Бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) Бастауыш білім беру



жүктеу 414,99 Kb.
Pdf просмотр
бет2/12
Дата28.12.2017
өлшемі414,99 Kb.
#6214
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

5

 



танымдық  және  әлеуметтік  тұрғыдан  оқушының  белсенділігін  арттыруға  мүмкіндік 

береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба 

жұмысын  ата-аналармен,  жергілікті  қауымдастық  өкілдерімен  бірлесе  отырып, 

ұйымдастыруға болады.  

Әр  пәннің  оқу  бағдарламаларында  үш  тілде  білім  беруді  жүзеге  асыру 

қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан 

тыс  жұмыстарын  да  үш  (қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерінде)  тілде  ұйымдастыру 

қарастырылған. Көп тілді оқу ортасын құрудағы әр пән қосқан үлесі үш тілде білім беру 

саясатын  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.  Тіл  үйретудің  негізі  болып  табылатын 

коммуникативтік  тәсілдеме  әрбір  оқу  пәнінің  түрлі  оқу  жағдаяттарында  білім  және 

білікпен  алмасу,  тілдік  және  сөйлеу  нормалары  жүйесін  дұрыс  қолдану  сияқты  әдіс-

тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде 

қарастырылады.  

Пән мазмұнын меңгеру және оқу мақсаттарына қол жеткізу үдерісінде оқушылардың 

ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды,  атап  айтсақ:  қажетті  ақпаратты  іздеу, 

өңдеу, алу, құру және көрсету, ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет 

ету,  жабдықтар  мен  қосымшаларды  кең  ауқымда  қолдану  арқылы  өз  жұмысын  бағалау 

және жетілдіру  сияқты қолдану дағдыларын  дамыту  үшін алғышарттар/жағдайлар жасау 

керек.  

Оқу  бағдарламасында  оқу  пәнінің  мазмұнын  анықтаудың  негізі  болып  табылатын 

оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. 

Мазмұны  тұрғысынан  оқу  бағдарламалары  оқушыны  өзін-өзі  оқыту  субьектісі  және 

тұлғааралық  қарым-қатынас  субьектісі  ретінде  тәрбиелеуде  нақты  оқу  пәнінің  қосатын 

үлесін айқындайды. Оқу бағдарламалары білім беру құндылықтарының өзара байланысы 

мен  өзара  шарттылығына  негізделген  тәрбиелеу  мен  оқытудың  біртұтастығы  қағидатын 

және  нақты  пәнді  оқыту  мақсаттарының  жүйесі  бар  мектепті  бітіргеннен  кейінгі

 

нәтижелерін іске асыруға мүмкіндік береді. Оқу бағдарламаларының тек пәндік білім мен 



білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағыттылғаны 

оның ерекше өзгешелігі  болып табылады. Оқыту мақсаттарының  құрастырылған  жүйесі: 

білімді  функционалдық  және  шығармашылық  қолдану,  сын  тұрғысынан  ойлау,  зерттеу 

жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-

қатынас  жасаудың  түрлі  тәсілдерін  қолдану,  топпен  және  жеке  дара  жұмыс  істей  алу, 

мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға 

негіз  болады.  Кең  ауқымды  дағдылар  оқушының  мектептегі  білім  алу  тәжірибесінде  де, 

келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады   




 

6

 



 

 

Экономикадағы  заманауи  инновациялар,  еңбек  нарығындағы  өзгерістер 



оқушылардың  күрделі  міндеттерді  шешу  үшін  немесе  оларды  шешудің  жаңа  тәсілдерін 

табу үшін жағдаятқа, идеялар мен ақпараттарға талдау жасау және бағалауға, алған білімі 

мен  тәжірибесін  жаңа  идея  мен  ақпаратты  жинақтау  үшін  шығармашылық  қолдануға 

мүмкіндік  беретін  дағдылар  жиынтығын  меңгеру  қажеттілігіне  себепші  болады. 

Жігерлілік,  алғырлық,  өзгерістерге  дайындығы,  байланысқа  бейімділігі  сияқты  тұлғалық 

қасиеттер өзекті болып отыр.  

  Нақты  пән  бойынша  күнделікті  білім  беру  үдерісінің  мазмұны  оқу  мақсаттарына 

бағынады  және  оқушылардың  меңгерген  білім,  білік  және  дағдыларын  кез  келген  оқу 

үдерісінде  және  өмір  жағдаяттарында  шығармашылықпен  пайдалану  даярлылығын 

қалыптастыруға,  жетістікке  қол  жеткізуде  қажырлылықты  дамытуға  бағытталған,  өмір 

бойы білім алуға ынталандырады.    

 

 



Кең  ауқымдағы  дағдылармен  бірлікте  жеке  қасиеттердің  дамуы:  «қазақстандық 

патриотизм  мен  азаматтық  жауапкершілік»,  «құрмет»,  «ынтымақтастық»,  «еңбек  пен 

шығармашылық»,  «ашықтық»,  «өмір  бойы  білім  алу»  сияқты  білім  берудің  басты 

құндылықтарына  оқушыларды  дағдыландырудың  негізі  болып  табылады.  Бұл 

құндылықтар  оқушының  тәртібі  мен  күнделікті  іс-әрекеттерін  ынталандыратын  тұрақты 

тұлғалық бағдары болуы тиіс.  

Оқу  бағдарламаларын  әзірлеудің  негізі  болып  табылатын  тұжырымдамалық 

ережелер  мен  идеялар  сурет  түрінде  визуалды  берілді  (1-қосымша).  Суреттің  ортасында 

құндылықтар  мектепте  берілетін  білімнің  мазмұндық  және  іс  жүргізу  аспектілерін 

анықтаудың  негізгі  бағыты  ретінде,  сонан  соң  кең  ауқымды  дағдылар  мектепті  бітірген 

кездегі  нәтижелер  ретінде  берілген.  Келесі  шеңберде  білім  салалары  білім  беру 

мазмұнының  функционалдық  толыққандылығының  көрсеткіші  ретінде  берілген.  Соңғы 

шеңберде оқу үдерісіне енгізілген барлық инновациялар ұсынылды.   

 

   



 

 

 



 

 

   



 

 



 

7

 



 

1. «Дене шынықтыру» пәнінің мақсаты мен міндеттері 

 

«Дене  шынықтыру»  бағдарламаның  мақсаты  оқушыларды  дене  шынықтырудың 



негіздерімен  таныстыру  болып  табылады,  нақты  айтқанда,  олардың  спорттық-

спецификалық  қозғалу  дағдылары  мен  дене  шынықтыру  (физикалық)  қабілеттерін 

меңгеруімен  қатар,  салауатты  денені  шынықтырудың  дамуына  ықпал  етеді.  «Дене 

шынықтыру»  пәні  бойынша  бағдарлама  кезең-кезеңімен  жүзеге  асырылатын  оқу 

жоспарын  ұсынады,  бұл  жоспар  оқушылардың  физикалық  іс-әрекеттің  түрлері  бойынша 

білімдерін, түсініктерін және дағдыларын дамытуға ықпал етіп, сол уақытта олардың жеке 

гигиена,  психикалық  денсаулық  және  салауатты  өмір  салтының  қағидалары  сияқты 

аспектілер тұрғысында жалпы дамуын жақсартады. 

 

Бұл  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін  бастауыш  мектеп  оқушыларды  оқытуға  арналған 



оқу бағдарламасы келесі міндеттерді іске асыруы тиіс:   

дене  денсаулығының  және  рухани  денсаулықтың  негізін  қалайды,  бұл  әлеуметтік 



дағдыларды дамытуға, тұлғалық дамуға оң әсер етеді;  

оқушыларды  өздерінің  физикалық  және  психологиялық  денсаулықтарын  түсінуге 



және нығайтуға ынталандырады; 

дене  шынықтыру  және  спорт  саласындағы  теориялық  білімдері  мен  тәжірибелік 



дағдыларын дамытуға жағдай жасайды; 

оқушылардың қозғалыс дағдыларын дамытады, атап айтқанда, олардың төзімділігін, 



ширақтығын, күшін, ептіліктерін және икемділігін дамытуға әсер етеді; 

оқушылардың  Отанға  деген  патриоттық  сезімін  ұялатуға,  бір-бірін  құрметтеуге, 



командалық жұмыс дағдыларына, жауапкершілік пен өзара түсіністікке тәрбиелейді;  

оқушылардың  өз  өмірлерінде  салауатты  өмір  салтын  ұстануға  және  үйренген  дене 



қимыл дағдыларын алдағы уақытта қолдануға ынталандырады; 

оқушылардың жалпы адамзат мәдениетінің бір бөлігі ретінде дене шынықтыру пәні 



туралы  өз  көзқарастарын  қалыптастырып,  осы  саладағы  білімдерін  дамытуға 

мүмкіндік береді. 

 

«Дене шынықтыру» пәнін оқыту оқушыларға:  



пән  туралы  білімдерін,  шеберліктері  мен  дағдыларын  күнделікті  өмірлерінде 

қолдануға;  

қимыл-қозғалыс  дағдыларын  жақсарту  және  оқушылардың  дене  дамуын  жетілдіру 




жүктеу 414,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау