7
16 тамыз 2014 жыл
Қой – күлі (ОСПА) дене қызып, тері мен кілегей
қабықтарына ерекше жара түсетін жұғымтал індет.
Қоздырғышы Variola ovis дейтін вирус. Түрі сопақша не
дөңгелек келеді. Өніп өсетін жері клетканың цитоплазмасы.
Қой күлінің қоздырғышы салқын жерде бір жылға дейін
сақталады. Қой күлі ауру қойдан сау қойға жанасқанда
жұғады. Жарадан сыдырылып түскен қабыршақ кеуіп, оның
ішінен вирус тозаңға араласып, дем алғанда малдың
асқазанына түседі де күл шығады. Қой күлінің жаппай та-
ралуына ауырып жазылған қойлар себепші болады. Күлмен
малдың кəрі-жасы бірдей ауырады. Күлмен ауырған буаз
саулықтар көбінесе іш тастайды. Аурудың 4 –ші күні күл ви-
русы қан, бауыр, талақ, өкпе, бүйректерге тарайды.
Аурудың белгілері: Қой күлінің жасырын кезеңі 4-14 күнге
созылады, алдымен мал жабығады, денесінің температу-
расы 41-42 градусқа көтеріледі, жемшөпке тəбеті
төмендейді. Ауырған қойдың қабақтары ісініп, көздерінен
сора, танауларынан ірің аға бастайды. Тынысы тарылып,
пысылдайды, көздері қызарады, арқасын басса қой ауыр-
сынады. Қан тамырының соғуы жиіленеді, демалысы
шапшаңдайды. Күлдің жарасы əуелі басқа, ерінге, танауға,
ұртқа, көзге, қолтыққа, шапқа, құйрыққа, желінге, қошқардың
ұмасына, күпекке түседі. Жара алғашында дөңгелек келеді.
Жиегі ісінген қызыл даққа ұқсайды. 1-2 күннен соң ол тығыз
түйіншекке айналады. Маңайы қызарып кетеді. Жара тез
ұлғаяды. Бұл кезде малдың қызуы да төмен түседі.
Аурудың диагнозы: Қой күліне диагноз қойғанда аурудың
эпизоотологиясын, ауру белгілерін еске алады. Вирусоско-
пия мен биологиялық сынаудың нəтижелері де құнды
мəлімет береді. Қой күлін теміреткіге, есекжемге, қотырға,
жұғымтал күске ұқсатуға болады. Есекжем жұқпайтын
ауруға жатады. Қотырға щалдыққан қой денесінен қотыр ке-
несі табады. Қой күлі ешкіге жұқпайды, ал жұғымтал күс еш-
кіге жұғады.
Емі: Қой күлін аурудың барысына қарай емдейді. Ар-
наулы гипериммундық сыворотканы жəне күлмен ауырып
жазылған мал қанының сарысуын аурудың жасырын
кезеңінде немесе ауыра бастағанда қолданса ғана
нəтижелі болады. Ауруды асқындырмау үшін пенициллин,
стрептомицин антибиотиктерді қолданады. Қой күліне
қарсы сақтық щараларды нақтылы жүргізу үшін
шаруашылыққа басқа жақтан індетті жұқтырып əкелмеу
болып табылады. Мал арасында күлге ұқсас ауру байқалса
тез арада диагнозын анықтап, оларды жеке-дара бөліп
оқшаулайды. Қажеттігі болса ондай малдарды сояды, сау
малдар егіледі. Қой күліне қарсы сақтық шаралардың тағы
бір шарты қойды дұрыс азықтандыру жəне карантин ере-
желерін бұлжытпай орындау керек. Күлден өлген қойдың
өлексесін өрттеп жібереді, терісін, жүнін пайдалануға бол-
майды.
А.Тұрсынов,
аудандық аумақтық инспекиясының
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
инспекторы.
Оқу орындарында ХҚКО арқылы
қызметтер алу негіздері
оқытылуда
Алдағы оқу жылында «Халыққа қызмет көрсету
орталықтары арқылы мемлекеттік қызметтер ұсыну негіз-
дері» элективті пəні Т.Рысқұлов атындағы
университетінің, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемле-
кеттік университетінің жəне А.Мырзахметов атындағы
Көкшетау университетінің студенттеріне оқытылатын бо-
лады.
Аталмыш пəн 2013 жылы «Тұран-Астана» университе-
тінде жəне Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Экономикалық
колледжінің «Юриспруденция», «Менеджмент» жəне
«Мемлекеттік жəне жергілікті басқару» факультеттерінің
1 жəне 2 курс студенттеріне оқытылды. Сабақтарды
«ХҚКО» РМК Астана жəне Алматы қалалары бойынша
филиалдарының қызметкерлері жүргізді. Жаңа оқу жы-
лында осы оқу орындарында пəннің академиялық
сағаттар саны 3 есеге артқалы отыр.
Бағдарлама шеңберінде студенттер пайдаланушы
көзқарасы бойынша халыққа қызмет көрсету
орталықтарында қандай қызметтер алуға болатындығын,
электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
алудың басымдығы туралы біле алатын болады, egov.kz
порталының мүмкіндіктерімен, ЭЦҚ қолдану тəртібімен
жəне т.т. таныса алатын болады. Элективті пəннің
мазмұны кəсіби қызығушылықтарды қанағаттандыруға,
ХҚКО жəне электрондық үкімет порталы туралы білімді
тəжірибе жүзінде қолдану дағдыларын игеруге мүмкіндік
береді. Студент таңдаған элективті пəндер зерттеу үшін
міндетті болып табылады.
Студенттерден басқа, ХҚКО қызметтерін ұйымдастыру
мəселелері бойынша біліктілікті арттыру,
инспекторлардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
ұсыну талаптары мен сапасын арттыру мақсатында
ХҚКО бөлімдерінің 100 басшысы оқытудан өтетін болады.
ХҚКО қызметкерлеріне таңдалған ЖОО оқытушылар
құрамы сабақ беретін болады. Жыл сайын ХҚКО
қызметкерлері ҚР заңнамасын, мемлекеттік қызметтер
көрсету стандарттары мен регламенттерін білуге тексері-
стен өтетіндігі баршамызға мəлім.
Халыққа қызмет көрсету
орталығының əкімшілігі.
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес - ең өзекті
мəселелердің бірі болып табылады .
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының
бірі. Елбасының қатаң талабы: сыбайлас жемқорлықты болдырмау ,онымен барынша
күресу. «Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты,үздіксіз,ашық,əрі əділетті түрде жүргізілуі
тиіс.Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» деп, атап көрсетті
елбасымыз Н.Ə.Назарбаев .
Заңның 6 тармағына сəйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асырушы
барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті негізінде сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті делінген .
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның нормаларын орындау үшін
Қарқаралы аудандық қазынашылық басқармасында көптеген жұмыстар жүргізілуде.Сы-
байлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік бағдарламасының негізінде ақпараттық
айқындылықты қамтамасыз ету ,қазынашылық қызметкерлерінің жемқорлыққы қарсы
күрес көзқарасын қалыптастыру мақсатында құқықтық оқулар өткізіледі.Əр мемлекет-
тік қызметкер жұмысқа тұрғаннан бастап осы заңмен танысады . Басқармада лауазымды
адамдардың заңсыз əрекеттеріне шағым жəне өтініш түсіру үшін жəшік қойылған . Со-
нымен қатар мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексінің нормаларын орындауын
бақылау жəне олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы туралы ақпаратқа
жедел жауап беру үшін 31-8-34 сенім телефоны жұмыс істейді .
Қазынашылық басқармасының жаңа «Қазынашылық-Клиент » ақпараттық жүйесінің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес факторларын төмендетуге мүмкіндік беретіндігін
айтуға болады.
Қарқаралы аудандық қазынашылық басқармасында жоғарыда аталған жұмыстар əлі
де жалғасын табады.
А. Мұстафина,
аудандық қазынашылық
басқармасының бас маманы.
Жаздың жайдарлы шуағы шығысымен базар-
лар мен дүкендерде жемістер мен
көкөнісністердің түр- түрі қаптап қараған көздің
жауын алады. Халық оны сатып алмай
қоймайды. Бірақ ерте мезгілде пайда болған
жемістердің сапасы жайында біреу білсе, енді
бірі мүлде хабарсыз.
Бүгінде Тұтынушылардың құқығын қорғау
агенттігі мораторий жариялағаннан бастап,
шағын жəне орта бизнес кəсіпкерлерін
уақтылы тексеру іс шарасын уақытша
топтатқан. Осыған орай азық- түлік
тағамдары алаңдатарлық жай туғызып
отыр.
Саралай келетін болсақ, базар мен
дүкендердегі қауын- қарбыз, қара өрік,
сары өрік, шабдалы, шие, т.б. жеміс
жидектердің құрамында адам ағзасына
қауіпті нитраттардың саны көп.
Нитрат жеміс -жидектедің қысқа мер-
зімде пісуін қамтамасыз ету үшін
қолданылатын тыңайтқыштардың
құрамында болады. Қарбызда
нитраттардың құрамы жоғары екендігін
білдіретін белгі -оның қып қызыл реңі
жəне қоңыр талшықтары.
Сатушылардың кір қолдары, лас
пышақтар, ашық күн астында көп
уақыт сақталуы, қарбыздан аққан
шырында микробтардың көбеюі
жəне кесілген қарбыздың
тоңазытқышта сақталмауы-
адамның денсаулығына кері əсер
етеді.
Нитрат- адам ағзасын улаумен қоса,
ми қыртыстарының жұмысын тежейді,
бүйрек пен бауырдың қызметін бұзады.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің
құрамындағы нитрат көрсеткіштері
минералдық тынайтқыштарды шектен
тыс қолданғанда көбейеді.
Жеміс жидек, бақша өнімдеріндегі нит-
раттардан уланудың алдын- алуда
тамақтану гигиенасының орны зор. Өрік,
қияр, қызанақ, қауын, қарбыз, т.б іш
жүргізетін жемістер қатарына
жататындықтан, оларды байқап жеу керек.
Сыртқы қабығында нитраттар көп жиналатын
болғандықтан қабығын аршып тастау қажет.
Адам ағзасына артық нитрат түспеу үшін не
істеу керек жеміс- жидектер мен көкөністерді
кулинарлық өңдеуден өткізу, ағынды сумен
жуғанда нитраттар құрамы 10 пайызға азаяды.
Бұл келеңсіз жағдайды тудырмау үшін əр
нəрсені өз уақытымен пайдаланған абзал. Са-
лауатты өмір салтын ұстанудың бірден бір
жолы- дұрыс тамақтану болып табылады. Дені
сау ұрпақ болашақтың кепілі.
А.Бөгенбаева,
«қОСОЭСО» РМқК қарқаралы ауданы
бойынша филиалының
оқытушы – аудармашысы.
Салық басқармасы Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға
жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың
мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы бекітілген-
дігін хабарлайды
Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық туралы заңы мемлекеттің
мүлікті, соның ішінде заңды экономикалық айналыстан ертеректе шығарылған
ақшаны бір реттік жариялау шарасын өткізу тəртібі мен шарттарын регламент-
теуге бағытталған. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде
орналасқан жылжымайтын мүліктер жария етілуге жатады.
Салық органдарында мүлікті жария ету мерзімі заң жобасымен 2014 жылғы 1
қыркүйек пен 2015 жылғы 31 желтоқсанның аралығына белгіленді.
Мүлікті рақымшылық жасау үшін өтінішті қабылдау, құжаттарды тапсыру мерзімі
2014 жылғы 1 қыркүйектен 2015 жылдың 30-шы қарашасына дейін белгіленді.
Жария етудің негізгі принциптері айқындалған:
Біріншіден, қосымша қаражат пен мүлікті экономикаға тарту мақсатында
жүргізіледі.
Екіншіден, жария
етілген ақша мен мүлік салық салу тұрғысында табыс деп танылмайды, яғни
оларға салық салынбайды.
Үшіншіден, жария ету басталғанға дейін алынған мүлік қана жария етуге жатады.
Төртіншіден, субьектілер бірқатар баптар бойынша қылмыстық жəне əкімшілік
жауапкершіліктен босатылады.
Салық басқармасы хабарлайды
Мүлікті жария ету
Маман кеңесі
Қойдың күл ауруы
Аудан тұрғындарының назарына!
ЕРТЕ ПІСКЕН КөКөНІСТЕН АБАЙ
БОЛАЙЫқ!
Өзекті мəселе