Алматы экономика және статистика академиясы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет24/30
Дата14.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#4331
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30

67 
 
Delphi-
де  Паскаль  программалау  тілімен  жұмыс  істеген  адамдардың    меңгеруі  көп 
қиындық  келтірмейді.  Бірақ  мұнда  программалауды  үйрену  үшін  обьект,  оқиға,  қасиет 
түсініктерімен  еркін  танысып  онда  компоненттерді  пайдалану  және  түрлі  командалардың 
жазылу түрлерін білу қажет. 
Delphi-
де  пайдаланылатын  оқиғалар  және  түрлі  кластарға,  компоненттерге 
меншіктелетін қасиеттер мәндері көп, нақты есептерді шешу программасын құруды үйрену 
арқылы  ғана  Delphi-де  программалауды  үйренуге  болады.  Ол  үшін  кітапқа  енгізілген 
программаларды  іс-жүзінде  орындап  және  оларға  түрлі  өзгерістер  енгізіп,  жаттығу  да 
мүмкін. Жетістік тек тәжірибеге байланысты. 
Delphi-
дің мүмкіндіктерін бір кітапқа сыйғызу мүмкін емес. Мұнда студенттер мен өз 
бетінше оқып үйренушілер үшін қажетті негізгі материалдар қарастырылған Delphi-ді терең 
оқып  үйреніп  күрделі  қосымшаларды  дайындауға    машықтанушылар  үшін  кітап  соңына 
әдебиеттер тізімі енгізілген. 
I.    Теориялық негізі және ақпараттық жабдықталуы. 
Windows терезесі арқылы Delphi-ді іске қосу командасы: 
Іске қосу-Программалар-Borland Delphi 6-Delphi 6 
Экранда Delphi ортасының үш терезесі көрінеді. 
1-  Delphi 5-
тің негізгі терезесі; 
2- 
Форма (Form1); 
3- 
Объект инспекторы терезесі  (Object Inspector). 
Жалпы, ортада программа құруға арналған төртінші, модуль терезесі де іске қосылады 
(Unit1. pas). Форма терезесінің астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрінбейді. 
Delphi-
дің  негізгі  терезесінің  құрамына  негізгі  мәзір,  аспаптар  панелі  және 
компоненттер  палитрасы  енгізілген.  Негізгі  мәзір  пункттеріне  (ішкі  мәзірлерге)  Delphi-де 
жұмыс  істеу  командалары,  аспаптар  панеліне  ішкі  мәзірлерге  енгізілген  негізгі 
командаларды орындайтын түймелер орналастырылған. 
 
 
 
Delphi-
де  дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма – программаны 
дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі.    Delphi алғашқы рет іске 
қосылған  кезде   форма    Form1  атауымен  көрінеді.  Оның  жиектеріне  тышқан көрсеткішін 
орналастырып, ол екі  жақты нұсқама түріне  айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсілі 
бойынша форманы кеңейту не қысу қиын емес. 


68 
 
 
Құрылатын  программада  пайдалану  үшін  формада  түрлі  компоненттер  (форма 
компоненттері)  орнатылады.  Негізгі  компоненттердің  кейбірі  Access  берілгендер  қоры 
жүйесінде  пайдаланылатын  элементтер  панеліне  енгізілген  түймелер  сияқты.  Олар  Delphi 
терезесінің компоненттер палитрасына орналастырылған. 
Кей  жағдайларда  экранда  форма  көрінбеуі  мүмкін.  Оны  экранға  шығару  үшін    View-
Forms 
командасын беру жеткілікті. 
Форманың  және  формаға  енгізілетін  компоненттердің  түрлі  қасиеттері  бар. 
Қасиет(Сипаттама,  параметр)-  айнымалылардың  ерекше  түрі.  Олар  объектінің  түрлі 
мүмкіндіктерін сипаттап, амғымдық күйін анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерінің мәндері 
– 
форма  тақырыбының  мәтіні,  өлшемі,  экранда  орналасуы,  түсі  т.б.  Delphi  іске  қосылған 
кезде форма қасиеттеріне 
Алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады. 
Форманы не онда орнатылған компонентті программа құру үшін дайындау оның кейбір 
қасиеттерінің  мәндерін  өзгертуден  басталады.  Қасиеттер  тізімі  объект  инспекторы  (Object 
Inspector) 
терезесіне енгізілген. 
 
Тізімді инспектор терезесіне шығару үшін сәйкес объектіні бір шерту арқылы таңдау 
керек.  Инспектор  терезесінің  жоғарғы  қатарына  таңдалған  объект  атауы  да  жазылып 
қойылады. Мысалы,  Delphi іске қосылған кезде форманың ашылған қасиеттер терезесі бар. 
Терезенің  екі  қосымша  беті  бар:  Properties  (Қасиеттер)  және    Events(Оқиғалар).  Терезе 
ашылған  екі  бағанға  енгізілген  жазулардан  тұратын  оның    Properties  бөлімі  ашылулы 
тұрады Бірінші бағанда көрінетіндер – қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес  жазылғандар 
– 
олардың мәндері. 
Форма қасиеттері: 
Name 
(Атау)  –  формаға  берілген  атау.  Ол    Delphi  объектілерінің(компоненттердің) 
негізгі қасиеттерінің бірі .   Delphi-дің жұмыс істеуі кезінде ол объектіні осы атау бойынша 
ажыратып  таниды.  Delphi-дің  формаға  автоматты  түрде  алғашқы  рет  меншіктеген  атауын 


69 
 
(Form1) 
өзгертіп,  басқа  атау  беруге  болады.  Форманың  іс-әрекеті  атауынан  белгілі  болуы 
үшін атауды мазмұнға жақын етіп енгізген жөн. Мысалы , форма квадрат теңдеуді шешуге 
пайдаланылатын  болса,  Form1  орнынан  KvTend  атауын  енгізу.  Ол  үшін  қасиеттер 
терезесінен      Name атауын таңдап, жаңа атауды клавиатура  арқылы теріп алса болғаны. 
Терілген атау  Name жолының оң қатарына жазылып қойылады. 
Font (
Шрифт)  –  формаға  енгізілетін    мәтін  шрифтін  орнату  қасиеті.  Оны  таңдап,  оң 
жағында көрінген көп нүкте (...) түймесін шерткен кезде сұхбаттық шрифт таңдау терезесі 
көрінеді.  Терезеден,  қажетті  шрифт  типін,  өлшемін  таңдап  (мысалы,  Times  Kaz,  10),  OK 
түймесін шерту керек. 
Caption 
(Тақырып,бетіне  жазу)  –  форма  терезесінің  тақырыбына  енгізілетін  мәтін. 
Алғашқы кезде қасиеттер терезесінің   Caption қасиетіне тақырып үшін Form1 сөзі енгізіліп 
қойылған. Оны “Redactor” не басқа тақырыпқа алмастыру  Name қасиетіне мән меншіктеу 
тәсілі  сияқты    (қасиет  мәні  енгізілген  соң  КҚ(каретканы  қайтару,  енгізу)клавишін  басып 
қойған жөн). 
Color 
(Түс) – форманың түсін орнату қасиеті. Ол таңдалған кезде оң жағында тілсызық 
түймесі  көрінеді.  Тілсызық  түймесі  –  қасиет  мәнінің  бірнеше  екенің  белгісі.  Тілсызық 
белгісін  шерткен  кезде  мәндер  (түстер)  терезесі  ашылады.  Тізімде    көрінген  қалаған  түсті 
шерткен соң форма сәйкес түске боялып қойылады. 
Width 
(ен),  Height  (Биіктік)  –  пиксель  өлшем  бірлігімен  берілген  форманың  ені  мен 
биіктігін  орнату  қасиеттері  (бұл  мәндер  форманы  қолдан  кеңейту  не  сығу  кезінде  де 
автоматты түрде орнатылып қойылады). 
Объект  қасиетіне  программа  (программалық  код)  ішінде  орнату  да  мүмкін.  Мысалы, 
форма  тақырыбы  шрифтінің  өлшемін  14  ету  үшін  программаға    Form1.FontSize :=14 
меншіктеу операторын енгізуге болады. 
Жалпы, бір қасиет мәнімен танысу үшін оны қасиеттер терезесінде таңдап, F1 клавишін 
басу  арқылы  сәйкес  анықтаманы  шақыру  керек.  Delphi-де  анықтамалар    ағылшын  тілінде 
жазылған. Ол түсініксіз болса, экранда орысша аудармасын көрсететін “Сократ 97” сияқты 
арнайы дайындаған программаны пайдаланған жөн . 
Экранда  қасиеттер  терезесі  көрінбесе,  оны  шығару  үшін  View-Object Inspector 
командасын беру жеткілікті. Ол F11 клавиші басылған кезде де көрінеді. 
Windows  –
тағы    сияқты  Delphi  –  де  программалар  оқиғалар  арқылы  басқарылады. 
Мысалы,  пайдаланушы  программа  құру  үшін  алдымен  формаға  компонент  орнатуы, 
форманы не формада орналастырылған компонентті тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның 
әр  іс-әрекеті  оқиға  шақырады.  Яғни,  оқиға  –  программаның  жұмыс  істеуі  кезінде  объект 
жағдайының өзгеруі. 
Delphi-
де  әр  оқиғаға  атау  беріліп  қойылған.  Мысалы,  компоненттер  палитрасының  
Button 
түймесі  арқылы  формада  орнатылған    Button 1 компонентін  шерту  Click  (шерту) 
оқиғасын шақырады. 
Әр объектіге байланысты оқиғалар жеткілікті Мысалы, формаға байланысты оқиғалар 
саны  –  35.  олар  қасиеттер  терезесінің    Events  қосымша  бетіне  енгізілген.  Терезеде  оқиға 
атауларының алдына  On префиксі (қосымшасы) тіркестіріліп жазылған. Ол – атаудың оқиға 
екендігін білдіретін белгі. 
Delphi ортасында жиі кездесетін оқиғалар: 
OnClick – 
тышқан түймесін бір рет басу; 
OnDblClick – 
тышқан түймесін екі рет басу; 
OnKeyDown – 
клавишті басу; 
OnKeyUp – 
басылған клавишті босату; 
OnMouseDown –
тышқан түймесін басу; 
OnMouseMove – 
тышқан көрсеткішін жылжыту; 
OnCreate – 
форманы екі рет шерту, т.б. 
Delphi-
де  программа  (проект)  екі  бөлімнен  тұрады:  алғашқыда  автоматты  түрде 
project1 
атауы  берілетін  проект  файлы  (негізгі  модуль)  және  unit1.pas  атауы  берілетін 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау