Ф и з и к а әож 3. 049. Физика сабақтарында



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет44/89
Дата01.01.2018
өлшемі5,03 Kb.
#6313
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   89

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 95
 
ӘОЖ 519.6; 622.011.4. 
VISUAL BASIC ОРТАСЫНДА МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН ЖОБАЛАУ 
ПРИНЦИПТЕРІ 
 
Ж.Ж. Қожамқұлова - ф.-м.ғ.к., аға оқытушы (Алматы қ., Қазмемқызпу) 
 
Аннотация: мақалада Visual basic ортасында мәліметтер қорын жобалау принциптері 
қарастырылған.  Мәліметтер  қорына  қойылатын  талаптар,  мәліметтер  қорын  жобалау 
кезеңдері келтірілген.  
Түйін  сӛздер:  VISUAL  BASIC-те  бағдарламалау  тілі,  мәліметтер  қоры,  жобалау 
принциптері, ActiveX Data Objects, ADO технологиясы. 
Бүгінгі  күнде  Microsoft  Visual  Basic  -  Windows  үшін  әлемдегі  ең  танымал 
қосымшаларды  жоспарлау  жүйесі.  Visual  Basic  орталығы  оңай  қосымшаларды  құру, 
бағдарламалау  құпияларын  тану  үшін  жаңа  тұтынушыларға  қиындық  тудырмайды, 
сонымен  қатар,  тәжірибелі  бағдарламашылар  жұмысына  мықты  құрал  болып  табылады. 
Visual Basic-пен жұмыс істеуді кез келген дайындық деңгейінде бастауға болады. 
VISUAL  BASIC  ӛзін  инструменттердің  үлкен  жиынтығын  пайдалана  отырып, 
пішіндер  мен  графикалық  объектілерді  кӛрнекі  құрастыруға  болатын  графикалық  орта 
ретінде  ұсынады.  VISUAL  BASIC-те  бағдарламалау  тілі  ол  кӛпке  таныс  BASIC 
стандарттық тілінің кеңейтілген версиясы. 
Қазіргі  кезде  Windows-те  жұмыс  істейтін  қолданбалы  қосымшалар  жасауда  Visual 
Basic  және  Object  Pascal  (Delphi)  технологиялық  тілдері  кеңінен  қолданылып  келеді. 
Windows-те  жұмыс  істейтін  қосымшалардың  қолайлылығы  –  пайдаланушы  компьютерге 
командаларды экранда кӛзге кӛрініп тұратын батырмаларды түрту арқылы беріп, нәтиже 
ала алатындығында. 
Visual Basic бағдарламасының компоненттері және олардың негізгі сипаттамалары: 
TextBox, Label, List және CommandButton компоненттерін қолданып қосымша жасау. 
TextBox  –  қосымшаға  әртүрлі  ақпарат  енгізу  және  шығару  үшін  қолданылатын 
компонент. Қосымша орындалғанда бұл ӛрісте жазылған мәтін редакцияланады. 
TextBox-тің негізгі қасиеттері: Name –объектіге ат беру, Text – ӛріске мәтін енгізу. 
Alignment – мәтінді сол жақпен, оң жақпен немесе ортамен түзету. 
Label  –  ақпаратты  шығару  үшін  қолданылады.  Кӛптеген  қасиеттері  TextBox-ке 
ұқсайды, ал одан ӛзгешеліктері: мұнда қосымша орындалғанда мәтін редакцияланбайды, 
бұл объектіні батырма ретінде де пайдалануға болады. 
Label–дің ӛзіне тән қасиеттері: Caption – жазу орнату. Бұл қасиетке мән беру кезінде 
кез келген әріптің алдына & амперсенд белгісі қойылса сол әріптің асты сызылып тұрады. 
AutoSize  –  обьектінің  шекара  ӛлшемдерін  жазудың  ұзындығына  байланысты  горизонталь 
бағытта  автоматты  түрде  созатын  бульдік  шама.  WordWrap  –  объектінің  шекара 
ӛлшемдерін  вертикаль  бағытта  созу.  BolderStyle  –  жазу  алаңының  түрін  ӛзгерту,  бұл 
қасиеттің  мәнін  1-  FixedSingle  шамасына  орнатса  жазу  алаңы  TextBox  секілді  ӛзгереді, 
бірақ ондағы жазу редакцияланбайды. 
ListBox  компоненті  бірнеше  мәтіндік  қатарлардан  тұратын  тізім  жасау  үшін 
қолданылады.  ListBox- тің негізгі  қасиеттері:  List – қатарға мән беру немесе оның мәнін 
анықтау.  Тізім  қатарлары  мәндерін  қасиеттер  терезесінде  және  программалық  код 
терезесінде  толтыруға  болады.  Тізімнің  алғашқы  қатарының  нӛмірі  0-ге  тең  болады. 
ListIndeх – толтырылған тізімнен қатардың нӛмірін анықтау. ListCount – тізімдегі қатарлар 
санын анықтау. Column – тізімді бірнеше бағандарға бӛліп кӛрсету мүмкіндігін орнатады. 
CommandButton  компоненті  батырма  жасау  үшін  қолданылатын  объектілердің  бірі. 
CommandButton-ның  негізгі қасиеттері: Caption  - батырмаға жазу  орнатады;  BackCokor  – 
батырмаға  түс  беру;  Picture  –  батырмаға  сурет  қою;  DisabledPicture  –  батырманың 
ӛшірілген  күйінде  ғана  кӛрінетін  сурет  орнату;  Down  Picture-батырманың  басылған 
күйінде  кӛрінетін  сурет  орнату;  Style-объектінің  жоғарыда  айтылған  графикалық 


96  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
мүмкіндіктерін  орнату;  (BackCokor,  Down  Picture);  Cancel  –  ESC  пернесін  қолдану 
мүмкіндігін орнату; Default-ENTER пернесін қолдану мүмкіндігін орнату. 
Енді  осы  қарастырған  компоненттерді  пайдаланып  жоба  жасау  жолдарын 
қарастырайық.  Visual  Basic  бағдарламасында  қайталану  және  тармақталу  алгоритмдерін 
жобалау. Қайталану процестерін ұйымдастыру үшін мынадай операторлар қолданылады. 
1. For K=m To n Step p 
Цикл  денесі 
Next K 
Цикл  параметрі  алғашқы  мәні  мен  соңғы  мәнінің  арасында  жатса  цикл  денесі 
орындалады, әйтпесе цикл тоқтап, басқару циклден кейінгі операторға беріледі. 
2. While KЦикл денесі 
Wend 
While  операторындағы  шарт  орындалғанша  цикл  денесі  орындалады,  әйтпесе  цикл 
тоқтап, басқару циклден кейінгі операторға беріледі. 
3. Do While KЦикл денесі 
Loop 
Do  While  операторындағы  шарт  орындалғанша  цикл  денесі  орындалады,  әйтпесе 
цикл тоқтап,басқару циклден кейінгі операторға беріледі. 
4. Do Until  KЦикл денесі 
Loop 
Do  Until  операторындағы  шарт  орындалмаса  цикл  денесі  орындалады,  ал  шарт 
орындалса  цикл  тоқтап,  басқару  циклден  кейінгі  операторға  беріледі.  Сондай-ақ  Visual 
Basic  процедураларында  цикл  операторын  қолданып  цикл  ішіндегі  цикл  ұйымдастыруға 
болады. 
VISUAL  BASIC  алгоритмдеу  негіздерін  игеруге  және  Windows  бағдарламасы 
ерекшеліктерін  оқып-үйренуге  ӛте  сай  келеді,  сондай-ақ  кез  келген  тұрпаттағы  қуатты 
қолданбалар жасау үшін барлық мүмкіндігі бар.  
Мәліметтер  қоры  бұл  ақпараттарды  сақтауға  арналған  ұйымдастырылған  құрылым. 
Алғашқы  кезде,  яғни,  мәліметтер  базасы  түсінігі  қалыптаса  бастаған  жылдары,  бұл 
базаларда  тек  қана  мәліметтер  сақталып  жүрді.  Бірақ  бүгінгі  күнгі  мәліметтер  базасын 
басқару  жүйелері  (МББЖ)  ӛз  құрылымында  тек  қана  мәліметтерді  ғана  емес,  сонымен 
қатар  тұтынушылармен  немесе  басқа  да  программалық-ақпараттық  кешендермен  қарым-
қатынас  жүзеге  асырылатын  әдістерді  де  (яғни,  программалық  код)  орналастыруға 
мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек ғана мәліметтер 
ғана емес, сонымен бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз. 
Мәліметтер  қоры  –  бұл  алдымен  кестелер  жиынтығы,  мәліметтер  қорына 
процедуралар  және  басқа  объектілер  қатары  кіреді.  Кестені  қандай  да  бір  объектілер 
жиынның  атрибуттары  бар  екі  ӛлшемді  кесте  ретінде  елестетуге  болады.  Кестенің  аты 
идентификатор  болады,  ол  арқылы  оған  сілтеме  жүреді.  Кестенің  бағандары  сол  немесе 
басқа  объектілердің  характеристикаларына,  яғни  ӛрістерге  сәйкес  келеді.  Әрбір  ӛріс 
сақталған мәліметтердің аты мен типі арқылы сипатталады. Ӛрістің аты – идентификатор. 
Ол  әртүрлі  программалардағы  мәліметтерді  манипуляциялау  үшін  қолданылады.  Ӛрістің 
аты латын әрпімен жазылады. Ӛрістің типі мәліметтер ӛрісінде сақталғандардың типтерін 
сипаттайды. Ол жол, сан, үлкен текстер, кескіндер т.с.с. болуы мүмкін. 
Мәліметтер қоры тӛмендегідей талаптарды қанағаттандырады:  
1.  Мәліметтер тәуелсіздігі – бұл принципті екі жақты анықтауға болады. 
а)  Мәліметтер  ӛзгертілгенде  осы  мәліметтерге  қолданылған  программа  ӛзгертілуі 
міндетті емес. 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау