Технологиясы


Жерге тұйықтайтын өткізгіштердің минимал рұқсат етілетін қималары, мм



жүктеу 9,83 Mb.
Pdf просмотр
бет66/256
Дата12.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#44277
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   256
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

Жерге тұйықтайтын өткізгіштердің минимал рұқсат етілетін қималары, мм
2
 
Өткізгіш типі 
Мыс 
Алюминий 
Ашық төсеу кезіндегі оқшауланбаған 
өткізгіш 

6
Оқшауланған сым 
1,5 
2,5 
Фазалық тарамдары бар ортақ қорғау 
қабығындағы кабель мен көп тарамды 
сымның жерге тұйықтайтын және 
нөлдік тарамы 
1
1,5 


157 
6.
Ашалы розетканың жерге тұйықтайтын немесе нөлдік түйіспесіне 
жерге тұйықтайтын өткізгішті жалғауды жеке өткізгішпен орындаған жөн. 
Тасымалды электр қабылдағышты қосуға арналған аша ұзартылған жерге 
тұйықтайтын қадаға ие болуы тиіс, бұл қада тоқ өткізетін түйіспелер 
жалғанға дейін розетканың жерге тұйықтайтын түйіспесімен жалғанады. 
7.
Жылжымалы және тасымалды қондырғыларды жерге тұйықтауға 
арналған сымдар мен шоғырсымдардың тарамдары фазалық сымдардың 
қималарына тең қимаға ие болуы тиіс және олармен ортақ қабық ішінде 
болуы тиіс. 
Жерге тұйықталмайды: 
электрлік стансалардың, қосалқы стансалар мен өнеркәсіптік 
кәсіпорындардың аумағынан тыс шығатын рельс жолдары; 
жерге тұйықталған металл құрылмаларына орналасқан электр 
жабдықтардың корпустары, егер тіреу беттерінде тығыз электрлік 
түйісудің қамтамасыз ету үшін қорғалған және боялмаған орындар 
қарастырылса; 
электр 
өлшегіш 
аспаптардың, 
реленің 
және 
қалқандарда, 
қалқаншаларда, шкафтарда және тарату құрылғылары камераларының 
қабырғаларында орнатылған басқа құрылғылардың корпустары
тоқ өткізгіш бөліктерге қатысты екі реттік оқшауламаға ие электр 
қабылдағыштардың корпустары. Екі реттік оқшауламасы бар аспаптарда 
корпус оқшаулайтын материалдан орындалады, ал тоқ өткізгіш бөліктер 
дербес оқшауламаға ие. Осылайша, егер қабылдағыштың тоқ өткізгіш 
бөліктері оқшауламасының зақымдануы орын алса, онда тоқпен 
зақымдану қаупі туындамайды, себебі оқшаулауыш корпус немесе корпус 
пен ішкі оқшаулауыш тоқ өткізгіш бөліктер арасындағы оқшаулауыш 
төсемдер адамды электрлік соққыдан сенімді қорғайды
металл жерге тұйықталған қаңқалардың және тарату құрылғыларының 
камераларының, қоршаулардың, шкафтардың және т.б. алмалы және 
ашылатын бөліктері. 
Стационарлы орналасқан жарықтандыру электр жабдығының металл 
корпустарын және тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың жоғары 
қауіптілігі жоқ орынжайларындағы (пәтерлер мен қонақүй нөмірлерінің 
асүйлерінде, ванналары мен дәрет алу бөлмелерінде) тасымалды 
қабылдағыштарды (үтіктер, плиталар, тұрмыстық тоңазытқыштар
шаңсорғыштар, кір жуу және тігін машиналары және т.б.) жерге 
тұйықтауға тыйым салынады. 
Ескертпе. Жерге тұйықтайтын желілерде оның жеке бөліктерін бір-
бірімен жалғайтын пісірілген тігістер ең жиі зақымдалады. Пісіру 
тігістерінің бүтіндігі пісірілген жіктерді балғамен ұру арқылы тексеріледі. 
Ақаулы тігіс кескішпен шабылып, басқа автогендік немесе термиттік 
пісірумен қайта пісіріледі. 
Жерге тұйықтайтын желіні жөндеу алдында тоқтың таралуына жерге 
тұйықтаушының кедергісі тексеріледі. Егер ол нормадан жоғары болса, 
онда


158 
оның төмендетуге қатысты шаралар қолданылады. Ол үшін жерге 
тұйықтаушы электродтарының саны арттырылады немесе олардың жан-
жағына 250... 300 мм радиуста 10.15 мм қалыңдықпен кезекпен тұз және 
топырақ қабаттары төселеді. Әрбір төселетін қабат сумен суарылады. 
Осылайша әр 3-4 жыл сайын жерге тұйықтаушы электродының жоғарғы 
бөлігіндегі жер өңделеді. 

жүктеу 9,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   256




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау