44 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
Жел энергетикасын дамытудың Ұлттық бағдарламасының негізгі мақсаты
Қазақстанның жел потенциалы экономиканың энергосыйымдылығын тӛмендету қоршаған
ортаны және органикалық отынның жаңартылмайтын қорларын сақтап және Қазақстан
Республикасының климатының ӛзгеруі туралы БҰҰ-ның рамкалық Конвенциясын, ҚР-
ның «Энергияны үнемдеу, Электр энергетика туралы» заңдары, 2010 жылы аралығына
және болашақта 2015 жылы Қазақстан Республикасының электр энергетикалық жүйесінің
дамуының Мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалды
инновациялық дамуы стратегиясында елдің орнықты экологиялық, экономикалық және
әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін электр энергияны ӛндіруді қолдау болып
табылады.
1-сурет.
Жел электр станциясы
Жел энергетикасының дамуының Ұлттық бағдарламасының міндеттері:
1) Қазақстанның жел энергетикалық
потенциалын бағалау;
2) Жел энергетикасының дамуының нормативті құқықтық базасын және мемлекеттік
саясатын қалыптастыру;
3) 2020 жылға дейінгі жел энергетикасының даму жоспарын
жасау және іске асыру;
4) Жел энергетикасының ғылыми-техникалық және ӛндірістік базасын сонымен қоса,
жел машина жасау саласын.
5) Жел энергетикасының даму саласындағы халықаралық серіктестік.
Қазақстанның барлық аймақтарына қатысты сұрақтардың бірі- қашықтағы ауыл
тұтынушыларын энергиямен қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстанның айтарлықтай
үлкен территориясы және селолардағы тұрғындардың тығыздығының аздығы, сирек
орналасуы электр энергиясын тасмалдау үшін, жуықтап алғанда 360 000 км құрайтын
электр желілерін тартуға тура келеді. Үлкен қашықтықтағы электр желілері арқылы
электр энергиясын тасымалдағанда, электр энергиясы құнынан елеулі түрде 50% артады.
Сарапшылардың бағалауы бойынша алыстағы тұтынушылар үшін электр энергияны
тасмалдаудың нақты құны 5 цент /кВт сағ-қа дейін жетуі мүмкін, бұл қашықтағы аздаған
тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз етуді тиімсіз етеді. Қашықтағы тұтынушыларды
энергиямен қамтамасыз етудің экономикалық альтернативасы жаңарып тұратын
энергетика кӛзі болып табылады.
Электр энергиясымен объектілер мен қоршаған ортаның ластануы туралы мәселе ӛз
алдына бӛлек. Кӛмірлі энергетикаға сүйену тұрғындардың денсаулығына және қоршаған
ортаға зиян келтіреді. Қазақстандағы кӛмір жағатын электр станцияларының түтінді
газдарындағы зиянды заттардың концентрациясы халықаралық стандарттардан бірнеше
рет асып түседі. Электр станциялардың атмосфераға бӛлетін зиянды заттар қалдықтары
жылына 1 млн тоннадан асса, ал ластайтын заттардың жалпы кӛлемі 11 млн. тоннаны
құрайды. Сарапшылардың жуықтап бағалаулары бойынша Қазақстандағы кӛмір