11
Тұтынушыларды электрмен қамтамасыз етудің тиімділігін қамтамасыз ету
үшін әр түрлі режимдерде жұмыс жасайтын электр станцияларының қуатын
толық пайдалану мүмкін болуы үшін оларды
электрлік энергетикалық
жүйелерге біріктіреді.
Өндіріс жүйесі, электр энергиясын беру мен тарату жүйесі туралы
түсінікті 1.4 суретте берілген тұтынушыларды электрмен қамту сызбасы
береді. Электр станциясында шығарылатын электр энергиясы кернеу
неғұрлым жоғары болғанда беріледі, ол
жоғары кернеулі электр беру
желісімен өнеркәсіптік кәсіпорын подстанциясына беріледі. Жүйеде кернеуді
өзгерту
үшін
трансформаторлар
қолданылады.
Подстанцияның
құрастырылатын шиналары үшін электр энергиясы әр түрлі электрлік
қабылдағыштар бойынша таратылады: электрлік қозғалтқыштарға, жарық
көздеріне, қыздыру құралдарына және т.б.
Электр энергиясын өндіру және оны тұтыну – уақыт бойынша үздіксіз
және бірыңғай үдерістер. Электрлік энергияны көп мөлшерде жинақтауға
болмайды, яғни әр сәтте оның шығарылуы реттелуі керек.
ЭБЖ
Жекелеген электр станциялары тұтынушыларға электр энергиясын үздіксіз
беруді
қамтамасыз ете алмайды, сол себепті энергетиканың дамуына
байланысты жүйелерге біріктіріледі, мұнда олар ортақ жүктемеге параллель
жұмыс жасайды.
Электр станцияларын электрлік энергетикалық жүйелерге біріктірудің әр
түрлі
типтегі станциялардың, әсіресе жылулық және гидростанциялардың
келісілген жұмысын қамтамасыз ету үшін маңызды болып табылады. ГЭС
гидроагрегаттарының қуаты тасқын уақытында және қыс мезгілінде әр түрлі
1.4 сурет. Тұтынушыларды электрмен қамту сызбасы:
ЭС — электр станциясы; Г — генератор; ЭБЖ — электр беру желісі, Тр — трансформатор; ПС
— подстанция; М — электрлік қозғалтқыш; Л — жарық көзі; Е — қыздыру құралы
12
болады, сол себепті көктемде энергия жүйесіне негізгі жүктемені
гидростанциялар түсіреді, жылу станцияларында бұл уақытта негізгі
бағыттағы агрегаттардың бір бөлігі тоқтатылады және отынды үнемдеу мен
жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Энергия жүйелерін құру энергиямен қамтамасыз етудің тиімділігін
арттырады және электр энергиясының сапасын жақсартады,
кернеудің
тұрақтылығын қамтамасыз етеді және шығарылатын тоқтың жиілігін
қамтамасыз етеді, сол себепті тұтыну ауытқуларын бір мезгілде көптеген
электрлік станциялар қабылдайды.
Энергетикалық жүйе
(энергия жүйесі) электр станцияларының, электр
беру
желілерінің, подстанциялар мен жылу желілерінің бір тұтас режимге
біріктірілген жиынтығы болып табылады және ол өндіріс үдерістерінің
үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Электрлік жүйе
энергия жүйесінің бір бөлігі болып табылады және
генераторлардан, тарату құралдарынан, электрлік желілерден (подстанциялар
және әр түрлі кернеулі электр беру желілері) және электрлік қабылдағыштан
құралады.
Энергия жүйелерінің құрамына (электр жүйелері) өндірістік кәсіпорындар
және шеберханалар, зертханалар және көтергіш-көлік құралдары біріктіріледі,
олар осы жүйелердің барлық элементтерін пайдаланумен байланысты
жұмыстарды орындау үшін қажет болады.
Энергия жүйелерін пайдалануды инженерлер,
техниктер, шеберлер және
біліктілігі сәйкес жұмыскерлер жүзеге асырады. Энергия жүйесін (электр
жүйесі) жедел басқаруды диспетчерлер қамтамасыз етеді, электр станциясы
және подстанция құрылғыларына кезекші персонал және электр беру
желілеріне – сызықты персонал қызмет көрсетеді.
Жекелеген аудандардың өзара электр беру
желілерімен байланысқан
энергетикалық жүйелері біріккен энергия жүйелерін құрайды (мысалы, Орал,
Сібір, Орталық, Солтүстік-батыс және т.б). Бірқатар энергия жүйелерін
біріктіру (Орал, Оңтүстік, Орталық т.б.) арқылы Ресейдің бірыңғай
энергетикалық жүйесі құрылған.