Б. Қ. Әбдіғұлова ҚазаҚстан тарихынан Әңгімелер



жүктеу 6,11 Kb.
Pdf просмотр
бет7/44
Дата01.01.2018
өлшемі6,11 Kb.
#6283
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44

20
§ 6. тарихи уақыт
сабақтың  мақсаты:  тарихи  уақыт  өлшемі,  күнтізбелер  жайлы 
алғашқы  түсінік  қалыптастыру  жұмысын  бастау.  Оқушылардың  тарихи 
құбылыстарды салыстыра білу біліктерін дамыту.   Оқушыларға уақыттың 
қадірін біліп, дұрыс пайдалану қажеттілігін түсінікті тілмен жеткізу.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, карточкалар, кадаскоп.
оқып-үйренген  материалды  қайталау  оқулықта  берілген  сұрақтар 
мен тапсырмалар бойынша өткізіледі. 
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
Уақыт – тарихи өлшем.
Күнтізбелер: Ай және Күн күнтізбелері.
Юлиан күнтізбесі.
Григориан күнтізбесі.
Қазақ күнтізбесі.
Бұл  тақырыпты  меңгеру  оқушылар  үшін  қиындық  туғызады. 
Уақыт  ұғымымен  жұмыс  бастамас  бұрын  оқушылар  назары  тақтаға 
немесе  кадаскопқа  аударылады.  Кадаскоп  арқылы  онда  жазылған  қазақ 
халқының мақал-мәтелдері мен жұмбақтарын оқушылар кезектесіп оқиды. 
Мақалдардың мәнін түсіндіреді. «Уақыт тас екеш тасты да тоздырады», «Әр 
адам өз заманының баласы», «Кешегі күннен алыс жоқ, ертеңгі күннен жақын 
жоқ», «Мезгіл жетсе, мұз да ерір», «Адамды заманы билейді», «Заманына 
қарай заңы, тоғайына қарай аңы», «Әр айдың аты басқа», «Заманың қалай 
болса,  бөркіңді  солай  ки»,  «Әр  заманда  бір  көреген»,  «Ескіні  еске  алмай, 
жаңа жадыңа түспейді» (Қазақтың мақал-мәтелдері. Алматы: Қазақстан, 
1990)
Мұғалім:  Иә,  балалар,  сонымен,  біз  бүгін  қандай  тақырыпты 
қарастырамыз? Ойланыңдар, бұл тақырыпта не туралы сөз болады? 
Мұғалім  оқушылардың  жауаптарын  толықтырып,  күнделікті  өмірде 
уақытты  өлшеу  үшін  сағат  пайдаланатынымызды  айтады.  Содан  кейін 
оқушылар  оқулықты  ашып,  «Ойланайықшы!  Бізге  дейін  адам  баласының 
өмірінде қандай маңызды тарихи оқиғалар болды? Әл-Фараби қай жылдары 
өмір  сүрді?  Отырар  қаласы  қашан  салынды?  Талғат  Мұсабаев  қашан,  қай 
жылы ғарышқа ұшты?» деген сұрақ-тапсырмаларға жауап іздейді. 
Мұғалім  тарихи  өлшем  туралы  түсінік  береді.  «Ал,  қане,  ойланып 
жауап  беріңдер.  Секунд  дегеніміз  не?  Минутта  қанша  секунд  бар?»  деген 
сауалдарға ауызша жауап береді. Сонымен қатар қосымша сұрақтар бойынша 
әңгіме өткізіледі. Тәулік, жыл, ай дегеніміз не? Бір жылда қанша күн бар? Бір 
айда қанша күн бар? 


21
Күрделі  тақырыпты  жақсы  түсіну  үшін,  мәтінді  оқымас  бұрын, 
осы  тақырып  бойынша  «ой  шабуылын»  өткізген  тиімді.  Осы  мақсатта 
оқушыларға мынадай сұрақтар қоюға болады: «Сендердің ойларыңша, бұл 
тақырыпшада  не  жайлы  айтылатын  болады?»  Оқушылар  түсініксіз  жаңа 
сөздерді  дәптерлеріне  жазып  алады.  Содан  кейін  жанындағы  парталас 
көршілерінен  таныс  емес  жаңа  сөздердің  мағынасын  сұрап,  талқылайды. 
Сөйтіп, оқушылар бір-бірімен өздерінің білгендерімен бөліседі және сөздік 
қорларымен алмасады.
Мұғалім  Ай,  Күн  күнтізбелері  туралы  материалды  түсінікті  тілмен 
әңгімелейді. Содан кейін Юлиан, Григориан және қазақ күнтізбесі туралы 
мәтінді үш оқушы дауыстап оқып шығады. Ал басқа балалар оқулық мәтінін 
көз жүгіртіп оқиды. 
Мұғалім оқушылар жауаптарын тыңдап, толықтырады.
Үйге  тапсырма:  §6.  «Тарихи  уақыт»  тақырыбын  оқу,  сұрақтар  мен 
тапсырмаларға жауап дайындап келу.
                 
§7. Жыл санау
сабақтың мақсаты: оқушыларға жыл санау қалай пайда болғаны және 
қазіргі жыл санау қашан басталғаны туралы мәселені ашып көрсету. Жыл 
санауды  білудің  маңыздылығын  түсінікті  тілмен  жеткізу.  Оқушылардың 
тарихи құбылыстарды салыстыру, дәлелдей алу біліктерін дамыту жұмысын 
жалғастыру.
пайдаланылатын  көрнекі  құралдар:  карта,  электронды  оқулық, 
бейнефильм.
оқып-үйренген материалды қайталау оқулықтағы сұрақ-тапсырма-
ларға арналған сауалдар негізінде жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары: 
Ертедегі адамдар уақытты қалай есептеген?
Қазақша жыл санау.
Хижра.
Қазіргі жыл санау.
Біздің заманымыз және біздің заманымыздан бұрын ұғымдары.
«Жыл  санау»  тақырыбы  бұның  алдындағы  «Тарихи  уақыт» 
тақырыбының  жалғасы  болып  табылады.  Бұл  тақырыптың  мазмұны  да 
оқушылардың меңгеруіне қиындау келеді.
«Жыл он екі ай» деп аталатын мультфильмнен үзінді көрсетіледі. 
Мұғалім:  Қымбатты  оқушылар!  Сендер  қалай  ойлайсыңдар,  бұл 
тақырыпта не туралы оқып-үйренеміз?
Оқушы: Жыл мезгілі.
Оқушы: Жыл он екі ай.


22
Оқушы: Жыл санау.
Күрделі  тақырыпты  оқушылар  түсінуі  үшін  мұғалім  осындай  «ой 
шабуылын» өткізгені пайдалы.
Мұғалім: Иә, балалар, біз бүгін «Жыл санау» туралы оқып-үйренеміз. 
Содан  кейін  тақтаға    не  кадаскоп  арқылы  көрсетіледі,  не  үлкен  қағазға: 
«Ертеде жыл санау қалай жүргізілген? Естеріңе түсіріңдер! («Дүниетану», 
3-сынып). Біздің заманымыз – б.з., біздің заманымыздан бұрын – б.з.б. деген 
сөздерді қалай түсінесіңдер?  Қазақтардың жыл санауы қалай болған?» деген 
сұрақтар жазылады. Бұл сұрақтарға оқушылар сабақ соңында жауап береді.
Оқушылар  үш  топқа  бөлініп,  оқулық    мәтіні  негізінде  күнтізбелерді 
салыстырып, ортақ белгілері мен ерекшеліктерін табады.
Кесте: күнтізбелерді салыстырып, ортақ белгілері мен ерекше лік-
терін табыңдар.
күнтізбелер
ортақ белгілері
ерекшеліктері
Юлиан күнтізбесі
Григориан күнтізбесі
Қазақ күнтізбесі
 
Әр топтан 1 не 2 оқушыдан шығып, тақтадағы не ватмандағы кестені 
толтырады. Басқа топтың оқушылары жауаптарға мұқият қарап, түзетулер 
енгізіп, талдайды. Мұндай тапсырмалар оқушылардың түсінуіне  қиындық 
келтірмей, мәтіннің мағынасын тереңірек ашуға көмектеседі.
Көп  жылғы  зерттеу  нәтижесінде  оқушылардың  бірқатары  біздің 
заманымыздан  бұрын  болған  оқиғаларды  есептеуде  екі  тоқсандай,  кейде 
одан  да  көп  уақыт,  көбінесе  осы  мәселені  дұрыс  түсіне  алмай,  қателесіп, 
даталарды айыруды қиындықпен игеретінін байқадық.
Оқушылар  қиын  мәтінді  жақсы  түсіну  үшін  «ой  шабуылы»  ұйым-
дастырылады.  Оқушылар  назары  тақтаға  аударылады.  Тақтаға  сызық 
сызылып,  ол үш бөлікке бөлінеді.
               өткен     /          Бүгін       /           келешек
Мұғалім өмірде болған әрбір оқиға, не болып кетті, қазір не болып жатыр 
және болашақта не болатынына бөлінетінін атап өтеді. Тақтада жазылған: 
«Өткен/  Бүгін/  Келешек»  деп  бөлінген  сызықтар  сендерге  қандай  бояуда, 
не түсте көздеріңе елестейді?» – деген сауал қойылады. Оқушылардың бұл 
жұмысқа қатысуына психологиялық жағынан әсер етіп, қиялын дамытыңыз. 
Оқушыларға әр бөлік түрлі бояуда қандай  түстерде көрінеді. Осы түстер 
бойынша олар жаңа материалдарды қандай деңгейде қабылдау қабілеттері 


жүктеу 6,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау