Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
167
Бидайдың интенсивті жаңа сорттары басқа сорттарға қарағанда кеш егілгенін
қалайды, олар ерте егілсе тез дамып, кӛптеген аурулардан және сыртқы ортаның қолайсыз
жағдайларынан тӛзімділігі нашарлап кетеді.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығысында күздік бидайды себу мерзімі
сорттардың биологиялық ерекшелігіне байланысты дифференциацияны талап етеді.
Дәнді дақылдарды ӛсіру шаруашылықтарында кӛп ауданды жерлерде егу
техникаларының жетіспеушілігінен аз уақытта барлығын сеуіп шығу мүмкін болмайды,
кейде кыркүйектің басынан қарашаның ортасына дейін баруы мүмкін. Осыған
байланысты күздік бидай сорттарының дұрыс дифференциациясының қажеттілігі
туындайды.
Себу мерзіміне байланысты түсімділік ұлғаюының ӛзгерісі кӛбінесе себу
мӛлшеріне және күздік бидайдың минералды қоректенуіне және ӛсірілген сорттардың
биологиялық ерекшелігіне тәуелді. Біздің зерттеген сорттарымызда әртүрлі себу
мерзімінде және себу мӛлшерін кӛбейткен сайын оның ӛнімділігі тӛмендей түсті, Алмалы,
Лютесценс 42 Эритроспермумнің 217, 317, 256, 596 сорттары 20.10 күні себілгенде және
себу жиілігі 1,5-2,5 млн дән болғанда жоғары ӛнімділікті кӛрсетті, ал ерте 20.09 күні және
себу мерзімі 2,5 -5,5 млн дән болғанда тӛменгі ӛнімділікті кӛрсетті (1-сурет).
0,00
25,00
50,00
75,00
100,00
125,00
150,00
175,00
200,00
Алмалы Эрит-317
Л 42
Эрит-217 Эрит- 596 Эрит- 256
20.10. 1,5-
2,5млн
20.09.2,5-
5,5 млн
20,10 2,5-5,5
1-сурет. Себу мерзімі мен себу мӛлшерінің ӛнімділікке әсері
Күздік бидай ӛсімдігінің ерте кезеңінде морфологиялық, анатомиялық құрылымын
зерттеу арқылы қандай ӛнімділік алуға болатындығына диагностика жасауға болады.
Сорттарды себудің мӛлшерін айқындау үшін кӛптеген факторларды ескеру қажет. Себу
мӛлшері себу мерзіміне және егу тәсіліне,
алғы егіске, егісті күту технологиясына топырақ
құнарлығына және басқа факторларға тәуелді. Ӛте сирек немесе ӛте жиі
себілген жағдайда
жоғары ӛнімді сорттар жоғары және тұрақты ӛнімділік бере алмайды.
Біздің зерттеуге алынған жоғары ӛнімді сорттар болғандықтан себу мӛлшері 110 кг
гектарына алынды. Зерттеу барысында себу мӛлшерінің оптимальды мӛлшері әр сортта
әртүрлі болатындығы байқалды. Күздік бидайдың сабақтары ӛте сирек немесе ӛте жиі
ӛскенде жоғары және тұрақты ӛнімділік алуға кепіл бола алмайды.
Күздік бидайдың жоғары ӛнімділігі басты екі жағдайға байланысты: уақытында
шыққан ӛскіндер - олардың қыстап шығуына және жақсы ӛсуіне ықпал етсе; уақытында
ӛсімдікті сумен қамтамасыз ету, күзгі ылғал және кӛктемгі кезеңде қажет ылғалмен
қамтамасыз етілуі.
Жоғары және тұрақты ӛнімділік алу үшін суаруда ең маңыздысы сорттар болып
табылады, олардың жоғары ӛнімділігі, қысқа тӛзімділігі, құрғаққа және ауаның жоғары
температурасына тұрақтылығы, жапырылуға тӛзімділігі және жоғары ылғалмен
қамтамасыз етілуге бейімделуі.
Тәжірибе барысында күздік бидай Алмалы сортының жапырақ кӛлемінің ауданына
себу тәсілдерінің, қатарлап, кең жалдап, жалға екі қатарлап себу, жалға үш қатарлап себу
мӛлшерлерінің әсері 1-кестеде кӛрсетілген. Себу мӛлшері артқан сайын 5 млн. дән
гектарына болғанда, түптену кезеңінде 22,4 мың м/га, түтіктену кезеңінде 33,1 мың м/га,
168 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
масақтану кезеңдерінде жапырақ ауданы 60 мың м/га-на артты, ал сүттену кезеңінде 20,6
мың м/га-на күрт тӛмендеді.
Себу мӛлшерінің 1,5 млн. дән болғанда 17,3, 28,9, 48,1, 15,9 мың м/га ауытқып
отырды. Сондықтан, 5 млн. дән сепкенде шығатын шығынды салыстырсақ, 1,5 млн. дән
сепкен тиімді екендігіне кӛз жеткіземіз (1-кесте).
1-кесте Ӛсімдіктің ӛсіп-ӛну кезеңіндегі жапырақ ауданының себу тәсіліне және тұқымның
себу мӛлшеріне байланыстылығы
Сорт
Себу тәсіл
Себу
мӛлшері
Ӛсу кезеңдері
түптену
түтіктену
масақтану
Сүттеніп пісу
Ал
м
ал
ы
Қатарлап
5,0
23,8
33,1
60,8
20,6
Кең жалдап
4,0
22,4
32,1
53,9
18,5
Жалдап екі
қатарға
1,5
17,3
28,9
48,1
15,9
2,5
19,3
30,6
51,6
16,5
3,5
20,6
31,5
53,8
17,6
Жалдап үш қатарға
1,5
15,7
26,2
39,0
13,1
Жалау жапырақтың ауданы ӛнімділікпен оң корреляцияда болатындығы белгілі,
неғұрлым жапырақ ауданы үлкен болса, фотосинтез жүретін аудан үлкейеді, фотосинтез
қарқынды жүретін болса, ӛнімділік артуына ықпал етеді, әсіресе бидайдың жалау
жапырағының ӛнімділікке әсері жоғары болатындығы дәлелденген, біздің зерттеу
нәтижесі оны нақтылай түседі.
Суару тәсілінің ӛнімділік қалыптасуына айтарлықтай әсер ететіндігі айқындалып
және оның сорттың биологиялық ерекшелігіне минералды қоректенуіне және себу
мӛлшеріне байланыстылығы белгілі болды. Жалдағы арық арқылы суаруда себу
мӛлшерінің ӛнімділік қалыптасуға қатынас пайызы артатындығы анықталды.
Суарылатын ашық каштанды топырақта ӛскен күздік бидайдың ӛнімділігінің
қалыптасуына зерттелген факторлардың қатысуының пайыздық ӛзгеруі келесідей:
- сорттар – 12,3%, тыңайтқыш – 70,7% және себу мӛлшері – 4,5% себу мерзімі ерте
болғанда;
-сорттар – 21,2%, тыңайтқыш– 57,5% себу мӛлшері – 4,3% себу мерзімінің кеш
болуы.
Статистикалық талдау мәліметтерінен, күздік бидайдың ӛнімділігінің қалыптасуы
біріншіден минералды қоректену жағдайына, екіншіден сорттардың биологиялық
ерекшелігіне және себу мӛлшеріне тәуелді екендігі мәлім болды. Ашық каштанды
топырақта сорттың ӛнімділік қалыптасуына қатынасу пайызы және олардың рӛлі
суарылған жағдайда себу мерзімі кеш болғанда жоғарылайтыны айқындалды. Сонымен
оңтүстік және оңтүстік шығыс Қазақстан жағдайында күздік бидайды себудің оптимальды
мерзімі 20 қыркүйектен 5 қазан аралығында сорттардың биологиялық ерекшелігіне қарай
анықтау қажет.
Себу мӛлшерін жоғарылатқан сайын, борозда арқылы суару тиімділігі арта түседі,
ӛнімділік 4-11 ц/га-ға ӛседі. Зерттеу барысында Алмалы сорты ерекшеленіп, ӛнімділігі
суару тәсіліне орай арта түсті.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. М.С.Қапасова, А.К.Сарқытбаева «Жаңа технологиямен ӛсірілген бидайдың морфо
- анатомиялық құрылысына экологиялық факторлардың әсері» // Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті Хабаршысы // №1, 2009,Алматы. Б.180-185
2. М.С.Қапасова «Жаңа Мексикалық технологияның күздік бидайдың морфо-
анатомиялық құрылысына әсері» //Известия вузов//№1, 2009, Бишкек. Б.304-310
3.Масанобу Фунуока «Революция одной соломинки» (Введение внатуральное
земледелие) 2008г. http://www.ganeymoledet.org