к
178
∑
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
534
535
Жарық күші – жарық көзінен шығып, қарапайым денелік бұрыш ішімен
берілген бағыт бойынша таралатын жарық ағынының осы денелік бұрыштың
шамасына қатынасы.
Инерция күші – 1. Ньютонның екінші заңының формуласының инерциялы
емес санақ жүйесінде де тура болуына қажетті инерциялық емес санақ жүйесінің
қозғалысына байланысты инерциялық санақ жүйесіне қатысты әлгі формулаға
ендірілетін қосымша мүше. 2. Даламбер принципін пайдалану кезінде күштердің
бірі ретінде қолданылатын, минус таңбамен алынған үдеудің материалдық нүкте-
нің массасына көбейтіндісі.
Квазисерпімді күш – нүктенің тепе-теңдік жағдайдан ауытқуына пропор-
ционал болатын әрі қарама-қарсы бағытта әсер ететін күш.
Консервативтік күш – күш түсірілген нүктенің бастапқы қалпынан соңғы
қалпына ауысуы кезінде істелетін жұмыстың жолға тәуелсіз болатын күші.
Кориолистік күш – инерциялық жүйеге қатысты ілгерілемелі емес қозға-
латын, инерциялы емес санақ жүйесіндегі материалдық нүктеге әсер ететін
және кориолистік үдеуге байланысты болатын инерциялық күш.
Коэрцитивтік күш – алғашында қаныққанға дейін магниттелген ферромаг-
ниттік үлгінің толықтай магнитсізденуі кезіндегі магнит өрісінің кернеулігі.
Көлемдік күш – бөлшектерге әсер етуші күштердің осы бөлшектердің мас-
саларына пропорционал әрі бірдей бағыттарда болатын шарттар кезіндегі дене
бөлшектеріне түсірілетін теңәсерлі күш.
Көтергіш күш – дененің жылдамдығына перпендикуляр бағытталған, газда
немесе сұйықта қозғалатын денеге қысым түсіретін толық күштің бір құраушысы.
Линзаның оптикалық күші – линзаның фокустық қашықтығына кері шама.
Лоренец күші – 1. Қозғалыстағы электр зарядына магнит өрісі тарапынан әсер
ететін күш. 2. Қозғалыстағы электр зарядына электрмагниттік өріс тарапынан әсер
ететін күш.
Магниттікқозғаушы күш – магниттелген катушкадан өтетін электр тогы
күшінің катушканың орам санына көбейтіндісі.
Магнус күші – денені орап ағатын сұйықтың немесе газдың ағынында айна-
латын денеге ағынға және айналу өсіне перпендикуляр бағытта әсер ететін күші.
Мәжбүрлеуші күш – жүйенің еріксіз тербелістерін тудыратын периодты
өзгермелі күш.
Нормал қысым күші – жанасушы беттерге нормал (тік) бойынша бағыттал-
ған берілген денемен жанасушы өзге дене тарапынан әсер ететін күштің құраушысы.
Орталыққатартқыш күш – нүктеге әсер етуші бүкіл күштердің нүкте
траекториясының қисықтығының ортасына бағытталған құраушысы.
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
534
535
к
178
∑
Орталықтантепкіш күш – 1. Орталыққатартқыш ауыспалы үдеу себеп бо-
латын инерциялық санақ жүйесіне қатысты айналатын санақ жүйесіндегі
материалдық нүктеге әсер ететін инерциялық күш. 2. Нүкте қозғалысының
траекториясына бас нормал бойымен бағытталған, Даламбер принципі қолда-
нылған жағдайдағы инерциялық күштің құраушысы. 3. Материалдық нүктенің
айналмалы қозғалыс кезіндегі байланысқа әсер ететін күші.
Реактивтік күш – уақыттың өтуі салдарынан дене массасының өзгеруі
кезінде пайда болатын күш.
Термоэлектрқозғаушы күш – жанаспаларының (жапсарларының) арасын-
дағы температуралары әрқалай, әртекті өзкізгіштерден құралған электр тізбе-
гінде пайда болатын электрқозғаушы күш.
Ток күші – белгілі бір уақыт аралығында өзкізгіштің көлденең қимасы
арқылы тасымалданатын электр зарядының осы уақыт аралығына қатынасы.
Сырғанау үйкелісінің күші – егер берілген денеге онымен жанасатын өзге
дене тарапынан жанасушы бетке жанасу бағыты бойынша әсер ететін күштің бір
құраушысы.
Теңселу үйкелісінің күші – жазық немесе иілген бет бойынша сырғанаусыз
сырғитын цилиндр немесе шартәрізді денеге әсер ететін үйкеліс күші.
Тыныштық үйкеліс күші – толық емес үйкеліс күшінің максимал мәні.
Үйкеліс күші – жанасушы денелердің, сұйықтар немесе газ қабаттарының
салыстырмалы орын ауыстыруына кедергі келтіретін күш.
Фотоэлектрқозғаушы күш – жартылайөткізгішке электрмагниттік сәуле
жұтылған кезде осы жартылайөткізгіште пайда болатын электрқозғаушы күш.
Электрқозғаушы күш (ЭҚК) – зарядтың тұйық контурмен қозғалысы ке-
зінде бөгде күштер тарапынан істелген жұмыстың әлгі заряд шамасына
қатынасымен анықталатын ток көзінің сипаттамасы.
Бөгде күштер – өткізгіштердегі заряд тасушыларға әсер ететін электр
статистикалық табиғатты емес күштер.
Ван-дер-вальс күштері – нақты газдардың молекулаларының арасында
әсер ететін тартылыс күштері.
Соққы күштері – денелердің соқтығысулары кезіндегі деформациялану үрдісі
(процесі) кезінде пайда болатын күштер.
Серпімді күштер – 1. Деформацияланатын денеде пайда болатын ішкі күш-
тер. 2. Серпімді деформацияға ұшыраған дене тарапынан онымен жанасушы денеге
сырттай әсер ететін күштер.
к
178
∑
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
536
537
Ядролық күштер – атом ядроларындағы нуклондарды байланыстыратын
күштер.
КҮШЕЙТКІШ, т е х н и к а л ы қ – әсер етуші сигналдардың энергети-
калық параметрлерін қосалқы көздер энергияларын пайдалану есебінен арт-
тыруды жүзеге асыратын құрылғы. Күшейтілетін сигналдардың физикалық
табиғатына сәйкес күшейткіштер
электрлік, механикалық, пневматикалық,
гидравликалық күшейткіштерге ажыратылған. Күшейткіш – автоматиканың,
телемеханиканың және радиотехниканың т.б. негізгі бөліктерінің бірі болып та-
былады.
КҮШ ИМПУЛЬСІ – белгілі бір уақыт аралығындағы күш әсерінің өлшеуіші;
күштің орташа мәні (Ғ
ор
) мен оның әсер ету уақытының (t
1
) көбейтіндісіне тең:
S = Ғ
ор
·t
1
. Күш импульсі векторлық шама және ол Ғ
ор
-пен бағыттас болады. t
1
уақыт
аралығындағы күш импульсінің мәні
S=
�
���
�
0
интегралы бойынша анықталады.
Ғ күшінің әсерінен t
1
уақыт аралығында қозғалған материалдық нүктенің қозға-
лыс мөлшері күш моментіне тең шамаға өзгереді: S = mϑ
0
– mϑ
1
, мұндағы mϑ
0
және mϑ
1
– нүктенің t
1
уақыт аралығының сәйкес түрде бастапқы және соңғы
кездегі қозғалыс мөлшерлері.
Күш импульсі ұғымы механикада, дербес жағдайда соққы теориясында пайда-
ланылады, τ уақыт аралығында соққы күшіне Ғ
соқ
тең шамасы с о қ қ ы и м п у л
ь с і деп аталған.
КҮШ МОМЕНТІ – күштің қатты денеге әсер етуі кезіндегі оның айналдыру
эффектісін сипаттайтын шама. Күш моменті орталыққа (нүктеге) және оське
қатысты ажыратылады.
Орталыққа (О) қатысты күш моменті – векторлық шама. Оның модулі М
0
=Ғr,
мұндағы Ғ – күштің модулі; r – О нүктесінен күш әсерінің сызығына түсірілген
перпендикулярдың ұзындығы, яғни иін; Оське қатысты күш моменті алгебралық
шама болып табылады,
ол күш моментінің оське
түсірілген проекциясына тең.
Күш моменті денені сағат
тілінің жүрісі бағыты бой-
ынша немесе оған қарсы бағытта айналдыруға қатысты оң немесе теріс шамаға
тең болады. Минус таңбасы Ғ күшінің айналдыру бағыты сағат тілінің қозғалыс
бағытымен сәйкес болғанда қойылады.
Егер күш жүйесінің теңәсерлі күші болса, онда оның моменті
Вариньон те-
оремасы бойынша есептеледі. Бұл теорема бойынша: егер күштер Ғ
і
жүйесінің
Достарыңызбен бөлісу: |