12
Алқа отырыстары кезінде алқа мүшелері жұмыс барысында кездескен мәселелерді
кӛтеріп, ортақ шешімдері мен ұсыныстарын енгізеді. Алқа отырысы қорытындысы
бойынша арнайы хаттама толтырылып, кезекті алқа отырысына дейін хаттамаға сәйкес
тапсырмалар тексеріліп отырылады.
Алқа отырыстарының орталық жұмысының бірегейленуіне ықпалы зор. Мысалы,
осы кезге дейінгі алқа отырыстарының нәтижесінде орман шаруашылығы бӛлімдері жоқ
аудандарда «Жасыл ел» бағдарламасының жұмыс жасау механизмдері, студенттік
құрылыс жасақтарына жастарды кӛптеп тарту жолдары және т.б. күрделі мәселелер
шешімдерін тапты. Облыстық алқа отырыстары әр аудан орталығында дауысқа салу
арқылы ӛткізіледі.
Алқа отырысын алдын-ала дайындалған бағдарламасына сәйкес ресми отырыстан
бӛлек сол аудандағы ірі кәсіпорындармен, заводтармен, шағын және орта бизнес
нысандарымен, тарихи-мәдени орындармен, сол ауданда ғана жүзеге асып жатырған
ерекше жобалармен таныстыру жұмыстары да жүргізіледі. Мысал үшін, соңғы ІХ алқа
мәжілісі Жәнібек ауданында ӛтті. Жәнібек ауданы «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен
жұмысқа келген жастарды жаңа тұрғын-үймен қамтып,
жастар үшін үлкен мүмкіндік туғызып отырған аудан
ретінде ерекшеленеді. Алқа мәжілісі кезінде осы
механизмнің тетіктері талқыланып, бүгінгі күні ол
бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жобаның толық
құжаты дайын болған кезде, қалған 11 ауданның
әкімдеріне осы жобаны үлгі ретінде жіберіп, басқа
аудандардағы жастарды жаңа тұрғын-үймен қамту
мүмкіндіктері іздестірілетін болады.
13
«Жастар саясаты мектебі» жобасы
Қостанай облысының жастар ресурстық орталығы
Қостанай облысында 20 жастар ресурстық орталығы
қызмет етеді – 1 облыстық, 16 аудандық және 3 қалалық.
Облыстық жастар ресурстық орталығы жүйелі түрде
қалалар мен аудандардың ЖРО жұмыс жасап келеді.
Қызметкерлердің құзыреттілігін арттырудың негізгі түрі
оларды әр түрлі деңгейдегі семинарлар мен курстарға
қатыстыру болып табылады.
2016 жыл ішінде Мемлекеттік жастар саясаты І
мектебінің оқыту семинарлары ӛткізіліп, ауқымды шарасы
жүзеге асырылды. Бұл мектептің қызметінің басты мақсаты ЖРО қызметкерлерінің
біліктіліктерін арттыру, жастармен жұмыс жасау бойынша үздік қазақстандық
тәжірибелермен алмасу және республикалық жастар саясатын іске асыру тәжірибесін
меңгеру болып саналады. Сарапшы ретінде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының
басқарма басшысы Наурызбаев Нұрлыбай және Ақмола облысы жастар ресурстық
орталығының директоры Ысқақов Тимур қатысты.
2017 жылы да осы жұмыс жалғасып келеді, «18» және «19» сәуірде біліктілігі
жоғары мамандардың қатысуымен мемлекеттік жастар саясатының ІІ мектебі ӛткізілді.
Мектеп қатысушылары облыс кӛлеміндегі жастар ресурстық орталықтарының басшылары
мен мамандары болды. Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жӛніндегі
басқармасының қолдауымен жобаның негізгі ұйымдастырушылары – Қостанай
облысының жастар ресурстық орталығы және Бірлескен ұйымдар қауымдастығы.
Семинар тӛңірегінде келесі тақырыптар бойынша семинарлар ӛтті: «Жастар ресурстық
орталықтары қызметтерінің болашағы», «Бейресми
білім беру әдістемелері мен қағидаттары», «Жобалар
мониторингі,
стратегиялық
жоспарлау
және
басқару», «Жастармен жұмыс жасау әдістері»,
«Еріктілер қозғалысын дамыту», «Ғаламтор желісі
мен әлеуметтік желілердегі жұмыс» және басқалар.
Сонымен қоса, жыл бойы ЖРО мамандары
мен Қостанай облысы қалалары мен аудандарының
ішкі саясат бӛлімі қызметкерлеріне арналған екі
күндік оқыту лагерін ұйымдастыру жоспарланып
отыр. Лагерге дейін семинар – тренингтер ӛткізіледі.
14
«Жас маман» жобасы
Қызылорда облысының жастар ресурстық орталығы
Жұмыссыздық деңгейін тӛмендету мен алдын
алуға бағыттала отыра, жастарға кәсіптік бағдар беру,
еңбек жасақтарының қызметін дамыту, әр түрлі
санаттағы жастар арасында түрлі бағыттағы оқу
курстарын, семинар-тренингтерін және ӛмірге қажет
дағдылар бойынша біліктіліктері мен білімдерін арттыру
мақсатында Қызылорда облысының жастар ресурстық
орталығы ӛңір кӛлемінде «Жас маман» жобасын жүзеге
асыруда.
Жоба жастарды жұмыспен қамтуға, кәсіптік
даярлауға, жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, еңбек нарығында осы заманғы
ӛндірістік технологияларға ие құзыреттерді және сұранысқа ие еңбек ресурстарын
дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Жоба аясында жастар үшін ағылшын тілі бойынша Beginner және Elementary
деңгейінен бойынша сабақтар, компьютерлік біліктілікті арттыру курстары ӛткізілуде.
2017 жылдың 8 сәуірі күні ағылшын тілі курсына қатысушыларды тіл үйренуге және шет
елде білім алуға ынталандыру мақсатында «Work and
travel»,
«Академиялық
ұтқырлық»
бағдарламалары
бойынша АҚШ-та жұмыс жасап келген және Польшада
білім алған жастармен кездесу ӛтті. Кездесуде дамыған
елдерде
білім
алудың
артықшылықтары
және
мүмкіндіктері жайлы сӛз қозғалып, курсқа қатысушылар
тәжірибелі жастармен еркін пікір алмасты.
Сонымен қатар, №140 жалпы білім беретін орта
мектебінің және №264 мектеп-лицейінің 9 сынып
оқушыларына арналған «Мамандықты дұрыс таңда»
тақырыбында тренингтер ұйымдастырылды. Тренингтерді
«Ізет» қоғамдық қорының директоры Шыңғыс Үмбетаев жүргізді.