Ф и з и к а әож 3. 049. Физика сабақтарында



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет23/89
Дата01.01.2018
өлшемі5,03 Kb.
#6313
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   89

50  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
- ішкі  үдерістік  параметрлердің  -  оқушылардың  қабілеттілігі  мен  мүмкіндіктерін 
(қандай қабілеттіліктерді және мүмкіндіктерді қалыптастыру қажет?), 
- білім  беру  нәтижелерінің  сипаттамасын  (қолданбалы  курсты  оқу  нәтижесінде 
оқушылар қандай нәтижелерге жете алады?) жатқызуға болады. 
Оқытудың тиімділігін бағалау оқушының жетістікке жету дәрежесімен анықталады. 
Игерілетін білімге сәйкес келетін игеру деңгейлерінің минимум да, мүмкін де деңгейлері 
болуы мүмкін.  
Игеру  деңгейі  -  қолданбалы  курсты  оқыту  аясында  игерілген  білім  нәтижелерін 
бағалаудағы маңызды ақпарат болып табылады. Игеру деңгейі  білім, білік, дағдылардың 
тереңдігі  мен  күрделілігін,  сондай-ақ  оларды  тәжірибеде  ӛз  бетінше  қолдана  алуға 
қабілеттілікті  кӛрсетеді.  Қолданбалы  курстарды  оқытудан  күтілетін  нәтижелер  ӛлшене 
алуы және оларға жетудің қажетті механизмдерімен қамтамасыз етілуі тиіс (1-кесте). Енді 
қолданбалы курстарды оқытудан күтілетін нәтижелер ретіндегі білім мен біліктердің тӛрт 
деңгейін ұсынуға болады:  
-  бірінші  деңгей  –  қолданбалы  білім  мен  дағдылардың  шектеулі  аясын  алдын  ала 
болжауға  болатын  жағдаяттарға  қолдана  алу  қабілеттіліктері,  олардың  қатарына 
мұғалімнің тікелей бақылауымен жүргізілетін жұмыс та жатады;  
- екінші деңгей – біршама дағдыларды қайсыбір жағдаяттарға қолдана алу, олардың 
кейбіреуі  стандартты  болмауы  мүмкін,  ӛз  бетінше  белгілі  бір  дәрежеде  бағытталған  іс-
әрекеттерді жүзеге асыру қабілеттіліктері; 
1-кесте 
Математикадан қолданбалы курстардың түрлері және олардың міндеттері мен 
функциялары 
 
Курс түрлері 
Қолданбалы курстардың 
міндеттері 
Қолданбалы курстардың 
функциялары 
Қолданбалы 
курстардың 
мысалдары 
Пәндік  
бағдарланған 
- оқушының математикаға 
қызығушылығын арттыруға 
мүмкіндік туғызу; 
-  оқушының  математиканы  жоғары 
деңгейде игеруіне дайындығын және 
қабілеттілігін анықтау; 
-  оқушының  оқуын  жалғастыруы 
тұрғысынан 
таңдап 
алған 
бағдарының  дұрыстығына  сенім-
ділігін арттыруға кӛмектесу; 
-  базалық  және  бейінді 
пәндер 
бағдарламаларының 
кейбір жеке тақырыптарын 
тереңдету; 
- жалпыбілімдік 
бағдарламаны оның 
аясынан тыс тақырып-
тарды зерделеу есебінен  
кеңейту 
- бейінді пәндер бойынша 
оқудағы жетіспеушіліктің 
орнын толтыру 
- «Теңсіздіктер» 
-  «Параметрлері  бар 
теңдеулер 
мен 
теңсіздіктер» 
-  «Қиындығы  жоғары  
есептерді 
шығару 
әдістері» 

«Функция 
және 
оның 
күнделікті 
ӛмірде қолданылуы» 

«Математика 
тарихы» және т.б. 
Пәнаралық 
- жоғарғы сынып оқушысына таңдап 
алған бағдарының дұрыстығына 
сенімділігін арттыруға кӛмектесу;   
-  оқушыларды    бейінді  оқытуды 
анықтайтын  пәндер  циклі  бойынша 
білімнің синтезін талап ететін әрекет 
түрлерімен 
және 
кешенді 
проблемалармен таныстыру  
- қазіргі кездегі кешенді 
проблемаларды зерделеу
-  пәндік құзырлаықтармен 
қарулану және іс-әрекет 
түрлерін игеру;  
- игерілген түсініктеріне 
сүйене отырып әлемнің 
біртұтас бейнесін 
интеграциялау  
- «Математика және 
экология» 
-  «Экономикадағы 
математика»  және 
т.б. 
Кәсіби 
бағдарланған 
- қазіргі заманғы мамандықтар 
саласына бағдарлау үшін негіз құру 
- оқушыларды кеңінен таралған 
мамандықтарға сәйкес келетін іс-
әрекет түрлерінің ерекшеліктері 
таныстыру; 
- нақты оқыту бағдарына оқушының 
мотивациясын қолдап отыру 
- кәсіби бағдарлану; 
- нақты кәсіби бағдарға 
тән құзырлықтармен 
қарулану;  
- «кәсіби сынақ» 
- «Математика және 
компьютер» 
- «Статистика және 
қоршаған орта» және 
т.б. 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 51
 
 
-  үшінші  деңгей  –  білім  мен  дағдыларды  кешенді  іс-әрекетке  қолдана  алу 
қабілеттіліктері,  ақпаратты ӛз бетінше таба алу  және талдай алу және таныс және таныс 
емес  мәнмәтінді  процедураларға  негізделген  пайымдаулар  құра  алу  және  сәйкесінше 
ӛзінің іс-әрекетін басқара алу; 
 -  тӛртінші  деңгей  –  білімді  тереңірек  игеру  тәсілдерін  ұқыпты  түрде  таңдай  алу 
қабілеттіліктері,  біршама  арнайы  дағдыларды  қолдана  алу,  ақпаратты  бағалай  алу  және 
оны ӛзінің іс-әрекетіне пайдалана білу, қайсыбір кездейсоқ проблемаларды шеше алу.  
Осы  деңгейлердің  тұжырымдалуларынан  олардың    түйінді  құзырлықтармен 
(ақпаратттық,  коммуникативтік  және  проблемаларды  шешу  құзырлықтары)  тікелей 
байланысты бірден байқауға болады.  
 Жалпы алғанда қолданбалы курстарды оқытудан күтілетін нәтижелер:  
а) бағдарламаның мазмұнын емес, оқытудың әр түрлі кезеңіндегі оқушының жетістік 
деңгейін сипаттауы, кӛзделген мақсатты қамтуы;  
ә) ұсынылған курста неге үйрету керектігіне әсер ететіндей болып құрылуы;  
б)  мұғалімнің  ӛз  жұмысын  жоспарлауы  және  шешім  қабылдауы,  оқушылардың 
жетістігін бағалауы үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуі қажет.  
Сонымен  қолданбалы  курстардың  мазмұны  жоғарыда  қарастырылған  күтілетін 
нәтижелер  тұрғысынан  дұрыс  таңдалып  алынған  жағдайда  оқыту  үдерісін  іс-әрекеттік 
және  тұлғалық-бағдарланған  тұрғыдан  құру  жүзеге  асырылатын  болады.  Сондай-ақ 
зерттеушілік  сипаттағы  мұндай  курстарды  оқыту  оқушылардың  ӛз  бетінше  білім  ала 
білуіне,  игерген  білімін  жаңа  жағдайларға  қолдана  алуларына,  шығармашылық  іс-әрекет 
тәжірибесімен, мектептен кейінгі білімін жалғастыру үшін қажет түйінді құзырлықтармен  
қарулануына себептесетін болады.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  И.А.Валодарская,  А.М.Митина  Проблемы  целей  обучения  в  современной 
педагогике. – М., 1998. С.31.  
2. Б.С.Гершунский Философия образования для ХХI века.- М., Совершенство, 1998.  
3.  К.Ӛ.Қонақова,  Д.М.Қазақбаева  және  т.б.  Қазақстан  Республикасы  мектептерінде 
бағдарлы оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар.- Алматы, 2006.  64 бет. 
4. Күтілетін нәтижелер және жетістіктер/Қазақстан мектебі,  №5-6, 2007. 35-38 беттер 
5. Күтілетін нәтижелерді оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту негізі 
ретінде жобалау/ Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің хабаршысы, №1 
(29), 2010. -54-61 беттер  
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассмотрены  роль  и  место  ожидаемых  результатов  обучения  прикладным 
курсам, а также виды прикладных курсов по математике и их задачи и функции.   
 
SUMMARY 
The article deals with  the role and place of expecting results in teaching applied courses, 
and also types of applied courses and their functions in mathematics. 
 
 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау