Ф и з и к а әож 3. 049. Физика сабақтарында



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет45/89
Дата01.01.2018
өлшемі5,03 Kb.
#6313
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   89

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 97
 
ә)  Мәліметтер  қорымен  жұмыс  жасайтын  барлық  программа  басқа  программадағы 
ӛзгертулерден оқшауланған болуы тиіс. 
1.  Мәліметтер  қорында  мәліметтер  мүмкіндігінше  қайталанбауы  тиіс,  яғни,  артық 
мәлімет болмайтындай етіп, сақтауды ұйымдастыру. 
2.  Жан-жақты  байланысты  орнату  және  қолдау.  Мұндай  байланыстар  қандай  да  бір 
файлды әр түрлі қолданбалы программалардан шақыруды ұйымдастырады. 
3.  Үзіліссіз  дамытылуы,  яғни,  барлық  уақытта  мәліметтер  ӛзгертіліп  және  кеңейтіліп 
отыру мүмкіндігі бар. 
4.  Мейлінше аз шығындану, яғни, жадыдан кӛп орын алмау. 
Мәліметтер қорын жобалау кезеңдері 
Мәліметтер қорын жобалауда мәліметтерді ұйымдастыруды үш кезеңде: ақпаратты –
логикалық (инфологиялык), даталогиялық (концептуалдық) және физикалық деңгейлерде 
қарастыру  қабылданған.  Бұл  деңгейлерге  пәндік  саланың  инфологиялық,  концептуалдық 
және физикалық модельдері сәйкес келеді. 
Мәліметтер  қорын  құратын  және  оларға  сұрауды  ӛңдейтін  бұл  -  мәліметтер  қорын 
басқару  жүйелері  болып  табылады.  Дербес  МҚБЖ  бір  компьютерде  орындалатын  жеке 
мәліметтер  қорын  құруды  қамтамасыз  етеді.  Жеке  МҚБЖ  –  Paradox,  dBase,  FoxPro, 
Access.  Комплекстік  мәліметтер  қорын  программалаудың  ортасы  кӛмегімен  құруға 
болады. Мысалы, Delphi, Visual Basic т.б. 
Visual  Basic  ортасы  Access,  FoxPro,  Dbase,  Paradox  форматындағы  мәліметтер 
қорымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 
Қазіргі  таңда  қолданылатын  мәліметтер  қоры  «клиент-сервер»  архитектурасымен 
жұмыс істейді. Visual Basic ортасында клиент-сервер архитектурасымен жұмыс істеу үшін 
ADO  (ActiveX  Data  Objects)  технологиясы  қолданылады,  бұл  мәліметтер  қорына  ену 
әдістерін қамтитын жаңа технологиялардың бірі. 
ADO технологиясын Access, Oracle, SQL, және т.б. мәліметтер қорына қосылу үшін 
қолдануға  болады.  Бұл  технологияда  МҚ-на  тез  және  ыңғайлы  түрде  қосылуға  мүмкін 
беретін  OLE  DB  жаңа  механизмі  қолданылады.  ADO  технологиясында  OLE  DB 
драйверлері бар кез келген МҚ-на қосылу мүмкіндігі бар. 
VB  қосымшаларында  ADO  технологиясын  жүзеге  асыру  үшін  үш  түрлі  құрал 
қолданылады: 
1. ADO Data Control 
2. ADO Connection Object (МҚ-на қосылуды жүзеге асыратын объект) 
3. ADO  Recordset  Object  (жазбалар  жиынтығы  мен  жұмыс  істеуге  арналған  объект) 
ADO Connection Object және ADO Recordset Object объектілері DLL – кітапханалар болып 
табылады.  Сондықтан  олармен  жұмыс  істеу  типтер  кітапханасына  сілтеме  жасау 
кӛмегімен   іске асады, яғни қасиеттер, әдістер, оқиғалар және мәліметтер типтері осында 
орналасқан. 
Visual Basic ортасында мәліметтер қорын, кестелерді құру және оларды ӛңдеу үшін 
Visual  Data  Manager  қосымшасы  қолданылады.  Мәліметтер  қорында  сақталатын  буманы 
кӛрсетіп  мәліметтер  қорына  атау  бергеннен  кейін  оның  құрамына  кіретін  кестелер, 
индекс, кілттік ӛрістер құруға болады. 
Visual Basic ортасында мәліметтерді кесте режимінде кӛру үшін DataGrid, FlexGrid, 
DataBoundList  компоненттері,  ал  форма  режимінде  кӛру  үшін  ListBox,  TextBox, 
ComboBox компоненттері қолданылады. 
Visual Basic ортасында мәліметтер қорымен байланыс орнату үшін ADO Data Control 
6.0 басқару элементін қолданамыз. 
Мәліметтерді  ӛңдеу  үшін  SQL  құрылымдық  сұраулар  тілі  қолданылады. 
Мәліметтерді таңдап алуда Select  операторы қолданылады. Бұл оператор SQL операторы 
тілінің негізгі  операторы болып табылады, ол күрделі  критерийлерді қанағаттандыратын 
жазбаларды таңдап алуда қолданылады. 


98  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
Visual  Basic  ортасында  Crystal  Reports  pro  программасының  кӛмегімен  есептерді 
құруға болады. Бұл программаны қолдану үшін оны алдымен компьютерге орнату керек. 
Crystal  Reports  pro  программасы  орнатылғаннан  кейін  Visual  Basic-ті  іске  қосамыз. 
AddIns менюінен ReportDesigner программасын таңдаймыз. Ашылған диалогтық терезеде 
жаңа  есепті  құру  үшін  File-New  компонентін  орындаймыз.  Есеп  шебердің  кӛмегімен 
құрылады. Шебердің жұмысы бірнеше қадамнан тұрады. Барлық  қадамды орындағаннан 
кейін  есепті  алдын  ала  кӛру  режимінде  кӛруге  болады.  Егер  есеп  ӛз  қалауымызша 
шықпаса,  оған  әртүрлі  түзетулер  енгіземіз.  Ол  үшін  design  жапсырмасына  кӛшеміз.  Бұл 
бӛлім есептің құрылымын ӛзгертуге  мүмкіндік береді. Яғни, бұл  жерде ӛрістің орналасу 
ретін ауыстыруға, әртүрлі шрифт түрлерін таңдауға, артық ӛрістерді жоюға, графикалық 
бейнелерді  орналастыруға  және  т.б  орындауға  болады.  Есеп  кеңеймесі  rpt  түрінде 
сақталады.  Есепті  қосымшада  қолдану  үшін  стандартты  емес  элементті  (Crystal  Report) 
жобаға қосу керек. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.Тим Андерсон. Visual Basic «Шаг за шагом». – Москва, 1997.-223 б. 
2. 
К.З.Халықова, 
Б.Ғ.Бостанов, 
А.Р.Тұрғанбаева 
Обьектілі 
бағдарланған 
программалау жүйелерінің негіздері. – Алматы, 2005. 
3. Д.П. Мак-Манус. Обработка баз данных на Visual Basic 6.0.М, С-П, Киев, 2000. – 
396 б. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  этой  статье  рассматривается  принципы  проектирования  базы  данных  в  среде 
Visual basic. Также приведены условие при проектировании базы данных.  
  
SUMMARY 
This article deals with the principles of database design in the environment of Visual basic. 
Also given the condition in the design of the database. 
 
 
 
ӘОЖ 378.02:37.031.4 
МҦҒАЛІМНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ 
КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ 
М.И.Салғараева – 2-курс магистранты, Н.С.Қатаев – п.ғ.к., аға оқытушы 
 (Алматы қ., Қазмемқызпу) 
 
Аннотация:  Бұл  жұмыста  мектеп  мұғалімдерінің  ӛз  қызметінде  ақпараттық  және 
коммуникациялық  технологияны  тиімді  пайдалануы  мен  оларды  қолдану  деңгейлері 
жайлы мәселелер қарастырылған. 
Түйінді  сӛздер:  ақпараттық  және  коммуникациялық  технологиялар  (АКТ),  ақпарат, 
мұғалім, амал, құрал. 
Мұғалім  дайындығының  негізгі  базасы  ақпараттық  және  коммуникациялық 
технология (АКТ) кӛмегімен ӛз қызметін тиімді ұйымдастыру және оның ішкі тәртібінің 
игерілуін  жоғары  деңгейде  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Мұғалімнің  кәсіби 
қызметіндегі  АКТ  құралдарының  тәжірибе  жүзінде  қолданылуы  дайындық  нәтижесін 
бағалауды  және  оның  кӛмегімен  ақпараттық  қызметтің  ұйымдастырылу  тәсілін  игеру 
деңгейімен бӛліп кӛрсетеміз.  
Таңдалған деңгейдің алғашқы шарты ретінде АКТ құралдарының кӛмегімен ақпарат 
қызметінің жүзеге асуы кезінде әрекеттің және дербестіктің жүйелерін таңдаймыз. Осыған 
байланысты  В.П.Беспалько  ұсынған  әрекет  деңгейі  жүйесінің  бейімделуін  ақпарат 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау