69
(Form1)
өзгертіп, басқа атау беруге болады. Форманың іс-әрекеті атауынан белгілі болуы
үшін атауды мазмұнға жақын етіп енгізген жөн. Мысалы , форма квадрат теңдеуді шешуге
пайдаланылатын болса,
Form1 орнынан KvTend атауын енгізу. Ол үшін қасиеттер
терезесінен
Name атауын таңдап, жаңа атауды клавиатура арқылы теріп алса болғаны.
Терілген атау Name жолының оң қатарына жазылып қойылады.
Font (
Шрифт
) – формаға енгізілетін
мәтін шрифтін орнату қасиеті. Оны таңдап, оң
жағында көрінген көп нүкте (...) түймесін шерткен кезде сұхбаттық шрифт таңдау терезесі
көрінеді. Терезеден, қажетті шрифт типін, өлшемін таңдап (мысалы, Times Kaz, 10), OK
түймесін шерту керек.
Caption
(Тақырып,бетіне жазу) – форма терезесінің тақырыбына енгізілетін мәтін.
Алғашқы кезде қасиеттер терезесінің Caption қасиетіне тақырып үшін
Form1 сөзі енгізіліп
қойылған. Оны “Redactor” не басқа тақырыпқа алмастыру
Name қасиетіне мән меншіктеу
тәсілі сияқты (қасиет мәні енгізілген соң КҚ(каретканы қайтару, енгізу)клавишін басып
қойған жөн).
Color
(Түс) – форманың түсін орнату қасиеті. Ол таңдалған кезде оң жағында тілсызық
түймесі көрінеді. Тілсызық түймесі – қасиет мәнінің бірнеше екенің белгісі. Тілсызық
белгісін шерткен кезде мәндер (түстер)
терезесі ашылады. Тізімде көрінген қалаған түсті
шерткен соң форма сәйкес түске боялып қойылады.
Width
(ен),
Height (Биіктік) – пиксель өлшем бірлігімен берілген форманың ені мен
биіктігін орнату қасиеттері (бұл мәндер форманы қолдан кеңейту не сығу кезінде де
автоматты түрде орнатылып қойылады).
Объект қасиетіне программа (программалық код) ішінде орнату да мүмкін. Мысалы,
форма тақырыбы шрифтінің өлшемін 14 ету үшін программаға
Form1.FontSize :=14
меншіктеу операторын енгізуге болады.
Жалпы, бір қасиет мәнімен танысу үшін оны қасиеттер терезесінде таңдап,
F1 клавишін
басу арқылы сәйкес анықтаманы шақыру керек. Delphi-де анықтамалар ағылшын тілінде
жазылған. Ол түсініксіз болса, экранда орысша аудармасын көрсететін
“Сократ 97” сияқты
арнайы дайындаған программаны пайдаланған жөн .
Экранда қасиеттер терезесі көрінбесе, оны шығару үшін
View-Object Inspector
командасын беру жеткілікті. Ол
F11 клавиші басылған кезде де көрінеді.
Windows –
тағы сияқты Delphi – де программалар оқиғалар арқылы басқарылады.
Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға компонент орнатуы,
форманы не формада орналастырылған компонентті тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның
әр іс-әрекеті оқиға шақырады. Яғни, оқиға – программаның жұмыс істеуі кезінде объект
жағдайының өзгеруі.
Delphi-
де әр оқиғаға атау беріліп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасының
Button
түймесі арқылы формада орнатылған
Button 1 компонентін шерту
Click (шерту)
оқиғасын шақырады.
Әр объектіге байланысты оқиғалар жеткілікті Мысалы, формаға байланысты оқиғалар
саны – 35. олар қасиеттер терезесінің
Events қосымша бетіне енгізілген. Терезеде оқиға
атауларының алдына
On префиксі (қосымшасы) тіркестіріліп жазылған. Ол – атаудың оқиға
екендігін білдіретін белгі.
Delphi ортасында жиі кездесетін оқиғалар:
OnClick –
тышқан түймесін бір
рет басу;
OnDblClick –
тышқан түймесін екі рет басу;
OnKeyDown –
клавишті басу;
OnKeyUp –
басылған клавишті босату;
OnMouseDown –
тышқан түймесін басу;
OnMouseMove –
тышқан көрсеткішін жылжыту;
OnCreate –
форманы екі рет шерту, т.б.
Delphi-
де программа (проект) екі бөлімнен тұрады: алғашқыда автоматты түрде
project1
атауы берілетін проект файлы (негізгі модуль) және
unit1.pas атауы берілетін