30
4.2. Практикалық материалдар
1
тапсырма. Белсенді тыңдау: Есту және тыңдау.
Шағын топтардағы жұмыс:
Тыңдап отырған адамның күйін көрсету.
Қағаз бетінің сол жақ бағанасына «мұқият», белсенді тыңдаудың белгісін жазу.
Оң жақ бағанаға тыңдамай отырған адамның күйін бейнелеу.
Топтың ұсынған нұсқаларын талқылау.
Қағаздың орта жағына белсенді тыңдау кезінде жасауға болмайтын, немесе осындай тыңдау
кезінде кедергі келтіретін іс-әрекеттерді жазу.
Кеңес беру
Әңгіме тақырыбынан ауытқу
Сөйлеп отырған адамға, сын, баға беру
Сөзін бөлу
Өз тәжірибесі туралы айту
Пікірталастың нәтижелерін жалпылау.
Белсенді тыңдаудың негізгі қағидаттары:
Дене тілі: сөйлесіп отырған адамдарға қарап отырасыз, алға қарай сәл иіліп, көзбен байланыс
орнатасыз.
Құптауды білдіру дыбыстары мен дене қимылдары: басты изеу, жымию, «дәл солай» және
т.б.
Айқындау сұрақтары: «Сіз ...... дегіңіз келіп тұр ма?»
Ойды қайта тұжырымдау: естіген ақпараттың мәнін жоғалтып алмай оны басқа сөзбен
қайталау.
2 тапсырма. Қайсысы қиындау – сөйлеу, тыңдау немесе қайта айту ма?
Жұппен жұмыс жасау
Жұптағының біреуі екіншісіне 2 минут бойына өзінің басынан өткен соңғы жағымды
өмірлік/кәсіби/тұрмыстық жағдайларды айтады. Екінші адам айтылғандарды қайта айтып
береді. Сонан-соң екі жақ рөлдерін ауыстырады.
Шарттарды сақтау:
Өзі туралы жаман айтпау
Дене қимылдары туралы ұмытпау
Талқылауға арналған сұрақтар:
Жаттығулардан қандай әсер мен сезім алдыңыз?
31
Іс-әрекеттердің қайсысын жасау жеңілдеу болды – сөйлеу, тыңдау немесе қайта айту
ма?
Барлығы да Белсенді тыңдау қағидатын ұстанды ма?
Сіз өміріңізде осы қағидаттарды ұстанасыз ба?
Айтылған қағидаттардың бұзылуы шиеленіске әкелуі мүмкін бе?
3
тапсырма. Әңгімелесу барысында ақпаратты дәл жеткізу неліктен қажет?
2 шағын топпен жұмыс.
1-
топша мынадай мақалдан тұратын қағазды алады: «Тілі ұзынның ақылы қысқа».
2-
топша «Ағысқа қарсы тек мықты балық жүзер. Ал ағыс бойымен өлі балық та жүзе алады».
Осы мақалдардың мазмұнын сақтай тұра қайта тұжырымдап, топшадағы бірінші адамнан
бастап соңғы адамға дейін тізбекпен сыбырлап қайта айту керек. Топшадағы соңғы
қатысушының нұсқасын мақалдың түпнұсқасымен салыстырыңыздар.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Осы жаттығуға қарап қандай қорытынды жасауға болады?
Ақпаратты дәл жеткізбеу неге әкелуі мүмкін?
Мұндай жағдайдың алдын қалай алуға болады?
Адекватты қайта тұжырымдау қандай жағдайларда маңыздырақ болып келеді?
Өміріңізде сіздің сөздеріңіз біреуге дұрыс жеткізілмеген жағдай болды ма? Оның салдары
қандай болды?
Сіз біреудің сөзін дұрыс жеткізбеген жағдай болды ма? Не себептен? Оның салдары қандай
болды?
Жалпылау: Әр адам тарататын ақпаратына жауапты
4
тапсырма. Шиеленісті қалай шешуге болады? «Мұзтау» ситуациясы
Кіші топтардағы жұмыс
Мұзтаудың негізгі сипатын айту және оларды қара түспен мұзтау суретінің астына жазу.
(«
мұздай, қатты, үлкен, айқын емес» және т.б.)
Алдын-ала қағаз бетіне мұзтаудың су-үсті және су-асты бөліктерінің 1-де 10 ара-
қатынасының суретін салу.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Мұзтауды шиеленіспен салыстыруға бола ма?
Қандай белгілер мұзтауға тән? (мұзтаудың үлкен бөлігі жасырын тұрады)
Бұның шиеленіске қатысы бар ма?
Мұзтаудың су-асты бөлігімен соқтығысудың алдын қалай алуға болады?
Соңғы сұраққа жауапты мұзтау суретіне (қызыл түспен) схематикалық түрде белгілеу
керек. Мысалы, мұзтау айналасындағы «айналып өтуді» білдіретін нұсқар түрінде, төбе
жағында күннің суреті бар «ерітуді» білдіретін және мұзтау ортасында үзілген сызықтар
32
белгіленген «жаруды» білдіретін және т.с.с. белгілерді белгілей отырыпжауап беру.
Ұсыныстардың әрқайсысының тиімділігін талқылау.
Мұзтаумен соқтығысу қаупінен қашу амалдарының әрқайсысы қандай қатер тудыруы
мүмкін – айналып өту, еріту немесе жару және т.б. ?
Болжамды жауаптар:
Айналып өту кезінде қаншалықты алшақ жүру керектігі белгісіз, себебі оның
су-асты бөлігі көрінбейді
Еріту салдарынан мұхит деңгейі көтеріліп, жер бетін су басуы мүмкін
Жару барысында мұз бөлшектерімен жарақаттану қаупі бар
Айтылған қауіптердің алдын алу үшін қандай амал қолдануға болады?
«
Мұзтауды зерттеу қажет» жауабына әкелу керек. Жауапты мұзтау сипаттарының оң
жағына жазып, ал оның астына мынадай сұрақтарға жауап жазу керек:
Мұзтауда нені зерттеуге болады?
Жауаптарды статистикалық (көлемі, салмағы және т.б.) және динамикалық (жылдамдық,
іс-әрекет бағыты және т.б.) топтарына бөліп жазу. Шиеленіс мәселесіне қайтып оралып,
сұрақтарды талқылау:
Шиеленісті зерттемей тұрып, оны шешу барысында қандай-да бір қауіп төнуі мүмкін
бе?
Шиеленісте нені зерттеу маңызды? (шиеленіс қатысушыларының мінездерін, оның
себебін, кикілжің жағдайды, қақтығыс оқиғаны қоса құрылымын зерттеу маңызды
)
Мұзтау мен шиеленістің статистикалық және динамикалық сипаттарының арасында
қандай ұқсастықтар бар?
Жалпылау:
Кейде адамдар мұзтауды өздеріне тартып, оны өмір бойы өзімен тасып жүреді. Көп
жағдайларда бұл отбасы мәселерінде кездеседі – көптеген адамдар мұзтауды өмір бойы
арқасында «тасып» келеді.
Топқа бағытталған сұрақтар:
Біз мұзтауды не үшін қарастырдық?
Осы мәліметтер шиеленісті трансформациялауда қандай көмек тигізуі мүмкін?
5
тапсырма. «Мен/Сен – қатынастары» шиеленіске қалай әсер етеді?
Кіші топтардағы жұмыс
Шиеленіс жағдайын еске түсіру немесе ұқсату (имитация) ұсынылады.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Ұрыс-керіс әдетте қалай басталады, қандай сөздерден?