17
«Заводная молодежь» жобасы
Шығыс Қазақтан облысының жастар орталығы
Еңбекші жастар – құрамы бойынша саны кӛп әлеуметтік топтардың бірі, аса
маңызды стратегиялық ресурс және кез келген кәсіпорынның не ӛңірдің негізгі дамытушы
күші. Шығыс Қазақстан – елдің индустриялық орталығы, ең ірі ӛнеркәсіп орындары осы
ӛңірде шоғарланған. Ӛңір жастарының басым кӛпшілігі осындай кәсіпорындарда жұмыс
жасайды.
Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысының жастар орталығы жыл сайын
спорттық және мәдени-сауықтық «Заводная молодежь» шарасын ұйымдастырып, ӛткізіп
отырады, оған кәсіпорындар мен түрлі ұйымдардың жастары қатысады.
Шараның мақсаты жұмыс басты жастардың ӛңірдің әлеуметтік ӛміріне белсене
араласуын қамтамасыз ету, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, ірі кәсіпорында
еңбектеніп жатқан жастардың бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру және Шығыс Қазақстан
облысының имиджін жақсарту болып табылады.
Жыл сайын сайысқа мыңнан астам жастар қатысады. Байқаудың ӛзі 7 бӛлімнен
тұратындығын айта кету керек:
1) шығармашылық бӛлім;
2) креативті алаң;
3) жанкүйерлер байқауы;
4) спорттық бӛлім;
5) онлайн дауыс беру;
6) «Заводная молодежь» ханзадасы мен ханшайымы;
7) «Кәсіпорындағы үздік жастар ұйымы».
«Ҥлкен Алтайдың трансшекаралық кеңістігі: демографиялық және әлеуметтік-
мәдени процестері – ынтымақтастықтың жаңа нысандары» атты жастардың
Халықаралық жазғы мектебі
Шығыс Қазақстан облысының жастар орталығы
Шығыс Қазақстан облысының Жастар орталығы Үлкен Алтай аймағындағы
трансшекаралық ынтымақтастықты нығайту, үйлестіру Кеңесіне мүше елдері жастар
ӛкілдерінің арасындағы достық байланыстарды дамыту, іскерлік, гуманитарлық және
ғылыми-білім беру саласындағы әріптестікті дамыту мақсатында «Үлкен Алтайдың
трансшекаралық
кеңістігі:
демографиялық
және
кӛші-қон
процестері
–
ынтымақтастықтың жаңа нысандары» атты жастардың Халықаралық жазғы мектебін
ӛткізіп келеді.
Іс-шараға Қазақстан, Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы және
Моңғолия жастары, Қазақстан Республикасының облыстық жастар ресурстық
орталықтарының директорлары мен жастар ұйымдарының ӛкілдері, жетекші ғалымдар
және белсенді студенттер қатысады. Іс-шара бағдарламасы бойынша жастардың
18
біліктілігін арттыруға бағытталған семинар-тренингтер, дәрістер, пікір алмасу алаңдары
мен мәдени шаралар ӛткізіледі.
2016 жылы ӛткізілген Халықаралық жастар мектебіне 150-ден астам жастар
қатысты.
19
3. АУМАҚТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖОБАЛАРЫ МЕН
БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
«5 сайыс» жастар арасында ҧлттық әскери – спорттық чемпионаты» жобасы
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының жастар ресурстық орталығы
Ұлттық спорт түрлерінің кӛп сайысын дамыту, жекелеген
ұлттық спорт түрлерінің қосындысы ұлттық спорт түрлерінің кӛп
сайысын жүйелендіру және ұлттық спорт түрлерінің кӛп сайысын
ӛскелең ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында Қарқаралы ауданының
жастар ресурстық орталығы 2016 жылдан бастап «5 сайыс» жастар
арасында ұлттық әскери – спорттық чемпионатын ұйымдастырады.
Бұл кешенді әскери – спорттық чемпионатының аналогі жоқ.
Сайыстар Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт
министрлігі Спорт комитетінің және Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығымен бекітілген
ережеге сәйкес ӛткізіледі. Чемпионатқа ауданның кӛшпенділер салт-дәстүрін меңгеріп
жүрген 30-дан астам жастары қатыса алады.
Чемпионат аясында әр қатысушы ұлттық спорттың 5 түрінен (қазақ күресі, жамбы
ату, асық ату, теңге ілу, аударыспақ) сайысқа түседі. Сайысқа қатысушылар арнайы
дайындықтан ӛткен және атты толық меңгеретін дәрежеде болу керек. Спортшылардың
бес ұлттық спорт түрлеріне қатысқан кезде киетін киімдері бас киімінен аяқ киіміне дейін
ұлттық үлгіге лайықты болуы тиіс. Әр аймақтан қатысатын команда құрамында үш
салмақ дәрежесіндегі 3 спортшының болуына рұқсат беріледі.
Сайыс бағдарламасы:
1) сайыс жас ерекшелігіне бӛлінбейді, тек салмақ дәрежесіне бӛлінеді;
2) 60 кг дейінгі спортшы ӛз салмағында: «Асық ату», «Қазақ күресі», «Жамбы ату»,
«Теңге ілу», «Аударыспақ» сайыстарына қатысады;
3) 70 кг дейінгі спортшы ӛз салмағында: «Асық ату», «Қазақ күресі», «Жамбы ату»,
«Теңге ілу», «Аударыспақ» сайыстарына қатысады;
4) +70 кг жоғары спортшы ӛз салмағында: «Асық ату», «Қазақ күресі», «Жамбы
ату», «Теңге ілу», «Аударыспақ» сайыстарына қатысады.
Асық ату – Қазақстан Республикасының Туризм және Спорт министрлігі Спорт
комитетінің және Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығымен бекітілген алшы (шыр) ережесі
бойынша ӛткізіледі. Алшы шеңберінің аумағы 10 метр. Асық ататын қашықтық: 5 метр.
Қазақ күресі – Қазақстан Республикасының Туризм және Спорт министрлігі Спорт
комитетінің және Қазақ күресі федерациясы бекіткен ережеге сәйкес 60, 70, +70 кг салмақ
дәрежелерінде ӛткізіледі
Жамбы ату – кӛлемі 200 метрге дейін келетін жазық алаңда ӛтеді, әр 50 м сайын
орналасқан 3 нысана орналасады. Жамбыны спортшы ат үстінде шауып келе жатып
кӛздейді. Егер атының басын тежеп кӛздесе ұпай есептелмейді. Жарысқа қатысушы
шабандоздар жеребеде алған кезегімен, тӛрешінің «Алға!» деп берген бұйрығы бойынша,
арнайы жасалған жолмен шаба жӛнеледі. Шауып келе жатып сол қапталындағы жамбыны
тұсынан ӛте бере садақпен нысанаға алып атады. Оғының дарығанына, дарымағанына
қарамай сол шапқан бойы мәре сызығынан ӛтеді. Нысана мен ат шабатын сызықтың арасы
15 метр шамасында болады. Жарыс кезінде әрбір спортшыға қанша рет мүмкіндік
берілетіндігі алдын ала шешіліп қойылады және барлық спортшыға бірдей мүмкіндік
жасалады.
Теңге ілу – тегіс жерде ӛткізіледі. Желіп келе жатқан аттың үстіне отырып желісін
баяулатпастан тӛменге тез иіліп сол және оң жағынан орамалмен оралған теңгені кӛтеріп,
артына тастап отыруы керек. Әрбір сәтсіз талпыныстың артына айыптық уақыт
белгіленеді. Теңгені кӛп ілген салт атты жеңімпаз аталады. Теңге ілу алаңының ұзындығы