110
Осы тақырып көлемінде оқушылар өздігінше, мысалы, «Ұлы Отан
соғысындағы менің сүйікті батырым», «Қазақстандықтардың ерлігі –
жас ұрпаққа үлгі» т.б. тақырыптарға хабарламалар әзірлейді. Ол үшін
оқушыларға бірінші сағатта (сабақта) хабарламалар жасауға әзірленуі
үшін алдын ала балаларға арналған көркем әдебиеттер тізімдерін беру
қажет. Тақырыпты оқып-үйрену барысында оқушылар оқыған кітаптарын
басқа оқушыларға көрсетіп, одан қысқаша үзінді оқуына болады. Бұндай
жұмыстар оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға,
сабақты тартымды да қызықты етіп өткізуге көмектеседі.
Ұлы Отан соғысына арналған тақырыптардың мақсаты ортақ бол-
ғандықтан, әр сабақты түрлі әдіс-тәсілдер арқылы өткізуге болады. Әрбір
сабаққа мақсат қоюдың қажеті жоқ.
Оқушылардың көз алдында тек соғыс майданындағы ерліктер ғана
емес, тылдағы еңбектегі ерлік істер ашылып көрсетілуі тиіс. Майдан
мен тылдағы қаһармандық ерлік, ержүректілік өнегесін табандылық пен
патриотизм өнегесі ретінде ашып көрсетуге мән берген маңызды.
Ұлы Отан соғысына арналған сабақтар оқушыларда «Отан», «әділетті
соғыс», «ерлік», «батырлық», «достық», «жауапкершілік» сияқты ұғым-
дарды қалыптастыруда маңызы ерекше. Оларда Отанға, халыққа, еңбеккер
адамдарға деген ерекше құрмет пен мақтаныш сезімін тәрбиелеуге
көмектеседі.
Жаңа сабақ оқушылардың Ұлы Отан соғысынан не білетіні туралы
әңгімеден басталады, содан кейін мұғалімнің «Ұлы Отан соғысының»
басталуы туралы әңгімесі картамен жұмыс жасауға ұштастырылады.
«Ұлы Отан соғысы» атты кинофильмнен «Бәрі де соғыс үшін, бәрі де
жеңіс үшін!», «Москва шайқасы» деп аталатын 5–7 минутқа созылатын
үзінділер пайдаланудың маңызы зор. Содан кейін оқушылар оқулық мәтінін
кезектесіп оқиды, сауалдарға жауап береді, мәтіндегі негізгі ойды тауып,
талдайды. Оқушылар «Ұлы Отан соғысы» атты кестені толтырады. Келесі
сабақтарда жұмыс жалғастырылады.
Кесте: ұлы отан соғысы
р/с
Жылдар
маңызды оқиғалар
1.
2.
3.
4.
111
Жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі.
Үйге тапсырма: §51. «Ұлы Отан соғысы» әңгімесі, оған берілген сұрақ-
тапсырмалар, «Қазақстандықтардың ерлігі», «Талғат Бигелдинов» туралы,
«Б. Момышұлының өмірі мен қызметі», «Әлия мен Мәншүктің ерлігі» атты
тақырыптарда хабарламаларға дайындалып келу тапсырылады (3–4 оқу-
шыға).
§52. Қазақстандықтар ұлы отан соғысында
оқып-үйренген материалды қайталау §51 әңгімелеріне берілген
сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. 28-панфиловшылардың ерлігі.
2. Қаһарман батыр Б. Момышұлы.
3. Талғат Бигелдиновтың ерлігі.
4. Мәншүк пен Әлияның ерлігі.
Жаңа сабақтың мазмұны өткен сабақтың тікелей жалғасы болғандық-
тан, «Ұлы Отан соғысы» кинофильмінен «Волгадағы шайқас», «Халық ке-
гін алушылар» атты үзінділер пайдаланылады. Фильмнен үзінді көрсетіл-
мес бұрын оқушылар назары тақтаға аударылады. Онда мынандай сұрақтар
жазылған:
1. Фильмнің аты неге бұлай қойылған?
2. Бұл соғыс неліктен Ұлы Отан соғысы деп аталады?
3. Әділетті соғыс деген не?
4. Ұлы Отан соғысы кеңес халқы үшін ауыр сын болғандығын мысал-
дармен дәлелдеңдер.
Қосымша материал:
«нүркен Әбдіров (1919–1942) – әскери ұшқыш, Кеңес Одағының
Батыры.
Ол Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Ауылдағы
жетіжылдық мектепті бітірген соң, Қарағандыдағы №1 шахтада жұмыс
істейді. Осы кезде аэроклубта оқиды, ал 1940 жылы Орынбор әскери авиация
училищесіне түседі. Соғыс басталған соң, Ташкенттегі әуе атқыштары
мектебіне ауыстырылды. Содан кейін Сібір қалаларының бірінде ұшқыштар
училищесіне қайта оқуға түседі. Н. Әбдіров шабуылдаушы-ұшқыш ретінде
тұңғыш әуе шабуылына 1942 жылы 23 қазанда қатысады. Екі айға жуық
уақытта Нүркен 16 рет жауынгерлік әуе жорығына араласып, жаудың 12 тан -
кісін, 28 автомашинасын және т.б. техникасын және 50-ге жуық солдаты
мен офицерін жойды. 1942 жылы 19 желтоқсанда кіші лейтенант Б. Алексеев
басқарған «Ил»-дердің төрттігі қатарында Ростов облысындағы Боков ауда-
ны Коньков хуторында жинақталған жау танкілері мен автомашиналарына
112
жасалған шабуылға қатысты. Кеңес ұшқыштарының тұтқиылдан жасаған
шабуылы сәтті болғанымен, келесі кезекте неміс артиллериясының атысы-
на тап болды. Жетекшінің ұшағы өртене бастады. Н. Әбдіров ұрысты одан
әрі жалғастыра берді. Оның да «Ил» ұшағы отқа оранды. Сол сәтте Н. Әбді-
ров өжет шешімге келді. Ол өртеніп бара жатқан ұшағын жаудың жанармай
цистернасының маңына топталған жау танкілерінің шоғырына бағыттады.
Н. Әбдіровтің ерен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Батыр есімімен республикамыздың қалаларында көшелер аталады,
ескерткіштер қойылған. Қарағанды қаласында Н. Әбдіровтің құрметіне
жалпы биіктігі 4,18 метр, мәрмәр тақтамен қапталған ескерткіш қойылған.
мәншүк мәметова (1922–1943) – қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының
Батыры.
Мәншүк анасына: «Апа! Отаным маған қару берді. Сол сенімді ақтағым
келеді. Көптен ойлаған ой-мақсаттарыма енді жетемін. Соғысқа барғанда
фашистерден кек аламын. Мақсатым осы, хош, менің сүйіктім. Қатты
қысып сүйемін. Қызың Мәншүк» деп жазыпты Алматыдан майданға жүрер
алдындағы хатында.
Невель қаласы үшін болған шайқаста М. Мәметова табандылық,
батырлық көрсетіп, ерлікпен қаза тапты. Оған Кеңес Одағының Батыры
атағы берілді. Павлодар облысының колхозшылары қаһарман қазақ қызы-
ның құрметіне М. Мәметова атындағы танк колоннасын жасақтауға қажет-
ті қаржы жинады. Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі, ондағы
мектептер, көшелерге батыр қыздың аты берілді.
М. Мәметованың өмірі мен өшпес ерлігі туралы А. Михалков-
Кончаловский мен режиссер М. Бегалин «Мәншүк туралы ән» кинофильмін
түсірді.
Әлия молдағұлова (1924–1944) – қазақтың қаһарман қызы, Кеңес
Одағының Батыры.
Әлия 1943 жылы маусым айында 2-Прибалтика майданының 26-
атқыштар дивизиясы құрамында үлкен шайқастарға қатысты. Құралайды
көзінен ататын мергендігімен атаққа ілінеді. 1944 жылы Новосокольники
стансасы маңындағы шайқаста қазақтың батыр қызы қаза тапты. Отан үшін
көрсеткен жанқиярлық ерлігі мен қаһармандығы үшін Кеңес Одағының
Батыры атағы берілді.
Алматыда Әлия мен Мәншүкке арналған ескерткіш орнатылды. Оның
есімімен республикада мектептер, көшелер, ұжымшарлар аталған.
хиуаз доспанова (1922–2008) – қазақтың қаһарман қызы, ұшқыш,
Халық Қаһарманы.
Хиуаз Орал облысында, Жайықтың сағасында туған. Хиуаз мектепті
алтын медальмен бітірген. Өз еркімен сұранып, бірінші курстан Ұлы Отан
Достарыңызбен бөлісу: |