қ
58
∑
ҚАБАТ – ҚЫСЫМ
544
545
қоршаған ортамен энтропия алмасу есебінен кемитін болады. Бірақ барлық
жағдайда пайда болатын энтропия, яғни жүйедегі энтропияның бірлік уақыт-
тағы артуы қайтымсыз үрдістер болатындықтан оң болады.
Тепе-теңдікті (қайтымды) зерттейтін классикалық термодинамика қайтым-
сыз үрдістер үшін қайтымсыз үрдістердің мүмкін болатын бағыттары тек
теңсіздіктерді орнықтырады. Үрдістің өздігінен өту бағыты «оң», оған қарама-
қарсы бағыт «теріс» деп саналады. «Теріс» үрдістер басқа бір «оң» үрдіспен
қарбалас өтеді. Мысалы, жұмыс қандай жағдайда болса да әрдайым өздігінен
жылуға айналады. Үйкеліс күштері қатысатын немесе денелер бірі-біріне серпімсіз
әсер ететін үрдістердің барлығында да істелген жұмыстың есебінен жылу пайда
болады. Ал жылудың жұмысқа айналуы белгілі бір күрделі үрдістің бөлігі не-
месе жеке бір кезеңі ретінде ғана байқалады. Карно циклі немесе соған ұқсас
басқа бір үрдіс орындалғанда, жылудың жұмысқа айналуына қоса, жылу ыссы
денеден (қыздырғыштан) салқынырақ денеге (суытқышқа) ауысып, «оң» үрдіс те
қарбалас өтеді. Жылудың ыссы денеден салқын денеге ауысуы да (жылу өткізгіштік
құбылысы) – қайтымсыз үрдістер. Дене температурасының теңелуіне келіп
тірелетін бұл үрдіс те өздігінен өтеді, яғни тұйықталған жүйеде өтетін бірден-бір
үрдіс бола алады. Ал бұған кері, «теріс» үрдіс – салқын денеден жылудың ыссы
денеге ауысуы – өздігінен өтпейді. Салқындатқыш машинаны пайдаланғанда
жылу салқынырақ денеден ыссы денеге ауысу үшін мұнымен қатар «оң» үрдістің
өтуі қажет.
Тұйықталған жүйелердегі қайтымсыз үрдістер энтропияның өсу бағытына
сәйкес өтеді. Ал ашық жүйелерде өтетін қайтымсыз үрдістерде энтропия тұрақты
болады немесе кейде кемиді. Бірақ барлық жағдайда да энтропияны өндірудің
шамасы тұрақты болады.
М а г н и т т е л у ке з і н д е г і қайтымсыз үрдістер қатарына энергияның ша-
шырауы (жылудың бөлінуі) арқылы өтетін домендердің ығысуы мен магниттелу
векторының айналуы тәрізді үрдістер жатады. Бұл үрдіс нәтижесінде ферро-және
ферримагнетиктерде магниттік гистерезис құбылысы пайда болады. Табиғатта
өздігінен өтетін үрдістердің барлығы да қайтымсыз үрдістер болып табылады.
ҚАЛДЫҚТЫ МАГНИТТЕЛУШІЛІК – магниттік материал алғашында сырт-
қы магнит өрісінің ықпалымен қаныққанша магниттеліп, соңынан осы магнит
өрісінің кернеулігі нөлге дейін кемітіліп магнитсізделгеннен кейін түгелдей
жойылмай, әлгі материалдың (немесе үлгінің) бойында сақталып қалатын
магниттелушілігінің шамасы. Магнит өрісінде орналасқан кез келген дене
магниттеледі. Алайда ферромагниттік денелерден басқа денелердің барлығы да,
қ
58
∑
ҚАБАТ – ҚЫСЫМ
546
547
магнит өрісінің әсері тоқтатылысымен бастапқы магнитсіздік күйіне оралады. Ал
ферромагнетик денелердің магниттелген күйі ұзақ уақыт сақталады. Ферромагне-
тикті магнитсіздендіру үшін, магниттелген кездегі бастапқы магнит өрісіне
кері бағытталған магнит өрісімен әсер етілуі қажет. Қалдықты магниттелушілік
материалдың магниттік қасиеттеріне және оның магниттелуіне дейінгі жағдайы-
на тәуелді. Осы магниттелушілік–магнитттік гистерезистің негізгі параметр-
лерінің бірі болып табылады. Қалдықты магниттелушілік магниттік анизотропияның
және үлгінің құрылымдық біртекті болмауынан пайда болатын магнит өрісі
кернеулігінің кемуі кезінде (үлгінің осыған дейінгі магниттелуінен кейінгі)
магниттелушіліктің кідіруінің себебінен туады. Материалдың (заттардың)
қалдықты магниттелушілігін дененің, яғни магнит өрісінің кернеулігінің (Н)
нөлге тең (Н = 0) болған күйіндегі дененің орташа магниттелушілігімен шата-
стырмау керек. Заттардың қалдықты магниттелушілігі дене бойындағы (ішіндегі)
өріс сыртқы барлық көздердің және магниттелуші дененің магнитсіздендірілу
өрісінің векторлық қосындысына тең магнит өрісінің нөлге тең болуы кезіндегі
қалдықты магниттелушілікпен анықталады. Қалдықты магниттелушілік
коэрцитивтілігі жоғары материалдарда тұрақты болады. Ферромагнетиктерді
Кюри нүктесінен жоғары температураға дейін қыздырғанда, ол өзінің
ферромагниттік қасиетін, сондай-ақ қалдықты магниттелушілік қасиетін де жоя-
ды. Қалдықты магниттелушілік механикалық соққы мен дірілдің нәтижесінде де
кемиді. Қалдықты магниттелушілік құбылысы ақпараттарды жазу және сақтау
жүйелерінде (әдетте магниттік таспаларда), тұрақты магнит жасауда пайдала-
нылады.
ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ – бір нәрсені бастапқы күйіне, қайтадан алғашқы
жағдайына оралту.
Кескіндерді қалпына келтіру, голографияда
– тірек толқынның көшір-
месін тудыратын голограмманы жарық көзімен жарықтау тәсілімен заттық
толқынды тудыру.
Соққы кезіндегі қалпына келтіру – өзара соқтығысқан денелердің бастапқы
пішініне қайтаратын үрдіс (процесс).
ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙ – қысымы –
р =101 325 Па (760 мм сынап бағаны) және
термодинамикалық температурасы – Т=273,15 К (t-0º
С) шамаларымен анықтала-
тын физикалық стандарттық жағдай. Осы жағдайлар кезіндегі молярлық көлемі
V
о
= 2,2414·10
–2
м
3
/моль. Еркін түсудің қалыпты үдеуі
g
п
= 9,80665 м/сек
2
.
ҚАЛЫПТЫ ҮДЕУ, орталыққа тарту үдеуі – қисық сызықты қозғалыс
кезінде траекторияға қисықтық орталыққа қарай бағытталған басты нормал