1 дәріс. Білім беру аймағындағы педагог-психологтың кеңес беру қызметі



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет3/17
Дата18.12.2023
өлшемі0,58 Mb.
#44791
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Қосымша материал

 
2.
 
Педагог-психолог 
іс-әрекетінің 
бағыттары 
негізінде 
әлеуметтік 
психологиялық кеңес беру 
Бүгінгі мектеп педагог-психолгтары мен әлеуметтік педагогтардың алдында үлкен 
күрделі міндеттер тұр, оны шешу үшін кәсіби білім мен іскерлікті меңгеру керек.
Отандық ғалым С.М.Жақыпов өзіінң ғылыми еңбегінде: «оқу үдерісінің 
педагогикалық-психологиялық модельдеудің қызметтік деңгейінің бірінші сатысы 
оқытушы мен оқушылардың ішкі жүйелік қарым-қатынасы ретінде білімнің мазмұндық 
жанамалығы, оқытудың әдіс-құралдары көрсетілген. Оқу үдкрісі жүйесінің құрылымдық 
бағдарын анықтай отырып, білімнің объективті және субъективті мазмұндылығын айыру 
қажеттілігі туындайды», дейді. Яғни, оқу үдерісінде оқытушы мен оқушының қарым-
қатынасы маңызды роль атқарады. Педагог-психологтар қарым-қатынасқа негізделген 
жалпы келесідей әлеуметтік-психологиялық бағыттардағы жұмыстарды қамтуы қажет, ол: 

Психодиагностика –тұлға туралы жан-жақты ақпарат жинау: 

Психопрофилактика- дезадаптация, белгілі бір жағдайға бейімделудің алдын-алу 
немесе жағымды психологиялық жұмысбастылық деңгейін төмендету мен оның алдын-
алу жұмыстарын жүзеге асыру; 

Психокоррекция- баланың психикасына мақсатты түрде әсер ету, оның 
негізгі деңгейге, әрі жас ерекшеліктеріне сәйкес теңестірушілік жұмыстарды жүзеге 
асыру;

Психологиялық кеңестер – мұғалімдерге, ата-аналарға, оқушыларға қажетті 
психологиялық ақпарат бере отырып, өмірінде кездесетін қайшылықтарды, өтпелі 
кезеңдерді жеңуге, әрі сапалы нәтижеге жетуіне ықпал ету;

Психотерапия – адамның психикалық ауытқушылығы болмаған жағдайда, 
тұлғаның сапалық тұрғыға өзгеруіне байланысты мәселелерді жүзеге асыруға бағытталуы.
Осыған орай мектептерде педагог-психолог маман әлеуметтік –психологиялық 
жұмыстарды да атқарады:
1. Әлеуметтік-психологиялық ағарту шаралары. Дәріс, семинар түрлеріндегі 
ақпараттық 
іс-шаралар. 
Дәріс 
мазмұнын 
нақты 
мысалдарды 
бейнелейтін 
көрнекіліктермен, осы заманғы озық техника мүмкіндіктерін пайдаланумен 
байланыстырып отыру керек.
2. Психологиялық кеңестер жеке сипат алуы керек. Нақты мәселе бойынша берілер 
кеңестер аса биязы, алдындағы адамның жүрегін жараламайтындай, көңілін 
жабырқатпайтындай, мәселенің шешілуіне сендіре білу, үміт отын жағу арқылы кәсіби 
біліктілік тұрғыда жүзеге асырылуы тиіс.
3. «Ашық әңгіме» пікірталасы – ортақ мақсат біріктірген ата-аналардың көңіліндегі 
негізгі ойларын ортаға салып, бір-бірімен пікір алмасу.
4. Психогимнастика- бұл баланың көңіл-күй ахуалын реттеуге арналған арнайы 
жаттығулар кешені. Негізгі мақсаты - қарым-қатынас барысындағы кедергілерді жеңу, 
өзін және басқаларды түсіне білуін жетілдіру, өзін-өзі таныта білу мүмкіндіктерін жасау. 
Психогимнастика курсынан толық өткен балалардың өздерінің құрдастарымен қарым-



қатынасы жақсарады, сезімдерін сыртқа шығаруды үйренеді, мінездерінде батылдық, 
әділдік, мейрімділік, өз-өзіне сенімділік сапалары қалыптасады.
5. Психотренинг –бұл да қолданбалы психология ғылымының белсенді әдістерінің 
бірі. Басты мақсаты- қарым-қатынас іскерлігін дамытуға, сезімталдықты жетілдіруге және 
мінез-құлықты реттеуге бағытталған.
Педагог-психолог маманның iс-әрекетi әлеуметтiк ортаның әлеуметтiк-мәдени 
жағдайын оңды өзгертуге мақсатты түрде педагогикалық тұрғысынан ықпал етуі. Ортаны 
гуманизациялау мен педагогикаландыру – бұл әлеуметтiк педагог iс-әрекетiнiң рухани-
адамгершiлiк негiзi мен мақсаты. Демек, педагог-психологтың алдына төмендегідей 
мақсат қойылады: 

баланың рухани өсуіне, оның жанының жайлы болуына психологиялық жағдай 
жасау;

оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық қабілетін ашу; 

педагогикалық 
ұжыммен, 
дәрігерлік 
қызметпен, 
әлеуметтанкшылар, 
дефектологтар, сондай-ақ қоғам өкілдерімен тығыз байланыста болу; 
Мектептегі педагогикалық-психологиялық қызыметтің бірі-баланың психикалық 
саулығына яғни, жандүниелік, физиологиялық дамуына әсер ету және ортада қолайлы 
микроклимат қалыптастыру.
Мектептегі педагог-психологтың қызметін атқару үшін жан-жақты білімі бар сол 
кәсіпті бірінші өзі жете түсінуші маман болу қажет, және де кәсіп туралы мағлұматтары 
мен кәсіби даярлығының болуы шарт. Себебі педагог-психолог маманының адаммен 
қалай жұмыс жасау керектігін қыр сырын түсінген бойында адаммен тіл табыса білу 
қабілеті, қалай жұмыс жасай білу шеберлігі, сөйлесу мәдениеті, өзін-өзі ұстай білу және 
адамдармен араласқанда оларды өзіне қарата алушылық және сөзіне иландыра алу, 
ұйымдастырушылық қабілеті болуы тиіс. Осыған байланысты педагог-психологтың 
атқаратын қызметі мынадай болып жіктеледі: 

жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау