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады. 
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейіне оқу 
материалын меңгеруін қамтамасыз етеуі. 
Бастапқы ғылыми идеялар: 
1. Деңгейлеп  оқыту  әр  оқушыға  өз  мүмкіндіктерін  барынша  пайдалана  отырып  білім 
алуға жағдай жасап, мүмкіндік береді. 
2. Деңгейлеп  оқыту  әр  түрлі  категориядағы  балаларға  бірдей  зейін  аударып,  олармен 
саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 
3. Деңгейлеп  саралап  оқыту  құрылымында  білімді  игерудің  негізгі  үш  деңгейі 
қарастырылады: ең төменгі (минималды базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей. 
Базалық  деңгей  мемлекеттік  стандарт  бойынша  анықталған  ең  төменгі  шек. 
Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің құзықушылығы мен 
қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. 
4. Оқушының  жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де 
нәтижелі болу үшін: 
- Жеке тұлға ерекшеліктеріне; 
- Психикалық  даму  ерекшеліктеріне  /есте  сақтау  қабілетінің  ерекшелігіне,  ойлану 
қабілеті, зейін ерекшелігіне, өзінің эмоциясын басқара білуіне/; 
- Пән бойынша білімді игеру деңгейіне /оқушының  білімімен іс-әрекет тәсіліне назар 
аударып, көңіл бөлу керек/. 
Әр  сыныпта  оқу  озаттары  мен  үлгермеушілер  пайда  болу  себебі-  балалардың  даму 
деңгейінің бірыңғай болмауы, жеке қабілеттеріндегі айырмашылықтар және т.б. болып отыр. 
Сол себептерден өзім сабақ үстінде деңгейлеп саралап оқытуды жиі пайдаланып отырамын. 
Осының  нәтижесінде  әр  оқушы  сабақ  кезінде  жаңа  білім  қосып  қана  қоймайды,  соны  өзі 
игеріп, талап, пікір таластыру деңгейіне жетуге тырысады, даму үстінде болуды қалайды. 
Оқушыны шығармашылық іс-әрекетке бейімдейтін, ақыл-ой өрісін дамытатын құрал- 
технология. Мысалы, математиканы технология әдісімен оқытуда орындалатын тапсырмалар 
мен жаттығулар оқушының ойлауын дамытатын, есте сақтау қабілетін арттыратын болу тиіс. 
Бұл  орайда  деңгейлік  тапсырмалардың  атқаратын  қызметі  зор.  Деңгейлік  тапсырмалардың 
мақсаты-  оқушыға  жеңілден  қиынға,  қарапайымнан  –  күрделіге  қарай  сатылы  түрде 
орындалатын  жұмыстар жүйесін ұсына отырып, оқушыны ізденушілікке, шығармашылыққа 
баулу. Математиканы профессор Ж.А. Қараевтің технологиясы оқушының теориялық білімін 
нығайтып,  оларды  өздігінен  іздендіре  отырып,  шығармашылық  жұмысқа  жетелейтін 
деңгейлік тапсырмалар арқылы беріледі. 
Бастауыш  сынып  оқушыларын  оқытуда  негізінен  дамыта  оқыту  технологисы 
басшылыққа  алынады.  Себебі  қазіргі  оқулықтар  дамыта  оқыту  технологиясы   негізінде 
жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы 
сабақтың  құрылымын,  әдіснамалық  негіздерін  толық  меңгеріп,  өз  іс-тәжірибесінде 
шығармашылықпен қолдана білу тиіс. 
Оқу  –  адамның  психикалық  дамуының  формасы,  элементі.  Кез  келген  оқыту  белгілі 
бір  мөлшерде  адамды  дамытады.  «Даму»  ұғымы  сөздікте   «...  мөлшерлік  өзгерістердің 
белгілі  бір  өлшем  шегінен  шығып,  сапалық  өзгерістерге  айналуы»  -деп  түсіндіріледі.  
«Даму»  ұғымының  психологиялық  анықтамасы  –  жаңарту  процесі  жаңаның  өмірге  келуі, 
ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Оқыту мен дамытудың арасында тығыз байланыс 
бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл 


223 
 
мәселені  түбегейлі  зерттеп,  бала  дамуындағы  оқытудың  рөлін,  алар  орнын  анықтаған 
көрнекті психолог  Л.С Выгодский. 
Мектеп  оқушыларының  танымдық  қызығушылығын  дамытудың  негізгі  факторы 
олардың  білімі  мен  дағдыларының  дәрежесі  ғана  емес,  сонымен  бірге,  баланың  маңызды 
психикалық қызметтерін, ақыл –ой жұмысының тәсілдері қалыптастыруға мүмкіндік беретін 
оқу  процесін  жолға  қою  керектігі  саналады.  Оқушының  шығармашылық  қабілеті  де  оның 
ойлау  мен  практикалық  әрекеттері  арқылы  ғана  дамиды.  Ойлауға  үйрететін  сабақтарды 
дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. 
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой  әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп 
қарастыру  керек.  Дамыта  оқыту  сабақтағы  ерекше  ахуал,  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы 
ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы 
емес,  танымдық  іс-әрекетті  ұйымдастыратын  ұжымдық  істердің  ұйытқысы.  Тек  осындай 
оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. 
Инновациялық  технологияларға  бүгінгі  кезде  – электрондық  оқулықтар да  жиі 
қолданылуда.  Ұстаз  бағдарламаға  сай  өз  электрондық  оқулығын  дайындайды.  Білім 
саласында  компьютер  оқушы  үшін  құрал,  ал  оқытушы  үшін  ол  күнделікті  қолданылатын 
жұмысшы болып табылады. 
Электрондық  оқулықтар  –  ғылыми  негізінде  дайындалған  педагогикалық-
ақпараттық  өнім. Электрондық оқулық арқылы студенттер тапсырманы қызыға орындайды, 
кейде  қателерін  өздері  табады.  Электрондық  оқулықтар  –  оқытушылар  үшін  күннен  күнге 
дамытылып отырған ашық  түрдегі әдістемелік жүйе. Мұны пайдалану барысында оқытушы 
ғылыми-әдістемелік  электрондық  оқулықты  пайдаланғанда  сабақтың  ыңғайына  қарай 
қосымша материалдарды кірістіруге болады. Электрондық оқулық көрнекілік ретінде де, оқу 
мен компьютер арасындағы  байланыс жасауда да оқушыларға көп көмек көрсетеді. 
Қалыптасқан  білім  беру  жүйесін  жетілдіру  ісінде  қазіргі  заманғы  ақпараттық  және 
коммуникациялық технологиялардың маңызы жөніндегі мәселе соңғы екі онжылдық бойына 
өзекті болып отыр. Әрбір педагог: мектеп мұғалімі немесе  жоғары оқу орнының оқытушысы 
болсын,  басты  мақсат  -  білім  беру  сапасын  қамтамасыз  ету.  Ал  ол  үшін  ақпараттық  және 
коммуникациялық технологиялардың қолданылуы үлкен дәрежеде септігін тигізетіні сөзсіз. 
Жоғарыда  көрсетілген  инновациялық  технологиялардың  түрлері  қазіргі  жағдайда 
жоғары  оқу  орнының  оқу  процесінде  қолдануға  өте  тиімді.  Білім  берудің  мемлекеттік 
стандарттарында анықталған оқытудың мазмұнына ешбір нұсқан келтірмейді, керісінше оқу 
пәндерінің  бағдарламасында  көрсетілген  мақсатқа  оқытудың  бұрыннан  қалыптасқан 
әдістерімен өзара бірлікте қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде егемен елімізде білім 
берудің  жаңа  жүйесі  жасалып,  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуге  бағыт  алуда. Бұл  оқу-
тәрбие  үрдісіндегі  елеулі  өзгерістерге  байланысты  болып  отыр. Себебі,  білім  беру 
парадигмасы  өзгерді,  білім  берудің  мазмұны  жаңарып,  жаңа  көзқарас,  жаңаша  қарым-
қатынас  пайда  болуда. Келер  ұрпаққа  қоғам  талабына  сай  тәрбие  мен  білім  беруде 
мұғалімдердің  инновациялық  іс-әрекетінің  ғылыми-педагогикалық  негіздерін  меңгеруі 
маңызды мәселелердің бірі. 
Жаңа  инновациялық  оқыту  технологиясы  кәсіптік  қызметтің  ерекше  түрі  болып 
табылады. Инновациялық  оқыту  технологиясын  меңгеру  үшін  педагогикалық  аса  зор 
тәжірибені  жұмылдыру  қажет. Бұл  өз  қызметіне  шығармашылықпен  қарайтын,  жеке 
басының  белгілі  іскерлік  қасиеті  бар  адамды  қажет  ететін  жұмыс.  Шындығында  да  әрбір 
педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-
өзі  қалыптастырады. XXI  ғасырда  болашақ  мамандарды  даярлау,  олардың  кәсіби 
бейімделуін қалыптастыру  мәселелері - кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтай 
біз  болашақ  педагог-психологтардың  жаңа  педагогикалық  инновациялық  технологияларды 
қолдануға даярлығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасадық. Болашақ 
мамандардың  жаңа  инновациялық  педагогикалық  технологияларды  қолдануға  даярлықты 
қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды: 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау