«Бастауыш мектепте есептерді шығаруға үйрету технологиясы»



жүктеу 0,74 Mb.
Pdf просмотр
бет17/25
Дата01.01.2018
өлшемі0,74 Mb.
#6500
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25

 

59 


 

 

ә)  пропорционал  және  кері  пропорционал  шамалармен 



таныстыру: 

бағасы, саны. құны («М— 3», 11, 66-беттер); 

жылдамдық, уақыт, қашықтық: кездесуге берілген есептер («М- 

4», 67-88-беттер); 

қарама-қарсы  козғалысқа  берілген  есептер  («М—  4»,  83,  84-

беттер). 

 

Негізгі әдебиеттер: 6,7,8,10,11,12,13,14,15,16 

Қосымша әдебиеттер: 4,5,6 

 

№5  дәрістің  тақырыбы:  Бастауыш  мектепте  математиканы 

оқытуда құрама есептерді шығаруға үйрету технологиясы 

 

1.  Бастауыш  мектепте  математиканы  оқытуда  құрама  есептерді 

шығаруға үйретуді оқыту міндеттері 

2.  Бастауыш мектепте математиканы оқытуда құрама есептерді 

шығаруға үйрету технологиясының мазмұны 

3. Құрама есептерді шеше алу білігін қалыптастыру  

 

1. Бастауыш мектепте математиканы оқытуда құрама 

есептерді шығаруға үйретуді оқыту міндеттері 

Оқытудың міндеттері 

1.  Әр  түрлі  жай  есептердің  бірігуі  ретіндегі  құрама  есеппен 

оқушыларды таныстыру. 

2. Құрама есептерді жай есептерден және басқа тапсырма түрлерінен 

ажыратуға үйрету. 

3.    Жай  есептерді  құрама  есептерге  және  керісінше  айналдыра  алу 

білігін қалыптастыру. 

4.  Әр түрлі құрама есептерді салыстыра алу білігін дамыту. 

5. Есеппен жұмыстың жалпы тәсілдерін пайдаланып және шешуін әр 

түрлі тәсілмен жаза отырып, құрама есептерді шешу білігін бекіту. 

6. Арифметикалық амалдардың қасиеттері мен зандары туралы білім 

негізінде құрама есептерді әр түрлі тәсілмен шығаруға үйрету. 

7. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша есептер құрастыруға үйрету. 

8.  Кері және өзара кері есептер құрастыру мен шешуге үйрету. 



 

 


 

60 


 

 

2.  Бастауыш мектепте математиканы оқытуда құрама 



есептерді шығаруға үйрету технологиясының мазмұны 

1.  Құрама  есептерді  енгізуге  дайындық  төмендегідей  іс-әрекет 

түрлерін қамтиды: 

а)  жай  есептерді  шығару  және  оларды  салыстыру  («М—  2»,  3,  4,  7-

беттер); 

ә)  күрделі  өрнектермен  (2  және  одан  да  артық  амалдар)  таныстыру 

және өрнектердегі амалдарды орындау ретімен таныстыру («М— 2», 

40-бет); 

б)    біршама  өзгерген  есептерді  шығару:  сұрақсыз  («М—  2»,  43,  44-

беттер); 

«Бір  банкада  10  тұздалған  қызанақ  бар,  ал  екіншісіңде  4  қызанақ 

арты.» 


Деректері жеткіліксіз («М- 2», 46, 47-беттер). 

«Бір ыдыста 2 л шырын бар, ал екіншісінде □ л шырын бар. Екінші 

ыдыста неше литр шырын бар?» 

«Дәулеттің  бірнеше  қарындашы  бар  еді.  Ол  2  қарындашты  досына 

берді.  Онда  □  қарындаш  қалды.  Дәулеттің  неше  қарындашы  болған 

еді? » 


Берілген  тапсырма  есеп  бола  ма,  анықтау  керек.  Неліктен? 

Тапсырма есеп болуы үшін не істеу керек? 

Біріншісінде: сұрақ қою керек. 

Екіншісінде:  жеткіліксіз  деректерді  толықтырып,  сұрақты 

өзгерту керек: «Екі ыдыста барлығы неше литр шырын бар?» 

Үшіншісінде: жетіспейтін деректерді толықтыру. 

2. «Құрама есеп» ұғымын енгізу: 

а) шарты мен сұрағы тығыз байланысты екі есепті шығару. 

«Арманда 12 кітап, ал Бейбітте 8 кітап бар. Балалардың барлық 

кітаптары нешеу? » 

12+8=20 (к.) 

«Арман  мен  Бейбітте  20  кітап  бар.  Оның  5-еуін  кітапханаға 

сыйлады. Оларда неше кітап қалды?» 

20-5=15 (к.) 

Оқушылар  екі  есепті  салыстырады,  шығарады  жәнс  есептердің 

арасында байланыс бар екенін байқайды. 

ә)  Біреуінің  деректері  жетпейтін,  оны  бірінші  есепті  шығару 

арқылы табуға болатын екі есепті шығару («М- 2», 47-49-беттер). 




 

61 


 

 

«Әкесі 13 кг алма және 5 кг алмұрт сатып алды. Әкесі барлығы 



неше килограмм жеміс сатып алды?» 

13+5=18 (кг). 

«Әкесі  сатып  алынған  □  кг  жемістің  10  кг-ын  атасына  жіберді. 

Неше килограмм жеміс қалды?» 

Оқулықта  «құрама  есеп»  ұғымын  енгізуге  дайындайтын 

материалдар  жүйесі  берілген,  атап  айтсақ,  бірінші  есепті  шығармай, 

екінші тапсырманы есепке айналдыруға және шығаруға болмайды. 

б)      Үш  өзара  кері  есептерді  шығару,  оның  екеуінің  деректері 

толық  емес,  яғни  есеп  емес  және  бірінші  есепті  шығарып  есепке 

айналдыруға болады («М- 2», 50, 51-бет-тер). 

в)  Тікелей  кұрама  есепті  енгізу  алдында  екі  есепті  шығару, 

олардың  шарты  мен  сұрағы  тығыз  байланысты:  бірінің  шешуі 

екіншісінің  шарты  болады,  яғни  екінші  ессп  біріншінің    жалғасы 

болып табылады («М— 2», 53-бет). 

«Қыстаққа  20  машина  шөп  және  16  машина  жем  әкелінді. 

Барлығы неше машина жемшөп әкелінді?» 

 

г)  Құрама  есеппен  таныстыру  сабағында  оның  екі  жай  есептен 



құралатынын  оқушыларға  керсету  қажет:  оның  біреуі  екіншісінің 

жалғасы болатын екі есепті шығару, оларды салыстыру және екі жай 

есептен бір құрама есеп құрастыру: 

1.  «Азаттың  10  жолды  және  5  тор  көз  дәптерлері  бар.  «Азатта 

барлығы неше  дәптер бар?» 

 

2.  «Азаттың    15  жолды  және  тор  көз  дәптерлері  бар  еді.  Ол  3-



еуін інісіне берді. Азатта неше дәптер қалды?» 

Болғаны — 15 д. 

Сыйлады — 3 д. 

Қалғаны - ?                         15-3=12 (д.) 

Есептерді  салыстырып,  қорытынды  жасаймыз:  есептер  өзара 

байланысты; бірінші есептің шешуі екіншісінің дерегі болады. 




жүктеу 0,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау