119
Кесте: Қазақстанның ақын-жазушылары
аты-жөні
Қандай еңбек жазды?
еңбектің маңызы қандай?
І. Есенберлин
«Көшпенділер»
романы
Көшпенділердің өмірі,
тұрмысы, кәсібі, елді
шапқыншылардан ерлікпен
қорғау туралы жазылған
Тақтаға үш топтың оқушылары шығып, әрқайсысы үш тақырыпша
бойынша кесте дайындап, өз ойларын дәлелдейді. Басқа оқушылар
жауаптарын толықтырып, жіберген кемшіліктерін жөндейді.
«Мына шығармалардың авторын дұрыс тауып жазыңдар» деген
тапсырма бойынша жұмыс жүргізіледі:
1. М. Әуезов – «Оянған өлке».
2. Ғ. Мүсірепов – «Біздің семья».
3. С. Мұқанов – «Абай жолы».
4. Б. Момышұлы – «Өмір мектебі».
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі.
Үйге тапсырма: §57. «Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы»
әңгімесімен танысу, оған берілген сұрақтар мен тапсырмаларға жауап
дайындап келу.
V Бөлім. тӘУелсіз ҚазаҚстан
§58. Қазақстан республикасы – тәуелсіз, егемен мемлекет
сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының құрылуы, тұңғыш
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Қазақстанның әлемдегі орны
туралы мәселелерді оқушылардың жасына сай ашып көрсету. «Қазақстан –
менің Отаным» идеясын басшылыққа ала отырып, жастар өз Отанының
болашағына жауапты екендігін түсіндіру. Оқушыларды елжандылыққа,
отансүйгіштікке тәрбиелеуге көмектесу. Тарихи құбылыстар мен оқиғаларды
салыстыра білу біліктерін дамыту жұмыстарын жалғастыру.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, «Тәуелсіз Қазақстан»
бейнефильмі, электронды оқулық, иллюстрациялық материалдар.
өткен материалды қайталау. Оқып-үйренген материалды қайталау
оқулықта берілген сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Қазақстан Республикасының құрылуы.
2. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев.
120
3. Біртұтас Қазақстан халқы.
4. Қазақстан Республикасының әлемдегі орны мен рөлі.
Жаңа материалды оқып-үйрену «Тәуелсіз Қазақстан» бейнефильмінен
5–7 минут үзінді көрсетуден басталады. Фильмді көрмес бұрын оқушылар
назары тақтадағы жазуға аударылады. Онда мынадай сұрақтар жазылған:
1. «Тәуелсіз Қазақстан Республикасы» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
2. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы құрылуының қандай маңызы бар?
3. Қазақстан Республикасының әлемдегі алатын орны қандай?
Бейнефильмнен үзінді көрсетілгеннен кейін мұғалім «тәуелсіздік»,
«егемендік» деген термин сөздерге оқушылар көңілін аударып, мағынасын
түсіндіреді. Мұғалімнің тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы туралы әңгімесі
баяндалады. Содан кейін тақтаға жазылған сауалдарға жауап табу үшін,
оқушылар кезектесіп оқулық мәтінін абзац бойынша дауыстап оқиды.
Ондағы негізгі ойды тауып, жоғарыдағы сауалдарға жауап береді. Мұғалім
толықтырады.
Оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады: «Елбасымыз Н.Ә. На-
зарбаев туралы не білесіңдер? Елбасымыздың қандай кітаптарын оқыдың-
дар? Ол кітаптар қалай аталады?» Содан кейін оқушылар еліміздің тұңғыш
Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірі және қызметімен танысады.
Қазақстан халықтары, Қазақстан Республикасының әлемдегі орны
туралы мәтінмен өздігінше оқулықты оқып танысады.
Оқушылар төмендегідей кесте-сызбаларды толтырады. Сынып болып
дұрыстығын дәлелдейді (талдайды).
Қазақстанда мекендейтін
ұлттарды атап,
кестені толтырыңдар
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі.
Үйге тапсырма: §58. «Қазақстан Республикасы – тәуелсіз, егемен
мемлекет» әңгімесімен танысу, оған берілген сұрақтар мен тапсырмаларға
дайындалып келу.
121
§ 59. Қазақстан республикасының конституциясы
сабақтың мақсаты: оқушылардың еліміздің негізгі заңы – Конституция
туралы түсініктерін тереңдету. «Конституция», «демократия», «құқықтық
мемлекет», «адам құқығы» туралы түсініктерін қалыптастыру жұмыстарын
жалғастыру. Ата заңымызға деген құрмет сезімін тәрбиелеуге септігін
тигізу. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды талдай білу біліктерін дамыту
жұмыстарын жалғастыру.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, бейнефильмнен үзінді,
иллюстрациялық материалдар, электронды оқулық.
өткен материалды қайталау. Оқып-үйренген материалды қайталау
оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Конституция – еліміздің негізгі Заңы.
2. Қазақстан Республикасы – демократиялық, құқықтық, зайырлы,
әлеуметтік мемлекет.
Жаңа материалды оқып-үйрену мұғалімнің түсіндірмелі әңгімесінен
басталады. Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы бейне-
фильмнен не электронды оқулықтан үзінді пайдаланылады.
Оқушылар дәптерлеріне «конституция», «демократия», «құқықтық
мемлекет», «адам құқығы» туралы түсініктердің мағынасын анықтамадан
тауып жазып алады. Оқушылар кезектесіп үлкен абзацтарды оқулықтан
оқиды, негізгі ойды тауып, талдайды. Содан кейін «Қазақстан Республика-
сының Конституциясы» атты кестені өздігінше толтырады.
Кесте: Қазақстан республикасының конституциясы
р/с
сұрақтар
Жауаптар
1
Қазақстан Республикасының
Конституциясы қанша баптан тұрады?
2
Конституцияның 1-бабында не туралы
жазылған?
3
Конституцияның 29-бабы неге
арналған?
4
Конституцияның 30-бабында не туралы
айтылған?
5
Конституцияның 36-бабы неге
арналған?
Достарыңызбен бөлісу: |