Жастар ресурсты қ орталықтары мен жастар



жүктеу 352,59 Kb.
Pdf просмотр
бет6/10
Дата01.01.2018
өлшемі352,59 Kb.
#6577
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

15 

 

«Тҧлға жолы» жобасы 



 

Павлодар облысының жастар бастамаларын дамыту орталығы  

 

Жастарға  патриоттық  тәрбие  беру  шаралары 

тӛңірегінде Павлодар облысының жастар бастамаларын 

дамыту  орталығы  2016  жылдан  бастап  тұрақты  түрде 

«Тұлға  жолы»  жобасын  іске  асырып  келеді.  Жоба 

жастардың танымал тарихи тұлғалардың ӛмір жолымен 

танысуына бағытталған. 

Жоба  аясында  2016  жылы  «Әлихан  жолы» 

саяхаты  ұйымдастырылған  болатын.  Саяхаттың  басты 

мақсаты  –  қоғам  қайраткері,  педагог,  журналист, 

этнограф  Әлихан  Бӛкейхановтың  150  жылдығын  атап 

ӛту  аясында  қоғам  қайраткері  тұрған,  ӛмір  сүрген  және  жұмыс  жасаған  жерлерді  аралау 

болды. Әлихан Бӛкейханов қазақтың қоғам қайраткері, ұстаз, этнограф. «Алаш» партиясы 

кӛшбасшыларының  бірі,  Қазақстан  бойынша  уақытша 

Үкіметтің комиссары (1917). Алаш автономиясына 1917-

1920  жылдар  аралығында  Тӛраға  болған.  1-мемлекеттік 

думаға  Семей  облысы  атынан  қатысқан  алғашқы  мүше 

болған. 


Қоғам 

қайраткерінің 

қалыптасу 

ӛміріне 


байланысты  саяхат  Павлодар  қаласынан  басталды 

(аттанатын  орын)  –  әрі  қарай  Семей  қаласы  (Алаш 

автономиясының  астанасы)  –  Алматы  қаласы  (Әлихан 

Бӛкейханов  мұражайы)  –  Қарағанды  облысының 

Ақтоғай ауданының Қаратал ауылы (Бӛкейханов туған 



жер) – Павлодар (мәре). Барлығы – 3300 шақырым жол 

жүрілді. 

Әр елді мекенде жастармен кездесулер ӛткізілді, 

Павлодар  облысы  жастары  концерттік  бағдарламалар 

ұйымдастырды. 

Саяхатқа 

жас 

тарихшылардың, 



этнографтардың, 

ақындар 


мен 

әншілердің 

қатысқандығын  атап  айту  керек.  Қорытындысында 

«Әлихан жолы» атты деректі фильм әзірленді.  

Осы  сапардың  сәтті  ӛткізілгенінен  кейін 

«Серпіннің  серпілісі»  атты  тағы  бір  сапар  ұйымдастырылды.  Сапардың  мақсаты  - 

«Серпін»  бағдарламасы  бойынша  білім  алушы  студенттерді  Павлодар  облысының 

танымал  жерлерімен,  Ертіс  маңының  тарихи,  экономикалық  және  мәдени  әлеуетімен 

таныстыру. 

«Тәуелсіздік  25  жылдығы  кӛпірі»  сапар  басталатын  нүкте  болды,  одан  кейін 

студенттер облыс қалаларына аттанды. Сапардың соңғы 

нүктесі  Баянауыл  ауданы  болды.    Жоба  қорытындысы 

ретінде «Серпіннің серпілісі» атты бейнебаян әзірленді. 

2017  жылы  «Серпіннің  серпілісі»  экспедициясы 

Қарағанды,  Кӛкшетау,  Петропавл,  Қостанай,  Рудный 

және Астана қалаларын біріктіреді деп жоспарлануда. 10 

күн бойы экспедиция қатысушылары, жоба ӛкілдері осы 

бағдарлама  бойынша  ӛңірлерде  білім  алып  жатқан 

студенттермен  және  елді  мекен  жастарымен  кездесулер 

ӛткізетін болады. 



 


16 

 

Жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерін аттестаттау 



 

Павлодар облысының жастар бастамаларын дамыту орталығы  

 

2016  жылдың  мамыр  айында  Павлодар  облысының  жастар  бастамаларын  дамыту 

орталығы  облыстың  жастар  орталықтары  қызметкерлерінің  аттестациядан  ӛту  тәртібін 

реттейтін Ереже қабылдады.  

Аттестация  жүргізудің  негізгі  қағидаттары  ашықтық,  алқалық,  жұмыскерлерге 

қатысты  объективті  кӛзқарасты  қамтамасыз  ету,  жүйелілік  және  қызметкер  жұмысын 

бағалаудағы тұтастық болып табылады. 

Аттестация  жүргізудің  басты  мақсаты  –  жастар  ресурстық  орталықтары 

қызметкерлерінің құзырларының деңгейін анықтау.  

1)  жастар  саясаты  саласы  қызметкерлерінің  жұмысының  тиімділігін  бағалайтын 

бірыңғай жүйе әзірлеу; 

2) білікті кадрлар резервін қалыптастыру; 

3) қызметкерлерді ӛзін ӛзі оқыту мен біліктіліктерін арттыруға ынталандыру. 

Жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерінің кәсіби қызметіне баға беру үшін  

біліктілік комиссиялары құрылады. 

Жастар  ресурстық  орталықтары  қызметкерлерінің  кәсіби  біліктілігі  4  деңгейге 

жіктеледі: А, B, C, D.  

Әр  деңгей  бойынша  біліктілік  талаптарын  біліктілік  комиссиясы  бекітеді  және  ол 

қызметкердің ӛтініші негізінде жұмысын бағалайды. 

ЖРО  әрбір  қызметкері  жұмысын  бағалау  бойынша  барлық  нәтижелер  дербес 

құзыреттіліктер картасында кӛрсетіледі. 

Басқа  мекемеге  жұмысқа  ауысу  барысында  оған  берілген  немесе  бекітілген 

біліктілік  кӛрсетілген  куәлік  беріледі,  құзыреттілік  картасы  қосымша  ретінде 

тапсырылады.  

Біліктілік комиссиясының отырыстары кемінде жылына екі рет болады. 

Біліктілік  комиссиясы  қызметкерлердің  жұмысын  бағалау  критерийлеріне 

ӛзгертулер  енгізеді  және  бекітеді,  қызметкердің  жұмысын  растайтын  қосымша 

материалдар талап етуге құқылы.  

Біліктілік комиссиясы шешімді ашық түрде дауыс беру арқылы қабылдайды және 

қабылданған шешім хаттамамен ресімделеді, ӛз кезегінде бұл жұмыскермен еңбек келісім-

шартын бұзуға немесе басқа жұмысқа ауыстыруға негіз бола алады.  

2016  жылы  алғаш  рет  Павлодар  облысының  аудандары  мен  қалаларының  жастар 

ресурстық  орталықтарының  қызметкерлері  арасында  аттестация  алдын  ала  әзірленген 

Ережелерге сай жүргізілді.  

Біліктілік  комиссиясының  құрамына  жастар  саясаты  мәселелері  жӛніндегі 

басқармасының  барлық  мамандары,  облыстың,  қалалардың/аудандардың  ЖРО 

біліктіліктің ең жоғары деңгейін дәлелдеген әкімшілік құрамы кірді. 

Аттестациядан ӛткен 44 қызметкердің қорытынды кӛрсеткіштері бойынша: 



- біліктіліктің ең жоғары деңгейі (А)  12 қызметкерге; 

- бірініші деңгей (В) – 9 қызметкерге;  

- екінші деңгей (С)  14 қызметкерге; 

- үшінші деңгей (D) – 9 қызметкерге берілді. 

Орталықтардың  аттестациядан  ӛткен,  біліктілік  куәлігі  мен  құзыреттілік  картасы 

берілген 7  маман әр түрлі ұйымдарға жұмысқа шақырту алды. 

Орталықтың аттестациядан ӛтпеген қызметкерлері ұйымдағы жұмыс ӛтілі 6 айдан 

асқаннан кейін, ағымдағы жылы жеке аттестациядан ӛткізілетін болады. 

 

 

 



жүктеу 352,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау