Балалардың толеранттылық тәлімін тәрбиелеудегі ата-аналар дайындығы



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет8/19
Дата21.12.2017
өлшемі0,52 Mb.
#5271
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

20 

 

Рухани-адамгершілік мәселелер 

Заманауи  әлемде  дәріптеушілік  пен  адами  құндылықтар  жоғалып  барады,  өнер 

шығармалары мен балалар әдебиеттерінің шығарылуы қысқарды, теледидар мен кинотеатрлар 

экрандары  шетел  фильмдеріне,  яғни,  зұлымдыққа,  зорлық-зомбылыққа,  әдепсіздікке  толы, 

балалар  кітапханасының  саны  азаюда,  эстетикалық  бағыттағы  мектептен  тыс  мекемелердің 

көбісі  ақылы  негізде  қызмет  атқарады.  Нарық  заңдылығы    білім  саласына  да  енді,  яғни, 

адамгершілікке,  инабаттылыққа  деген  талаптарда  өзгерді.  Ашкөздік,  агрессияшылдық, 

өзімшілдік,  жоғары  деңгейде  өзін-өзі  дәріптеушілік  сияқты  факторлар  позитивті  болып 

барады. Алаңға супер кейіпкер шығады. Ұлттық дәстүрлер және жалпы адами құндылықтар 

насихатпен ығысып келеді, күшті және сәтті адамның құқығын, байлығын, іскерлігін дәріптеп 

келеді. Мұның барлығы Қазақстан халқының мәдениетіне жат болғанымен, бұл – шындық.  



Әлеуметтік  топтардағыдай  жанұяларда  да  мәселелер  бар.  Соңғы  он  жылдың  көлемінде 

байқалғанындай,  ата-аналары  мен  балаларының,  туысқандарының  арасындағы 



байланыстың  әлсіреуі.  Бұл  әртүрлі  көзқараста  көрінетін  өмірде  болатын  мәселелер,  яғни, 

«әкелер мен балалар» арасындағы жанжал деп атауға да болады. Оның түпкі негізінде жастық 

асыра сілтеушілік және үлкендердің ғибраттылығы жатыр. 

Ата-аналар мен балаларының арасындағы өзара қарым-қатынастағы ажырамас байланысы бар 

мәселе  жанұялық құндылықты тапсыру мәселесі.  

Бұл тек жанұядағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыспен ғана анықталмайды, сонымен бірге 

жанұядағы  институттың  өзгеруіне  де  байланысты.  Шоғырлану  (урбанизациялану)  әрекеті 

барысында  ұрпақтар  арасындағы  байланыс  алшақтап  бара  жатыр.  Қазірдің  өзінде  ұрпақтар 

арасындағы сенім деңгейі төмендеуде.  

Қазіргі кезде ата-аналар мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынас өте өзекті болып 

тұр.  Балалар  ата-аналарына  қамқорсыз  болып  барады.  Ұрпақтар  арасындағы  байланыстың 

жоғалуы қоғамдағы, жанұядағы адамгершілік қасиеттің түсуімен қатар, бұның соңы келеңсіз 

әлеуметтік  және  психологиялық,  тіпті  демографиялық  зардапқа  да  әкеледі.  Ұрпақтар 

арасындағы  қарым-қатынаста  бастысы  әрбір  ұрпақтың  ауыртпалықсыз  бірыңғай  әлеуметтік-

мәдени  кеңістікке  ешбір  қатаң  бағынусыз  (иерархия),  зорлықсыз,  әкелердің  балаларын 

сыйламауынсыз, егде кісілердің міндетті бекітілген беделімен және өсіп келе жатқан адамға 

деген  сенімі  және  махаббатымен  бейімделуі.  Дәстүрлі  жанұялық  құндылықтар  балалардың 

өсуіне, дамуына, білім алуына және онан арғы бұл құндылықтар бір ұрпақтан келесі ұрпаққа 

берілуіне негіз болады.  

Қазақстандық  жанұяларының  мәселелерін  зерттеуші,  Г.В.Подлеснаяның  ойынша  жанұялық 

қарым-қатынастың  өзекті  мәселелері  шындық  болып  табылады,  яғни,  бұл  қатынастардың 

өздігінен  болатын  құбылыс.  Егер,  Сіз,  жанұяның  әр  мүшесін  тұлға  ретінде  қабылдайтын 

болсаңыз, ол егерде сізге бірнәрсеге міндетті болса, бұл нағыз сыйластықтың болмауы және 

орнына ештеңе талап етпестен, сізге барлығына деген ризашылық. Сонда ата-аналарының өз 

балаларына  барлығын  жасағаны  міндетті  болып  қабылданғаны. 

Бұл  үлкен  қателік. Өзіңіздің 

ризашылығыңызды  әрбір  сөзіңізбен,  қимылыңызбен  немесе  ісіңізбен  көрсетіңіз.  Бұл 

араларыңыздағы махаббат пен байланысты сақтауға көмектеседі

 

Жанұялық  қарым-қатынастағы  тағы  бір  үлкен  мәселе  -  уақыт  тапшылығы.  Қоғамдық 



тұрмыс, жеке өмір, қызмет, мұның бәрі іс жүзінде біздің өміріміздің барлық уақытын алады, 

көбінесе жанұяға да уақыт қалмайды. Ата-аналарының жұмысбастылығымен уақытты, көңілді 

аз  бөлген  балалар,  жүректеріне  ащы  реніш  сақтап,  өмірге  келгендеріне  кінәлі  сезініп  өседі. 

Тіпті  ерлі-зайыптылардың  өздері  бір-біріне  уақыт  жетпеу  мәселесіне  тап  болады.  Бұл 

маңызды сезімдік мәселелерге, алдауға, опасыздыққа және ажырасуға әкеледі.  



21 

 

Жанұя құру — үлкен ерлік. Бала табу, жаңа өмір сыйлау ондай қиын емес. Балаға махаббат, 

бостандық,  сенім,  ар-намыс,  жауапкершілік  сияқты  түсініктерді  қалыптастыру  –  бұл 

махаббаттан  және  жанұядан  тыс  орындалмайтын,  қиын  тапсырмалардың  бірі.  Әсіресе, 

жанұяда патриоттық сезім, жақынына деген махаббат және сыйластық, жомарттық, 

өз ісіне деген жауапкершілік сияқты жалпы адами құндылықтар жанұяда қалыптасады. 

Жалпы  адами  құндылықтар  туралы  айтсақ,  басты  жанұялық  құндылықтар  жайлы  сұрақты 

айналып  кету  мүмкін  емес.  Олардың  тізімі  сөзсіз,  әрбір  жанұяда  бірегей  және  есепсіз 

тармақтар  мен  тармақшалардан  тұрады.  Дегенмен,  әр  отағасы  жанұялық  құндылықтары 

жайлы,  олардың  жанұяның  мықты  әрі  тату  бекуіне  негіз  болатынын,  бала  тәрбиесіне  де 

себепкер  екенін  білуі  керек.  Моральді  және  адамгершілік  тіреулер  жанұяның  әрбір 

мүшелерінің  сенімділігін  нығайтуда  маңызды  рөл  атқарады.  Ең  алдымен,  мына  қасиеттерін 

атап өтейік:  



Маңыздылық  пен  қажеттілік  сезімі.  Маңыздысы,  әр  жанұя  мүшесі,  оны  жақсы  көретінін, 

бағалайтынын және оның қажет екенін білуі керек. Тіпті келешек берекелі жанұя бола тұра, өз 

жақындарына  уақыт  бөлгенімен  де,  әр  жанұя  мүшесіне  кеңістік  бөлінуі  және  өз  әрекетіне 

бостандық  берілу  керек.  Жанұя  –  бұл,  бірге  уақытты,  мерекелерді  өткізетін,  еш  себепсіз 

жиналып, бірге бас қосатын, бірнәрсе болмай, орындалмай қалса, қайтып келетін, сені қайта 

қабылдайтын,  сені  тыңдайтын,  сені  қолдайтын,  тұйыққа  тірелгенде,  қалай  шығуға  кеңес 

беретін қауіпсіз орын.  

Жанұялық мәселелерді шешуде икемділік — бақытқа апарар жол және жайлылықты сезіну. Әр 

жанұяда  өзіндік  тәртіп,  күн  тәртібі,  құрылымы,  ережесі  болады.  Бірақ  тым  көп  тәртіп  пен 

ережелер қарым-қатынастың нашарлауына және реніштің пайда болуына әкеп соқтырады.  



Сыйластық. Жанұя мүшелерін бір-бірін сыйлау сезіміне дағдыландыру маңызды. Жанұядағы 

сыйластықты сақтаудың жалғыз жолы – өзіңді сыйлауда үлгі болу. Сыйластық пен қорқыныш 

сезімінің арасында жіңішке шекара бар. Басқаны сыйлау – оның сезімін, пікірін, талап-тілегін, 

артықшылығын  қабылдау.  Сыйластық,  бұл  жанұя  құндылығы  секілді,  үйден  мектепке, 

жұмыстан басқа қоғамдық орындарға, адамның халықпен кездесетін жерлеріне таралуы.  

Адалдық жанұя  мүшелерінің  арасында  терең байланыс  қалыптастырады.  Жақындарыңыздың 

түсіністікпен,  сыйластықпен  жасаған  кез-келген  әрекеттерінде  адалдықты  дәріптеу  керек. 

Егер,  Сіз, болған  жағдайға  ренжитін  болсаңыз,  онда  келесі  жолы,  сізге  деген  сыйластықтың 

болмағанын көрсетпеу үшін, бұл ақпаратты сізден жасыруы мүмкін. 

Сізді ренжіткен адамдарды кешіруге дайындық. Барлығы қателеседі. Ренішке уақыт жоғалтуға 

өмір деген өте қысқа. Сізді ренжіткен адамнан сіз мазалаған сұрақтардың бәріне жауап алып, 

таңдау жасаңыз - қабылдау, кешіру, жіберу, әрі қарай жүру сияқты.  

Зейінге, махаббатқа, уақытқа, қарым-қатынас жасауға, тіпті кейбір материалдық иеліктерге де 



жомарт бола біліңіз. Орнына қайтарып алуды ойламай, жомарттық танытыңыз. 

 

Қарым-қатынас  —  бөлек  өнер.  Ақпаратты,  сезімдерді  беру,  табыстау  —  жанұялық  қарым-

қатынастың  қалыптасуының  маңызды  элементі.  Адамдар  өз  армандарын,  үміттерін, 

қорқыныштарын,  жетістіктерін,  сәтсіздіктерін  жеңіл,  ашық  білдірсе,  онда  неке 

байланыстарының  нығаюына  мүмкіндік  береді.  Қарым-қатынастың  болмауы,  бұл,  кішкене 

сұрақтардың үлкенге айналуына, ұрыспен, жалтарумен, ажырасумен аяқталады. 

 

Жауапкершілік. Біз  бәріміз  басқаларға  жауапкершілікті  адамдар  болып  көрінгіміз  келеді. 

Кейбіреулеріміз  жауапкершіліктеуміз,  ал  басқаларымыз  —  аздау  жауапкершіліктіміз. 

Жұмысты  уақытылы  әрі  дұрыс  орындау  үшін,  жауапкершілік  сезімі  «итермелеуден»  тұрмау 

керек.  


Дәстүрлер — бұл, жанұяны бірегей етеді, олар барлық жанұя мүшелерін топтастырады. 


жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау