Газет 930 жылғы қарашаның жұлдызынан шыға бастады Аудандық қоғамдық-саяси газет



жүктеу 369,61 Kb.
Pdf просмотр
бет4/8
Дата01.01.2018
өлшемі369,61 Kb.
#6808
1   2   3   4   5   6   7   8

4

16 тамыз 2014 жыл

Жуырда Егіндібұлақта көзі тірісінде спортпен

өнер десе ішкен асын жерге қойған, сол екі са-

ланы насихаттауда, дамытуға зор еңбек сіңірген

Өмірбек (Ника) Əубəкіровті еске алуға арналған

футбол турнирі өтті. Бұл турнирдің өтіп жүргеніне

біраз уақыт болды. Оны осыдан бірнеше жыл

бұрын Ника марқұмның көршілері, сол құрған

командада өнер көрсеткен Уахитовтар отбасы

қолға алған болатын. Отбасының отағасы Мұхтар

ақсақал осы күнге дейін нағыз жанкүйер. «Əке

көрген оқ жанар» демекші Ника марқұмның бала-

лары мен немерелері де спортқа бейім. Мереке-

лік шаралардағы ұйымдастыру мен өткізуде

елеулі еңбек етуде. Осы екі отбасының бірлесіп

өткізетін футбол турнирінің жалпы мақсаты бел-

гілі. Ол еске алумен қатар салауатты өмір сал-

тына бет бұру, ауыл жастарын денешынықтыруға

жұмылдыру жəне əр жерден жиналатын жа-

старды спорттық достыққа тарту. Яғни

жақсылықтан басқа айтарлары жоқ. Кезінде Ника

марқұм ойнаған село құрамасымен кездесуге

облыстық əр елдімекенінен мықты

спортшылар келетін. Сондай фут-

бол мерекелері ауыл халқына

əркез көтеріңкі көңіл сыйлағаны

хақ.

Биылғы турнирге де ауданның əр



өлкесінен командалар келіп өзара

сынға түсті. Оның ашылу

рəсімінде сөз сөйлеген село

тұрғыны спорт жəне еңбек арда-

гері Серік Сəрсекеев, Ника

марқұмның зайыбы Жұмаш Бей-

сенбаева, турнир

ұйымдастырушылары Дулат,

Ержан Уахитовтар жас

футболшыларға алғыс білдіріп

сəттілік тіледі. Екі топқа бөлінген

10 команда күні бойығы

бəсекеден кейін жеңімпаздары

мен  жүлдегерлер қатары

анықталып жарыс қорытындысы

шықты. Онда Қарқаралыдан келген «Барабай»

командасы бірінші, Егіндібұлақтық «Атамекен»

жəне «Ника» командалары тұғыр биігінен көрінді.

Марапаттау рəсімінен соң «Барабай» мен «Ата-

мекен» кездесіп бұл жолы Егіндібұлақ футбол-

шылары сəл басымдық танытты. Жарыс

талабына сай жеңімпаз командалар «Алғыс хат-

пен», ақшалай сыйлықтарға ие болды. Мұндай

сыйлық жарыста үздік өнерімен көзге түскен

«Үздік қорғаушы» Жанасыл Əубəкіров «Теректі»

жəне «Үздік ойыншылар» Қарағандыдан келген

Сұлтан Серіков пен Нұрболат Хасеновке табыс

етілді. «Ника» командасының жасөспірім ізбасар-

лары атанған командада сый-сияпаттан

құралақан қалған жоқ. Сайыста əділ төрешілік

еткен Бейбіт Міртеміров, Мейрам, Маурат Уахи-

товтар жəне Күмісбек Əубəкіровтерге де зор

алғыс айтылып бағалы сыйлықтар ұсынылды.

Д.Жүнісбекұлы.

Егіндібұлақ.

Қарқаралы ауданының

мəслихаты 

30 сессияның шешімі

Қарқаралы қаласы  № 30/256   24 шілде  2014 жыл

Қарқаралы аудандық 

мəслихатының 2012 жылғы 

13 сəуірдегі IV сессиясының

«Тұрғын үй көмегін көрсету

Қағидасын бекіту туралы»

№ 4/36 шешіміне өзгерістер 

енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23

қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жер-

гілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару

туралы», 1997 жылғы 16 сəуірдегі «Тұрғын үй

қатынастары туралы» Заңдарына, Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30

желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін

көрсету ережесін бекіту туралы» Қаулысына

сəйкес аудандық мəслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Қарқаралы аудандық мəслихатының 2012

жылғы 13 сəуірдегі IV сессиясының № 4/36

«Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту ту-

ралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді

мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-13-121 болып

тіркелген, 2012 жылғы 19 мамырдағы № 39-40

(11059) «Қарқаралы» газетінде жарияланған) ке-

лесі өзгерістер енгізілсін:

1) Қағиданың 2-тармағының 4) тармақшасында

«;» тыныс белгісі «.» тыныс белгісіне ауысты-

рылсын;

2) Қағиданың 2-тармағының 5) тармақшасы алы-



нып тасталсын;

3) Қағиданың 18-тармағы жаңа редакцияда

мазмұндалсын:

«18. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы

(азамат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009

жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен

бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің

4-тармағына сəйкес құжаттарды ұсынады.».

2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған

күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң

қолданысқа енгізіледі.

Р. Әлин,

сессия төрағасы.

Р. Смағұлов,

аудандық мəслихат хатшысының

міндетін атқарушы.                          

Ескерту:  Бұл шешім Қарағанды облысы



Əділет департаментінде 13 тамыз  2014 жылы

№2714  санымен тіркелген.

Каркаралинский районный 

Маслихат Решение 30 сессии 

г.Каркаралинск         № 30/256      24 июля 2014г.           

О внесении изменений  

в решение IV сессии

Каркаралинского районного

маслихата от 13 апреля

2012 года №4/36 «Об утверждении 

Правил оказания жилищной помощи»

В соответствии с Законами Республики Казах-

стан от 23 января 2001 года «О местном госу-

дарственном управлении и самоуправлении в

Республике Казахстан», от 16 апреля 1997 года

«О жилищных отношениях», Постановлением

Правительства Республики Казахстан от 30 де-

кабря 2009 года № 2314 «Об утверждении Пра-

вил предоставления жилищной помощи»,

районный маслихат РЕШИЛ: 

1. Внести в решение IV сессии Каркаралинского

районного маслихата от 13 апреля 2012 года №

4/36 «Об утверждении Правил оказания жилищ-

ной помощи» (зарегистрировано в Реестре госу-

дарственной регистрации нормативных

правовых актов за № 8-13-121, опубликовано в

газете «Қарқаралы» от 19 мая 2012 года № 39-40

(11059)) следующие изменения:

1) в подпункте 4) пункта 2 Правил знак препина-

ния «;» заменить знаком  препинания «.»;

2) подпункт 5) пункта 2 Правил исключить;

3) пункт 18 Правил изложить в новой редакции:

«18. Для назначения жилищной помощи семья

(гражданин) представляет документы согласно

пункту 4 Правил предоставления жилищной по-

мощи, утвержденных Постановлением Прави-

тельства Республики Казахстан от 30 декабря

2009 года № 2314.».

2. Настоящее решение вводится в действие по

истечении десяти календарных дней после дня

его первого официального опубликования.

Р. Алин, 

председатель сессии

Р. Смагулов,

Исполняющий 

обязанности секретаря 

районного маслихата.

Примечание: Данное решение зарегистриро-



вано  в департаменте юстиции Карагандин-

ской области  13 августа  2014 года за № 2714

Дәстүрлі турнир

Əлемнің түкпір-түкпірінде адамзаттың

қолымен, ақыл-ойымен жасалған зи-

яткерлік ойындар мыңдап саналады.

Осындай спорттық ойындардың бірі-

тоғызқұмалақ. Тоғызқұмалақ – əлемдік

мəдениеттің озық үлгілерімен бой

теңестіре алатын рухани ойын,

логикалық ойлау өнері. Бұл өнердің

басты қасиеті – адам санасын жетілді-

руге, ақыл-ойын кемелдендіруге

ерекше күш салады. Түркі

халықтарының ұрпақ тəрбиесіне жау-

апкершілікпен қарайтынына осы

ойынның өзі де дəлел бола алады.

Жасөспірімнің дене күшінің мол болуы-

мен қатар, ақылды болуына да көп мəн берген

бабаларымыз осы ойынды ойлап тапқан. Жалпы,

түркі тілді халықтарға тəн ойын бүгінде елімізде

спорттық ойындардың ішінде жетістіктері

жағынан көш бастап тұр. Ұлттық ойындар

қатарына жататын тоғызқұмалақ ойынының «жі-

лігін шағып, майын ішкен» жаттықтырушының

бірі Бейсенаев Бүркіт ағамыз. 

ҚарМУ-ді инженер мамандығы бойынша

тамамдаған. Жастайынан шахмат-дойбы ойнауға

əуес болады. 1985 жылы пионерлер үйінде

ашылған тоғызқұмалақ үйірмесіне

жаттықтырушы болып келеді. Сол кезден бүгінгі

таңға дейін табан аудармастан, балалар мен

жасөспірімдер спорт мектебінде  жаттықтырушы

болып жемісті еңбек етуде. Жеткен жетістіктері

де зор. 2 рет ҚР спартакиадасының чемпионы,

ҚР ардагерлер арасында спартакиаданың чем-

пионы, бірнеше мəрте облыстық жарыстардың

жүлдегері болды. Шəкірт тəрбиелеп, ұлттық

ойынды өрге сүйреп жүрген Бүркіт ағаның бір-

неше жыл қатарынан тоғызқұмалаққа

баулып жүрген спортшы балғындары

да жоғары көрсеткіштерге қол жетікі-

зіп жүр. Шəкірттері арасынан

тоғызқұмалақтан 11 Қазақстан

Республикасының чемпиондарын

тəрбиелеп шығарды. 1995 жылдан

бері Қарағанды облысының аға

жаттықтырушысы. ҚР спорт шебері.

Жыл сайынғы өтетін «Сары-Арқа»

аймақтық спартакиадасында

Қарқаралы ауданы командасы

тоғызқұмалақтан 22 мəрте жүлделі

орындардан көрінді. 

Асқар асулар мен биік белестерді

бағындырып, қасиетті мекен Қарқаралының атын

асқақтатып жүрген Бүркіт ағамыз еңбекқор, та-

лапшыл, беделді жаттықтырушы болса, отба-

сында асыл жар, ардақты əке, ақылшы ата. 

Жары Светлана екеуі Айгүл есімды қыз бен

Думан, Марлен атты азаматтарды тəрбиелеп,

өсірген өнегелі отбасы. Томирис есімді немересі

бар. Балаларының барлығы спортқа жақын.

Қызы Айгүл жұмыспен қамту жəне əлеуметтік

бағдарламалар бөлімінде қызмет жасайды.

Алайда бала кезінен əкесінің кəсібіне ден қойып,

тоғызқұмалақ ойнауды əдетке айналдырған. Бір-

неше мəрте түрлі додалардың жеңімпазы. Əке

мен бала аудан, облыс, республика намысын

қорғайтын үлкен жарыстарда үнемі бірге жүреді. 

«Еңбегі бардың өнбегі бар» демекші, талмай,

қажымай жасаған еселі еңбегінің арқасында

толағай табыстарға жетіп жүрген Бүркіт ағамызға

қажырлы қайрат тілейміз. 



Сағыныш Әбілова.

ФОТОХАБАР

Ертең  -  спорт күні

Еселі еңбекпен-табысқа

Шәкіртсіз ұстаз тұл 

Аудан ор

талығынан шалғайда

жатқан Т

емірші е


лді мекенінде жас

спортшылар

ды дайындап, же

тістік-


терге же

тіп жүрген Ақшонт

аев Жеңіс

өзінің шəкір

ттерінің ор

тасында.



жүктеу 369,61 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау