77
Қосымша материал:
«абылай хан (Әбілмансұр) (1711–1781) – батыр, батыл қолбасшы, шебер
ұйымдастырушы, дарынды дипломат, мемлекет қайраткері.
«Бұл арада Абылайдың ерлігіне, ақыл-парасатына бас ұрып, бар билікті
қолына берген, бақастық, күндестікті білмеген, алдағы уақытта өзгеше туған
інінің ақылшы ағасы, кеңесші хан дәрежесімен шектелген Әбілмәмбетке бас
имеске болмайды. Билікке құмар замандағы мұндай мәрт мінез – ел мүддесін
қасиет тұтқан өзгеше сананың көрінісі» деп жазған жазушы М. Мағауин
сөзін таратып түсіндіру.
Қазақ халқының ақын-жыраулары Абылайдың өмірін, ерлігін жырлады.
Халқымыз Абылайдың атын ұран етіп шақыратын.
Абылай хан туралы жазылған еңбектер аз емес. Ресей мен Кеңес өкіметі
тұсында Абылайды қазақ қауымына құбыжық етіп көрсетуді мақсат етті.
Бүгінгі таңда қазақ халқы егемендік алып, тәуелсіз ел болған соң, Абылай
туралы жаңа ғылыми ізденістер жүргізіле бастады. 1993 жылы Ақмола
(бүгінгі Астана) қаласында қазақ ғалымдарының қатысуымен Абылай
хан жөнінде республикалық ғылыми конференция өтті. Ондағы жасалған
баяндамалар Алматыда кітап болып шықты. Абылайдың мемлекеттік
қайраткер ретіндегі қызметі тарих ғылымының докторы, профессор
Жанұзақ Қасымбайұлының еңбектерінде қарастырылады. 1999 жылы тари-
хи антропологиялық зерттеулер нәтижесінде «Абылай хан» кітабы жарық
көрді. Осындай ауқымды еңбектер тізімін жалғастыра беруге болады.
Соңғы кезде кітапханаларда, мұрағаттарда халықтан жасырылып,
жарияланбай жатқан Абылай хан туралы жыр-дастандар, аңыз-әңгімелер
жарық көріп, көпшіліктің танысуына, ғалымдардың зерттеуіне жол
ашылды.
Абылай ханның XVIII ғасырдағы кең-байтақ даладағы қазақ жұртын
біріктіру жолындағы тарихи рөліне түйінді баға алғаш рет мемлекет
құрылымының деңгейінде Н. Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты
кітабында берілген. Қазақ жұртына Абылай ханның сіңірген қызметі туралы
аталмыш еңбекте былай делінген: «Халықтың ерік-жігерінің тастүйін
бірлігі Абылай ханның бір басында бейнеленеді. Батырлармен тізе қосып,
қаһармандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың ұйтқысы
болған Абылай ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта
түлетудің бір алтын діңгегіне айналды. Міне, осылайша екі ғасыр өткен соң
Абылайдың қазақ тарихындағы тиісті орны белгіленеді.
Абылайдың өмірі мен ерлігін қазақ ақын-жыраулары дастан етіп
жырлады. Бүгінде Абылай хан атында жоғары оқу орындары бар, оған
бірнеше қалаларда ескерткіш қойылды, оның атымен көшелер аталған.
Абылай хан туралы кітаптар жарық көруде».
78
Оқушылар электронды оқулықтан Абылайға байланысты мәтінмен
танысып, сұрақтар мен тапсырмаларға жауап дайындайды.
Содан кейін «Тізбек» («Цепочка») ойыны өткізіледі. Ол үшін мұғалім
оқушылардың назарын оқулықта берілген сұрақтар мен тапсырмаларға,
құжаттарға аударып, сол бойынша әңгіме құрастыруды тапсырады. Бұл
ойынның ерекшелігі – оқушылар тізбек бойынша бірінен кейін бірі мәтінді
абзац бойынша оқып, оларға берілген сұрақтар мен тапсырмалар көлемінде
Абылай туралы ойларын әңгімелейді.
Содан кейін тарихи викторина өткізіледі.
1. Қазақтың тұңғыш ханы кім?
2. «Жеті жарғыны» жасаған кімдер?
3. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы қашан болды?
4. Қай хан тұсында Қазақстанның Ресейге қосылуы басталды?
5. Абылайды мадақтаған жырау.
6. Абылай хан билік құрған жылдар.
7. Абылай хан қандай тарихи оқиғаларға қатысты?
Сабақ соңында жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізіледі.
Үйге тапсырма: §33 «Абылай хан» әңгімесін оқып танысу, сұрақтар мен
тапсырмаларға жауап дайындау.
§34. тәуелсіздік жолындағы күрес
сабақтың мақсаты: қазақ жерінде жүргізілген Ресей империясының
отарлау саясаты, ұлт-азаттық қозғалыстар, оларды ұйымдастырушылар
туралы түсінікті тілмен оқушыларға баяндап беру. Азаттық, тәуелсіздік
жолында жанын аямаған күрескерлерді мақтан тұту сезімдерін тәрбиелеуге
көмектесу қажет. Тарихи құбылыстарды, оқиғаларды салыстыру, тарихи
қайраткерлердің қызметін бағалау біліктерін дамыту.
пайдаланылатын көрнекі құралдар: карта, тарихи қайраткерлер
бейнеленген иллюстрациялық материалдар, бейнефильм не электронды
оқулықтан үзінді.
өткен материалды қайталау. Оқып-үйренген материалды қайталау
оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмалар көлемінде жүргізіледі.
Жаңа материалды оқып-үйрену жоспары:
1. Ресей империясының саясаты.
2. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.
3. Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
4. 1837–1847 жылдары Кенесары Қасымұлы басқарған халық-азаттық
күрес.
79
Жаңа материалды оқып-үйренуге бағдарлама бойынша бір сағат
берілген. Бірақ бұл күрделі сабақтардың бірі болғандықтан 2 сағат көлемінде
өткізген тиімдірек болар еді. Оқулық материалының көлемі де үлкен.
Жаңа материалды оқып-үйрену мұғалімнің тәуелсіздік жолындағы
ұлт-азаттық қозғалыстар, олардың себебі мен мақсаты туралы түсіндірмелі
әңгімесінен басталады.
Сабақта «Тарихи тұлға» сайысы өткізіледі. Алдымен оқушылар арасынан
сарапшылар тобы құрылады. Мұғалім және сарапшылар тобы оқушылардың
жауаптары мен әрекеттерін мұқият бақылап, соңында жұмысқа баға беріп,
қорытынды жасайды.
Оқушылар төрт топқа бөлініп Сырым Датұлы, Исатай мен Махамбет,
Кенесары Қасымұлы туралы оқулық мәтінімен және «Білімпаздар үшін»
материалындағы құжатпен танысады, тапсырмалар бойынша әңгіме
құрастырады.
Әр топ оқушылары аталған тарихи тұлғаға мінездеме беріп, сипаттайды.
Оқушылардың ойы шашыраңқы болмас үшін «Тәуелсіздік жолындағы
ұлт-азаттық қозғалыстың қолбасшылары» атты жаднама тақтаға ілінеді.
Оқушылар әңгімесін осы жоспар негізінде құрайды.
«Тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық қозғалыстың қолбасшылары»
атты тақырып жоспары:
1. Тәуелсіздік, азаттық үшін күрестің шығу себебі:
2. Күрестің қолбасшылары: өмірі мен қызметі.
3. Қолбасшының тарихи оқиғадағы алатын орны.
4. Күрестің нәтижесі.
Сарапшылар тобы әр топ оқушыларының мінездемесін тыңдағанда
тұлғаның отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін бағалап, қандай істері-
мен ел есінде сақталған деген мәселелерге назар аударады. Сонымен қатар
сабақта және сабақтан тыс алған білімдерін пайдалануын да бағалайды.
Тарихи тұлғаларға сипаттама берілген соң, сарапшылар тобы жұмысқа
баға беріп, қорытынды жасайды.
Тақтаға тарихи қайраткерлерді сипаттауға арналған жаднама ілінеді.
Оқушылар жаднамадағы мәселелерді басшылыққа ала отырып, тарихи
қайраткерлердің өмірі мен қызметін әсерлі баяндауы тиіс.
Мұғалімнің ұлт-азаттық қозғалыс қолбасшыларының бірі жайлы
төмендегідей қосымша материал пайдалануына мүмкіншілігі мол.
Қосымша материал:
«Кенесары Қасымұлы (1802–1847) – ақ патшаға қарсы халық-азаттық
күресті басқарушы, Қазақ хандығының соңғы ханы.
Кенесары өзі құрған мемлекетінің экономикалық және саяси жағдайын
нығайту мақсатында салық жинау, малшылардан зекет, диқандардан ұшыр
Достарыңызбен бөлісу: |