Газет 930 жылғы қарашаның жұлдызынан шыға бастады Аудандық қоғамдық-саяси газет



жүктеу 369,61 Kb.
Pdf просмотр
бет5/8
Дата01.01.2018
өлшемі369,61 Kb.
#6808
1   2   3   4   5   6   7   8

5

16 тамыз  2014 жыл

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада, 

Болу керек құдіретті төрт ана: 

Туған жері - түп қазығы, айбыны, 

Туған тілі - мəңгі өнеге айдыны

Жан байлығы, салт-дəстүрі - тірегі, 

Қадамына шуақ шашар үнемі, 

Жəне ТУҒАН ТАРИХЫ,

Еске алуға қаншама 

АУЫР əрі ҚАСІРЕТТІ болса да.

М. Шаханов.

Арқа төсінің жаннаты - Қарқаралы атауының ықылым заманнан аталып келе

жатқандығы халқымыздың жыр-эпостарынан, аңыз-əңгімелерінен, тарихи деректе-

рінен белгілі. 

Ал, тарихи қала болып қалыптасуына - заң тұрғысынан танылуына 1824 жылы жарық

көрген «Полное собрание законов Российской империи» анықтамасының  34

томының 454 бетінде «Сенаттың 1824 жылдың 24 шілдесіндегі Жарлығы негізінде

Омбы облысында Қарқаралы ішкі округі жəне осы округтің орталығы ретінде

Қарқаралы қаласы құрылды»- делінген дерегі дəлел. 

Тарихқа көз жүгіртсек Қарқаралы жерінің өз ықтиярымен қала бола салмағанына көз

жеткізу қиын емес.

Филология ғылымының кандидаты (марқұм) Қ. Өміралиев Қазақтың белгілі жырауы

– Дулат Бабатайұлы туралы кітабында, ақынның 1840 жылдары жазылған «Атақоныс

Арқадан», «Əуелгі қазақ деген жұрт» дастандарын зерделей келе (сөзбе-сөз): «Бұл

кезде Орталық Қазақстанның көп жерінде округтік приказдар ашылып, форпостар

орнап, патша өкіметінің бекіністері салынып, олар қалаларға айналып үлгерген еді.

Осындай ірі-ірі шараларды іске асыруға негіз болған 1822 жылдың Уставы («Устава

о сибирских киргизах») патша өкіметінің отарлау саясатының нəтижесі болды. Ол

патша өкіметінің қазақ халқы үстінен жүргізген өкімет билігінің нығаюына көмектесті,

оны отарлық жолмен қанауды жеңілдетті. Мұның ең бастысы жерден қысым көру

болды. Ал жерден қысым көрген көп қазақ рулары осы ұзындық бойында оңтүстікке

қарай жылыстай түсті. Қарқаралы маңындағы қазақ рулары Алатау-Тарбағатайдан

келіп бірақ шықты. Бір бөлегі Торғай-Ырғызға жылысты»- деп көрсетті.

Осы тектес дерек Жанақ Ақын мен Түбек Ақынның айтысында да кездеседі. Түбек: 

А, Жəке, арғын қайда, найман қайда ?

Арғын болсаң Қарқаралы қалаң қайда ?-

деп, Қарқаралы сияқты мекенді тастап келгенін «бетіне басады» (А. Янушкевичтің

айтуы бойынша бұл айтыс 1830 жылдары болған).

А. Янушкевич Жазық (Довольно подробное описание Янушкевич посвящает им-

провизации слепой девушки-поэтессы по имени Жазык) деген ақын қыз туралы  «Мы

попросили ее, чтобы она нам спела, «Ала-тау денсу» (дұрысы-Алатаудың суы),

песнь в которой рассказывается о временном пребывании ее рода в горах Ала-тау.

Вот что она спела», дей келіп, патша өкіметінің Қарқаралы тауына қала салғанын,

өздерінің ең шұрайлы деген жерін «пикет үшін» тартып алғанын, ырқына еріксіз

мойын сұндырып ұстау үшін, ол пикеттерге жауыз кісілерді қойғанын, түйелерін

қамал салуға, кескен қарағайды сүйретуге күшпен тартып алғанын, салық салу үшін

малдан есеп алғанын...,байлыққа көзі тоймайтындардың патша өкіметінің қанауында

қолжаулық болғанын, сөйтіп ол жерде тұра алмай, Алатаудан бірақ келіп шыққанын

айтты»- дейді (Қ. Өміралиев).   

Қасиетті Қарқаралы қаласының 190 жылдығы мерейтойы қарсаңында біздің

қолымызда ауданға əр кездерде басшылық жасаған азаматтардың тізімдері бар.

Өкінішке орай олардың сол кездегі - қасиетті Қарқаралының əлеуметтік дамуына

қаншалықты үлес қосқандары туралы деректер жоқ.

Белгілі өлке танушы Ю. Попов Қарқаралы Уезін 1869 жылдан 1917 жылға дейін

басқарған басшылардың тізімін анықтаған - «Каркаралинские Уездные начальники»,

олар:


1.Т.Ф. Нифантьев-Уез бастығы. 1869 жылдың 1 қаңтарынан 1872 жылдың 14

қаңтарына дейін басқарған. Топографтар корпусы (сол кезде солай аталған. Кейін-

Əскери топографтар корпусы.).Подполковник. (Бұл əскери сала 1822 жылы Ресей

Империясында құрылған. Жергілікті жер ерекшеліктерін зерттейтін, əрі оны

бағдарлайтын, əскердің соғыс кимылдарын дала жағдайында дұрыс бағдарлау,

командирдің жұмыс картасын дұрыс жүргізуі жəне графикалык əскери құжаттар жа-

сауы үшін кажетті арнайы əскери ғылыми-топографиялық сала. Міндеті - жергілікті

жерлердің бүркеме жəне корғаныс ерекшеліктері туралы негізгі деректі ақпараттарды

жинау, топографиялык жəне əр түрлі арнайы карталар мен оған қоса жергілікті жер

ерекшеліктері түсірілген фотоқұжаттар жасау болып табылады. М.К.). Демек, əскери

шенді басшы - Т. Нифантьевтің басты жұмысы ел басқарумен қатар, əскери топо-

графиямен де айналысу болғанға ұқсайды.  

2.Сахновский Михаил Яковлевич. 1872 жылдың 31 шілдесінен 1877 жылдың 3

қаңтарына дейін Уез бастығы болған. Надворный советник. (Надворный советник -

(Петлицасында (немесе погонында) 3 жұлдызы бар Ресейлік азаматтық шен. Əскери

подполковникпен, 2 рангалы капитанмен теңестірілген. М.К.)

3. Филиппов Василий. 1877 жылдың 21 наурызынан 1880 жылдың 15 тамызынан Уез

бастығы болған. Титулярный советник. (Титулярный советник —IX сыныпты, армия

штабс-капитаны немесе əскери флот лейтенантына теңестірілетін Ресей

Патшалығының рангілік Табелі (Табели о рангах) бойынша азаматтық шен. М.К.)

4. Замятин Евгений Викторович. 1881 жылдың 20 наурызынан 1884 жыл (айы,күні

белгісіз) арлығында Уез бастығы болған. Коллежский советник (Коллежский советник

—рангілік Табелге сəйкес армия полковнигіне теңестірілген VI сыныпты азаматтық

шен).  


5. Вараскин Дмитрий Андреевич. 1884 жылдың 3 қазанынан 1894 жылдың 9 шілдесі

аралығында Уез бастығы болған. Статский советник.(Статский советник —рангілік

Табелге сəйкес V сыныпты азаматтық шен) 

6. Киниц Альфред Гвидович. 1894 жылдың (?)1902 жылдың 30 тамызы аралығында

Уез бастығы болған. Штабс-капитан, подполковник. (Штабс-капитан —рангелік Та-

белге сəйкес 1797-1884 жылдары Х сыныпты, 1884 жылдан соң ІХ сыныпты жаяу,

артилерия жəне инженерлік əсерлерінің əскери шені).

7. Оссовский Борис Александрович. 1902 жылдың 2 қыркүйегінен 1906 жылдың 12

сəуірі аралығында Уез бастығы болған. Подъесаул,

штабс-ротмистр, родмистр. (Подъесаул — рангілік Та-

белге сəйкес ІХ сыныпты штабс-капитан əскери

шеніне теңестірілген, казак əскерінің офицерлік

шені, Штабс-ротмистр — 1797-1884 жылдары V

сыныпты, 1884 жылдан соң ІХ сыныпты

кавалерияның əскери шені, штабс-капитан

мен титулярный советникке теңестірілген,рот-

мистр –басында рота жəне атты əскер

басшылығында, соңынан эскадрон коман-

дирі).

8. Каменьщиков Георгий Иванович. 1906



жылдың 22 сəуірінен 1908 жылдың 3

қарашасы аралығында Уез бастығы болған. Ка-

питан, подполковник.

9. Петухов Вячеслав Михайлович. 1908 жылдың

4 желтоқсаны мен 1909 жылдың 19 маусымы

аралығында Уез бастығы болған. Надворный совет-

ник.

10. Волженский В.В. 1909 жылдың 8 шілдесі мен 1910 жылдың 14 маусымы



аралығында Уез бастығы болған. Отставкадағы коллежский советник.

11. Макаревич Леонид Андреевич. 1910 жылдың 17 маусымынан 1917 жылдың 6 на-

урызы аралығында Уез бастығы болған. Отставкадағы надворный советник.

Кеңес заманында басшылық жасаған азаматтардың тізімі:

1. Мей Валентин Владиславович 1920 жылы Уездік праводағы аудандық бюро бас-

шысы.


2. Малашкин Иван Григорьевич 1920-1921 жылдары Уездік партия комитетін

басқарған.

3. Рязанцев Александр Григорьевич 1921 жылы Уездік партия комитетін басқарған.

4. Зубов Алексей Ильич 1921-1922 жылдары Уездік партия комитетін 

басқарған.

5. Галоко Кузьма Корнилович 1922 жылы Уездік партия комитетін басқарған.

6. Мусин (өзге дерек жоқ) 1922 жылы Уездік партия комитетін басқарған.

7. Айбасов (өзге дерек жоқ) 1923-1925 жылдары Уездік партия  комитетін басқарған.

8. Бектұрғанов (өзге дерек жоқ) 1925-1926 жылдары Уездік партия  комитетін

басқарған.

9. Сұлтанғалиев (өзге дерек жоқ) 1928-1929 жылдары Округтік партия  комитетін

басқарған.

10. Атаниязов Мырзағұл (өзге дерек жоқ) 1929-1932 жылдары  Аудандық партия ко-

митетін басқарған. 

11. Қалымбетов (өзге дерек жоқ) 1932 жылы Аудандық партия  комитетін басқарған.

12. Махатов Əбдірахман (өзге дерек жоқ) 1932-1934 жылдары Аудандық партия ко-

митетін басқарған.

13. Нұрсейітов Нұрғали (өзге дерек жоқ) 1933-1936 жылдары Округтік партия коми-

тетін басқарған.

14. Тұрдалиев Ж. (өзге дерек жоқ) 1934-1938 жылдары Аудандық 

партия комитетін басқарған. (Жоғарыда аттары аталған тұлғалардың деректері жет-

кіліксіз немесе нақты емес жəне тарихи құжаттарға негізделмеген. Сондықтан əлі де

болса, нақтылы зерттеуді қажет етеді. Бұл тұлғаларға, қалаға, ауданға қатысты та-

рихи деректер облыстық, аудандық мұрағаттарда жоқ. Жалпы Қарқаралы қаласына

қатысты тың деректерді Алматы, Семей, Москва, Омбы жəне Петербор

мұрағаттарынан іздестіріп табуға болады).

ҚР ҰҒА-ң Ш. Уалиханов атындағы тарихи жəне этнология институтының (Қ.

Алдажұманов) деректері бойынша ауданға басшылық жасаған М. Атаниязов, Қ.

Дəуренбеков жəне Ə. Махатовтар (Ə. Махатов ауданнан соң облыстық атқару коми-

тетін басқарған) репрессия құрбандары болған. 

15. Дəуренбеков Қайырбек, 1937 жылдың мамыры мен 1938 жылдың 

мамыры аралығында Аудандық партия комитетін басқарған 

16. Мамежанов Оразғали 1938 жылдың мамыры мен қыркүйегі 

аралығында Аудандық партия комитетін басқарған 

17. Ахтанов Қабдолла 1938 жылдың қыркүйегінен 1939 жылдың 

қарашысы аралығында Аудандық партия комитетін басқарған 

18. Сапаев Капыш Сапаевич 1939 жылдың қарашасы мен 1941 

жылдың шілдесі аралығында Аудандық партия комитетін басқарған 

19. Дулатов Шахан 1941 жылдың шілдесі мен 1943 жылдың мамыры 

аралығында Аудандық партия комитетін басқарған

20. Рахимжанов Ибжан 1943 жылдың мамыры мен 1948 жылдың 

тамызы аралығында Аудандық партия комитетін басқарған 

21. Жаныбеков Абдрахман 1948 жылдың тамызы мен 1953 жылдың 

тамызы аралығында Аудандық партия комитетін басқарған 

22. Джусупов Аубакир 1953 жылдың қарашасы мен 1954 жылдың 

тамызы аралығында Аудандық партия комитетін басқарған 

23. Ергебеков Елемес 1954 жылдың тамызы мен 1959 жылдың 

қарашасы аралығында Аудандық партия комитетін басқарған 

24. Тореғожин Турсын 1959 жылдың қарашасы мен 1962 жылдың 

сəуірі аралығында Аудандық партия комитетін басқарған 

25. Аханов Тишбек 1962 жылдың  сəуірі мен 1963 жылдың қаңтары

аралығында Аудандық партия комитетін басқарған 

26. Медеубаев Мухан 1963 жылдың желтоқсаны мен 1964 жылдың 

желтоқсаны аралығында Аудандық партия комитетін басқарған 

27. Шаекин Михаил 1965 жылдың қаңтары мен 1973 жылдың қарашасы 

аралығында Аудандық партия комитетін басқарған

28. Инкарбаев Зайкен 1973 жылдың қарашасы мен 1977 жылдың сəуірі 

аралығында Аудандық партия комитетін басқарған 

29. Бекшин Махмет Сакенович 1977 жылдың наурызы мен 1985 

жылдың қаңтары аралығында Аудандық партия комитетін басқарған 

30. Жакупов Қажнаби Кабдулинович 1985 жылдың қаңтары мен 1990 

жылдың қаңтары аралығында Аудандық партия комитетін басқарған 

31. Шахарбаев Төлеутай Минапасович 1990 жылдың қаңтары мен 1991 

жылдың тамызы аралығында Аудандық партия комитетін басқарған 

Аудан əкімшілері мен атқару комитетінің төрағалары туралы деректер бөлек

жинақталуды.



Манарбек Кəрім.

Қарқаралы аудандық мемлекеттік мұрағатының басшысы,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі.

Қарқаралы қаласына -190 жыл

Әкімшілік-аймақ орталық және

оны басқарған тұлғалар

Таяуда Теректі ауылының

өнерпаздары «Ауыл кеші

көңілді» атты Қарқаралының

190 жылдығына арналған мере-

келік концерт ұйымдастырып,

жиналған өнер сүйер  қауымның

назарына ұсынды. Айтулы кеште

қаламыздың мерекесіне орай

күмбірлеген əн шырқалды, күй

шалқып, би биленді. Бағдарламасы

қызықты əр алуан кеште жүрекке

жақын қазақ халық əндері, көпшілік

сүйіп тыңдайтын эстрадалық əндер де

шырқалды. Атап айтсақ: аудандық

байқаулардың жеңімпазы

Мейрамбекқызы Дария «Сəлем,  саған

туған ел» əнімен,  аудандық

байқаулардың лауреаты

Республикалық Қарқаралы Дауысы

фестивалінің жеңімпазы Айару Бей-

сенбаева « Əриайдай», «Ақ жайнақ»

халық əндерімен, аудандық, облыстық

байқаулардың жеңімпазы Бек

Ықыласов өз шығармашылығынан

«Қарқаралы» əнімен, Республикалық

байқаулардың жеңімпазы Сырымқызы

Сая «Елімнің жүрегі» əнімен, Инкар-

бекова Айжарқын «Сарыарқа»

əнімен, Берік Нұртілек «Биле биле»

, Мейрамбекқызы Дарияның орын-

дауында «Тек алға», «Туған жер»

əндерімен халықтың көңілінен

шыға білді. Бұл кеште қала

тұрғындарына Əубакіров Тоқтардың орында-

уында Құрманғазының күйі «Балбырауын» тар-

тылып, жұртты тəнті етті. Төкенова Балдырғанның

орындауында «Қазақ биі», «Өзбек биі» мерекенің

сəнін келтіре отырып, ерекше көңілді күй сыйлады.

Кешті əншілер тобы «Мекенім - Қазақстаным» атты

патриоттық əнмен аяқтады. Теректі ауылының

мəдени ұйымдастырушысы Айгерім Жаукенова

жəне кітапханашы Майгүл Бөдешова концертке же-

текшілік етіп, бастап келді. Мерекенің бағдарламасы

ғана емес, жүргізушілері де Бейсенбаева Айару,

Мағрұпов Ернұр, Сырымқызы Сая, Толепқызы

Айжарқын мəнерлі де тартымды даустарымен кешті

өткізді.  

Қазыбек би бабамыздың аруағы

Қолдасын ұрпақтарын осындағы 

Үшқара, Балқантау, Қарқаралы 

Гүлденіп жайнай берсін Арқадағы- деп Теректі

ауылының  өнер ұжымы ізгі ниетпен келіп, қала

тұрғындарының көңілінен шықты.

Нұрсұлу Жақсыбаева.

“Қарқаралы - Арқадағы гүлстан”

Теректі ауылының мерекелік концерті



жүктеу 369,61 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау