Ф и з и к а әож 3. 049. Физика сабақтарында



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет42/89
Дата01.01.2018
өлшемі5,03 Kb.
#6313
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   89

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 91
 
ӘОЖ 378.016.02:004.9(574) 
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ ҚҦРАЛДАРЫН ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 
МЕН ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ  ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МАЗМҦНЫ 
 
Б.Ғ.Бостанов - п.ғ.к., М.Адеев – магистрант (Алматы қ., ҚазҰПУ)
 
 
Аннотация:  мақалада  болашақ  информатика  мұғалімдеріне  электрондық  оқыту 
құралдарын  жасау  технологиялары  мен  оларды  пайдалануды  оқытудың  қажеттілі 
анықталынып,  оқытудың  мақсаттары  мен  мазмұнын  анықтауда  ескерілетін  мәселелер 
туралы айтылған.  
Түйін  сӛз:  электрондық  оқыту  құралдары  (ЭОҚ),  иерархия,  метасипаттау, 
метаақпарат, визуалды дизайн, инновация.
 
Оқыту  жүйесінің  элементтері:  мақсаттар,  мазмұны,  әдістер,  оқытудың  құралдары 
мен  ұйымдастырушылық  формалары,  сондай-ақ  мұғалімнің  қызметі  мен  студенттердің 
қызметі ӛзара бір-бірімен тығыз байланысты екендігі мәлім [1]. 
Сондықтан  да  информатикадан  ЭОҚ  түріндегі  оқытудың  жаңа  құралдарын 
пайдалану  жоғарыда  айтылған  элементтерге,  соның  ішінде  оқытудың  мақсаттары  мен 
мазмұнына да тікелей әсер ететіні сӛзсіз. Дидактикада оқытудың мазмұны мен мақсаттары 
басты  мәселелердің  бірі  болып  табылады.  Білім  берудің  мақсаттары  педагогикалық 
қызметте  жүйе  құраушы  қызмет  атқарады  [2].  Кӛп  жағдайда  оқыту  мен  тәрбиелеу 
әдістерін, құралдарын, мазмұнын таңдау - мақсаттарды таңдауға тәуелді болады. Ӛкінішке 
орай  шынайы  педагогикалық  тәжірибеде  мақсаттар  ашып  кӛрсетілмейді,  кӛрсетілсе  де 
толығымен емес. В.П.Беспалько кез келген оқулықта оқыту мақсатын ашып кӛрсету, соған 
сәйкес  белгіленген  мақсаттарға  қол  жеткізе  алатындай  дайындық  болуы  керектігін 
айтады. Сондай-ақ сол мақсаттарға қол жеткізуді бағалау әдістері де кӛрсетілуі керек. 
Болашақ  информатика  мұғалімін  ЭОҚ  жасауды  үйретудің  келесідей    мақсаттарын 
анықтайық: алгоритмдік және эвристикалық танымдық қызметті жүзеге асыруға, қажетті 
ӛзара  логикалық  түрде  байланысқан  пәндердің  ғылыми  түсініктер  иерархиялық  жүйесін 
студенттердің  игеруін  қамтамасыз  ету  үшін,  информатика  пәнінің  мұғаліміне  ЭОҚ 
дайындауды және ӛздерінің кәсіптік қызметінде пайдалауды үйрету. 
Арнайы курсты оқып үйренудің нәтижесінде студенттер мынаны білуі керек: қазіргі 
заманғы  ЭОҚ  жасаудың  технологиялары  мен  пайдалануын;  ЭОҚ  жобалау  мәселелері 
бойынша есепті қоя білуді және шешуді; ЭОҚ сапасын анықтайтын алғашқы сынақтарды 
жүргізуді;  ЭОҚ  жасаудың  қазіргі  заманғы  технологиялары  дамуының  тенденциялары 
жӛнінде мағлұматтарының болуы
Бұл  мақсатқа  қол  жеткізу  үшін  оқу  материалы  мазмұнының  дидактикалық  және 
әдістемелік    ӛңделуі  қажет.  В.П.Беспалько  пікірінше,  оқулық  монографиялық  емес, 
дидактикалық болу керек [3]. 
Оқулықта  материалдарды  беру,  кӛлемі,  құрылымы  мәселесі  оқыту  теориясымен 
сәйкес анықталуы керек. И.Я.Лернер оқыту мазмұнының тӛрт элементін бӛліп кӛрсетеді: 
білім,  қызметті  жүзеге  асыру  тәжірибесі,  студенттердің  шығармашылық  мүмкіндіктерін 
дамыту,  шындыққа  эмоционалдық  қарым-қатынасы  [4].  Бұл  жұмыста  дәстүрлі 
оқулықтардағы    оқыту  мазмұнының  элементтерін  беріп  кӛрсетудің  келесі  әдістері 
кӛрсетілген:  білімдер  негізінен  мәтіндер  түрінде;  қызмет  әдістері  типтік  -  тапсырмалар 
түрінде;  шығармашылық қызметті дамыту – шығармашылық тапсырмалар түрінде беріліп 
отырады;  студенттердің  қажетті  эмоционалдық  қарым-қатынасы  оқулықтарда  эмоцияға 
толы, оқырманның сезіміне әсер ететін мәтіндер есебінен қалыптасады.        
Жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолдану  негізінде  оқыту  мазмұнының 
элементтерін  бӛліп  кӛрсетуді  Т.Сергеева  дамытқан  болатын.  Бұл  үлгіде  оқытудың 
мақсаты  студентті  жеке  тұлға  ретінде  дамыту  болып  табылады.  Білім  мұнда  мақсат 
ретінде  емес,  керісінше  студенттердің  жеке  тұлға  ретінде  дамуының  құралы  ретінде 
қарастырылады.  Т.Сергеева  оқыту  мазмұнының  тӛрт  элементін  жүзеге  асырудың 


92  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
ерекшеліктерін  атап  кӛсетеді.  Бірінші  элемент  –  білімдер  жүйесі,  мұнда  студентке  бір 
емес,  бірнеше  мысалы:  физика,  математика,  биология,  химия,  т.б.  пәндер  әлеміне  енуге 
кӛмектесетін  интегралдық  сипаттағы  компьютерлік  программаларды  жасау  ұсынылады. 
Модельдеудің  үлкен  мүкіндіктері  кӛрсетілген  екінші  элемент  –  студент  меңгеруі  тиіс 
репродуктивтік  білімдер.  Компьютер  репродуктивтік  білімдерді  қалыптастырудың  күшті 
құралы екендігі сӛзсіз үшінші элемент – шығармашылық білімдер.  «Жаңалықтарды ашу 
арқылы  оқыту»  идеясын  дәріптейтін,  сондай-ақ  қиын  жағдайларды  модельдеу  жолымен 
оқытатын  арнайы  микроорталарды  қолдану  арқылы  дамытылуы  мүмкін  тӛртінші 
элемент  –  оқыту  мазмұны  студентті  жеке  тұлға  ретінде  дамытуда  маңызы  бар 
педагогикалық мәселе және ол жаңа ақпараттық технологиялар аясында оқытудың тұлғаға 
бейімделген  үлгісін  пайдалану  арқылы  тиімді  шешілуі  мүмкін.  Алайда,  ЭОҚ  нақты  бір 
құралын  пайдалану  арқылы  кез  келген  пәнді  оқытуда  алдыңғы  орынға  білімдерді 
қалыптастыру мәселесі шығады. Сол себептен біздің жағдайда «оқыту мазмұны, кәсіптік 
білімдер  мен  алғашқы  кәсіптік  тәрбиені  қалыптастырып,  студенттерге  ұсынылатын 
тапсырмалар,  жаттығулар  кешені,  оқулық  ақпаратының  мазмұны,  құрылымы,  құрамы» 
дейтін кӛзқарасты ұстанғанымыз жӛн. 
Оқу  материалының  мазмұны  ғылымның  қазіргі  күйіне  сәйкес,  сондай-ақ,  онда 
ғылыми дәлелденген, бұрынан қалыптасқан мәліметтердің болуы және оқу материалының 
мазмұны пәнаралық байланыстарды ескере отырып, қандай да бір ғылымның жүйесі мен 
логикасына сай құрылуы керек [5]. 
Оқыту  мазмұнына  қатысты  мынадай  кемшіліктерді  атап  кӛрсеткен  жӛн:  пәнаралық 
байланыстың  жоқтығын,  түрлі  пәндерде  материалдың  жӛнсіз  қайталануы,  оқулықтарда 
негізгі  мен  қосымша  материалдардың  дұрыс  бӛлінбеуі,  сұрақтар  мен  тапсырмалар 
кӛлемінің аздығы. Оқулықтың әрбір  авторы мазмұнның ғылыми деңгейін  арттыру үшін 
түрлі мәселелерді енгізуге тырысады. Оқулықтың әрбір бӛлігі, әрбір мәлімет ӛте маңызды, 
әрі  қажетті  болып  келеді.  Нәтижесінде  тым  қиындатылған,  жеке  маманға  қажетті,  бірақ 
жалпы  білім  мақсаттарына  міндетті  емес  артық  материалдардан  тұратын  курстар  пайда 
болады. «Оқулықтың тым қиындатылуы, жӛні жоқ мәліметтермен толықтырылуы жалпы 
білімге үлкен зиян келтіреді».  
Сонымен  қатар,  білім  мазмұнының  толқын  іспеттес  ұлғаюына  байланысты  әр 
оқулықта  сол  пәннің  жеке  құбылыстарын  құрайтын  құрылымдық  элементтерін  бӛліп 
кӛрсету қажеттілігін айтуға болады. Ендігі жерде сол саланың барлық жеке құбылыстарын 
оқып-үйренудің  қажеті  жоқ.  Мұндай  белгілі  білімді  бӛліп  кӛрсету  материалды  игерудің 
қажетті кӛлемін қысқартуға мүмкіндік береді.
 
ЭОҚ  жасауды  үйренудің  ӛзіне  тән  ерекшеліктері  бар.  Мұнда  міндетті  түрде  оқу 
материалының жүйелілігі мен құрылымдық-функционалдық байланысы қамтамасыз етілуі 
керек.  Оқу  курсының,  егер  оқу  материалы  жүйесіз  және  құрылымсыз  болса, 
бағдарламалық жүзеге асырылуы қиындайды. 
Білімнің әр саласында, әр ғылыми пәнде оқу материалының жеке компоненттерінің 
құрылымдық  байланысын  анықтаудың  арнайы  әдістері  жасап  шығарылуы  мүмкін. 
Мысалы,  жаратылыстану  пәндері  оқулықтарының    оқу  материалының  құрылымын 
графтар теориясы негізінде анықтау ұсынылады. 
Оқу  мазмұнын  таңдаған  кезде  оқыту  мақсаттарына  сай  болуымен  қатар,  оқытудың 
дидактикалық принциптерін ескерген жӛн. 
Ғылыми принцип оқыту мазмұнында  бұрын қалыптасқан, дәлелденген білімдермен 
қатар  тиісінше  сол  білім  саласының  жаңалықтарының  болуын  да  талап  етеді.  Ғылыми 
принципті  ескеру  педагогикалық  үрдісте  информатикадан  ЭОҚ-тың  дидактикалық 
мүмкіндіктерін зерттеп білуге кӛмектеседі. 
Информатика  пәні  бойынша  арнайы  курстың  оқыту  мазмұнын  таңдау  үшін  ЭОҚ 
жасау  технологияларының  кейбір  жақтарын,  сондай-ақ  ЭОҚ  жасаудағы  студенттердің 
қызметтерін де қарастырған жӛн.  
Информатика пәні бойынша ЭОҚ үшін оқу материалын таңдаудан бұрын студентке 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау